Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері


Сүт цехының ауданын есептеу



бет9/18
Дата23.03.2023
өлшемі129.26 Kb.
#471033
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
dip -almaty-oblysyndagy-amiran-agro-zhshs-siyr-sauu-zhane-sutti-algash-ondeu-zhelisin-zhobalau-2018-54

2.4 Сүт цехының ауданын есептеу

Цехтың жалпы ауданы мынандай аудандардан тұрады:


F = F1 + F2 + F3 + F4 , (15)
мұнда F1 – машиналар мен жабдықтарды орналастыруға қажет аудан, м2;
F2 – жұмыс істеуге қажет аудан, м2;
F3 – машиналар ара қашықтығын, жүретін жолды ескеретін аудандар, м2;
F4 – қосымша бөлмелердің ауданы, м2.
Машиналар ман жабдықтарды орналастыруға қажет аудан мына өрнекпен анықталады:
, (16)
мұнда fi – бір машинаның алатын ауданы, м2;
n – цехтағы машиналар саны.
Жұмыс істеуге қажет аудан былай анықталады:
F2 = Fр · nр , (17)
мұнда Fр – бір жұмысшыға қажет аудан, м2; Fр = 4 ... 5 м2);
nр – жұмысшылардың саны.
F3–еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін сақтау, өрттен сақтану ережелеріне сәйкес қабылданады. Бұл ауданды есептегенде, негізгі жүретін жолдың енін – 1,2 ... 1,5 м, машиналардың арасын – 1,5 м деп қабылдайды.
F4–құрылыс өндірісінде пайдаланатын ережеге сәйкес қабылданады: жылу беретін орын – 10...25 м2, зертхана – 5...7 м2, демалу бөлмесі 15...20 м2, жуыну бөлмесі – 5...7 м2.
Техникалық есептеулер бойынша цехта орнатылатын жабдықтардың өлшемдерін 5 кестеде көрсетеміз.
Сонда машиналар мен жабдықтардың орын алатын ауданы мынаған тең болады:
F1 = 12,4 · 3,6 + 2 · 0,39 · 0,275 + 1,37 · 0,93 + 1,68 · 0,795 + 1,25 · 0,8 = 48 м2.
F2 = 5 · 4 = 20 м2.

Кесте 4 – Сүт цехындағы машиналардың габариттік өлшемдері, мм





Машина аты

Ұзындығы

Ені

Биіктігі

1



УДА – 8А «Тандем» автоматтандырылған
сауын қондырғысы

12400

3600

2550

2

НМУ – 6 сүт сорабы

390

275

200

3

ВДП–300 ұзақ мерзімді пастерлеуіш ыдысы

1370

930

1275

4

ТХУ – 14 жылутоңазытқыш қондырғысы

1680

795

1000

5

Сүт салқындатқыш ыдыс

1250

800

600

F3 = 88 м2.


F4 = 25 + 9 + 20 + 6 = 60 м2.
Сонда сүт цехының ауданы мынаған тең (15 сурет):
F = 48 + 20 + 88 + 60 = 216 м2

I – оператор траншеясы; II – сиыр жүретін дәліз; III – саууға дайындау алаңшасы; IV – сиыр кіретін дәліз; V – сүт өңдеу бөлмесі; VI – сүт өңдеу жабдығын орналастыру алаңшасы; VII – вакуум – сорап бөлмесі; VIII – жылутоңазытқыш қондырғы бөлмесі; 1 – сауын станогы; 2 – вакуум – түтік пен сүт құбыртүтігі; 3 – манипулятор орны; 4 – станоктың кіру есігі; 5 – сиырды шығару есігі; 6 – азық науасы; 7 – күштік станция; 8 – шығару құбыры; 9 – сүт салқындатқыш ыдыс; 10 – қосалқы бөлшектер шкафы; 11 – жылутоңазытқыш қондырғы; 12 – жабдықтарды циркуляциялық жуу жинағы; 13 – сүт жинағыш; 14 – пастерлеуіш ыдыс


Сурет 12. Сүт цехында жабдықтарды орналастыру жоспары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет