2.5 Су, бу және электрэнергия қажеттілігін анықтау
Сүт цехындағы судың тәуліктік қажеттілігін мына өрнек бойынша анықтаймыз:
Qт = Qсу + Qж + Qм + Qб , (18)
мұнда Qс – сүтті салқындатуға қажетті су, л;
Qж – сауын қондырғысын жууға қажет су, л;
Qм – машиналарды жууға қажет су, л;
Qб – тұрмыстық қажетке су мөлшері, л.
Сүтті салқындатуға қажетті суды мынадай қатынас арқылы анықтаймыз:
ncу = Qcу / Qсүт = 2,5…3,0.
Сонда Qcу = Qсүт ncу = 554 · 3 = 1662 л.
Сауын қондырғысын жууға қажет су мөлшерін былай анықтаймыз:
Qж = Wж · n, (19)
мұнда Wж – сауын қондырғысын жууға қажет су, л;
n – қондырғыны тәуліктегі жуу саны.
Сонда Qж = 450 · 2 = 900 л.
Машиналарды жууға қажет суды былай анықтаймыз:
Qм = n2 · q2 , (20)
мұнда n2 – жуылатын машиналар саны,
q2 – бір машинаны жууға кететін судың орташа мөлшері, л.
Qм = 5 · 50 = 250 л.
Тұрмыстық қажетті су мөлшері былай анықталады:
Qб = n3 · q3, (21)
мұнда n3 – сүт цехында жұмыс істейтін адам саны,
q3 – бір адамға қажетті тұрмыстық судың орташа мөлшері, л.
Qб = 4 · 40 = 160 л.
Qт = 1662 + 900 + 250 + 160 = 2972 л.
Тәулігіне қажетті барлық судың көлемі мынаған тең болады:
Qо = Qт · К = 2992 · 1,5 = 4458 л.
мұнда К = 1 ... 1,5 – судың біркелкі берілмейтінін ескеретін коэффициент.
Сүтті пастерлеуге қажетті бу шығынын мына өрнек бойынша есептейміз:
Qб = qб · n (Тж + Тұ ),
мұнда qб – ВДП – 300 пастерлеуіш ыдысының сағаттық бу шығыны, кг/сағ (qб = 60); n – пастерлеуіш ыдысты тәулігіне іске қосу саны.
Qб = 60 · 2 (0,45 + 0,5) = 114 кг.
Электрэнергиясының тәуліктік қажеттілігін мына өрнек бойынша анықтаймыз:
Этәу = (N1 t1 + N2 t2 + . . . + Nntn) k, (22)
мұндағы N1, N2, Nn – цехтағы орнатылған электрқозғалтқыштардың қуаты, кВт;
t1, t2, tn – әрбір электрқозғалтқыштың жұмыс істеу уақыты, сағ;
k – электрқозғалтқыштарды іске қосу саны.
Этәу = [18,1 · 0,83 + 1,1 · 0,23 + 0,75 · 0,95 + 7,5 · 0,75 + 0,55 · 12 + 1,1
0,277] · 2 = = 57,04 кВт · сағ.
Электрлік жүктемені тәулік бойына дұрыс бөлу үшін оны цехтың жұмыс істеу ретімен үйлестіру қажет. Ол үшін цехтың жұмыс істеу реті мен электр энергиясын пайдалану графиктерінен тұратын біріктірілген график тұрғызамыз (16 сурет).
1–графаға электр энергиясын пайдаланатын машиналар мен механизмдердің аттарын жазамыз.
2 – графаға машиналардың маркалары жазылады.
3 – графада машиналардың қондырылған қуаты көрсетіледі. Сонымен бірге жарықтандыруға жұмсалатын қуат белгіленеді.
4–графада түзу сызықтармен әрбір машинаның тәулігіне жұмыс істеу уақыты және операциялардың орындалу уақыты көрсетіледі.
Цехтың тәуліктік жұмыс графигін талдау машиналар мен жабдықтардың дұрыс дұрыс таңдап алынғанын көрсетеді.
3–графаның көрсеткіштерінің қосындысы жалпы қондырылған қуатты көрсетеді.
Бір уақытта тұтынылатын ең көп қуатты және оның тәулігіне өзгеруін көрсету үшін электр энергиясының тәулік сағаттары бойынша пайдалану графигін тұрғызамыз (16 сурет). Электр энергиясын тәулігіне пайдалану көрсеткіштерін қосатын түзу тәуліктік кез келген уақытындағы қажетті қуатты көрсетеді.
Сурет 16. Жабдықтардың жұмыс істеу реті мен электр энергиясын тұтынудың біріккен графигі
Достарыңызбен бөлісу: |