Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері
УДСП-1 «Сухиничанка» жылжымалы сауын қондырғысы сауу аппаратын қолданып, сиырларды жекелеп саууға арналған. Қондырғы-ның құрамына сусақиналы ВВН-1-0,1 вакуум-сорабы, бірфазалы асинхронды ДАК 90А2У3 электрқозғалтқышы, АИД-1 сауу аппараты кіреді. Қондырғыға бір адам қызмет көрсетеді. Вакуум-баллонда вакуумметр мен сауу аппаратын іске қосатын вакуум-шүмек орнатылған (7- сурет). Сауу аппаратын алаңшаға орнатады да, резеңке түтікшелер кигізілген төрт тіректің көмегімен ұстатады. Вакуум - баллон шланга арқылы сору сорабымен жалғанған. Су резеңке түтік арқылы беріледі, ал ауа-су қоспасы сораппен құбыр арқылы су ыдысына айдалады. Ауа су ыдысынан сүзгі арқылы шығарылады. Қондырғыны ұстағыштың көмегімен жылжытады, ал ұстағышқа ашасы бар электр сымдары оралатын сырықтар пісірмеленген. Сүт цистернасы, 2- суытқыш,3-астау, 4-вакуум-баллон, 5-азыққа арналған бункер, 6- қорғауыш,7- су жылыту агрегаты, 8- сауу аппараттарын сақтайтын жәшік,9- сауу станоктардың секциялары, 10- сауу аппараттары,11- күш беру агрегаты. 12-мұз тұратын бак Сурет 6- УДС-3 әмбебап сауу қондырғысы УДС-3Б дербес әмбебап сауын агрегаты шаруашылықтарында және шағын мал фермаларында сиыр саууға қолданылады. Агрегат (7- сурет) сауу шелегінен (1), сауу аппаратынан (2), вакуум – түтіктен (6), вакуум қондырғысынан (9), вакуум-реттегіштен (3), вакуумметрден (4), вакуум шүмегінен (5), вакуум шлангысынан, сөндіргіштен (10) және агрегатты желіге қосатын розеткадан (7) тұрады. Сурет 7. УДС-3Б сауын агрегатының жалпы көрінісі 1.3 Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу Мамандандырылған сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы – негізінен мал шаруашылығының фермерлік саласы, ол фермерлік жанұяның экономика-лық, жер және еңбек әлеуетін толығынан пайдалануды қамтамасыз етеді. Жауапкеершілігі шектеулі серіктестікте өндірістік сапасын арттыру және сүт өндіру саласын дамыту үшін, жоғарыда келтірілген фермаларда сүт өндіру технологияларының ішіндегі үшінші технологияны таңдап аламыз. Жоғарыда айтылғандай, бұл технология бойынша сиырлар қоражайда байлаусыз ұсталады да, сауын залында сауылады. Шаруашылықтағы мал басының өсу үдерісіне байланысты, сиырларды 50-70 басқа арналған қоражайда күтіп – бағуды қарастырамыз. 560 бас сиырға арналған фермалар үшін технологиялық жобалау нормалары бойынша екі типтік жоба жасалған. Бірінші жоба бойынша фермада табындағы мал санын толықтырмай бокста күтіп – бағу, ал екінші жоба бойынша – табындағы мал санын толықтыру арқылы бокста күтіп – бағу жүргізіледі. Бірінші вариант бойынша фермада 50 сиыр, 10 тайынша және 20 күндік бұзаулар, ал екінші вариант бойынша – 50 сиыр, 36 тайынша және суалған сиырлар күтіп – бағылады. Жауапкеершілігі шектеулі серіктестікте сүт өндіруді бірінші вариант бойынша жобалаймыз. 560 бас сиырға арналған ферма құрамына: сиырға арналған қоражай, сауын залы, сиыр бұзаулайтын және бұзаулар тұратын қоражай, азық қоймалары, ауылшаруашылық техника тұрағы, сүрлем және пішендеме траншеялары, дезинфекциялық тосқауыл, мал серуендейтін алаңшалар, көңқойма, трансформаторлық қосалқы станса кіреді. Фермада мал байламай бағу – жайылымдық жүйесі бойынша күтіп – бағылады. Сауылатын және суалған сиырлар, тайыншалар бокс, азық науасы және автосуаттармен жабдықталған секцияларда байлаусыз; буаз және жаңа туған сиырлар басқа қорада байлаусыз ұсталады. Бұзаулар алдымен жеке кішкене үйшіктерде, сосын топтық станоктарда күтіп – бағылады. Фермада малды қыс кезінде пішен, сүрлем, пішендеме, тамыртүйнектер және құрамажеммен; жаз кезінде – көк балауса және құрамажеммен азықтандырамыз. Сүрлем, пішендеме, тамыртүйнектерді – МЭС–0,6 «Фермер» энерго-модулімен таратамыз, ал құрамажемді – сауын сиырларға береміз. Пішен қоражайдың пішен тұратын үлкен шатырлы бункерлерде сақталады да, басқа азықтармен араластырып машинамен таратылады. Тамыр-түйнектер ИКМ–Т–0,8 ұсақтағышында, дәнді азықтар – МБУ–Т–4 ұсақтағышында ұнтақталады. Сиырларды сауын залында «тандем» типтес қондырғыда саууды, ал сүтті резервуар – салқындатқышта сақтауды қарастырамыз. Көң саңылаулы еден астынан УС–Ф–170 скреперлі қондырғысымен жина-лып, шнекті тасымалдағыштармен көңқоймаға тасымалданады. Өндірістік қоражайларды желдету – жылуалмасу арқылы, яғни механика-лық тарту – шығару және табиғи жүйемен жүргізіледі. Қоражайлар қыс кезінде ЭОКС типтес электрқыздырғыштармен жылытылады, бұл қыздырғыштар қора-жай ішіндегі температура 5...10 0С–қа төмендегенде автоматты түрде іске қосылады. Тамыртүйнек қоймасы мен ауылшаруашылық техника тұрағы жылыту үшін электрокалориферлер қолданылады Сурет 8. Сүт өндіруші кәсіпорын жоспары Дипломдық жобаның мақсаты – отандық және шетелдік соңғы ғылыми жетістіктерді ескере отырып, заманауи озық технологиялар және машиналар мен жабдықтардың негізінде шаруа қожалығы фермасында сиыр сауу мен сүт өндіру процестерін механикаландыру және сүтті алғашқы өңдеу цехын жобалау болып табылады. жүктеу/скачать 129.26 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |