Қазақстандағы су қоймалары Дайындаған: Альбекова А



бет6/6
Дата03.05.2023
өлшемі0.58 Mb.
#473168
1   2   3   4   5   6
Қazaқstandaғy-su-қoymalary

Кеңгір бөгеті - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Кеңгір өзені бойында, Жезқазған қаласының солтүстік жағына орналасқан тоспа. Қаныш Сәтбаев «Жезқазған» мақаласында Жезқазған құрылысына кірісер кездегі аса маңызды жұмыстардың қатарында «өндіріске керек су және ауыз су жетістіру» («Социалды Қазақстан», 1935, 4-қазан) мәселесін алға тартса, «Үлкен Жезқазған комбинаты» мақаласында («Социалистік Қазақстан», 1938, 9-каңтар) комбинат суды Қаракеңгір (Кеңгір) өзенінен алатынын, ол үшін «Кеңгір өзенінен ұзындығы 750 метр, биіктігі 30 метр плотина», яғни бөгет салынуы керектігін, мұның өзі комбинаттың өндірістік жұмысына керекті сумен де, ішуге қажетті сумен де қамтамасыз етеді» - деп жазғанды.

  • Кеңгір бөгеті - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Кеңгір өзені бойында, Жезқазған қаласының солтүстік жағына орналасқан тоспа. Қаныш Сәтбаев «Жезқазған» мақаласында Жезқазған құрылысына кірісер кездегі аса маңызды жұмыстардың қатарында «өндіріске керек су және ауыз су жетістіру» («Социалды Қазақстан», 1935, 4-қазан) мәселесін алға тартса, «Үлкен Жезқазған комбинаты» мақаласында («Социалистік Қазақстан», 1938, 9-каңтар) комбинат суды Қаракеңгір (Кеңгір) өзенінен алатынын, ол үшін «Кеңгір өзенінен ұзындығы 750 метр, биіктігі 30 метр плотина», яғни бөгет салынуы керектігін, мұның өзі комбинаттың өндірістік жұмысына керекті сумен де, ішуге қажетті сумен де қамтамасыз етеді» - деп жазғанды.
  • Кеңгір бөгетінің құрылысы 1940 жылы қаңтар айында басталғанымен, 2-дүниежүзілік соғыс жылдары тоқтап қалған. Бөгет салудың құрылыс жұмыстары 1946 жылы қайта басталып, ол 1952 жылы аяқталды. 1954 жылы көктемде оның деңгейі жобаланған мөлшерге (373 м) жетті. Ауданы 37,3 км², ұзындығы 37,0 км, ені 1,6 км, орташа тереңдігі 8,5 м (ең терең жері 21 м), жағасының ұзындығы 76,0 км. Су жиналуының алқабы 12500 км². 1961-65 жылы бөгет жүйесі кеңейтіліп, су көлемі 319 млн3-ке жеткізілді. Жер бөгетінің ұзындығы 600 м жоғары, биіктігі 25 м шамасында. Жағасы ұзынша, кей жері тар табиғи каньон сияқты келеді. Кеңгір бөгеті Кеңгір өзені суының атмосфералық жауын-шашынымен қоректенеді. Кеңгір бөгетінің гидрохимиялық өзгешелігі үлкен минералдылығымен ерекшеленеді. Бөгеттің суы тұщы. Оның суының құрамы натрий тобында, сульфат класына жатады. Судың жоғарғы жағында бұталар өседі. Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты ғалымдарының бақылауымен бөгетте балық өсірілді. Кеңгір бөгетінде балықтың 15-тен астам түрі бар. Бөген суы негізінен Жезқазған қаласын ауыз сумен және осындағы Жезқазған кен-металлургия комбинаты сияқты кәсіпорындарды техникалық сумен қамтамасыз етеді. Қала маңындағы бау-бақшалар да суғарылады. Су бөгетінің жағалауында қалалық, мекемелік демалыс аймақтары орналасқан.

НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет