Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры банктерді талдау бөлімі 2010ж. 2-ші тоқсанға



Дата29.02.2016
өлшемі35.2 Kb.
#33678
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕПОЗИТТЕРДІ КЕПІЛДЕНДІРУ ҚОРЫ
Банктерді талдау бөлімі

2010ж. 2-ші тоқсанға

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫН

АҚПАРАТТЫҚ ШОЛУ

2010 ж.

Қазақстандық коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру көздерінің арасында 2008-2009 жылдар аралығында жеке тұлғалардың депозиттерінің рөлі біршама өсті. Егер 2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ТОП-10 банктер арасында міндеттемелер құрылымында бөлшек депозиттердің үлесі 6%-дан 22%-ға дейін түрленсе, онда үш жыл өткеннен кейін дағдарыс фонында осы үлес іс жүзінде барлық банктерде1 біршама ұлғайды және қазір 13%-дан 43%-ға дейін құбылды.

Банктік депозиттерге халықтың қаражатын тарту бойынша белсенді саясат
2010 жылғы бірінші жартыжылдықта да жалғасты. Халықтың есепті күнгі салым көлемі өткен жылғы сенімді өсуді сонымен бекіте отырып, белгіні 2триллион теңгеге асырды. Жыл басындағы жалпы ұлғаю 5,4%-ды немесе 103,9 млрд. теңге (оның ішінде 2-ші тоқсанға – 3,2%-ды немесе 63,6 млрд. теңгені) құрады. Бұған қарамастан, осы мән депозиттік база 9,0%-ға немесе 135,2 млрд. теңгеге өскен өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен асып кеткен жоқ, қазіргі өсу 2008 жылғы бірінші жартыжылдықтағы депозиттер көлемінен - 2,0%-ға немесе 28,8 млрд. теңге анағұрлым біршама ұлғайды.

Қарастырылып отырған жартыжылдық аралығында 1-суретте көріп отырғаныңыздай, осы айда көлемнің әрбір ұлғаюы келесі айдың өзінде оның кейінгі кемумен кезектесіп отырды. Мәселен салымшылар арасындағы белсенділік ақпанда байқалды, мұнда өсу 3,0%-ды, сәуірде – 2,1%-ды және маусымда – 2,5%-ды құрады, онда қаңтарда, наурызда және мамырда депозиттік база қалай тиісінше 0,03%-ға, 0,9%-ға және 1,3%-ға қысқартылды.



Сонымен қатар, 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық депозит қоржынының құрылымында үлкен бөлікті жалпы көлемі 86,9% немесе 1 775,0 млрд. теңге болатын мерзімді салымдар алады, бұдан әрі ағымдағы және шот карталарда қалдықтар сомасын 11,7%-дан, талап етілгенге дейін салымдар 1,3%-дан және шартты салымдар 0,1%-дан (2-суретті қараңыз) басшылыққа алады.



2-ші тоқсанда бөлшек депозит базасы ұлғаюының негізгі триггері ағымдағы және шот карталарындағы сома болды, ол 40,6 млрд. теңге қосты. Тоқсанға 5 млн.теңгеге дейін мерзімді депозиттер бойынша таза ағын 27,4 млрд. теңгені, 5-тен 15 млн. теңгеге дейін – 13,0 млрд. теңгені және депозиттер бойынша 15 млн. – 23,1 млрд. теңгеден жоғарыны құрады. Жалпы ұлғаюы 40,4 млрд. теңге сомаға талап етілгенге дейін салымдар ағыны нәтижесінде біршама қысқарғанын атап өткен жөн.

Бүкіл салымдардың 5,2%-ы немесе 106,2 млрд. теңгесі, оның ішінде ағымдағы және шот карталардағы сома қатысушы банктердің басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ дауыс беру құқығымен акциялардың бес және одан көп пайызын иеленетін олардың акционерлеріне және олардың жақын туыстарына тиесілі екенін қосымша атап өткім келеді. Есепті тоқсан үшін осы сома 6,9 млрд. теңгеге, ал жыл басынан бастап – 22,8 млрд. теңгеге өсті.

Валюта құрауыш жиынтық депозит қоржыны да жыл басынан бастап біраз өзгерістерге ұшырады (3-суретті қараңыз). Егер ағымдағы жылғы қаңтарда теңге депозитінің үлесі 43,4%-ды, ал сәуірде – 49,1%-ды құраса, ондам1 шілдедегі жағдай бойынша осы үлес 52,3%-ға жетті. Сонымен қатар, АҚШ долларында депозиттердің үлес салмағы бірінші жарты жылдықта 44,3%-дан 38,2%-ға дейін қысқартылды. Осымен қатар, жыл басынан бастап Еуропа одағы елдерінің бірнеше елдерінде бірден дефолт қаупінің пайда болуымен еурода салынған депозиттер көлемінде төмендей бастады, ал мұндай жинақ ақшалардың үлесі 12,0%-дан 9,2%-ға дейін азайды. Өзге валюталарда (ресей рубліндегі басым) орналастырылған депозит қаражатының үлесі өзгерген жоқ және жиынтық базаның 0,3%-ын құрады.



Жиынтық депозит қоржынының құрылымынан 4-сурет арқылы ірі салымшылар негізінен өздерінің жинақ ақшаларын шетелдік валютада орналастыратыны, ал салыстырмалы түрде шамалы депозиті бар салымшылар ұлттық валютаны артық көретіні көрінеді (салымдар талап етілгенді қоспағанда).



Қор төлеуге жататын жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдікті өтемнің жиынтық сомасы 1 шілдедегі жағдай бойынша 959,4 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте,


50% жарғылық капитал ескерілген, арнайы резервте жинақталған Қордың қаржы ресурстары 1 шілдеде 110,8 млрд. теңгені немесе жиынтық өтеу сомасының 11,6%-ын және жалпы кепілдік берілген депозиттер сомасының 5,4%-ын құрайды.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Наурыз Банкі бойынша Қор төлеген кепілдікті өтеу сомасы 679,5 млн. тенгені, ал Валют-Транзит Банкі бойынша – 13,9 млрд. теңгені құрағанын да атап өткен жөн. Қор талаптарын қанағаттандыру тәртібінде алынған сома Наурыз Банкі бойынша төленген кепілдікті өтеу сомалары бойынша 679,4 млн. теңгеге, ал Валют-Транзит Банкі бойынша – 4,0 млрд. теңгеге тең.



1 Осы жағдайда, депозиттер үлесі үш жылға қысқартылған БТА Банкін қоспағанда.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет