Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


-1991 ж.ж. тәуелсіз ұйымдар мен партиялар, қозғалыстар және олардың қызметі мен бағдарламалары



бет58/88
Дата11.12.2022
өлшемі328.42 Kb.
#467026
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88
аза станны азіргі заман ы тарихы курсы бойынша мемлекеттік ем

58. 1986-1991 ж.ж. тәуелсіз ұйымдар мен партиялар, қозғалыстар және олардың қызметі мен бағдарламалары
Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.
Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.
Көп партиялылық – плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы өткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша көп партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды. Егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-әрекетінен көруге болады. Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі көп ретте осы жағдайлармен байланысты.
Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс ІV съезінде сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев «… Басшы партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бөлімшелердің қалыптасуының өзі «жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады» [1], – деп ашық айтуы бекер емес.
Қазақстанда азаматтардың партиялар мен қоғамдық ұйымдар арқылы саясатқа қатысу еркіндігі де біркелкі бірдей деуге болмайды. Мысалы, азаматтар үшін «Нұр Отанның» беделі жоғары. Ал «Әділет», «Азат», «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият», «Патриоттар», 2 компартия; Қоғамдық қозғалыс ұйымдарының мүшелері: «Тәуелсіздікті қорғау» (М. Шаханов), «Рух пен тіл» (Н. Мамай), «Ұлт тағдыры» (Д. Көшім) және т.б; жастар ұйымдары (бірнеше ондаған) «Қаһар», «Айбын» және т.б. имидждері туралы олай деу қиын. Сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге, жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге, саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде. Социологиялық зерттеулеріміздің нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. «Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба?» – деген сұраққа «ия» деп жауап бергендер 30-40 пайыздың төңірегінде.
Саясатқа еркін араласудың алғы шарттарының тағы бірі – саяси, құқықтық факторлар. Міне солар демократиялық тәртіпті қоғамда демократиялық саяси мәдениет басымдығын, билік құрылымдарын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуі саяси басқарушылық шешімдерді қабылдап, жүзеге асыру қажет. Саяси салада да қарама-қайшылықтар аз емес. Мысалы, демократиялық даму жолындағы саяси-ұйымдастырушылық шаралар (сайлау жүйесінің өзгеруі т.б.) мен қоғамда басым болып отырған саяси мәдениет деңгейінің төмендегі арасындағы қарама-қайшылық және т.б.
Саяси салғырттықтың көбісі халықтың әлеуметтік жағдайларындағы қиыншылықтарға байланысты екені анықталып отыр.
Әдетте, саяси партиялардың ықпалында болатындар бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер, олардан кейін бюджет саласындағы қызметкерлер. Бүгінгі күні қазақстандық саяси партиялардың құрамы көбінесе дәл осы екі топ өкілдерінен тұратыны белгілі, бірақ олар ерікті негізде ме әлде міндеттеу, қысымшылық негізде ме? – деген тағы бір үлкен мәселе бар. Ал жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер арасындағы саяси партиялар қызметіне деген қызығушылық өте төмен тіптен жоқтың қасы. Саясатқа тартылатындарды аймақтық белгілері мен әр түрлі ұлт өкілдері ретінде қарастыратын болсақ, Солтүстік, Шығыс, Орталық аймақтарда өкілдерінің 36,5%-ы партия бағдарламаларымен таныстығы әртүрлі болып келеді. Солтүстік және Шығыс аймақ өкілдері Оңтүстік және Батыс аймақ өкілдерімен салыстырғанда саяси партия бағдарламаларымен көбірек таныс. Ал партиялар мүшелерінің ұлттық белгілері де сондай екені белгілі болып отыр.
Саяси партиялар мен қозғалыстар өз іс әрекеттерінде жалпы ұлттық, мемлекеттік мүдделерді ескеруі негізінде ғана түрлі этникалық топтардың жарасымын нығайтуға тиісті үлес қоса алады. Осы ретте көп партиялық жүйе туралы екі түрлі пікір барын нәрсе деуге де, тек қана жағымсыз, жаман болмайтын сияқты. Әрине, партиялық жүйе түптеп келгенде қоғамның тепе-теңдік жағдайына жетуге жәрдемдеседі, яғни азаматтардың өз пікірлері мен талпыныстарын білдіруге, олардың саяси өмірге араласуына, сөйтіп саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалмен сиысып жұмыс істеуіне, өмір сүруіне жәрдемдеседі. Сонымен қатар көп партиялық өтпелі кезеңде, әсіресе дағдарыстар етек алған жағдайда, қоғамның әлеуметтік және этникалық топтары арасында алауыздыққа, қоғам мүшелерінің партиягершілдік жолға түсіп, өзара араздасуына итермелеуі ықтимал. Мысалы, Қазақстанда «Алаш» қозғалысы «Қазақстан қазақтар үшін» деген ұран тастаса, Ресейде Либерал-демократиялық партия өз лидерлері В.В.Жириновскийдің басшылығымен бұрынғы империялық саясатқа қайта оралуға шақырғаны мәлім. Ал, мұның өзі мемлекет пен мемлекет арасында, ұлттар арасында сенімсіздік пиғылдардың тууына апаруы да мүмкін. Осының бәрін саяси жүйе басшылығында отырған элита ескереді. Сөйтіп қандай бір партия немесе саяси қозғалыс болмасын қоғамның саяси жүйесінен өз бағасын, өз орнын алады. Ол ең алдымен электоратқа байланысты. Сайлаушылар қай партияны, қай қозғалысты жақтап дауыс беруіне қарай олардың қоғамда алатын орны анықталады [3].
Елімізде азаматтардың саясатқа қатысу еркіндіктерін кеңейту және жетілдіру мақсатында мына ұсыныстарды атап кеткен орынды: Партиялардың сайлауға қатысу және сайлану мүмкіншілігін арттыру. Яғни, олардың тіркелу, ұсыну тұрғысындағы талаптарын жеңілдету; Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің еркіндік сипатын күшейту, азаматтарға психологиялық әсер етуде үгіт насихатты барлық партиялардан тең дәрежеде жүргізуін қамтамасыз ету; Парламентте көппартиялылықты қамтамасыз ету мақсатында партиялар үшін сайлау кедергісін қысқарту ( 7% -дан 5%-ға дейін).
Қазақстан азаматтарының саяси қатысуының еркіндігі келесі факторларға байланысты: біріншіден, демократиялық саяси қатысу мен әлеуметтік топтардың саяси шешімдерді қалыптастыру мен қабылдау үрдісіне ықпал етудегі тәжірибесінің аздығыЕкіншіден, еліміздегі модернизациялау үрдісі мен оның қоғамға ықпалына байланысты. Ол саяси мінез-құлық еркіндігін таңдауға әсер етуде.
Азаматтардың саяси өмірге еркінірек қатысудың тағы бір жолы халықтық бақылау органдарына мүше болу арқылы жүзеге асырылады. Халықтық бақылау ұйымдары тұтас жүйе ретінде мемлекеттік ұйымдардан және қоғамдық ұйымдар мен топтардан құрылады.
Азаматтардың саяси құқықтары мен міндеттерінің заң жүзінде бекітілуі маңызды. Азаматтардың саяси құқықтарымен қатар азаматтық және әлеуметтік құқықтары да қамтылуы қажет. Азаматтық, немесе жеке құқық – бұл адамға жаратылысынан берілетін құқықтар, оның дербестігін және ерекшелігін көрсетеді. Олардың қатарына өмір сүру құқы, жеке тұлға бостандығы мен тәуелсіздігін жатқызамыз.
Саяси құқық азаматтардың мемлекет пен қоғам істерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сөз, баспасөз, ұждан еркіндігі, ақпарат алу құқы, өз пікірлестерімен біріге алу құқы, мемлекеттің өкілетті органдарына сайлау мен сайлану еркіндігі т.б. жатады.
Қазіргі кезде нарықтық саясат пен қатынастардың мемлекет ұсынған моделінің болашағы туралы пікір-таластары жүруде. Егер бұрын саяси жүйеде тар шеңбердегі партиялық саясат үстемдік етсе, қазір қоғам дамуынан одан да шектелген номенклатуралық, этнократиялық және криминалды топтар ықпал етуге тырысуда. Содан да болар, С.Хангельдин «Саяси тәуелсіздік бар ма бізде? Ол да күмәнді. Біз өзіміздің әр қадамымызды теріскейдегі көршіміздің ыңғайына қарай реттейміз. Бұл бұлжымас дағдыға айналды» [5], – дейді. Оның бұл пікірі, біздіңше, тым ұшқары. Дегенмен, біздіңше, саяси күштердің қайта топтасу кезеңінде превентивті түрде бақыланатын саясат керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет