Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы



бет72/88
Дата11.12.2022
өлшемі328.42 Kb.
#467026
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88
аза станны азіргі заман ы тарихы курсы бойынша мемлекеттік ем

71..«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

Бағдарламаның қарастыратын істері


Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

  1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;

  2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;

  3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;

  4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;

  5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;

  6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;

  7. Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.[1]

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері


  1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

  2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

  3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

  4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

  5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

  6. Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

  7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

  8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

  9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

  10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет