«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары



Дата11.12.2022
өлшемі55.57 Kb.
#467015
« аза станны азіргі заман ы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік (копия)


«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары

  1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.

Қазіргі Қазақстан тарихын зерттеу енді-енді өріс ала бастады.Қазіргі Қазақстан тарихы пәнін оқыту қоғамның бойында патриотизм мен азаматтық позицияны қалыптастыруға ,Қазақстанның сын ғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдерді бекітуге ықпал етуші фактор болуы тиіс.Әсіресе ,Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы ,қоғамның саяси ,экономикалық және әлеуметтік салалардағы реформалар үрдісі ,ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс.
Тәуелсіз Қазақстан тарихы –бұл Отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады.Өткенсіз бүгін ,бүгінсіз ертең жоқ деген қанатты сөз тарих ғылымының қоғамның бүгіні мен ертеңіндегі маңыздылығын нақты анықтап тұр.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің іргетасын әлемнің елеулі бөлігіне ықпал еткен ұлы дала көшпенділерінің мемлекетін дәстүрі және бірнеше жүз жылдық барысындағы қазақтардың азаттық жолындағы күрес тарихы,Ресей және Кеңестік Социалистік Республикалар одағы құрамында өмір сүрген тәжірбиесі құрайды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының төрінде Қазақстан халқының жаңа мемлекет құраудағы төзімділігі,ізгілігі еңбексүйгіштігі шешуші рөл атқарады.Ең бір қиын кезеңдерде де Қазақстан азаматтары жарасқан ынтымақ-бірлігімен соғысқа, жанжалға жол бермеді.
Қазақстанның шынайы тәуелсіздік жолына түскеніне небәрі 25 жыл ғана болды.Осы аз ғана уақыттың қазақ келешекте өмір сүріп,күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын,өз шыққан тегін, ата-бабаларының тарихы тәжірбиесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.
Қорыта айтқанда,Қазақстан тарихы пән ретінде жастардың дүние танымдарын,азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді,яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.



  1. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.

ХІХ - ғасырдың аяғынан бастап Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси


өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой - пікір, ұлттық сана өсті
Отаршылдық - әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматтарының сана -
сезімі, ұлттық намысы оянуына түрткі болды. Ұлттық езгіге қарсы қозғалыстарының басында енді
қазақ зиялыларының талантты тобы тұрды. Олар Ресей демократиялық саяси қозғалысымен таныс
болып, орыстың озық ойлы демократтарының еңбектерін оқып білді.

Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі, оның салдары және соған байланысты қазақ


қоғамында саяси ой - пікірдің қалыптасуы, дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік
дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының
еңбектеріндегі саяси - құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде әлемдік тарихта ірі оқиғалар болып өтті. Ірі империалист


Державалар арасындағы қайшылықтардың түбіне жете шиеленісуі бір - біріне қарсы екі әскери
одақтың (Үштік Одақ және Антанта) құрылуына әкелді. Ғасыр басында империализм дәуіріндегі
алғашқы ірі қақтығыс - орыс - жапон соғысы болған еді. Ірі елдердің отарлық бұғауындағы
халықтардың ұлт - азаттық күресі жандана түсті. Тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық буржуазия
өкілдерімен қатар осы елдерде пайда болған ұлттық интеллигенция өкілдерін, жұмысшыларын және
шаруалары мен қолөнершілерін қамтыған алғашқы ұлттық ұйымдар пайда болды, жергілікті
баспасөз дамыды. Отаршылдарға наразылық көрсету неғұрлым саналы, әрі ұйымшыл түрде өтіп, ұлт- азаттық сипатқа ие болды.
ХХ ғасырдың басы қазақ зиялыларының саяси, құқықтық ойлары

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуында ХІХ


ғасырдың екінші жартысымен салыстырғанда едәуір өзгерістер болды. Осы өзгерістермен қатар ел
өміріндегі саяси оқиғалар да қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді. ХІХ -
ХХ ғасырлар тоғысында пайда болған ұлттық интеллигенция тобы өлкедегі азаттық жолындағы
күрестің өсуінде айтарлықтай рөл атқарды. Олардың қазақ даласында оқу - ағарту, мәдени
шараларды дамытудағы еңбектері де әлемдік өркениетке деген ұмтылысы мөн талпынысын
білдіреді.

Жаңа ғасырдың бастауымен бірге Ресей өкіметінің отаршылдық саясатының бұрынғыдан да күшейе


түсуі ұлт - азаттық қозғалысындағы жас қазақ интеллигенциясының рөлін күшейте түсті. Бұл кездегі
қазақ интеллягенциясы өзінің құрамы, бағыты, мақсаты және қоғамдық - саяси қызметінің сипаты
жағынан әртүрлі топтарды біріктірді және олардың негізгі бөлігін әдебиетшілер, мұғалімдер,
адвокаттар, дәрігерлер және тағы басқалар құрады.
Қазақ интеллигенциясының осы кезеңдегі тарихи орны қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселенің
әділ шешілуімен, оқу - ағарту ісінің дамуымен және отарлық езгіге қарсы күресімен тығыз
байланыста айқындалды. Ұлт - азаттық күресіндегі қазақ интеллигенциясының алғашқы және
табанды өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаммеджан
Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Әлімхан Ермеков және т.б. болды.
Олардың құрамы да өздерінің саяси көзкарастарымен, іс - әрекеттерімен айрықшаланды. Олардың
кейбірі социалистік идеяларды ұстанды, социал - демократтармен бірлесіп жұмыс істеді. Олардың
ықпалы жағынан неғұрлым басым екінші бір бөлігі либералдық - демократиялық позицияларда бол -
ды. Бұл бағыттың жұрт таныған өкілдері Ә. Бөкейханов, Б. Ка - ратаев және тағы басқалар либералдық - демократиялық бағытты қорғады.

1905 - 1907 жылдары Ресейде болған алғашқы орыс революциясы да қазақ даласының саяси


оянуына, өлкеде езгінің отаршылдық, әлеуметтік және басқа да түрлеріне қарсы ұлт - азаттық,
жұмысшы, аграрлық және баска да қозғалыстардың өрістеуіне едәуір дәрежеде серпін берді. ХХ
ғасырдың алғашқы ширегін қазақстандық тарихшылардың бір тобы "саяси күрестер мен рухани
жаңғырту кезеңі" деп атауға әбден лайық екендігін атап көрсетті. Саяси күрестер мен рухани
жаңғырту кезеңінің тарихы 1905 - 1907 жылдардағы орыс революциясынан басталатынын айту
әбден орынды болмақ. Өйткені, осы жылдардағы орыс революциясы қазақ даласындағы ұлттық
қозғалыстың бастау алуына өз ықпалын тигізді. А. Байтұрсынов айтқандай осы кезеңде "Бұл дала
саясат ісіне тартылып, азаттық қозғалысының ағынына араласты"

1905 жылы 25 шілдеде Қарқаралы қаласына таяу Қоянды жәрмеңкесінде алаш қозғалысы


жетекшілерінің бастамасымен өткен қазақ сьезінде әлеуметтік - экономикалық талаптармен бірге
саяси талаптар да қойылған. Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы атына жазылған петиция
қабылданды. Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың басшылығымен жазылған бұл петицияда үкіметке
мынадай талаптар қойылды:
1) Діни сенімге қысым жасауды тоқтату;
2) Қазақ мектептерінде қазақ тілінде оқыту, интернат, пансионат, жоғары оқу орындарының жайы;

3) Қазақ тілінде газет шығару;


4) Переселендердің көшіп келуін тоқтатып, жерді қазақтікі деп жариялау;
5) Қазақтарды атамекен қоныстарынан көшіруді тоқтату;

6) "Далалық билеу Ережесін" өзгерту;


7) Болыстық кеңселер мен халықтық соттарда істі қазақ тілінде жүргізу, өтініштерді қазақ тілінде қабылдау құқығын қалпына келтіру, қызметке қазақ тілін білетін тілмаштарды алу;
8) Сотісін қазақ тілінде жүргізу;

9) Бастықтар мен урядниктердің санын қысқарту;


10) Генерал - губернатордың бұйрығымен жер аударуды тыю;


11) Жоғары үкіметте қазақ депуттарының болуы. Революцияның алғашқы айларынан бастап - ақ


жоғары билік сатысына талаптар қойған Қарқаралы петициясы қазақ өлкесінің оянуына едәуір
себепкер болған аса зор саяси оқиға ретінде тарихта қалды.

Ұлт зиялыларының саяси күресінде Ресей Мемлекеттік Думасына сайлау жүргізу және оған қатысу


айтарлықтай рөл атқарды. Олар өздерінің саяси күресінде Мемлекеттік думаның мінбесін де тиімді
пайдалана білді.

Екінші Мемлекеттік Думаның 1907 жылғы 16 мамырда өткен мәжілісінде Орал облысынан сайланған


Депутат Б. Қаратаев қоныс аудару саясатының қазақтар шаруашылығына тигізген зардаптары
туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында "біздің мемлекетте ұйыққан аграрлық мәселені
далалық облыстарға, атап айткаңда, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының жеріне
шаруаларды қоныс аудару арқылы шешкісі келеді. Үкіметтің осынау сұрқия саясатынан қазақтарға
аштан қырылу қаупі төніп тұр" деп атап керсетті. Дума төрағасы депутаттың сөзін бөлгенде Б.
Қаратаев Дума мінбесінен шаруалардың жерге деген зәрулігін қанағаттандыру үшін жеке меншік
жерлерді тәркілеу жөніндегі кез - келген ресейлік оппозициялық қозғалыстың әрекетін қазақтар
Дереу қолдайды деп батыл мәлімдеме жасады. Мұның өзі сол жылдардағы ұлт - азаттық күрес
жетекшілерінің саяси белсенділігі мен көзқарастарының қаншалықты өскендігін көрсете алады
Екінші Мемлекеттік Думаға қазақ халқынан сайланған депутаттар кадеттерге қосылды және баска
ұлттық партиялар өкілдерімен бірге орыс шаруаларын шеткері аймақтарға қоныс аударуын тоқтату күштерін ұйымдастырды. Ресей Мемлекеттік Думасы белгілі дәрежеде ұлт зиялыларының саяси -
құқықтық көзқарастарының қалыптасуына ықпал етті, қазақ даласының саяси - әлеуметтік және
мәдени - рухани дамуына серпін берді

1913 жылдан бастап жарық көрген "Қазак" газеті либералдық - демократиялық бағыттағы идеяларды


білдірді. Редакторы А. Байтұрсынов болған "Қазақ" газетінде ұлт зиялыларының сол кездегі жарық
жұлдыздары болған Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов және
басқалар жұмыс істеді. Осы газет төңірегінде болашақ "Алаш" партиясының белсенділері мен
жақтаушылары топтасты. Оппозициялық газеттің отаршылдық саясатқа қарсы сипаттағы
мақалалары жергілікті әкімшілікті мазасыздандырды, сондықтан да отаршылдық әкімшілік "Қазақ"
газетін үнемі бақылауға алды, 1913 - 1916 жылдар аралығында газетті 26 рет жапты, редакторы А.
Байтұрсыновты бірнеше рет қамауға да алды

Саяси - құқықтық идеялар мен бағдарламаларды жасау ісімен айналыскандардың бірі ұлт - азаттық


қозғалыстың жетекшісі, әйгілі мемлекет кайраткері, ғалым - әдебиетші Әлихан Бөкейханов еді. Оның
артына қалдырған шығармашылық мұрасының үлкеи бөлігі - орыс тілінде жазылған монографиялық,
энциклопедиялық сипаттағы еңбектері және "Қазақ" газетінде ана тілінде жазылған мақалалары.
“Қазақ” газеті арқылы Ә. Бөкейханов қазақ кауымын Ресейдегі саяси оқиғалармен таныстырды және
саяси - құқыктық сауатын ашты. Газеттің 1913 - 1914 жылдардағы сандарында ол "Бе - бель", "Жан
Жорес”, "Керек сөз", "Балқан соғысы" жіне "Тағы соғыс" мақалаларында саясат пен соғыс
мәселелерін сөз етеді. 1910 жылы жазған "Қазақтар" дейтін зерттеуінде Ә.Бөкейханов қазақ
халқының тарихын, оның әлеуметтік құрылымын, орыс бодандығын, отаршылдықтың зардаптарын
айтады. Қазақ әдет - ғұрып нормаларыңдағы бұрынғы құқықтық жүйенің жойылып, оның орнына
патша өкіметі енгізген заңдардан кейін әділетсіздік пен парақорлықтың белен алғаны сыналады.
Ә. Бөкейхановтың ойынша европалық білім алып саяси істерге араласа бастаған қазақ зиялылары
екі бағытқа бөліне бастаған. Олардың бірі - мұсылмандық идеяны жақтайтын түрікшілер, ал өкіншісі
европалық дамуды қолдайтын батысшылдар. Саяси екі ағымның пайда болуын атап көрсеткен
Ә.Бөкейханов оларға ғылыми сипаттама да берді және бұл екі ағымның әлі нақты партия болып
қалыптаспағандығын ескертті. Өзінің саяси қызметінің бастауында батысшылдар жағында болған ол
саяси бостандық мәселелерінде діни ағымдарға да қарсы болмады.

ХХ ғасырдың басыңдағы қазақтың ірі қоғам қайраткері, саяси - әлеуметтік тақырыпта өндіре жазған


ақын, публицист, қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, ағартушы - ұстаз Ахмет Байтұрсынов
1873 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келді. Оның түрлі оқиғаларға, халықаралық
жағдайға, заң, ел билеу, сот, жер, еркіндік тақырыптарына арналған "Бұл заманның соғысы" (1914),
Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан Уақытша Ереже" (1914), "Соғысушы патшалар"
(1914), "Заң жобасының баяндамасы" (1914), "Жәрдем комитеті" (1915), "Қазаққа ашық хат" (1916),
"Қазақ жерін алу тураласындағы ни - зам" (1916), және тағы басқа мақалалары Ахмет
Байтұрсыновтың саяси - құқықтық көзқарастарының эволюциясын, қайраткерлік қабілетін, отан
сүйгіштігін жан - жақты көрсете алады. Қоғамдық өмірдің сан алуан көкейтесті мәселелерін арқау
етіп жазған оның мақалалары алғашқы кезде "Айқап" журналында, 1913 - 1918 жыл - дары өзі
редактор болған "Қазақ" газетінде, жеке жинақтарында, кейіннен кеңестік баспасөзде жарияланды:
Ахмет Байтұрсыновтың аталған мақалалары мен басқа да еңбектерінде құқықтық мемлекет
принциптеріне сай келетін идеялар көптеп кездеседі. Ол құқыктық мемлекетте өкімет билігін, ең
алдымен заң шығарушы жоғарғы орган - парламентті қалыптастыруда заң шығаратын адамдарды
сайлауда қателеспеу қажеттігіне басты назар аударады. Сайлауға қатысуда жеке бастың немесе
ағайынның, рудың намысы үшін ғана дауыс беру азаматтыққа жатпайды. Билік басына немесе заң шығару қызметіне келетін адам үшін немқұрайлы дауыс беру, жершілдік пен ағайыншылық,
жершілікке салыну, Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша "ол сайлау өмес, құр талас немесе сауда"
Халықтың сайлауға қатысуы және дауыс беруі туралы мәселеде ол былай деп жазады: "Пайдалы
адамды сайлаумен залалды адамды сайлау арасында ешбір парық болмаса, жұрт неге азаяды?
Яғни өз жақынын сайлап, бар мақсаты табылғандай көрінеді. Сайлау көп үшін берген нәрсе, көп
пайдасын көздеп сайланса... сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, залалы
қаралмай, мынау туғаным - тұқымдасым... - деп сайланса, ол сайлау емес". Демократияның ең
маңызды көрінісі сайлау болып табылатындығын ескерген қазақ ойшылы "Тағы да халық соты
хақында" мақаласында "Сайлау деген - өзіңе берген құқықтар" деген қорытынды жасайды.

Рим заңгерлерінің "заң жиі өзгермеуі тиіс", "заң жақсы болса ғана оны шығарушылар халық


құрметіне ие болады”, "заң халық үшін қызмет етеді" деген қағидаларына сүйенген А. Байтұрсынов
ғасырлар бойы қалыптасқан құқықтық нормаларды жоғарыдан бұзып, халыққа таныс емес заңдарды
күштеп танудын қаншалықты зардапқа соқтыратынын ескертеді.

ХХ ғасырдың басында империялық саясат билер сотының аясын тарылтуға барынша ынталылық


танытты, ресейлік сот жүргізу ісінің тиімділігі туралы насихат күшейтілді.





  1. ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.

ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... . ... енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет—ғұрыптарымызға, біздің молдаларға да тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды.... .... енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып қазақтардың суымен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерде арқалаған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде.... Бұлар сорлы қазақтарды ұрып—соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде ..." [1, 30 б.] Сөйтіп Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады. Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті. Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды



  1. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз.

Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. .Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларына тоқталсақ, әрине олар сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищилер болмаса, арнайы оқу орындары ол кезде жоқ еді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша өкіметі үшін қазақ халқының мәдениетін қаранғылықта ұстау тиімді болған еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мәскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120 - ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шәлімбеков, Х.Досмұхамедов және басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді. Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай ХХ ғасырдың басында ұлт мәселесін жеке дара мемлекет мәселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды. . ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарды. Сол дәуірдің алдыңғы қатарлы үш зиялысы газетке бағыт бағдар беріп отырды.
Ресейде білім алған ұлт зиялылары жоғарыда көрсетілгендей қазақты еуропа жолымен алып жүреміз, татарға қоңсы қондырмаймыз деген ағымның басында Ә.Бөкейхановпен, А. Байтұрсынов болды, ал «Ислам түрік туының астына жиналамыз» деген ағым Орал, Торғай оқығандарында күшті болды. Бұл ағым «Айқап» журналында бет алды. (1911 жылдан бастап шыққан «Айқап» журналы қазақ қоғамдық өміріндегі тұңғыш ықпалды журнал еді, сонымен қоса қазақ тілінде ұлттық рухты көтерген алғашқы журнал болды.) ХХ ғасырдың басында Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой пікірді дамытып, демократиялық идеяларды насихаттай бастады. Қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсіресе кадеттер партиясының әсері болды және кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ зиялылары кадет партиясы құрамына еніп, мүшелікке өтіп, бағдарламасын мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Ә.Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. олар өздерінің ұлттық демократиялық мемлекет құру идеясын іс жүзіне асыру мақсатында 1917 жылы «Алаш» партиясын құруға белсене кірісті. Ал автономия құру идеясы қазақ зиялыларының ұзақ жылғы саяси күрестерінің, үздіксіз идеялық іздерістерінің нәтижесі болғаны анық. Қазақ зиялыларының ұлт азаттығы жолындағы күресі жаңа құқықтық мағынаға ие болып отырды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілікті жаңғырту мәселесін көтеруі. Сонымен бірге ақпан ревалюциясы тұсындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілік үшін күрестері мен кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ зиялы қауымының ұлттық автономия мәселесін көтеруі сол уақыттың талабы болды. Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құруға бағытталған іс әрекеттері, ұлттық тәуелсіздікті қалпына келтіру қызметері тарих беттері арқылы талдау жасау негізінде сол уақыттағы ұлттық идеялар, бүгінгі күнге бастан кешіріп отырған тәуелсіздікке жол салды



  1. 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсерін талдаңыз.

1905– 1907ж.ж. ресейде бірніші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905ж. 9қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этногроф, тарихшы, шежіреші Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап “Қанды жексенбі”деген өлең жазады. Содан кейін автор қуғын – сүргінге ұшырап, Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болады. Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл, Семейде жұмысшылрдың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен далалық өлке орталығы Омбы қаласында наразылық шеруі шықты. Бұл кезеңде Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына тұсті. 1905 -1907ж.ж. жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғарғы жақтағы бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мысалы, 1902ж мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150жұмысшысы дала генерал – губернаторының атына арыз – шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлерріне көше бастады. 1904ж Зайсан уездіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905ж Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арда саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905ж 15қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай – ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Ж.Ақбаев Семей түрмесіне қамалды. 1905ж желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай – ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле – шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді талап етті. Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі бас көтерілулері басталды. Капиталға қарсы “орыс – қырғыз одағы” құрылды. Бұл біріккен одақтың басшылары Б.Топорнин, Байшағыров, С.Невзаров сияқты жұмысшылар болды. 1906 ж маусымда Семей қаласының жұмысшылары іс – жүзінде түгелдей дерлік көтерілді. Оған орыс пен қазақ, татарлар да қатысты. Ереуіл нәтижесінде қала халқы жиналыс өткізу бостандығын жеңіп алды. 1907ж жазында Семей, Ақтөбе, Верный, Қостанай сияқты қалалар кәсіпорындарыңың жұмысшылары шеруге шықты.

  1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз.

1914 жылы 1 тамызда басталған. Оған тайпалық Ресейде қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Империяның отар аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық- зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлерімен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн десятинаға жетті. Соғыс Қазақстан экономикасына құлдырауына әкеп соқты. Соғыс шикізатты, азық түлікті, малдың және басқа да материалдық орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты иығына жаңа ауыртпалықтар түсті. Міндетті түрде ет тапсырылды. Мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды. Әр үйден жаңа соғыс салығын алу т.б.салықтардың мөлшері артты. Салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есе өсті. Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп- жетілу процессін тездете түсті. Соның жарқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж ұлт азаттық көтерілісі болды.

Көтерілістің шығуының басты себебі: Әлеуметтік- экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Көтерiлістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымында армияның тыл жұмыстарына Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19-дан- 43 жасқа дейінгі «бұратаналық» еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның қалалық облыстарынан- 100 мың , Жетісудан - 87 мың адам еріксіз алынуға тиіс болды. Стихиялы қозғалыс бірте- бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары- Жетісу мен Торғайда пайда болды. Бүкіл Қазақстанды қамтыды.

Көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси азаттық болды. Көтерілістің ұлт - азаттық сипатта болуы, қазақ халқының барлық тап өкілдері (байлар, болыстар, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың өкілдеріне қатысты.
Көтерілістің ірі ошақтары: Жетісу және Торғай өңірлері

Жетісудағы көтерілістің басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қонаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар болды.

Жетісудағы көтеріліс тарихының барысы:
1. 1916 ж. шілдесі – стихиялық, наразылық көріністері.
2. Тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы.
3. Қыркүйек – қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңілуі деген кезеңдерге бөлуге болады:
17 – шілдеден бастап Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларына қарсы ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауы, Жаркент, Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Самсы станциясы маңы, Лепсі оязында, Садыр-Матай болысында т.б.жерлерде болды.
Қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілер табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Жетісудағы көтерілісшілерді басу үшін 8750 найзалы 95 рота, 3900 қылышты, 24 жүздік, 16 зеңбірек, 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ ауылдары жойылды, бейбіт тұрғындар аяусыз қудалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкіметі соңдарына түскен 300 мың қазақтар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1\4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбүр болды. Жетісудағы ұлт - азаттық көтерілістің қанды қырғынмен аяусыз басып жаншылды. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери горнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, Соттың үкімі облыстың әскери губернаторы Фольбаум сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, 1916 ж. 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде дарға асып, өлтірілді. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімі мен Түркістан өлкесінде 1917 жылы ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді.

Торғай көтерілісі:


Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып жаншылған кезде Торғай даласында көтерілісшілер күш алып, күннен- күнге өрістей түскен еді. Торғайдағы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қойдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, арғындар мекендеген Тосын, Майқорау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтеріліс барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланды. Ал арғын көтерілісшілерінің ханы болып Шолақ Оспанов сайланды. Кейін 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс ( 6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында атақта Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды. Құрылтайда Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерелісшілердің сардарбегі болып тағайындалды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Көтерілісшілерге Орталық Ресейден келген, осы жерде туып өскен Әліби Жангелдин қосылған. Ә.Жангелдин көтерілісшілердің « рухани көсемі» болды. Көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Осылайша қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісі Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып жаншылды.
Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығымен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ:а) қазақ интеллегенциясының радикалды батыл іс- қимылға бейім өкілдері : Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангельдин,С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов тағы басқа халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. б) «Қазақ» газетіне топтасқан либерал- демократиялық зиялылар өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов , М.Дулатов т.б. Халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, қазақтар қатты қан төгіске ұшырауы мүмкін деп, осы алмағайым заманда халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде халықты аман сақтауға тырысты. Қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.

КөтерілістіңКөтерілістің маңызы: 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. К.Қасымов бастаған ұлт- азаттық қозғалыстан кейін 1916 ж. көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтыған , бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, Шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт -азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болды. 1960 жылдары орыстың белгілі тарихшысы А.В.Пястковский «Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс отар халықтардың ( Қытайдың, Парсының, Оңтүстік Америка одағының және басқалардың) империалистік езгіге қарсы барған сайын өрши түскен, революциялық күрестердің бір буыны болғандығы сөзсіз», - деген пікір айтқан еді.



  1. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз (1917ж.).

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917ж Ақпан революциясының нәтижесінде Патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, отарлық езгіге қарсы көпжылдық күресінің нәтижесінде, жеңісімен аяқталды. 1917ж 28ақпанда М.В.Розликоның басшылығымен мемлекеттік Думаның Комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2наурыз күні мемлекеттік Думаның уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша Үкімет құрылды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік жасады, Уақытша Үкіметтің ұлттық мәселесі бойынша қабылданған алғашқы актілерінің бірі 1917ж 20наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтқа қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша Комитеті мен Уақытша билік орындарын құру туралы 5наурызда арнайы қаулы жарияланды. Осыған байланыста жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола басады. 1917ж Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары өз әсерін тигізді. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов:”Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қyанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және екіншіден, олдарды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша Үкімтке барынша қоддау көрсетуіне оның 1916ж 25маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуын тоқатуын, ал 7наурызда 1916ж көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М. Дулатов:”Сары әскер қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кіріскен еді. 10айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлт төңкеріс болмаса, не болар еді”,-деп жазған. Тұтастай алғанда, Уақытша Үкімет те, оның жергілікті ұйымдары да қазақ халқының ұлттық мәселелеріне таскерең күйінде қалды.

  1. Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.

Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық,ең алдымен ұлттық мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір сипат алып,талқылана бастады.
РКСФР құрылғаннан кейін елдің шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Қазақстанның Торғай,Орал,Ақмола,Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ
Кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс жүргізілді.Қазан төңкерісінен бұрын қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыру дайындық жұмыстары болды.Мұның өзі шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады.Мұндай қарсылықтың себептері:бірінші-қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа,екінші-олар Қазан төңкерісін қабылдамады,сөйтіп Кеңес үкіметін мойындамады,оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді.Сондықтанда «Алаш»зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді.Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген «Алаш» азаматтары Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов Кеңес үкіметімен келіссөздер жіргізіп,ұлттық автономия мәселесін шешуді қолға алды.Алайда, Кеңес үкіметі Алашорда үкіметінің өзін де,талаптарын да мойындағысы келмеді.Сондықтан да,олар ұлттық тұтастық негіздегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығын, тек кеңестік негіздегі автономия беруге даяр екендігін білдірді.Осылайша алаштықтардың Кеңес үкіметі шеңберінде біртұтас ұлттық мемлекет құруға талпынысы нәтижесіз аяқталды.
I орыс ревалюциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады.Алаш қозғалысының басты мақсаты-қазақ елінің өзін-өзі басқару,дербес мемлекет құру,
тілдің дамуына қажетті шарттар түзу болды,көрші түркі мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты.
II орыс ревалюциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. шарықтау шегіне жетті.Осы жылы Алаш партиясының,Түркістан автономиясы және Алашорда Үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстардың нақты нәтижелері болатын.
9.Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз.
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы — тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты — ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі — тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек.

Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» — деп көрсеткен болатын

Алаш қозғалысымен бірге, мәселен, оның көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұханбетовтар сонымен қоса Уәлитхан Танашевтың, (Жанша Жаянша) Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің, Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Әлжан Байғориннің,Садық Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Дәулетше Күсепқалиевтің, Ережеп Итбаевтың, Хамит Тоқтамышевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Нұрғали Ипмағамбетовтың, Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету — біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар XX ғасыр басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен істері не марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды. Кеңес үкіметінің зымиян саясаты бастапқыда ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы күшейгенде оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі — олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттың санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ

Алаш қозғалысының тарихы — отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды. Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б. еңбектері — алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру — қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш козғалысының идеялары — ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты құндылық — тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.


10.Әлихан Бөкейхан – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 155 жылдық мерейтойының атап өтілуі.
Алаш ардақтылары қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту жолы –тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстаным екенін әсте естен шығармағанымыз абзал.

Бүгін Алаш көшбасшысы, қазақ көсемі, көрнекті ұлт қайраткері, автономиялы тұңғыш дербес мемлекетіміздің іргесін қалаған аса ірі тұлға, ағартушы-ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл болып отыр.

Биылғы жыл – Азаттық жылы, Әлихан жылы, Алаш жылы.

Әлихан Бөкейхан – азаттық үшін туып, азаттық жолында құрбан болған, өле-өлгенше қазаққа қызмет қылған ұлы тұлға. Әлихан мен Азаттық егіз ұғым!

Әлихан Бөкейханның «Бүкіләлемдік шынайы даңқты қайраткер» ретінде ЮНЕСКО мойындап, халықаралық деңгейде дүркіреген 150 жылдық мерейтойы ел тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихи межесімен қатар келсе, биылғы 155 жылдығы тәуелсіздіктің «орда бұзар» отыз жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – жәй сәйкестік емес, тарихтың өзі байланыстырып отырған сабақтастық, үндестік.

Алаш көсемінің мерейтойы әлбетте, ел басындағы азаматтардың да назарынан тыс қалмақ емес. Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған бас конференцияға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауын жолдап, жоғары бағасын берді:

«Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған алқалы жиынның ашылуымен құттықтаймын!
Әлихан Бөкейхан – төл тарихымызда өшпес із қалдырған біртуар тұлға. Ол ХХ ғасырдың басында «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көшін бастап, дербес ел болудың алғышарттары мен негіздерін айқындады. Халқының бостандығы үшін бүкіл ғұмырын сарп етті.

Ғылымның әртүрлі саласына терең бойлаған саңлақ саясаткер қазақтың ой-өрісін кеңейтіп, руханиятымызды дамытуға зор үлес қосты. Ұлттық интеллигенцияның жаңа буынын қалыптастыруға ұйытқы болды. Халқына адал қызмет етіп, мол мұра қалдырды.

Тарихи тұлғаның мерейтойы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, бүгінгі егемендігіміз – Әлихан бастаған ұлт зиялыларының орындалған арманы.
Әлихан Бөкейханның тағылымды өмір жолы әрдайым дәріптеліп, жастар үшін үлгі-өнеге болуға тиіс.

Өскелең ұрпақ Алаш арыстары ұстанған мемлекеттілік пен мемлекетшілдік идеясына қашанда берік болып, азаттық рухын асқақтата береді деп сенемін. Конференция жұмысына табыс тілеймін!»

Қазақ Президенті бұл сөзінде, тәуелсіздіктің бастауында Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстары тұрғанын, өскелең ұрпақ Алаш идеясын ұстануы тиіс екенін айқын айтып отыр.

Сондай-ақ, Президент Тоқаев дәл бүгінгі күнге арнап жазған сөзінде «Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті», - деп Әлихан Бөкейханға өзінің биік бағасы мен шынайы құрметін көрсетіп отыр.

Сөз бар, оның іске асуы бар. Сөзбен құрмет көрсету бар және оны іспен дәлелдеу бар...

Бүгінгі күні Әлихан Бөкейханның атында көшелер, мектептер, ескерткіштер (Семей қаласында тұңғыш ашылған жеке дара ескерткіш, Қарқаралы қаласындағы «Алаш арыстары» ескерткіш) бар. Қасым-Жомарт Кемелұлының шешімімен, бес жылдан бері оң нәтижесін бермей келе жатқан мәселе – Қарағандыдағы Октябрь ауданының атауы Әлихан Бөкейхан болып ауысуда. Күллі Алаш азаматтары қуанып, сүйіншіледі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге арналған бағдарламаға Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы да енгізілді. Осының барлығы қуантарлық жағдай. Иә, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Әлихан қандай құрметке де лайық. Әлихан Бөкейхан есімі Қазақстанның әр жерінде беріліп жатса да артық етпес.

Тәуелсіз Қазақстан Алаш идеясы төңірегінде өз бастамаларын, мақсат-міндеттерін алға қойып, жан-жақты қарыштап дамып келеді. Әлихан Бөкейханның мақсат-ұстанымы дербес мемлекет болғанда жүзеге асуда. Оның бірден-бір көрінісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшуі. Сөзімнің дәлелі Әлихан Бөкейханның өзі болсын: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау». Қараөткел – бүгінде елорда орналасқан жердің ежелгі атауы. Әлихан Бөкейхан бұл тұста, Тәуелсіз Алаш мемлекетін құруды және оның астанасы ретінде Қараөткел жерін белгілеуді идея тұрғысында айтып отыр. Бұл идея ел егемендігін алған кезеңде жүзеге асты.

Шын мәніндегі мемлекеттіктің негізін қалаушы ірі қайраткер, ел тағдырының ең қиын кезеңінде тізгін ұстап, ту көтерген тарихи тұлғаларға құрмет көрсету, оларды елдіктің бастауы ретінде пір тұту әлемдік тәжірибеде де бар жағдай. Американдықтар Джордж Вашингтонды, орыс халқы Бірінші Петрді, түріктер Ататүрікті қалай ең жоғарғы тұлғасы ретінде қабылдайды, Әлихан Бөкейхан да қазақтың дәл осындай тұлғасына айналуы тиіс деп есептеймін.

Әлихан Бөкейхан – ұлт азаттығы жолындағы ұлы күрескер!

Әлихан Бөкейханға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та тарихи жоғары бағасын берді. Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО – БҰҰ-ның бір бөлігі) «Бүкіләлемдік шынайы даңқты қайраткер» ретінде мойындады. Тұтас түркі елдерінің Әлиханға деген құрметі айрықшы екенін оқып-көріп жүрміз.

Жоғарыда аталған факторлардың барлығын ескере келе, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан ең жоғарғы құрметтерге бек лайықты деп есептеймін және Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын қазақ елі биылғы мерейлі жылда атқаруы тиіс бес міндетті ұсынамын:

1. Мәскеу қаласының (РФ) «Дон» зиратындағы Әлихан Бөкейханның топырағын Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық пантеонға жерлеу және басына белгі қою.

2. Павлодар немесе Петропавл қаласының атауын Әлихан Бөкейхан қаласы деп ауыстыру.

3. Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне немесе Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Әлихан Бөкейханның есімін беру.

4. Нұр-Сұлтан қаласының орталық көрнекті аумағына Әлихан Бөкейханның еңселі ескерткішін орнату.

5. Нұр-Сұлтан қаласынан «Алаш аллеясын» ашу.

11. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз


А.Байтұрсынның қазақ халқының дамуына қосқан үлесі. Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды.

12. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.



Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

13. Қазақ саяси элитасының (Әлихан Бөкейхан, Мыржақып Дулат, Ахмет Байтұрсын, Шәкәрім Құдайбердіұлы және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.



Қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1870 жылы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді. Әлихан білімді, бостандық пен әділдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. Оқуды аяқтаған сон ол Омбы орман шаруашылығы училищесінде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкімшілік қызметтер атқарды.
XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді.
1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж...» Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды.
1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905—1907 жылдары кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды.
1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрді. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар» - авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.
Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21—26 маусымында Орынборда I Бүкілқазақ съезін өткізіп, «Алаш» партиясы атқару комитетінің төрағалығына сайланады. Сол жылы Орынборда өткен «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезінде «Алашорда» үкіметі құрылып, Ә. Бөкейханов оның төрағасы болып сайланды. Кеңес өкіметі кезінде ол бірыңғай ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен айналысады. Жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесіледі. 1989 жылы ақталды.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкіл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгіден азат етуге, тәуелсіз мемлекет құруға, ел-жұртына білім беріп, оны гүлдендіруге арнады.[1]

Әлихан Бөкейханов өзінің төңірегіне қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының ең таңдаулы бөлігін топтастыра білді. Оның сенімді серіктерінің бірі белгілі ақын, аса көрнекті ғалым, түрколог, публицист, педагог, аудармашы әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов (1873—1937) болды. Ол Торғай облысындағы Торғай уезінің Сарытүбек деген жерінде дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінің мектептері мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. А. Байтұрсынов өзінің халықпен кездесулері кезінде патша үкіметінің отаршылдық саясатының мәнін әшкереледі. Ол Қарқаралы петициясының мәтінін жазып, құрастыруға барынша белсене қатысты. 1913—1918 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып, халық өмірінің көкейтесті мәселелерін көтереді, елді өнер-білімге үндейді. А. Байтұрсынов Алаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Кеңес өкіметі кезінде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына біржола түседі. Көптеген өлең-жырларында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады, халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын сынады, ел-жұртты миссионерлердің жүгенсіз қылығынан сақтандырды. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол өзінің бір мақаласында былай деп жазды: «Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін».



Ә. Бөкейхановтың сенімді серіктерінің және ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысушылардың бірі Міржақып Дулатов (1885— 1935) болды. Ол Торғай облысы Торғай уезінің Қызылбел атырабында дүниеге келген. Алғашқы білімді ауыл мектебінен алған. Торғайдағы екі сыныптық мектепте оқыған. 1904 жылы Омбыға барып, онда Ә. Бөкейханов және А. Байтұрсыновпен кездеседі, саяси қызметке белсене араласа бастайды. Патша отаршылдығына ашық қарсы шығып, жер мәселесін көтереді. Қазақтардан жерді тартып алуға, мұсылмандықты қудалауға тыйым салуды талап етеді.
1909 жылы «Оян, қазақ!» атты жыр жинағы жарық көреді. М. Дулатовтың бұл кітабын замандастары «Ұлттық манифест» деп атады. Автор қазақ халқының ауыр жағдайын поэтикалық түрде суреттей келіп, одан қалай шығудың жолын ұсынады. Ол қазақ даласында жаппай мешіттер мен медреселер ашуды, жастарға ислам рухында тәрбие беруді жақтады. Семей округтық сотының прокуроры былай деп жазды: «Оян, қазақ!» кітапшасы өзінің мазмұны жағынан қырғыз (қазақ. — авт.) жастарына арналған үндеумен тең, ол мемлекеттің қазіргі қоғамдық құрылысын құлатуға шақырады».
М. Дулатов Қарқаралы петициясының жобасын әзірлеуге, Алаш қозғалысына білек сыбана қатысты. Қажырлы қайраткер өзінің бүкіл өмірін туған халқына қызмет етуге арнады.
Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі белгілі қоғам қайраткері, педагог, тарихшы Мұхаметжан Тынышбаев (1879—1937) болды. Ол 1879 жылы Жетісу облысына қарасты Лепсі уезінің Садыр болысында дүниеге келген. 1900 жылы Верный гимназиясын алтын медальмен тәмамдаған. 1906 жылы Санкт-Петербург транспорт инженерлері институтын бітірген. 1905 жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының съезіне қатысады. Институтта оқып жүрген кезінің өзінде-ақ қазақ халқының ұлттық мүддесін патша әкімшілігінің озбырлығынан қорғаған мақалалар жазады. 1907 жылы II Мемлекеттік Думаға Жетісу губерниясынан депутат болып сайланады. Думада Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағыт ұстанған М. Тынышбаев бар өмірін туған халқының азаттығы үшін арнады, осы жолда құрбан болды.
Саяси реакция өршіп тұрған жылдары Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі, ойшыл, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың (1890—1941) саяси көзқарасы қалыптаса бастады. Ол Сырдария облысында дүниеге келді. Оның әкесі округке белгілі би болды. Ал шешесі жағынан алғанда нағашылары Хиуаны билеген қазақ хандары тұқымынан еді. Мұстафа бастауыш білімді ауылда алады. Содан соң Ташкент гимназиясын да, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін де алтын медальмен үздік бітірді. Қазақтардың III және IV Мемлекеттік Думаларға қатысуына тыйым салынуына қарамастан Мұстафа Шоқай мұсылмандар фракциясымен тығыз байланыс жасап, белсенділік танытты. Сол фракция арқылы Мемлекеттік Дума депутаттарының назарын қазақ халқы басынан кешіріп отырған ауыр жағдайға аударып отырды. М. Шоқай бар ғұмырын Орта Азия мен Қазақстан халықтарының азаттық күресіне арнады.
Қазақтар арасында Ішкі Ордадан шыққан саяси қайраткер Бақтыгерей Құлмановтың есімі кеңінен танымал болды. Б. Құлманов 1859 жылы дүниеге келген. Ол Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын сұлтандар тобынан шықты. Орынбор ерлер гимназиясын, Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін бітірген. Ішкі Ордадағы әкімшілік жұмыстарында болған жылдарында ол мектептер мен емдеу орындарының ашылуына барынша зор күш-жігер жұмсады, Ресей Мемлекеттік Думасына қатарынан екі рет депутат болып сайланды. Осынын өзі-ақ оның халық арасында орасан зор беделінің бар екенін көрсетті.
Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен отаншыл патриоттардың бірі Көлбай Тоғысов еді. Ол Семей облысы Зайсан уезінің Шорға болысында дүниеге келген. Петербург университетінің заң факультетін бітірген. К. Тоғысов талантты журналист, көрнекті қоғам қайраткері болды. Татар тілінде шығатын «Вахыт», орыс тілінде шығатын «Семипалатинский листок» газеттерінің бетінде халықты сауатсыздыққа, білімсіздікке, патша үкіметінің отаршыл әкімшілігі мен шенеуніктерінің озбырлық әрекеттеріне қарсы күресуге шақырды. Ол үш тілде - қазақ, татар және орыс тілдерінде еркін жазды. 1905 жылғы қарашада Қарқаралыда патша үкіметіне қарсы өткен наразылық митингісі бастамашыларының бірі болды. Ол өзінің мақалаларының бірінде былай деп жазды: «Біздің өз ана тілімізде кітаптар басып шығаруымыз, сондай-ақ мектептер, ауруханалар салуымыз керек. Біз сауатты әрі білімді халық болуға тиістіміз».[1]

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет