Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр: Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр: Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы.Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады
1-саты – жалпы бастауыш білім беру . Оқуды бастау жасы - 6 жас. Оқыту ұзақтығы - 4 жыл ( 1-4- сыныптар – бастауыш мектеп)
2-саты – негізгі орта білім беру Оқыту ұзақтығы – 6 жыл (5-10-сыныптар – негізгі мектеп)
3-саты – жалпы орта білім беру. Оқыту ұзақтығы -2 жыл (11-12-сыныптар – жоғарғы мектеп)
12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар
1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі.
2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау.
3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.
4-фактор. Оқу сапасын арттыру.
5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.
Жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:
12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік (ұлттық) жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмұнын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
Күтілетін нәтижеге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;
Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын, құру;
Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;
12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |