Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі



жүктеу 69.97 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі69.97 Kb.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

2011 ж. 4- тоқсандық ақпараттық шолу


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ

Жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін

есептеу және методологиясы бөлімі

2011 жылдың төртінші тоқсанындағы

Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына

қысқаша ақпараттық шолу

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктердің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жиынтық мәліметтеріне сәйкес, 4 тоқсан бойынша ағымдық және карт-шоттардағы қалдықты қосып есептегенде қабылданған депозиттер мөлшері 153,8 млрд. теңгені құрайды (5,9%), ал жыл басынан бастап 508,8 млрд. теңгені құрады. Осылайша, жұртшылықтың депозиттік базасы жыл бойынша 22,6 %-ке өсіп, 2,8 трлн. теңгеге дейін кеңейді, ал ұлттық валютадағы депозиттердің ақша салымдары 4-тоқсанда өз деңгейінде, яғни жиынтық депозиттер қоржынының 58%-н құрады.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұртшылықтың жиынтық депозиттік база құрылымы келесідей: негізгі бөлікті құраған осы тоқсанда 4,2% өсіп, жалпы үлесі 86,2% немесе 2,38 трлн. теңгені құраған мерзімді және шартты депозиттер. Одан кейін жиынтық сомасының 12,6%-ін немесе 347,5 млрд. теңгені құрайтын ағымдық және карт-шоттардағы қалдықтар болып табылады. Тоқсан бойынша олардың көлемі 18,9% -ке ұлғайды. Тоқсан ішінде 6,8%-ке ұлғайған, талап етілгенге дейінгі салымдар жеке тұлғалардың депозиттер қоржынының 1,2%-ін немесе 32,2 млрд. теңгені құрады. Ағымдық және карт-шоттардағы орташа қалдықтар сомасы 26,2 мың теңгеге жетсе, ал талап етілгенге дейінгі салымдарда 14,9 мың теңгеге жетеді. Жалпы, 5 млн. теңгеден аспайтын барлық депозиттер түрінің сомасы жеке тұлғалардың депозиттер жиынтығының сомасының 44,6%-ін құрайды (депозиттердің жалпы санының 99,7%-і). (1 суретті қараңыз).

Сурет 1. Жұртшылықтың депозиттерінің жиынтық сомасы

Жалпы, 5 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты депозиттердің көлемі де тоқсан бойынша 49,8 млрд. теңгеге өсті. 5 млн. теңгеден 15 млн. теңгеге дейінгі мерзімді депозиттер портфелі қарастырылып отырған тоқсанда 25,2 млрд. теңгеге кеңейді. Тоқсан бойына ең аз өсімі болған ірі салымдар - 15 млн. теңгеден жоғары мерзімді депозиттер, бар болғаны 1,9 %-ке өсті. Таза өсімі 21,6 млрд. теңгені құрап, ал сомасы 1,2 трлн. теңге (немесе жалпы көлемнің 43,04%).деңгейінде қалды. Талап етілгенге дейінгі салымдардың тоқсандық өсімі алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 21,6 млрд. теңгені құрады. Ағымдық және карт-шоттардағы қалдық сомасы 55,2 млрд. теңгеге ұлғайды.

Қосымша айта кететін болсақ, барлық жеке тұлғалар депозиттерінің 3,5% немесе 97,5 млрд. теңге, соның ішінде ағымдық және карт-шоттардағы сомалар қатысышу-банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі. Есептік тоқсан ішінде мұндай депозиттер сомасы 8,9 млрд. теңгеге немесе 10%-ке ұғайды.

Екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша Қор өтеуге қажетті кепіл берілетін өтемақының мөлшері 2012 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 1,32 трлн. теңгеге жетті. Ал есептік мерзімде Қордың арнайы резерві 161 млрд. теңгені немесе кепіл берілетін жиынтық соманың 12,2%-ін және кепілдендірілген депозиттердің жалпы сомасының 5,8%-ін құрады.

Есептік тоқсанның қорытындысы бойынша басты қаржылық көрсеткіштерге негізделген және сәйкесінше тоқсандық жарналар мөлшері бар, «A», «B», «C», «D» және «E» бес жүйеленген топты анықтайтын «БАТА» міндетті күнтізбелік сараланған жарна мөлшерін есептеу жүйесіне сәйкес, банктердің басым бөлігі тоқсандық жарна мөлшері 0,19% - «D» тобына (11 банк) және тоқсандық жарна мөлшері 0,11% - «C» тобына (14 банк) тиесілі. Бұл тоқсанда 4 қатысушы-банк өз көрсеткіштерін жақсартып, жарна мөлшерлемесі төменірек топқа ауысса, алайда басқа 4 банк керісінше, өз көрсеткіштерінің нашарлау нәтижесінде, жарна мөлшерлемесі жоғарырақ топқа өтті.

1 ақпандағы жағдай бойынша Қор төлеген кепілдік берілген өтемақысының жиынтық сомасы Наурыз Банкі бойынша 679,5 млн., ал Валют-Транзит Банкі бойынша 13,87 млрд. теңгені құрады. Қордың Наурыз Банкінің ликвидациялық комиссиясынан кепілдік берілген өтемақыны төлеу сомасы бойынша талаптарын қанағаттандыру барысында алынған сома мөлшері 679,4 млн. теңге немесе ликвидациялық коммиссиясына қойылған барлық талап сомасының 88%, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 5,11 млрд. теңге немесе Қордың ликвидациялық коммиссиясына қойылған талап сомасынның 36,06% құрады.



Қосымша

2012 жылдың 1 қаңтарына сәйкес



Қатысушы-банктердің жеке тұлғалар депозиттері бойынша мәліметтерінің жиынтығы











мың теңге


п/п


Аталуы

Сомасы

1 тоқсандағы өзгерісі

1.

Талап етілгенге дейінгі салымдар, соның ішінде:

32 179 470,60

2 060 753,42

1.1.

теңгемен

18 586 795,10

1 587 824,05

1.2.

шетел валютасымен

13 592 675,50

472 929,37

2.

Мерзімді және шартты салымдар, соның ішінде:

2 378 932 329,13

96 567 297,10

2.1.

теңгемен, соның ішінде:

1 277 263 704,30

36 870 529,82

 

1 млн. теңгеден аспайтын

238 042 762,03

9 664 894,15

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

242 854 598,50

18 467 659,78

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

116 290 665,02

9 818 374,05

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

134 009 977,02

8 502 885,93

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

57 663 176,91

3 919 860,17

 

15 млн. теңгеден жоғары

488 402 524,83

-13 503 144,26

2.2.

шетел валютасымен, соның ішінде:

1 101 668 624,84

59 696 767,28

 

1 млн. теңгеден аспайтын

75 306 719,00

1 925 227,33

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

108 373 753,39

5 143 904,37

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

70 185 607,04

4 760 211,82

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

98 153 546,78

8 092 181,89

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

50 859 562,93

4 646 442,36

 

15 млн. теңгеден жоғары

698 789 435,70

35 128 799,51

3.

Ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде) соның ішінде:

347 463 753,00

55 179 548,44

3.1.

теңгемен

302 124 572,00

46 857 183,00

3.2.

шетел валютасымен

45 339 181,00

8 322 365,44

 

Жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасы бойынша барлық депозиттері, соның ішінде:

2 758 575 552,73

153 807 598,96


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет