«Қазақстанның экономикалық тарихы»



бет2/8
Дата09.07.2016
өлшемі1.53 Mb.
#186424
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Берденова К.А., Общая и экономическая история Казахстана. А.,”Экономика” 2000.

  2. Берденова А.К., Коробков Б.Т. и. др. Экономическая история Каахстана (с тестовыми заданиями). Алматы: “Экономика” 2001

  3. Виноградов В.А. Экономическая история России ХІХ – ХХ вв.: Современый взгляд.М., РОССПЕН 2001

  4. Экономикалық реформалар А., “Экономика” 1999

  5. Сәбден О. ХХІ ғ. қандай экономикамен кіреміз. А., 1997

  6. Мамыров Н.К. Проблемы развития экономики и образования в Казахстане. А., “Дәуір”1998

7.Нұрғалиев Н.Қ. Қазақстан экономикасы. Алматы-1999

8.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикалық 2030 жылдарға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы. Алматы-1997

9. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана.,2010

10.Экономикалық реформалар А., “экономика” 1999

11.Сәбден О. ХХІ ғ. қандай экономикамен кіреміз. А., 1997

12.Мамыров Н.К. Проблемы развития и экономики и образования в Казахстане А., “Дәуір” 1998.

13. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1-том, Алматы, 1996.

14. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, II-том. Алматы, 1998.

15Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, III-том.Алматы, 2002.

Қ о с ы м ш а :


  1. Акишев К.А. Курган Исык. Искуство саков Казахстана. М., 1978

  2. Ахинжанов С.М. Макарова О.А. Нурумов М.Н. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. А., 1992

  3. Кузнецова Э.Ф. Тепловодская Т.М. Древняя металлургия и гончарство Центрального Казахстана. А., 1994

  4. Масанов Н.Е. Кочевая цивилизация казахов (основы жизнедеятельности номадного общества). – А.,-М., 1995

  5. Қозыбаев М.К. Абылхожин Ж.Б. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянсива. А.,1993

  6. Қозыбаев М.К. Ақтандықтар ақиқаты. А., 1992

  7. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті.А.,1997

  8. Мұхатов О.Х. Қазақстанда ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу мәселелері.(1940-1980 жж) // Отан №2/99 53-59 б.

  9. Байтіленов С. “Қазақстан ауылшаруашылығындағы тоқырау”. А., 99

  10. Қазақ қалай аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары) А., 1991



  1. ГЛОССАРИЙ

Қоналға – қызмет бабымен келе жатқан әкімшілік шенділерді жеткізіп салу, қарсы алу және азықтандыру жөніндегі міндеткерлік.

Хараж – алым-салық жүйесіне қатысты термин, өнім түріндегі рента негізінен «хараж» деген атпен мәлім; бұл терминнің синонимі – мал (Абдураимов М. А. Очерки аграрных отношений в Бухарском ханстве в XVI – первой половине XIX века. Ташкент, 1970. Т. 2. С. 148)

Даруға – моңғол билеушісі, ханның қаладағы орынбасары; даруғаның міндеті: жалпы басқару, алым-салықтың дұрыс түсуін және міндеткерліктердің уақтылы орындалуын бақылау. XV – XVI ғасырларда «даруға» терминінің мағынасы әлдеқайда кеңейіп, билеуші, басқарушы, жалпы меңгеруші, қазынаның пайдасына міндеткерлікті өндіріп алу бастығы, губернатор дегенді білдірген (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и её падение. М.; Л., 1950. С. 471).

Хәкім – ханның тағайындалуы бойынша әкімшілік және соттық қызметті атқарушы қаланың не облыстың билеушісі.

Нөкер – моңғолша сөзбе-сөз дос деген сөз. Жауынгер, қызметші. Өз көсеміне қызмет етуге міндеттенген ерікті жауынгер дегенді білдіретін термин. Түркі халықтарында «нөкер» термині «жасақ», «әскери қызметші» дегенді білдірген (МИКХ. С. 500).

Аймақ – тайпа, ру деген мағынаны беретін «омақ», «обақ» деген сөзбен теңдес; XV−XVIII ғасырлардағы мұсылман шығармаларында да осылай қолданылады (МИКХ. С. 494). (246 бет)

Ауыл - қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас

жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған.



Ата – аймақ - жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады.

Айттыру құдалығы - қыз бой жеткенде айттырылады.

Айыр қалпақ - аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі.

Арқан - мықтылық үшін арнайы қыл қосылып жүннен есілетін ұзын жіп.

Бесік құда - бала бесікте жатқанда уәделеседі.

Балбал - бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас.

Бәдізші - тас безеуші, мүсін тас жасаушылар.

Бұйда - түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп.

Дәстүр - ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып,ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұралардың элементтері.

Ерулік - жаңадан көшіп келген үйді дәмге шақыру.

Ертұрман - салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық атауы

Жарапазан - тұрмыс-салт жырларының діни ұғымға байланысты түрі.

Желі - құлын байлауға арнап әдейі керілген арқан.

Жүз - бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі.

Жайлау - селеулі жазық дала мен биік таулардың аралығындағы шалғынды

кеңістік , таза су, отты жер,қоңыр салқын ауа.



Зеңгі баба - сиыр малының пірі.

Киіз үй - жайылымнан-жайылымға көшіп отыру жағдайында қолайлы жеңіл

құрама үй.



Кереге - киіз үйдің қабырғасы.

Кимешек - жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім.

Көкірекше - жейденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз, жеңіл киім

Кебеже - азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.

Келі - тары, бидай т.б.дәнді дақылдарды түйетін ұнтайтын қатты ағаштан

жасалған құрал.



Кесене - діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.

Көген - қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған

қысқа жіптер.



Қамбар ата - жылқы малының пірі.

Құйысқан- ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Құрық - жылқышының мал баққанда ұстайтын құралы.

Қарын құда - бала анасының құрсағында жатқанда атастырылады.

Қозы күзем - қозылардың күзгі жүнін қырқатын мезгіл.

Мес - қымыз т.б. сусын құюға арналған ешкі терісінен жасалған ыдыс.

Мәсі - ешкі терісінен тігілетін жұмсақ аяқ киім

Мәдениет- материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетінадамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі, қоғам мен

адамның тарихи даму деңгейі



Материалдық мәдениет- адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген

жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. игеруін, әлеуметтік - психологиялық біліктілігін білдіреді.



Сыралғы - аңшылар ұстаған аң-құстарын жолда кездескен сыйлы адамдарға достарына байлап кететін дәстүр.

Сүйек жаңғырту құдалығы- ескі жекжаттардың қыз алысуы.

Сәукеле - қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі.

Сәулет өнері- адамның өнері мен күнкөріс тіршілігі үшін қажетті,материалды тұрғыда ұйымдасқан құрылым.

Саба - қымыз ашытуға арнап, жылқының терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс.

Тасаттық - құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі.

Торсық - қымыз т.б.сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс.

Тоғыту - маусым айында тоқтыларды суға түсіріп жуындырады.

Туырлық - керегені жабатын киіз.

Түндік - шаңырақты жабатын киіз.

Үзік - уықты жабатын киіз.

Шекпен - түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім.

Шаңырақ - киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі

Шекшек ата - ешкі түлігінің пірі.

Шопан ата - қой түлігінің пірі.

Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз.

Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.

Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.

Инфляция – ақшаның құнсыздануы.

Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.

Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.

Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.

Вице – президент - президенттен кейінгі өкілетті кісі.

Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.

Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.

Референдум – Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу.

Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы.

Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.)

Біртұтас аумақтық өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі – ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе.



Агностицизм – ( грек.а- теріске шығару және gnosis – білім) – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Терминді ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гекели енгізген. А – нің гносеологиялық негізі мән мен құбылысты ажырату.

Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді.

Аккультурация – (лат.adcuitura – білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі.

Актуальдандыру – (лат.actualis – қарекетшіл)- болмыстың өзгерісін білдіретін ұғым. Осы ұғымда қозғалыстың тек бір жағы ғана: болмыстың, мүмкіндік ахуалынан шындық ахуалына көшуі ғана ашып көрсетіледі.

Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.

Анохронизм (грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу.

Антикалық мәдениет (лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.

Анторопоморфизм (грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс.

Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.

Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.

Әлеуметтік позиция - әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.

Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.

Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.

Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.

Вандализм – Риммен қатыгездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған., мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым. 455 ж. Вандалдар Римді жаулап алып, ондағы көптеген құнды өнер ескерткіштерін жойған. Сол себепті вандал деп надан, варвар, мәдени құндылықтарды қиратушы адамды айтады.

Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді. Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық құрылымы, туу, өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады.

Демографиялық болжам - әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы Д.б. аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп.

Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.

Дискуссия – топ ішінде шешім қабылдау үрдісін ұйымдастыру әдісі.

Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз.

Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.

Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.

Инфляция – ақшаның құнсыздануы.

Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.

Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.

Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.

Вице – президент - президенттен кейінгі өкілетті кісі.

Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.

Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.

Референдум – Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу.

Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы.

Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.)

Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.

Анохронизм (грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу.

Антикалық мәдениет (лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.

Анторопоморфизм (грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс.

Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.

Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.

Әлеуметтік позиция - әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.

Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.

Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.

Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.

Вандализм – Риммен қатыгездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған., мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым. 455 ж. Вандалдар Римді жаулап алып, ондағы көптеген құнды өнер ескерткіштерін жойған. Сол себепті вандал деп надан, варвар, мәдени құндылықтарды қиратушы адамды айтады.

Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді. Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық құрылымы, туу, өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады.

Демографиялық болжам - әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы Д.б. аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп.

Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.

Дискуссия – топ ішінде шешім қабылдау үрдісін ұйымдастыру әдісі.

Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
1 лекция Қазақстанның экономикалық тарихы пәні

Пәнге кіріспе.

Негізігі ұғымдар:пәнге кіріспе, экономикалық тарих, экономикалық аспект.

Жоспар:

1) Пәнге кіріспе.Қазақстан экономикалық тарихының қамтитын мәселелері пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны

2)Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері пәнінің мақсатымен міндеттері

3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.


Мақсаты: Қазақстан экономикалық тарихының қамтитын мәселелері пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орнымен таныстыру курстық пәннцң мақсатымен міндеттерін айқындау.
Лекция

1.Пәнге кіріспе.Қазақстан экономикасының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық

ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан экономикасының тарихынның кезеңдері: Бірінші кезең - бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері - Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты - Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды.

Ұлы жібек жолы түркілер мемлекетінің экономикасының дамуына да оң ықпал етті.Халықаралық сауда ролін атқарды.

Екінші кезең. Бұдан 1300-1100 жылы бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисей өңірінде болды. Ежелгі қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Тоны көктің, Күлтегіннің руникалық жазулары Орхон-Енисейдің құлпытастарында таңбаланды. Түркі ұлттық рухының осынау тегеуріні X ғасырда "Манас" эпосында өзінің табиғи жалғасын тапты. Үшінші кезең. ХІІ-ХІҮ ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталды. Бұл жойқын күші бар сойқанды шабуыл ел экономикасының дамуын тежеді. Бұл кезенңің басыңда атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағаңда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы.

Бар қазақтық басын біріктіруге жұмылған Майқы би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды.

Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту, арғындардың нысаны – Көз, алшындардың нысаны – Найза содан қалса керек.Әр рудың таңбасы болды. Малдарына өз таңбаларын соғу арқылы танымал етіп отырды.

Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дәл сол тұста тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүзден жауынгерлік ұраны: Ұлы жүздікі – Бақтияр – бақыт, Орта жүздікі – Ақ жол – әділет, Кіші жүздікі –Алшын –От-ана болса, барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен.

Дәл осы кезенде халықтың әзі – Шыңғысхан әулетінің бұғауына іліккен еді. Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты империялық идеологиясы – шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғысшылдық ақырына дейін түсінілмей қалған бір дін болып енді. Өйткені бұл тежеу білмес тегеурінді қара күш пен тентек мінезді дөрекі қайсарлық қана емес, Шыңғыс әулетінің ұлы империясының ұстынына тірек, ұстынына көрік болған рухтың революциясы еді.

Ол уақытқа дейін үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, оғызшылдығы, ұрандары (жүздік және жалпы алаш), олардың бұрынғы шежіресі жаңа шежіренамаға тарихи тамырласа кірігіп кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп қадды.

Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы – төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу мәртебе алды да, оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте келе, бұл екі тармақ екілдерінің өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың әдет-ғүрпын, дәстүрін қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті.

Төртінші кезең. XV-XVII ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланды. Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жырларынан көрінді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. "Қобыланды батыр", "Қамбар батыр" сияқты батырлар жырында, "Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу", "Қыз-Жібек" және басқа дастандарға қазақтың ұлттық рухы тұп тамыр ретінде негізге алынды.

Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келіп, ел басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала басталды.

Үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі –Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би –Тәуке ханмен бірге "Жеті жарғы" атты тарихи қүжатты қабыддайды. Бұл киелі "жеті" санын нысан өткен киелі парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақ құқығының алғашқы кодексі еді.

Ел экономикасы осы кезеңдердің барлығында дәстүрлі көшпенді шаруашылық сипатында қалыптасып дамып отырды.



2.Қазақстан экономикасының тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бүгінгі дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның бір неше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар.

Тарихтың негізгі миссиясы – ұлттың руға, тайпаға, арыс ка жүзге белінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортак тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының экономикасының тарихын білуге тиіс. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды? Оның халқымыз, үлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі танда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Сонымен әр Қазақстан азаматының ұлттық сезімін өзінің сол ұлттың мемлекеттің өкілі екендігін біддіруге байланысты ұлттың тарихын білу, әрине, үлкен шаруа. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің үлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі. Ұлттың экономикасының тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам - өзімді-өзім тану деген соз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.

Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет. Сонда ғана ол өзінің үясын тапқан қүс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихи, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай үлттың окілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық әкелмейді.

Сонымен, үлтыңның тарихын білу арқылы өзіңнің ор-нынды, ортанды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде гана толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азаматтарға шарт.

Егер ұлттық сезім болмаса онда үлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні де, дәстүрі де – барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлт кез келген басқа үлттың жетегінде кете беретіндігі даусыз. Ұлттың өзінің нық, өз аяғынан тұратындай, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежеге келуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты.

Ал ондай сезімді тудыратын нәрселер – өзін-өзі тану, жақсылап тану, жақсы жағынан тану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет