Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі379.97 Kb.
  1   2   3
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

Әлемнің әміршісі - еңбек.


Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.
Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады,
бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.
Еліміз үшін еңбек етейік, ардақты ағайын!
Әлеуметтік жаңғыртудың жаһандық тренді
Қазақстан 20 жылдық шепті еңсерді.
Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр.
Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар.
Осының барлығы мемлекеттен ке­сім­ді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Және маған әлеуметтік мәселе­лер­ді әркез бақылауымда ұстап, оларға тұ­рақты түрде қайта оралуыма тура келеді.
Менің назарымдағы басты мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көр­сету.
Және бұл қажеттілік болып табылады, өйткені, әлеуметтік мәселелерді шешуге еліміздің барлық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы өзін өзі сезінулері тәуелді.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақ­стан­да әлеу­меттік мемлекеттің берік іргетасы қаланды.
Қазақстан объективті түрде орташа Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасы деңгейіне нақты жақындады.
Қазақстандықтардың өмір үлгі-қалып­тары тұрақты жоғарылауда. Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игі­лік жемістерін қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады.
27 қаңтарда мен Парламентте «Әлеу­мет­тік-экономикалық жаңғырту - Қа­зақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауымды жарияладым.
Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік табуы­ның өмірлік маңызы бар. Мен әлеу­меттік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін нақ осыдан көремін.
Жолдау-2012-де мен Үкіметке нақты тапсырмалар бердім, - және мемлекеттік механизм жұмыс істеп берді.
Алайда, мен Жолдауымның орындалу қарқыны мен сапасына қанағат­тан­баймын.
Әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды.
Ал бұл, өз кезегінде, жаһандық дау­ыл­дарға қарсы тұра алу үшін жаһандық тұ­рақ­сыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағ­дайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді.
Біздің жүзеге асырылмаған резерв­теріміз бен мүмкіндіктеріміз неде? Әлеу­мет­тік саясат орнықты, жасампаз болуы үшін тағы не істеу керек?
Бүгін өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңінен таралған тұ­тыну­шы­лық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі.
Тұтынудың бұл идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады.
Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады.
Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады.
Бұл жерде ешқандай өзіндік идеология ойлап шығарылмайды.
Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық эконо­ми­калық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адам­ның еңбегімен жасалады.
Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы көз жетпейтін көкжиекте ойлап табылмаған.
Бұл - практикалық, прагматикалық идея. Ол маған тіпті етене жақын, өйткені, мен қазақстандықтар жақсы білетіндей, өзімнің кәсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы-металлург ретінде бас­тадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кәсіп болып табылады!
Қанша жыл өтсе де, бұл еңбек мектебін ұмыту мүмкін емес.
Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағ­дайын­дағы шешуші ұлттық фактор ре­тін­де, жаһандық бәсекелестік жағдай­ын­да, - алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс.
Бұл туралы жақында ғана мен Тараз­да, Өскеменде, басқа да өңірлерде кездескен қарапайым қазақстандықтар айтады.
Еңбек адамының беделін көтеру қа­жет­тігі туралы осы идеяларды мен қа­зақ­стандықтардың хаттарынан, сон­дай-ақ әлеуметтік жаңғырту міндеттеріне екпін түсірілетін менің Жолдауым мен Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөздеріме Қазақстанның барлық бұрыштарынан келген үнқа­ту­лардан оқып жүрмін.
Қазақстан қоғамындағы лайықты еңбек тақырыбы кең көлемді пікірталас пен қолдау туғызды десем, артық айтқан­дық емес.
Жаңғырту үдерістерінде тәуекел бар ма?
Әлеуметтік жаңғырту бүгінде ық­ти­мал сынақтар мен тәуекелдер туралы анық түсінік болуын талап етеді. Және мұны тек барлық деңгейдегі мемлекеттік қызмет­ші­лер ғана емес, сондай-ақ әлеу­меттік жаң­ғыртулар бағытталып отырған бүкіл қоғам, барша халық түсінуге тиіс.
Бірінші. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңғырту барынша синхронды жүруі тиістігін ескеруіміз қажет.
Жаңа өндірістер, білім беру мен ғылымның жаңа жүйелері, орта тапты дамыту, әлеуметтік кепілдемелерді ке­ңей­ту қазақстандықтар санасында үлкен өзгерістер қалыптастыруы тиіс. Ал бұл әлеуметтік қатынастың барлық жүйесін дер кезінде түзетуді талап ететін болады.
Екінші. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жаңғырту үдерістері азаматтар белсенділігінің күшеюімен, олар­дың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен қосарлана жүреді. Сондықтан, адам­дар­дың өзінің құқықтары мен бостан­дық­тарын белсенді қорғауға деген ұмты­лыс­тары кеңейіп, қоғамның өзін өзі ұйым­дастыру дәрежесі жоғарылайтын болады.
Үшінші. Қазақстанда мемлекет - әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің бастамашысы және басты қозғаушы күші.
Бүгінде қоғамда жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие үдерістерін аса ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет - шетсіз-шек­сіз донор емес, азаматтар әл-ауқа­ты­ның өсуі үшін жағдай туғызатын әріптес деген ұстаным қалыптастыру маңызды.
Мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске ба­ғытымен құрылады.
Бұл масылдыққа жол жоқ дегенді білдіреді.
Тек осындай жағдайда ғана Қазақ­стан қоғамы патернализм инерциясын еңсере алады.
Төртінші. Әлеуметтік жаңғырту жо­лындағы айтарлықтай кедергі әлеу­мет­тік инфантилизм секілді кең тараған құбылыс болып табылады.
Оның негізінде 90-шы жылдардағы «жабайы капитализмнің» өтпелі бастап­қы кезеңінде «жабысқан» еңбекке өңі айналдырылған, теріс көзқарас жатыр.
Бұл игілікке жетудің алдамшы формуласы - «аз жұмыс істеп, көп табу», «ауадан ақша жасау» және тағы басқаларды абсолютке көтерді.
Әлеуметтік инфантилизммен зорай­тыл­ған дөрекі тоғышарлық жаңғыр­ту­дың тежегіші болуға қабілетті.
Бесінші. Қазақстандағы әлеуметтік жаң­ғырту БЭК шеңберіндегі инте­гра­циялық үдерістер аясында жүруде.
Қазақстан тәуелсіз даму жылдарында әлеу­мет­тік саланы реформалаудың бірқатар параметрлері бо­йынша ТМД елдерінің алдын орап, өз әріп­тес­терінен ілгері озып кетті. Бұл зейнетақы, банк, несие-қаржы жүйелері, ТКШ, ішінара білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты.
Біз көп жағдайда масылдық деңгейін төмендеттік. Сондықтан Қазақстанға, әлеуметтік реформалардың көшбасшысы ретінде, өзіне бастамашылдық алып, біздің еуразиялық интеграция бойынша барлық әріптестеріміз үшін тартымды болып табылатын әлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасау маңызды.
Жаңғырту саясатын құруда барлық сын-қа­тер­лер­ді жай ғана есепке алып қоймай, жағдайды оңға қарай өзгерту бойынша шаралар қабылдау маңызды.
Әр адам мамандығы мен лауазымына қарамастан, өзінен: мен бірінші кезекте өз басымдағы инерцияны жеңу үшін не істедім? - деп сұрауы тиіс.
Әлеуметтік жаңғырту: мақсаты, міндеттері, қағидаттары
Жолдау-2012 әлеуметтік саладағы жаңғырту үдерістеріне қуатты серпін берді. Алайда, іс жүзінде әзірше проблематикалардың ең үстіңгі «қабаты» ғана «ашылды». Осы себепті, олар одан әрі шешуді қажет етеді.
Сондықтан, әлеуметтік жаңғыртудың барлық мемлекеттік органдар басшылыққа алуы тиісті барлық үдерістерін түсінудің біртұтас пішінін айқындау маңызды. Және бұл түсінік барша халыққа қолжетімді болуы тиіс.
Мен өзімнің болашақты қалай көретініммен бөлісейін.
Бүгінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсат­тар­ы мен мәні қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі эконо­ми­ка­лық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең кө­лем­ді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-тең­дікті табудан, құқық пен әділеттілік қағидат­тары­на негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден тұрады.
Жаңғырту үдерістері шеңберінде қандай ма­ңыз­ды міндеттерді шешу қажет? Бұл тізім құрғақ және ұзақ-сонар көрінуі мүмкін, бірақ оны атап айтқан жөн.
- Жанжалды жағдайларды ескертудің, реттеу мен шешудің әділетті заңдары мен нақты құқықтық нормаларын, сондай-ақ әлеуметтік қатынастардың барлық жүйесінің қызметін қабылдап, іске қосқан ұтымды.
- Қазақстандықтардың сапалы әлеуметтік үлгі-қалыптары мен кәсіби біліктілігі жүйесін, әсіресе экономикалық белсенді тұрғындардың арасында жасап енгізу міндеті тұр.
- Негізінде мемлекеттің, жеке сектор мен кәсіби бірлестіктердің әріптестік механизмдері болатын әлеуметтік-еңбек қарым-қаты­на­сы­ның тиімді моделін құру маңызды.
- Қазақстандықтардың өмірінде өзін өзі ұйымдастыру, оның ішінде жергілікті өзін өзі басқару органдары бастауын дамытып, азамат­тар­дың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда нақты тетік болуы тиісті азаматтық қоғам институттарын «заманалыққа айналдыру» керек.
- Қазақстан қоғамы өмірінің ақпараттық құрамдасын біршама жоғарылатып, Интернет-технологияның мүмкіндіктерін азаматтарды ақпа­рат­тандыру, сондай-ақ мемлекет пен тұрғын­дар­дың тұрақты «кері байланысын» нығайту мәселелерінде де кеңейту міндеті тұр.
- Орта таптың үздіксіз өсуіне, инновациялық экономиканың басты қозғаушы күші - креативті таптың пайда болуы мен дамуына жағдай жасау маңызды.
- Масылдық пен әлеуметтік инфантилизм секілді құбылыстарды еңсеріп, жеке адам мен биз­нес­тің жоғары жауапкершілігіне, барлық еңбек субъектілерінің мемлекетке қатысты әріптестік өзара қарым-қатынасына негізделген еңбек қыз­меті мен игілікке жаңа тартымдылық енгізу қажет.
- Жаңғыртудың маңызды аспектісі - Қазақстанда биліктің барлық деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің кәсіби корпусымен «тігінен» және «көлденеңінен» құрылған әлеуметтік үдерістердегі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру.
Міне, барлық мемлекеттік органдар осы міндеттерді шешуге бағдарлануы тиіс.
* * *
Жаңғырту үдерістерінің табыстылығы көп жағдайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады.
Біріншіден, бұл ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ қағидаты.
Ешқандай да «алға озу» болмауы тиіс. Әлеу­меттік саладағы барлық өзгерістер даму деңгейі­мен Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне сәйкесуі тиіс.
Жаңғырту үдерістерінің алгоритмі кейін қал­ған салаларды, өңірлерді, әлеуметтік топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтік даму көрсеткіштеріне «тартуға» арқаулануы тиіс.
Екіншіден, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК қа­ғи­даты.
Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәти­жесіне жауапкершілікті тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жекеменшік құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс.
Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік жағдайында ғана кең көлемді қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады.
Үшіншіден, ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫСУ қағидаты.
Барлық жұмыс мемлекеттің, бизнес пен азаматтың тығыз өзара іс-қимылы негізінде құрылуы тиіс. Бұл жерде биліктің міндеті - мемлекет, қоғам мен жеке адам мүддесінің рационалды тепе-теңдігін қамтамасыз ету.
Шынайы әділеттілік дегеніміз, міне, осы.
Әлеуметтік әріптестікті белсенді дамыту, елдің мемлекеттік емес секторын, бірінші кезекте, әлеуметтік саланы жаңғыртуға қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау маңызды.
Төртіншіден, ЫНТАЛАНДЫРУ қағидаты.
Мемлекет қазақстандықтар өз бетінше өзінің өмір сапасын жақсарта алулары үшін жағдайлар жасауда. Мемлекеттік әлеуметтік қолдау адре­сат­тарға олардың еңбек, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін оятуға бағытталып отыр.
Иә, мемлекет көмектеспеуге болмайтын жерлерге көмек қолын созатын болады. Бірақ азамат өзінің қолынан келетін шаруаны өзі атқаруы тиіс.
Және бұл әділетті болмақ!
Тағы да атап көрсетейін, бүгінде әлеуметтік дамудың жаһандық тренді «ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА» өтуге барып тіреледі. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталан­дыру­дың жүйесін құру - Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі.
Бесіншіден, КӘСІБИЛІК қағидаты.
Барлық қабылданатын шешімдер егжей-тегжейлі есептеліп, әлемдік тәжірибені оқып-үйрену негізінде ғылыми дәлелденген ұтымдылық қаперге алына отырып қабылдануы тиіс.
Міндеттер мен қағидаттарды нақ осылай түсіну әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің негізіне жатқызылғаны жөн.
Әлеуметтік жаңғыртудың нақтылығы мен жүйелілігі
Әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандық­тың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап етеді.
Әлеуметтік жаңғырту «тіптен де мемлекет» үшін жасалмайды, ол әрбір нақты азаматқа қызмет етіп, пайда әкелуі тиіс.
Бүгінде әлеуметтік салаға әшейін «түпсіз» қаржылық құюлар маңызды емес.
Қоғамдық қатынастардың, сондай-ақ жалған әлеуметтік бағдарлардың тозған қабаттарынан өздерін азат ету мақсатында заңнамалық, ұйым­дастырушылық, көзқарастық, ақпараттық ықпал етудің нақты шаралары қажет.
Жаңғырту егер, біріншіден, ол Жалпыұлттық тұжырымдама мен сәйкес жоспар арқылы жүзеге асырылатын болса және, екіншіден, тұтастай үдемелі индустриялық-инновациялық дамумен байланысты нақты экономикалық табыстарға негізделген жағдайда ғана табысты болады.
Индустриялық-инновациялық дамудан тыс ешқандай жаңғырту мүлдем мүмкін емес.
Мұны әркім түсінуі тиіс. 

1-ші ТАПСЫРМА


Үкімет «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін «Қазақ­стан-2030» стратегиясы ережелері мен қа­зақ­стандық әлеуметтік жүйе мен эконо­микалық жаңғырту міндеттері қоғамын бірлесіп дамыту мәселелеріне қатысты басқа да стратегиялық құжаттарға арқа сүйейтін 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қа­зақ­стан Республикасын әлеуметтік дамыту­дың Жалпыұлттық тұжырымдамасы жобасын жасасын.
Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртуды күн тәртібіне бес негізгі басымдықтар бойынша енгізу қажет
1. Әлеуметтік заңнамаларды жаңарту
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеу­мет­тік заңнамалардың ауқымды арқауы құрылды.
Барлық маңызды салалар - білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, азаматтық қоғам институттарының қызметі және т.б. - арнайы заңнамалық актілермен реттеледі.
Еңбек заңнамасы кодталған, құқық шеңберінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, әлеуметтік-құқық­тық жүйеде проблемалар да бар.
Қазақстанда қолданылатын әлеуметтік заң­на­ма­лардың резервтері жеткілікті деңгейде іске қосылмаған.
Мәселен, «Білім беру туралы» Заңға сәйкес, міне, елі­мізде 9 жылдан бері Біртұтас ұлттық тес­тілеу жұ­мыс істейді. Оны өткізу қоғамда түрліше бағалануда.
Жыл сайын БАҚ-тар лауазымды адамдар тарапынан да, сондай-ақ ҰБТ-ға қатысушылар тарапынан да бұзушылықтар орын алатыны туралы хабарлап жатады. Оның үстіне мәселенің өткірлігі тек күшейе түсуде.
Мұндай жағдайдың себептерінің бірі - тек министрлік белгілеген өткізу ережелері негізінде жүзеге асырылатын ҰБТ процедураларының әлсіз құқықтық реттелуінде.
Сонымен бір мезгілде, ҰБТ өткізу жөніндегі комиссия жұмысына кедергі жасағаны, тестілеу өткізуге оқушылардың ата-аналары, педагогтар, лауа­зымды адамдардың араласқаны, тестілеу ке­зін­де емтихан тапсырушыларға көмектесу мақ­са­тында байланыс құралдарын пайдаланғаны және т.б. үшін құқықтық жауапкершілік туралы ереже жоқ. Ал мұндай фактілер бар екені даусыз! Демек, мұндай жағдайды шешімді түрде түзету керек.
Басқа мысал: 2011 жылы даулар мен жанжалдарды соттан тыс қарауды қамтамасыз ететін «Медиация туралы» Заң қабылданды. Алайда оның резервтерін еңбек жанжалдарын сейілту үшін қолдануға болатындығына қарамастан, медиация­ның жалпыұлттық жүйесін құру жөніндегі нақты шаралар әзірге байқалмайды.
Жекелеген заңдар моральдық тұрғыдан ескірген немесе көрнекілік қана сипаты бар. Осы жағ­дайға байланысты олар қоғамдық қатынастардың кейбір салаларын тиімді реттей алмай отыр.
«Кәсіптік одақтар туралы» Заң 1993 жылы қабылданды. Онда тіпті әлеуметтік әріптестік туралы, ұжымдық шарттарды жасау мен орындау тетіктері туралы түсінік те жоқ. Сондықтан Қазақ­стандағы кәсіподақ институттары еңбек даулары­ның алдын алу және шешудің тиімді құрал­дарының рөлін әр кездері бірдей атқара алмай келе жатқандығына таңқалуға да болмайды.
Жағдайды іштей жақсы түсіне отырып, мен мынаны айтқым келеді: жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуы тиіс.
2004 жылы қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға да көрнекілік сипаты тән. Бұл туралы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясы барысында жан-жақты айтқан болатынмын.
Жекелеген заң нормалары заң аясындағы құқықтық актілердің болмауына байланысты немесе олардың орындалуына бақылаудың жетімсіздігі салдарынан жұмыс істемейді.
Мәселен, Еңбек кодексінде жаңа қабылданған қызметкерлер үшін сынақ мерзімі туралы норма бар. Алайда кейбір кезде ол ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізіледі. Жоғары оқу орындарын бітірген жастар заңда белгіленген мерзім ішінде «сынақтан өтушілер» есебінде ешбір еңбекақысыз жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге, оларды тіпті шамадан тыс жұмысқа салу жағдайлары да жиі кездесіп қалады.
Оның үстіне сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін 3-4 сынаққа алынушының біреуі ғана штатқа кіргізіліп, қалғандары шетке қағылады.
Әсіресе, мұндай берекесіз тірлікке мемлекеттік емес мекемелер мен жеке құрылымдар, соның ішінде ірі банктердің филиалдары көбірек барады.
Бұл дегеніміз біздің жастарымызды қанаудың бір түрі емес пе!
Бірақ мемлекеттік еңбек инспекциялары еңбек заңдылығын осылайша айқын бұзудың бірде-бір оқиғасын аша алмай отыр.
Бұл тек жекелеген мысалдар ғана. Мен әрбір әлеуметтік сала өзінің заңдық базасының тиімділігін арттыру үшін елеулі резервтерге ие екендігіне сенімдімін.
Осыған орай тек қазір ғана емес, сонымен қатар, орта мерзімдік перспективада да әлеуметтік заңдарды олардың тиімділігін анықтау мақсатында мұқият тексеру талап етіледі.

2-ші ТАПСЫРМА


Үкімет Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізсін және әлеу­мет­тік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны реформалаудың Тұ­жы­рымдама жобасын енгізсін.
Бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдарды және өңірлер әкімдерін қосу маңызды. Олар қолданыстағы заңдардың тиімділігін күшейту және жаңа заңдарды жоспарлы әзірлеу жөнінде нақты ұсыныстарын енгізуі тиіс.
Мәселен, жастар саясаты туралы жаңа заң аясында әлеуметтік еңбек орындарында жас қазақстандықтар үшін «әлеуметтік лифтілердің» тетіктерін құру маңызды. Біз жастарға қатысты жәйттерді бетімен жібере алмаймыз.
Кәсіптік біліктіліктің ұлттық жүйесі туралы заңдардың болуы талап етіледі.
Қазақстан қоғамын төменгі басты индикаторлары көрсетілген әлеуметтік стандарттар мен әлеу­меттік құқыққа кепілдіктер туралы заң қажет.
Парламентке таяудағы сессиялар кезінде не­ғұр­лым қажет етілетін заңдық актілерді қараған жөн болады. Мұнда жаңа заңдардың тиісті мәсе­лелерді кешенді шешуін, олардың тікелей әрекет етуін, қазақстандықтардың күткен үміттеріне сәйкес келуін, халықтың өмірін қолайлы да ыңғайлы етуін, бәріне түсінікті де қолжетімді болуын ереже есебінде басшылыққа алу керек.
Депутаттар өз жұмыстарын белсенді ете түсуге міндетті.
Және осылардың бәрімен заңдарды жаңалау аяқталмайды. Төменде әлеуметтік жаңғырту басымдықтары аясында нақты заң актісі жөніндегі басқа да тапсырмалар түйінделген.

3-ші ТАПСЫРМА


Үкімет Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2012 жылдың соңына дейін бесінші шақырылған Парламенттің бүкіл жұмыс кезеңіндегі заң шығармашылық жұ­мысының терең де жан-жақты қарас­ты­рыл­ған Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлесін және келісуге енгізсін.
2. Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиім­ді модельдерін қалыптастыру
Әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мә­селесі болып әлеуметтік-еңбек қатынас­тарының тиімді модельдерін құру табылатындығы күмәнсіз.
Бұған барлық мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық ерекше назар аударғаны жөн.
а) Жұмыспен қамту саласын дамыту.
Тәуелсіздіктің екі онжылдығы ішінде жұ­мыс­пен қамту саласы аса зор өзгерістерге тап болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 700 мыңнан астам адамға өсіп, 8,4 миллион адамға жетті.
Халықтың елеулі бөлігі 90-шы жылдары «мәжбүрлі жұмыссыздық мектебінен өтті».
Көптеген адамдар еңбекті өз бетімен ұйым­дас­тыруға, еңбек біліктілігін өз бетімен алмастыруға қабілеттілік көрсетіп, бизнесмендерге айналды. Әрине, олардың арасында мемлекет тарапынан мақ­сатты түрдегі қолдау құралдарын пайдалана білушілер де болды.
Бүгінгі күні біз индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үстіндеміз.
Бұл - ел болашағы үшін нөмірі бірінші мәселе.
Жаңа жұмыс орындары құрылуда. Бірақ біз жұмыссыздардың барлығы бірдей жұмыс істеуге ұмтылмайтындығын да көріп отырмыз. Өкінішке қарай, адамдар арасында жаңа біліктілікті меңгеруден гөрі базарда «такси» қызметін атқаруды қалайтын психология сақталып отыр.
Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келетіндігі рас болса, бұл психологиядан арылу қажет! Жаңа біліктілікті меңгеру және зауытқа, өндіріске бару керек. Жас та және ересек те қазақстандық бос отырып, бәрін де сынай бермей жұмыс бар жерге, НӘ-ПА-ҚА табатын жерге қарай ұмтылулары керек!
Басқа елдерде адамдар жұмыс үшін алыстағы шет мемлекеттерге барып, ешбір кепілдіксіз еңбек етуде. Ал біз өз елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек. Біз былай да жинақы, көшіп-қонуды көп бастан кешкен халық емеспіз бе!
Жұмысы бар халықтың үштен бір бөлігін «өзін өзі еңбекпен қамтығандар» дейтін топтар құрайды.
Алайда олардың санын анықтау тәсілі шартты ғана.
Бұл санаттағылардың арасында мал ұстайтын жеке аула иелері (былайша айтқанда, ұсақ фермерлер), өз автокөліктерімен жеке тасымал жасаушылар, бірнеше пәтер ұстап, соларды жалға берушілер бар. Өзін өзі жұмыспен қамтығандардың елеулі бөлігін тұрақты жұмысы жоқ еңбекке қабілетті адамдар құрайды.
Сондықтан бүгінгі күні өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты нақты экономикаға қосуға бағытталған шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Бұл шараларда инфрақұрылымдарды, Индус­трияландыру картасындағы нысандарды дамыту перспективалары есепке алынуы тиіс.
Үкіметке индустриялық және инновациялық экономикалардың жаңа нысандарын өзін өзі жұ­мыс­пен қамтыған халық неғұрлым көп шоғыр­лан­ған өңірлерде құру туралы мәселені шешу керек.

4-ші ТАПСЫРМА


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін:
- өзін өзі еңбекпен қамтығандар то­бын­дағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағ­дайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойыстырудың әдістемесін әзірлесін;
- өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты ай­қындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере оты­рып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдірсін.
Әлеуметтік-еңбектік қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру - жұмыспен қамту саласындағы қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі.
Мен мынаны атап көрсеткім келеді: еңбек адамы құқықтық мәселелерден тысқары қалуы тиіс емес.
Жұмысқа орналаса отырып, олардың барлығы өздері қол қоятын әрбір қағазға мән беріп, олар­дың маңызын түсінулері керек.
2007 жылы қабылданған Қазақстан Респуб­ли­касының Еңбек кодексі жұмыспен қамтудың барлық салаларын құқықтық қамтамасыз ету жо­лындағы маңызды қадам болды. Алайда көптеген сарапшылар кодекстің қызметкерлердің барлығы бірдей түсінулері үшін күрделі екендігін атап көрсетуде.

Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет