Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі бас бостандығынан айыру орындарының даму тарихы


Сонымен қатар 1948 жылы Қазақстан мен Орта Азияда сталиндік лагерлер қүрылған



бет2/3
Дата21.10.2022
өлшемі19.05 Kb.
#463214
1   2   3
2 СОЖ

Сонымен қатар 1948 жылы Қазақстан мен Орта Азияда сталиндік лагерлер қүрылған.
«1. Ақтөбе лагерь пункті. Ондағылар қүрылыс жүмысымен айналысқан, химия зауытын салған. 2. АЛЖИР - Ақмоладағы Отанын сатқандардың әйелдерінің лагері. Астана қаласына жақын жерге орналасқан.

  1. Алматы лагерь пункті. Қүрылыс жүмысын жүргізген. 4. Андижан лагерь пункті. Қүрылыс жүмысын жүргізген. 5. Ашхабад лагерь пункті. Ондағылар цемент карьерінде жүмыс істеген. 6. Балхашлаг. Балқаш қаласындағы лагерьлердің басқармасы орналасқан. Жер кенін өндіріп, қүрылыс жүмысын жүргізген. 7. Жамбыл лагерь пункті. Гипс және цемент өндірген. 8. ЖезқазғанЛАГ. Марганец және жез кенін өндірген, қүрылыс жүмысын жүргізген. Тау-кен комбинатын салған. 9. Ырғыз лагерь пункті. Орналасқан жері белгісіз. 10. Қазалы лагерь пункті. Ондағылар кірпіш зауытында жүмыс істеген. 11. ҚамысЛАГ арнаулы лагері. 12. КАРЛАГ лагерь басқармасы Долинка елді мекенінде орналасқан. Көмір, түсті металл қазып, ауыл шаруашылығымен айналысқан. 1932 жылы ашылған. 13. КеңгірЛАГ. Мүнда1954 жылы бас көтеру болған. 14. Қызылорда лагерь пункті. 15. Көкшетау лагерь пункті. 16. Красноводск лагерь пункті. Химзауытта жүмыс істеген. 17. Қорғантөбе лагерь пункті. 18. Қостанай лагерь пункті. 19. Ленинабад лагерь пункті. Канал қүрылысын жүргізген. 20. Луглаг арнаулы лагері. 21. ПесчанЛАГ арнаулы лагері. 22. Петропавловск лагерь пункті. 23. Семей лагерь пункті. 24. СтепЛАГ арнаулы лагері. Тау-кен комбинатында жүмыс істеген. Басқармасы Жезқазған қаласында орналасқан. 25. Ташкент лагерь пункті. 26. Түркістан лагерь пункті. 27. Орал лагерь пункті. 28. Өскемен лагерь пункті. Қорғасын шахтасында жүмыс істеп, полиметалл кенін өндірген. Тау-кен комбинатын салған. 29. Ферғана лагерь пункті. Қүрылыс жүмысын жүргізген. Химия және цемент зауыттарында жүмыс істеген. Темір бетондар жасаған. 30. Фрунзе лагерь пункті. Түсті металдар өндірген. 31. Шаржау лагерь пункті. Химия зауыттарын салған. 32. Шымкент лагерь пункті. Химия және цемент зауыттарында жүмыс істеген. 33. Екібастүз лагерь пункті. Қүрылыс жүмысын жүргізген. Химия және цемент зауыттарында жүмыс істеген. Мүндағылардың ерекше режимдегілерден бір ерекшелігі, жүмыс демалыссыз әрі ақысыз жүргізілген. Жүмыс болмай қалған күндері ондағылар темір торланған барақтарда қамаулы болған. Киімдері нөмірленген. Туған-туыстарына екі хаттан артық хат-хабар жазуға үлықсат берілмеген» [2].

«Қазақ КСР ІІХК еңбекпен түзеу мекемесінің және еңбек қоныстарының бөлімі 1942 жылдың қаңтар айында Қазақ КСР ІІХК еңбекпен түзеу лагерлері мен колонияларының басқармасы (ЕТЛКБ) болып қайта қүрылған. Соңғысының қүрамында өндірістік бөлім және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария қүрылған болатын.

Сол 1942 жылы Қазақстанда тағы да 22 жаппай жүмыс істейтін колония үйымдастырылған болатын. Одан кейінгі уақытта олардың саны көбейе түсті, 1944 жылы 32 жетті. 1953 жылғы рақымшылдықтан кейін сотталғандардың санының кезекті азаюы болды. Осыған байланысты, 32 колониядан бар жоғы 14 қалдырылған болатын, оның ішінде 4 өнеркәсіптік, 3 ауыл шаруашылығы, 5 контрагенттік колония және 4 мүгедектерге арналған қалдырылды» [3].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет