Қазақстанның ірі өнеркәсіптік қалаларының экологиялық проблемалары



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата05.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#490867
1   2   3   4
презентация 1000

ҚР экологиялық жағдайы
+
Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары 
шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған 
және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион 
тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, 
халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.
Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды алаңдатуда. Ал Кеңес 
дәуірінен «қомақты экологиялық мұраға ие болып қалған» Қазақстан үшін бұл ең өзекті 
мәселе.


м
Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал 
өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га 
жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, 
тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар 
ғаламдық экология проблемаларын тудырып, 
экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 
млн. га сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқүл, 
Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз 
емес. Әсіресе, Қапшағай,
Тасөткөлкел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет 
ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі-суырмалы
жерлердің азуына әкеліп соқты. Іле өзені суының 10-15% 
Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті 
жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да 
экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, 
вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер
мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда 
Өскемен қаласы дүние жүзіндегі экологиялық бас 
қаланың қатарына жатады.


п
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы 
атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны 
ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі 
нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті
материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен 
аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей
Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген 
тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет