Қазақстанның ірі өнеркәсіптік қалаларының экологиялық проблемалары



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата05.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#490867
1   2   3   4
презентация 1000

Салыстырмалы анализ


с
Ал Каспий теңізінің 268 млн. га 
жағалауы су астында қалып, олардың 
мұнай өнімдерімен ластануы одан
ары етек алуда. Күрделі экологиялық 
шиеліністер Орталық Қазақстанды да 
қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын 
тәжірибелік космос кемелерінің сол 
жердің тұрғындарына әкелетін 
экологиялық апаты ондағы 
техногендік, өндірісте ластану, 
радиоактивтілік және ракета-космос 
қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану
топырақтың құнарсыздануына, 
жайылымдардың тозуына жоғары 
деңгейде әсер етуде.


Экологиялық 
соқпақ
1949-1996 
жылдар арлығында Қазақстан 
жерінде 503 ядролық қару сыналды. 20 
млн. га жер экологиялық апатты
аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге 
айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам
тұратын елді мекендерді қамтыды.
Сондағы тұрғын халықтың болашағы 
қандай? Олардың ұрпақтары қандай 
зардап шегіп отыр? Оған жауап жоқ.
Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. 
қатты радиоактивті қалдықтар 
жинақталған. Мамандардың зерттеуі
бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. 
адам мутагенез ауруына шалдыққан.


Қорытынды
Айналадағы орта адамның өмірі мен тұрмысына тұрақты әсер етеді. Қазіргі кездегі айналадағы 
орта, оның жағдайын жақсарту, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану маңызды мәселелердің бірі
болып табылады. Бұл мәселенің маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Оның басты себебі – химия 
өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басым қарқынмен дамуы, өнеркәсіпті индустрияландыру
мен химияландыру, қалалардың өсе түсуі болып отыр. Осылардың салдарынан айналадағы ортаға 
шығарылатын қалдықтардың көлемі арта түсуде.
Атмосфераның түтін және газ қоспаларымен ластануы адамдардың денсаулығына ерекше зиянды
әсер етуде. Мұндай көрініс кейінгі кездері Қарағанды қаласының аспанында да жиі байқалып жүр. 
Ауа қосындыларының қозғалыссыз қалуының салдарынан түтін-бу-газ қоспасы қала үстінде тұрып 
алады. Бұл күн сәулесінің әсерінен әр түрлі улы газдарға ажырайды. Соның әсерінен тұрғындардың 
көз және тыныс алу ағзаларының науқастануына әкеліп соқтырады. Газбен қоса бөлінетін әр түрлі 
қышқылдар ғимараттар мен сәулеткерлік ескерткіштерге де зиянды залалын тигізеді.


Айналадағы ортаның нашарлауына адамның өмірі мен денсаулын жақсартуға 
бағытталған ғылыми-техникалық прогрестің де әсері мол. Іштен жанатын қозғалтқыш, 
синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер мен медициналық дәрі-дәрмектер адамның қолайлы өмір 
сүруі үшін пайдаланылғанымен, оның кері әсерлері де толып жатыр.
Қала ішіндегі көліктер қуатты шуыл көзі екендігі белгілі. Сол сияқты адамға өнеркәсіптік 
шуылдың да ықпалы аз емес, соның салдарынан адамдар жүйке жүйесінің науқастарына 
ұшырайды. Қан қысымының артуы көбіне кәсіпорын шуылының әсерінен болатындығы анықталып 
отыр.
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайдың қиындай түсуі айналадағы ортаның сапасын
күн сайын бақылап отыру қажеттігін туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет