"Қазақстанның өсімдік әлем" монеталар сериясы Қазақстанның өсімдік әлемінің сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлеріне арналған сериясы «Регель қызғалдағы»



Дата09.06.2016
өлшемі127 Kb.
#124166
"Қазақстанның өсімдік әлем" монеталар сериясы
Қазақстанның өсімдік әлемінің сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлеріне арналған сериясы
«Регель қызғалдағы»

номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Регель қызғалдағы – Қазақстанның жергілікті өсімдігі. Шу-Іле тауларында (Алматы облысының батыс бөлігі және Жамбыл облысының шығыс бөлігі) ғана тасты және жартасты беткейлерінде, қара түсті жалаңаш жартастарда жиі кездеседі. Қазақстан қызғалдақтарының ішіндегі ең ерекшесі – сабағы көлемді эллипс түріндегі жапырақтың бетінде көлденең тараққа ұқсаған көп өскіндер бар.



Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында өсімдіктердің жапырақтары негізіндегі композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазба орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» жазба айналдыра жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильге келтірілген тасты бет реңінде үш қызғалдақтан тұратын композиция бейнеленген. Монетаның сол жоқ бөлігіндегі қызғалдақ голографиялық бейнемен орындалған. Шеңбер бойынша жоғарғы бөлікте мемлекеттік тілде «ҚЫЗҒАЛДАҚ» және латын тілінде «TULIPA REGELII» атауы жазылған. Жазбалар нүктемен бөлінген. Төменгі бөлікте соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі жазылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.



Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, шығару сапасы - «proof», таралымы – 4 мың дана.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет