Қазақстанның өткені сырлы, келешегі нұрлы



Дата09.07.2016
өлшемі45.59 Kb.
#186590
10.12.2010

Қазақстанның өткені сырлы, келешегі нұрлы 

        Желтоқсан айының 7 жұлдызы күні агроөнеркәсіп факультетінің оқу залында еліміздің «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Менің Отаным - Қазақстан» атты дөңгелек стол және «Қазақстанның өткені сырлы, келешегі нұрлы» атты тақырыптық кітап көрмесі өтті. Дөңгелек столда АП-09-10к4 тобының студенті Б. Мейірбекова және АП-09-10к2 тобының студенті Ж. Қылышбаева баяндама жасады. Баяндамаларда Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Біздің ең басты құндылығымыз – ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!»- деп атап өткендей, студенттерді туған жерін, елін, халқын ардақтап жастардың азаматтық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілік сый құрметін арттыру, әдет-ғұрпын білуге үйрету, баршамыздың міндетіміз екені айтылып өтті. Дөңгелек стол соңында «Қазақстанның өткені сырлы, келешегі нұрлы» атты тақырыптық кітап көрмесіне кітапханашы Б.М. Арынбаева шолу өткізді. Кітап көрмесіне 34 кітап, 21 газет, 12 журнал, қойылды.





03.12.2010      

Студенттердің ғылыми конференциясы




 

               Агроөнекәсіп факультетінде қараша айының 29 мен 30 күні аралығында «Ауылшаруашылығының өзекті мәселелері» тақырыбында студенттердің 8-ші ғылыми конференциясы өтті. Конференцияда факультеттің 5 кафедрасынан 5 секция бойынша 374 ғылыми баяндама тыңдалды. Баяндамалар компьютерлік-проекциялық және интерактивті тақталарда тыңдалды.




 

27.11.2010

«Нашақорлыққа жол жоқ»



            №4 жатақханада, факультет студенттерімен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. Дөңгөлек столға  Облыстың наркология диспансерінің врач наркологі Г.Пернебаева шақырылды. Г.Пернебаева сөз алып, нашақорлықтың зияндылығымен адамзатқа тигізер кері әсері туралы көптеген мағлұмат берді. Нашақорлықтың алдын алу және онымен күресу туралы көптеген ақпараттарды студенттерге жеткізді. Сонымен қатар факультет студенттері әр түрлі үлестірме материалдарын таратып, нашақорлыққа жол бермеу туралы үгіт насихат жүргізілді.   

26.11.2010

Қаладағы діни ұйымдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды



          Агроөнеркәсіп факультетінің тәрбие жұмыстары жоспарына сай 25.11.2010ж.  Биотехнология кафедрасында АП-09-8к1 тобы студенттерінің ұйымдастыруымен өткен «Имандылық тәрбие атасы» тақырыбындағы кездесу іс шарасына Исамиддин ата мешітінің найб имемы Якияев Иса Файзуллаұлы, университеттің тәрбие бөлімінің маманы Лесбекова С.Ж., факультеттің деканы Жылқыбаев Ә.К., факультеттің деканы орынбасары Амантаев Б.Ө., факультеттің администраторы Нүркешов Б., факультеттің аға тәлімгері Қамбаров А.Ә. қатысты. Имандылық тақырыбында  «Иманның күшеюі мен әлсіреуі» тақырыбында    АП-09-8к1 тобының студенті Шынтемирова С., «Қыздардың имандылығы - әдептілігі» тақырыбында АП-09-8к3 тобының студенті Келдібекова Раушан баяндама оқыды, «Ата-анаңды қадірле»  өлеңін  АП-09-8к1 тобының студенті Байдилдаева М. мәнерлеп оқыды. Студенттер имандылық тақырыбында өз пікірлерін айтты.



                 Исамиддин ата мешітінің найб имемы Якияев Иса Файзуллаұлы имандылық , иман, мұсылманның парыздары туралы  пайдалы кеңестер мен мағлұматтар берді. Діни экстремизм және  басқа ағымдар туралы , т.б. сұрақтарға жауап беріп, студенттерге имандылық туралы жақсы әңгімелер айтты. Басқа ағымдардан аулақ болуға, алданбауға, кез келген адамның кеңесін тыңдауға болмайтынын, сұрақ болса мешітке барып имамдардан кеңес алу кректігін айтты. Иманның отауы – жүрек. Пиғылы теріс, жат ұғымды діни ағымдардан аулақ болу керек екенін айтты.

25.11.2010 

Белгілі спортшылармен, бапкерлермен кафедраларда кездесу өтті

Қараша айының 24-ші жұлдызында факультетте белгілі спортшылармен, бапкерлермен кафедраларда кездесу ұйымдастырылды. Әлемдік деңгейдегі спортшы, Бейжің қаласында өткен олимпиаданың қола медаль иегері Еркебұлан Шыналиевпен оның бапкері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақып Баймұхамбетов, сондай-ақ бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Алмасбек Әлібеков, жас спортшысы, спорт шебері Қуатбек Қаратаев Агроөнеркәсіп факультетінің студенттерімен кездесіп, өздерінің  жетістіктері және болашақ жоспарлары туралы ой бөлісті. Кездесу елімізге үлкен мақтаныш болып отырған Азияның VII қысқы ойындарының құрметіне  байланысты ұйымдастырылды. Студенттердің салауатты өмір салтына деген қызығушылығын тудырған  жүздесу болашақ спорт жұлдыздарын қайраттандырып, терең  отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға септігін тигізді. Жиынды Агроөнеркәсіп факультеті деканының орынбасары Б. Амантаев қорытындылап, келген қонақтар мен студенттерге ризашылығын білдірді.



25.11.2010

Халықаралық студенттер күні  

 

Халықаралық студенттер күніне орай «Агротехнология» кафедрасының ұжымы №4 жатақханада 24.11.2010ж. шығармашылық жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында кафедраның білікті мамандары студенттерге ауылшарушылық саласында жұмыс атқаратын мамандардың маңызы мен міндеттері туралы қызықты дәріс оқыды. Студенттер өздерінің  мамандықтары туралы көптеген мәліметтер алды.

24.11.2010

"Пара беруші болмаса, пара алушы болмайды"

          «Биотехнология» кафедрасының ұйымдастыруымен 23.11.2010 ж. факультет деңгейінде «Пара беруші болмаса, пара алушы болмайды» тақырыбына сай «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында студенттер пікір алмасып, факультеттің «Жалын» пікір сайыс клубы мүшелерінің арасында дебат (пікір-талас) өткізілді. Іс-шараға университеттің заңгер маманы Анефияев Досбол Амирханұлы, факультеттің деканы орынбасары Амантаев Б.Ө., факультеттің администраторы Нүркешов Б., факультеттің аға тәлімгері Қамбаров А.Ә. шақырылды. «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында студенттер арасында болған пікір алмасуда АП-09-8к1 тобының студенті Шамуратова М., АП-09-8к3 тобының студенттері Ермекова А.,Төлепберген Қ. Сыбайлас жемқорлық туралы заңды, жемқорлық дегеніміз не екенін, жастар жемқорлыққа қарсы екендерін айтты.          



   

          Университеттің заңгер маманы Анефияев Д. А: Биотехнология кафедрасының студенттерінің білімділігі, өздерін ұстауы, осындай іс-шара өткізуге ұйымшылдықпен ат салысуы, ойларын еркін ашық сауатты айта білуіне шын жүректен қуанып отырғанын, келешекте жақсы маман болып, еліміздің келешегі жастардың қолында екенін, оларға сенетінін білдіріп, дебат сайысындағы екі топ оппозиция да үкімет те өз сөздерін жақсы қорғап шыққандарын, тең екендерін айтты.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет