Дескриптор:
ойларын жинақтайды;
сұрақтарға толық жауап береді;
|
ҚБ «Тексеру парағы»
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын берілген депскриптор арқылы дұрыс орындалуын тексереді
ҚБ. «20 секунд». Топтардың бірін-бірі бағалауы.
1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, 3-топ 1-топтың жұмысын бағалайды. Топ жұмысын 20 секунд ішінде
дескрипторға сәйкес пікір білдіреді.
Мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері
|
Қосымша үлестірмелі материалдар,
Сурет, қосымша мәтін
Қосымша мәтін
Кесте
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс:
«Рефлексиялық пирамида»
|
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді
|
|
Стикер қағаздары
|
Бөлім:
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сабақ
|
№23-24
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны: -
|
Қатыспағандар саны: -
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстанның биік таулы аймақтың топырағы
|
Сабақтың мақсаты
|
Қазақстанның биік таулы аймақтың топырағына түсінік беру
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру.
|
Оқушылар амандасып,
сабаққа назар аударады
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулар бөктеріндегі облыстарда теңіз деңгейінен алғанда, биіктіктің өзгеруіне байланысты, топырақтарда өзгеріп отырады.Ол жерлер климаттың, топырақтын және өсімдіктердің ерекшеліктеріне қарай Батыс Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Сауыр-Тарғабатай және Оңтүстік Батыс Алтай топырақ провинцияларына бөлінеді.
Батыс Тянь-Шань провинциясында (Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы) мынадай топырақ өңірлері бар: тау етегіндегі шөлейт жазықтықта құба топырақ; таудың орта шеніндегі шөбі мол орманның күрең топырағы, биік таулы жерлерде шалғындық субальпілік және альпілік топырақтар тараған.
Солтүстік Тянь-Шань провинциясында (Қырғыз Іле Алатау жоталары және Кетмень) мындай топырақ өңірлері бар: тау етегі жазықтығындағы шамалы карбонатты (солтүстік) құба топырақпен ашық қара-қоңыр топырақ; аласа таудың күңгірт қара-қоңыр топырағы және таулы жердің қара топырағы; таулы жердің сілтісізденген қара топырағы; орташа таулы жердің шалғындық-ормандық және таудың күңгірт түсті ормандық сұр топырағы, биік таулы жердің шалғындық субальпілік және алпілік топырағы тараған. Бұдан жоғары жерде мұзарттармен мәңгі қарлар жатады.
Сауыр-Тарғабатай және Оңтүстік Батыс Алтай провинцияларында тау етегімен аласа тауларда қара-қоңыр топырақпен қара топырақтың бір ғана өңірі бөлініп шығады. Алғашқы жазықтықтағы қуаң даланың нағыз қара қоңыр топырағының тікелей жалғасы болып табылады. Бұдан жоғары таудың орта шенінде шалғындық қара топырақ және орманды-даланың сұр топырақты өңірі, сондай-ақ тау-шалғындық субальпілік және алпілік топырақтар өңірі орналасқан. Сонымен қатар, Оңтүстік Батыс Алтай провинцияларында қайың және көктеректі орманның күлгін топырағы, сол сияқты балқараңай, майқарағай, самырсын орманының қоңыр топырағы басым; ожан жоғары тасты тундраның мүк, қына өсетін биік таулық топырақ өңірі орналасқан.
Тау бөктеріндегі облыстар жерінің аумағы 17,4 млн. га, яғни 6,6 пайыз. Ал тау етегіндегі өңір (Батыс және Солтүстік Тянь-Шаньдық) -16 млн. га, яғни республикамыздың жер аумағының 6 пайызына жуық. Бұл өңірдің топырағы биік тік белдеудің төменгі сатысы болып табылады.
|
Дескриптор:
ойларын жинақтайды;
сұрақтарға толық жауап береді;
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |