Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі



Дата18.11.2023
өлшемі31 Kb.
#483645
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ даласының ұлы ұлы эссе

Абай атындағы ҚазҰПУ

эссе
Тақырыбы: Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі.

Факультет: МФиИ


Тобы: МФК-222
Орындаған: Тоқсанбаева Қаракөз
Тексерген: Халидуллин Г. Х.

Ахмет Байтұрсыновтың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен ХХ ғасырдың оң жақ, бұл жағындағы қоғам дамуы мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы өзгенің күшеюі, сол уақыттағы қазақ халқының тағдыры жөнінде ой қорытудан бастады.


Ахмет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы- ағартушылық идеясы болды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған шығармаларында редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадырларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.
Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын , содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол «Қазақ» газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу- білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап- түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан проблемаларымызбен үндес келеді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі- үш есе қымбат түрде сатып алады.Бұл надандықтан келген кемшілік» деп жазды «Қазақ» газетінде. Надандық деп отырғаны- халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп- қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан ққтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін «алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе!» деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді. Өткенсіз болашақ жоқ екенін білеміз. Бұл мәселе өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты болған кезде аса өзекті болып отыр.
Ахмет Байтұрсынов - көрнекті философ, ғалым-энциклопедист, иран-араб тілді рационалистік және саяси философияның негізін қалаушы, көптеген ойшылдардың рухани тәлімгері. Айта кету керек, Ахмет Байтұрсыновты толғандырған және оның еңбектерінде көтерген барлық мәселелер өткенге тиесілі емес, оның көптеген идеялары бүгінгі күні де маңызды және маңызды. Ұлы даланың бүкіл тарихы Қазақстанның көпғасырлық бірегей мәдениеті мен дүниетанымы бар біртұтас кеңістік екенін көрсетеді. Біз Ұлы даланың - ұлы тұлғаларының мұрагерлері мен ұрпақтары ретінде бүкіл түркі әлемі үшін мақтаныш туын биік ұстауымыз керек және өз тарихымызды шиеленістермен, түсінбеушіліктермен, надандықтармен және азғындықпен ұятқа қалдырмауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет