ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘДЕП ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет2/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
etika-i-estetika-kazahov


ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘДЕП ЖҮЙЕСІ
(БАЛА ТӘРБИЕСІ, ОТАУ ҚҰРУ ТАҒЫЛЫМЫ, БАТА, Т.Т.)
 
1. Бесік жыры 
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін. 
Әлди, елди, аппағым,
Қойдың жүні - қалпағың
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым.
Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым
Жапанға біткен тірегім,
Жаман күнде керегім!.. 
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Айналайын күн бөпем,
Бурыл тайға мін, бөпем!
Ақ қызы бар үйінде,
Ақылбайдың үйіне
Бұрала барып түс, бөпем,
Қымызынан іш, бөпем! 
Қолымыздан іс алып,
Мойыныңа күш алып,
Бізді бағар ма екенсің?
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ, киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?


21 
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?
Ұлы топта күрескен
Палуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шай ішкен,
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екенсің?
Ұзақ жасап, көбірек,
Басты болар ма екенсің? 
Қуып ойдың жетігін,
Біліп ғылым тетігін,
Ғалым болар ма екенсің?
Еңбек етіп бар елге,
Өнеріңмен әлемге
Мәлім болар ма екенсің? 
Көп қиыннан өтерсің,
Мақсатыңа жетерсің.
Ұйықтай қойшы, бөпешім!
Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама! 
Жұмыстарың таусылмай,
Терлеп-тепшіп жүрерсің.
Қызығымен ойынның,
Сақылдап сен де күлерсің.
Ес тоқтатып бір кезде,
Алды-артыңцы білерсің. 
Әкең сенің қуансын,
Шешең сенің қуансын,
Өзіңе арнап, бөпешім,
Тау суындай сарқырап,
Толқып аққан жыр қалсын. 
Жеңілтек болма, бөпешім,
Салмақты бол ерлердей.
Жүгіре берме далаңдап,


22 
Құр бекерге ербеңдей.
Жылама, балам, жылама,
Апасы айтқан бұл сөзді,
Бөпешім менің ұға ма?
Әлди, балам, әдди-ай! 
Жетіге қашан келесің?
Суын әкеп шешеңнің 
Ер жеткен соң берерсің,
Құрығын ұстап әкеңнің
Соңына сен де ерерсің.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама! 
Айналайын айдан,
Су алайын сайдан...
Жігіт болып, бөпешім,
Тисін елге пайдаң!
Аспандағы жұлдызым,
Маңдайдағы құндызым,
Ұйықтай қойшы тезірек,
Толықсыған қырмызым! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет