412
жаһанданған әдіснама негізінде жүргізіледі.
Француз ғалымы Жан
Эллюль атап өткендей, батыстандыру қазіргі кезде ұрандар мен
теориялар арқылы емес, ал байқатпай өмір шындығына еніп кету
арқылы жүргізіледі, ол адамға оның күнделікті әдеттері,
мінез-құлық
стереотиптері, салт-ғұрыптары арқылы енгізіледі; бұл - иландырудың
жаңа формасы; адам жаңа құндылықтарды өз еркімен таңдағандай
болып тұрады. Бірақ, шын мәнісінде, ол жаңа ұжымдық сана -
бұқаралық мәдениеттің көзсіз орындаушысына айналып кеткен.
Батыстандыру қазіргі заманда бұрынғыдай тек қару күші немесе
миссионерлік әрекеттен гөрі, өзіне тиімді жаңа мифологиялық тарату
арқылы жүзеге асырылады. Осы
мәнісінде бұқаралық ақпарат
құралдарымен кең насихатталып жүрген жаңа мифтердің кейбіреуін
сараптайық.
Қазіргі мифтер – бұлар ерекше тектегі елестер мен жалған
бейнелер, «муляждар». Егер ертедегі миф қауымдық адамның білім
жоқ жағдайында қоршаған дүниені сол қалпында қабылдауына
негізделсе, қазіргі миф ерекше технологиямен жасалған, шындық онда
арнаулы рәміздермен бұрмаланған, форма болып табылады.
Қазіргі
миф таным формасы емес, ал әлеуметтік басқару және көпшілікті
манипуляциялаудың құралына жатады. Ол дүниені түсіндірмейді,
керісінше, сана немесе бейсана фантомдарын құрастырып, «ерекше
тектегі» симулакрумдарға сүйенеді.
Қазіргі батыстық мифтердің арасында «табысқа жету туралы
миф» ерекше орын алады. Атақты «американдық арман» деген сана
артефактысынан
бастау алатын, бұл мифте батыс демократиясында
кез келген адамның бақытқа деген құқы өзінше көрсетіледі. «Өзінді
өзін жасай аласың» дейді бұл миф қолдаушылары. Бұл мифтің балама
формаларына «Золушка» (жетім қыз) туралы ертегінің бұл заманға
үйлестірілген формалары, «Қарапайым Мариялар» т.б. жатады.
Осыны
ХХ
ғасырдың
басында
байқалған
көркемдік
дағдарыстарға байланысты деп айтуға болады. Сондықтан өнер
құндылығы, жалпы алғанда уақыт талаптары қойып отырған
позициялық критерийлерге байланысты бағаланады. Сөйтіп, өнер
бұрынғы реалистік формаларын жоғалтады. Оның орнына таза бояу
таңбалары, оның
кенеп бетіндегі шашырандылары, геометриялық
формалар үйлесімділігінде құралған композициялар келді. Ол ол ма?
ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдықтарында күнделікті қолданылатын
тұрмыстық заттардан бастап жыртылған, өртенген кенептер, кейінірек
сыраның, пепси-коланың банкілері, көптеген шегелер тізбегі қағылған
орындықтар мен музыкалық аспаптар, адамның муляж көшірімдері
тағы басқа кездейсоқ немесе көрмеге әдейі дайындалған нәрселер
әкеліне бастады. Одан кейін бейнелеу өнері ашық табиғат аясына
413
шықты. Суретшіге кей жағдайда кәсіби
машықтылығын жетілдірудің
өзі қажет болмай қалды. Себебі өнер қатты индивидуальды сипатқа ие
болып,
кәсіби
машықтылықтың
орнына,
кей
жағдайда,
интеллектуализм жетекші орын алды. Бұлардың бәрі ХХ ғасырға тән
көркем құбылыстар еді.
Осындай мәдени процестердің алдын алу үшін, бұқаралық
мәдениеттің
теріс
әсерлерін
кеміту
мақсатында
Қазақстан
Республикасында көптеген шараларды жүзеге асырған жөн. Еліміздегі
Мәдениеттану және өнертану ғылыми зерттеу институты (жетекшсі -
Ә. Қодар) осы мәселеге қатысты мәдени дамудың арнаулы
тұжырымдамасын қабылдады. Оның кейбір қағидаларына назар
аударайық.
Классикалық маңызы төмен, ұлттық болмыс пен психикаға кері
әсерін тигізетін өнер мен музыкадағы өнімдер ағымына бақылау қою,
оны жүзеге асыру аппараттарын жұмылдыру. Атап айтқанда:
- қала мен республикалық маңызы
бар және облыстардағы
атқарушы орган мен мәдениет институттарының бақылауын күшейту;
- сараптама және ақпараттар жинақтау бөлімін жетілдіру;
- ұлттық психология мен сана-сезімге кері факторларды
болдырмаудың әкімшілік бөлімдерін жұмылдыру т.б.
Халықтың рухани және физиологиялық тұрғысынан дамуының
бірден-бір мүмкіндігі өмір болмысын халық тағдырын бейнелейтін
мәдени ошақтардың басты саласының бірі, театр мен кино өзінің
бүгінгі қоғам өміріндегі орнынан қазіргі
заман талабына сай ұлттық
психология, тәрбие беру, эстетикалық құндылық сапаларын
төмендетіп алды. Оған басты себеп:
- шетелдік немесе батыстық кино мәдениеті: ашық порноөнімдер,
афро-американдық поп музыкалар, эротикфильмдер, сана-сезім, мінез
құлыққа кері әсер ететін қатігез киноөнімдер мен сериалдар;
- Қазақстандық театр және кино мекемелерінің халық назарын
өзіне тартып аларлық туындыларының әлсіздігі;
- әртүрлі
жат мәдениет үрдістерін насихаттайтын бейне
таспалардың шектеусіз сауда рыногында таралуы;
- кино мәдени ошақтары – кинотеатрларда шетелдік фильмдерді
жарнамалау мен жаппай көрсетулер
1
.
Бүгінгі
таңдағы
кітап
дүкендері
мен
кітап
сауда
орталықтарындағы сатылымдағы кітап қорының 90
пайызы шетелдік
кітаптарды құрайды. Музей кешендерінде экспозициялар мен ұлттық
тарихи мұраларды сақтау мен дамыту әлі күнге дейін кеңестік
идеология шеңберінде құрылған өлкетанушылық бағыттан әрі аса
1
Достарыңызбен бөлісу: