ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет6/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

5. Отау құру тағылымы 
 
Тойбастар 
Ағалар, тойыңызды бастай келдік,
Жақсы менен жаманды қоспай келдік.
Билікке той бастамақ лайық деп,
Халқым рұқсат берген соң қақсай бердік. 
Ал, келін-ау, ал келін,
Лебізің шыққан бал, келін.
Құлағыңды сал, келін,
Білген ақыл-насихат.
Айтпай кетсек — бізге өлім,
Тыңдамасаң — сізге өлім.
Әйел деген асыл зат,


28 
Балапан болсаң тым жақсы,
Уызда халал шайқалған... 
Сөз сөйледім үлгілеп,
Кемісі болар кім білед.
Ерінбесең, келіншек,
Енді өзіме сөлем ет! 
* * * 
Айналайын, ақ келін —
Ағайынға, бақ келін!
Шырағы бол дәулеттің,
Шаттық тойға бөленсін,
Шаңырағың — сәулетің. 
Жақсылыққа тасыма,
Жамандыққа жасыма.
Бақыт тіле бағым деп,
Бас иеңнің басына! 
Берік болсын босаға:
Болымсызга босама.
Көп дүние — бос бейнет:
Көз тоймастық жасама! 
 
6. Баталар 
Қазақта әрбір жақсылық іс-өрекет, ниетте «Әумин» деп, бата 
сұрау, оған бата беріп, «Аллау әкпар!» деп тілек айту дәстүрі ежелден 
бүгінге дейін үздіксіз жалғасын тауып келеді. Батаның түрлері көп. 
Дастарқанға, сойылатын малға, соғымга, жаңа жұрт, қызметке 
айтылатын ақ тілектер де осыған жатады. Жаңа туған нәрестеге, жаңа 
түскен келінге, шарапаты тиген жеке адамға, жолға шығар 
жолаушыға, алғаш білім жолына түскен шәкірттерге, сонымен қатар 
діни наным-сенімге қатысты наурыз көже, жарапазан, құрбандықтарға 
арналған баталар бар. Олардың жаттанды түрлері де, бата берушінің 
ұйқасты, үйлесімді сөз шеберлігіне байланысты шығармашылық 
түрлері де күнделікті өмірде жиі кездеседі. Төменде солардың кейбір 
үлгілері беріліп отыр. 
Шайға бата 


29 
Шайың қызыл болсын,
Ғүмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін.
Аллау әкпар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет