ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Әлжан Қ. Человек и мир в казахской философии



Pdf көрінісі
бет74/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Әлжан Қ. Человек и мир в казахской философии
ХVIII-ХIХ веков. Алматы, 2006. С. 43-63 


244 
Ғалихан Ақмамбетов
АБАЙДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ІЛІМІ 
Қазақ халқының әдебіне көңіл аудару, оның ерекшеліктерін 
түсіну, жалпы руханилықты жаңғырту – бүгінгі күннің келелі 
міндеттерінің бірі. Егемен Қазақстанды баурап алған, терең 
әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу, 
лайықты тұлғааралық және этносаралық қатынастары қалыптасқан 
демократиялық қоғамның негіздерін құру байыпты рухани түпнегізсіз 
мүмкін емес. «Экономикалық кереметті» жасаушы елдердің 
тәжірибесі көрсететіндей, қайта өркендеу идеологиясында жетекші 
рөлді ұлтты гүлдендіру бағытындағы ортақ күш салу идеясы 
атқарады, бұл дүниежүзілік қауымдастық жетістіктерін, табанды 
еңбекті, ынтымақтастықты, төзімділікті т.т. шығармашылық түрде 
сіңіруге мүмкіндік беретін, ұлттық діл мен мінездің сол белгілерін 
барынша пайдалануды ұйғарады. Қоғамды реформалау, егер 
жаңартулардың стратегиясы мен идеологиясы, мақсаты мен 
міндеттері, оған тарихилықтың белгілі бір типі, әлеуметтік мұралану 
мен жаңашылдықтың тетігі тән, бұл әлеумет өмір сүруінің ерекше 
тәсілімен байланысты, ұлттық дүниетанымға және түбінде – нақтылы 
мәдениеттің негіздері мен қисынын, оның шығармашыл, қозғаушы 
бастамасын тануға сүйенетін болса, тек сол жағдайда табысты бола 
алады. 
Нақтылы мәдениет, жеке дананың шығармашылығында тұлғалық 
кейіпке еніп, толық өзіндік төлтумалығы мен өзіндік құндылығында 
оның ақыл-ойы мен сезімінде көрініс тауып, шексіз мүмкін әлемнің, 
шексіз мүмкін болмыстың бір мүмкіндігінің актуалдануы ретінде 
жалпылама маңыздылыққа ие болады. Мәдениеттің өзіндік санасы тек 
дарынның шығармашылығында өз мәңгілігін, мәдениеттер сұхбатына 
ену қабілеттігін қабылдайды. Жеке дарын кейпіндегі бұл сұхбат 
монологқа 
ауыспайды, 
сіңіп 
кетпейді, 
бірдейленбейді, 
тұлғасыздандырылмайды, ол анықталған мәдениеттердің сұхбаты 
ретінде өмір сүреді және тіршілік етеді. 
Өмір сүру және тарихи тәжірибенің айрықша тәсілінде 
қалыптасқан, қазақ мәдениеті өзінің бай рухани мазмұнымен 
ерекшеленеді, ғасырлар мен мәдениеттер сұхбатына ол өзінің 
қызықты тақыбырын енгізе алады және осылай жасауға міндетті. 
Абай шығармашылығындағы қазақтардың рухани мәдениеті 
өзінің ең жоғары кернеуі мен шыңында көрініс тапты. 
Мақаланың «Абайдың адамгершілік ілімі» деп аталуы кездейсоқ 
емес. Менің ойымша, атап айтқанда Абай қазақтардың адамгершілік 


245 
ілімінің негізін қалаушы болып табылады, дегенмен олардың 
этикалық дәстүрі ғасырлар қойнауында тамырланады және арнаулы 
ғылыми зерттеуді талап етеді. Абайдың философиялық-этикалық 
дүниетанымының орталығында адам, оның санасы, сезім, ақыл және 
адамгершілік, нақтылы тұлғалық қылық тұр. Философиялық ой 
қаншама алыс шарықтап кеткенімен және жоғары қалқығанымен, ол 
ешқашан болмыстың күрделі, қитұрқы сұрағы – нақтылы, бүгінгі, жер 
бетіндегі адам туралы мәселе бойынша шешім табуы міндетті 
екендігін, ұмытпағаны абзал. Абайдың философиялық-этикалық 
пайымдары бұл атауға, міндетке лайық, өйткені олар қашанда және 
қалай болса да адамға, оның өмірлік ізденістері мен мүдделеріне 
жақын. 
Абайдың әдеп туралы ілімінің аттану нүктесінде, жоғарыда 
айтылғандай, адамның өзі тұр, міне тек ол өзінде бүкіл әдепті, сол 
шындықпен қосылып кеткісі келетіндей, қамтып және баурап алады, 
ол өз ұрпақтарына ары қарай ойша жалғастыру, қарастырылып өткен 
адамдық тағдырларды, идеяларды, сауалдарды түбіне дейін 
ойластыру, ары қарай «тергеуге алу» үшін кең арна қалдырады.
Өзінің 
философиялық 
толғауларында 
Абай 
өмірдің 
күрделілігінен, мәселелігінен шығады, оның туындыларында 
адамгершілік ізденістерінің тайғақ, жиі ретте терең қайшылықты 
жолына ең көрнекі түрде көз жүгіртуге болады. Осыдан оның ішкі 
дүниесінің мәселелегі байқалады: бір жағынан, оны сыртқы жағдайлар 
қанағаттандырмады, басқасынан – міне, осы қанағаттанбау 
тұрғысынан, тек қазақ халқының философиялық ойын дамыту үшін 
өшпейтін маңыздылыққа ие емес, бірақ сонымен бірге барлық 
замандастарды толғандыратын, өзінің адамгершілік ілімін жеткілікті 
түрде анық және жарқын көрсете білді. 
Адамзат тарихының ұлы кейіпкерлерін адам өнерінің ұлы 
кейіпкерлерімен бір нәрсенің қосып тұрғаны, қай заманнан бері 
аталып өтеді: олар түпсіз. Абай бейнесі де тап осындай. Оны тек 
«жаттап алу» пайдалы емес, бірақ ойластыру, түсіну, «өзінен өткізу» 
қажет, кімнің өмірі, ілімі әрбір жаңа дәуірмен өнеге, сабақ ретінде 
қабылданатын, олар осындай сирек таң қаларлық тағдыры бар адамға 
соқпай өтетін, дүниежүзілік тарихта кезең мен ұрпақ болған жоқ. 
Өйткені өткен шақ бізге тек оларды сіңіріп алу және ары қарай 
дамыту қажетті жалғыз идеяларды, ойларды емес, бірақ сонымен 
бірге, оларды әлі шешуге тура келетін, талай «дүниежүзілік 
жұмбақтарды» қалдырды. Және солардың арасында - әрбір ұрпақ 
үшін өмірдің өзі сияқты түпсіз, Абайдың тұрақты маңыздылығының 
құпиясы тұр. Осыдан Абайдың тарихи тиесілігі бойынша ғылыми 
расталған, «объективті» бейнесін қайтадан жасап шығаруға талпыныс, 


246 
оның адамгершілік ілімінің мағынасы мен мазмұнын ақиқатқа 
барынша жақындата ашу – бұл философия тарихшылары мен этиктер 
үшін қарапайым міндет емес және болашақ зерттеушілер үлесіне де 
әлі талай «ақтаңдақтар» қала береді деп, ұйғаруға болады. 
Адамзаттың дүниежүзілік тәжірибе қорларында, құбылыстар мен 
деректерді танудағы қатаң «ғылымилықтан», «ұғымдылықтан» басқа, 
өткенді түсінудің одан да кем қызықтырмайтын және расталған жолы 
бар. Бұл – дүниені рухани-практикалық тәсілмен игерген және 
объективтік ақиқатқа өзінің айрықша тәсілдерімен соқпақ салатын, 
өнер жолы. Әйтсе де өнердің танымдық күші әлдеқашан 
мойындалғанымен, ал оның ғылыммен қатар болмыстың ең қиын 
сұрақтарын көтеру құқымен ешкім таласпайтынымен, сенімсіздіктің 
белгілі бір сәті бәрібір қала береді. Бұл өнерде ғылыми білім жиі, 
ешқандай нақтылы деректермен бекітілмеген, ойдан шығарылған 
және ойша жорытылғандармен қайшылықты түрде қақтығысып 
қалатынымен түсінідіріледі. Бірақ осыған қарамай, өнер адамдық 
мәселелердің кең шеңберін – олармен ғылым айналасуға міндетті, сол 
және басқа мәселелерді өзінше білдіреді және бағалайды. Өнер үшін 
осындай әрбір құбылыстың объективтік мазмұны, бұл жағдайда 
Абаймен терең ойластырылған, солардай тарихи мәселелерді күні 
бүгінге дейін бізге шешуге тура келетін, сол мәселелермен қатысты, 
оны өзекті ететін, дүниені белгілі бір тарихи түрде көретін, 
басымдылықтарды реттеп қоятын, біздің уақытымыздағы адамның өз 
сезім-күйлерінен бөлінбейтіндігі, маңызды болып табылады. 
Бірақ бұл іске асуы үшін, оларды қазақ халқы өзінің көпғасырлық 
тарихы барысында жасап шығарған, адамгершілік ұстындарына, сол 
дәстүрлерге берілгендікті аяқтау қажет. Атап айтқанда, бұл адалдық 
оның нақтылы шындықпен қарым-қатынастар процесінде өткен 
туралы емес, ал не бола алатындығы туралы, ықтималдығы немесе 
қажеттілігі бойынша іске аса алатындығы туралы айтуға, мүмкіндік 
береді. Бұл мағынада өнердің белгілі бір «дерексіздігі» соңғының, 
тіпті кейде ғылымның алдында, күші мен артықшылығының белгісіне 
жатады. Оның үстіне, қазақ мәдениетінің ерекшеліктеріне дүниені 
тұтас қабылдау, ал сонымен бірге көптеген жағлайларда 
рационалдыдан кем түспей, өзінің көптеген көрсеткіштерінде одан 
артып түсетін және табыстылау, өнімділеу болып табылатын, 
шындықты эмоциональды, көркем түсіну және ұғыну жатады. 
«Қазақ қоғамы үшін, олар адамдық әрекетті қалыптастыратын, 
дүниетаным 
әмбебаптары 
деңгейіндегі 
философиялық 
емес 
философиялық пайымдау сипатты... Бұл философиялық жүйелерді 
зерттеуді әлеуметтік-мәдени кеңмәтінде құруға, «философемаларды» 
дүниетанымдық мәтіндер өрісінде бөліп көрсету үшін күш салуға 


247 
міндеттейді»
1
, - дейді М. Орынбеков. Егер Абайдың адамгершілік 
ілімін бұл көзқарастан қарастырсақ, онда оның негізі қазақ халқының 
руханилығы, нормалары мен салттары, құндылықтары және іс-әрекет 
формалары болып табылады. Оның үстіне қазақ қоғамының сапалық 
ерекшелігі, ең алдымен индивидтердің материалды және рухани 
қатынастар саласындағы жалпылама байланыстарына негізделген, 
тұрақты әлеуметтік өмірді қалыптастыруда тұрғанын, ескерту керек. 
Басқаша айтқанда, олар әрекеттің түрлі формаларында өзінше жүзеге 
асып жатқан, қоғамдық байланыстың рухани формалары айрықша 
мағынаға ие болады. Бұл өркениеттің әлеуметтік иегерлерімен оның 
тұтастығы қамтамасыз етіледі, ол рухани құндылықтардың, 
идеялардың, білімдердің, нормалар мен дәстүрлердің бірлігінде 
көрініс тапты. Осыған байланысты қазақ қоғамы үшін анықтаушы 
болып шаруашылық-экономикалық жақтар емес, ал тұлға аралық 
қатынастар, тұрақты рухани құндылықтар мен реттеушілер алға 
шықты, сондықтан олар бұл қоғамның ерекшелігін сипаттады. Мұнда 
өмірдің құндылық-рухани жақтары экономикалық факторларға 
қарағанда маңыздылау болды. Адамдық қатынастар соншама 
түпнегізділеу болып шыққандықтан, олар құндылықтар саласында 
шаруашылық байланыстарынан жоғары тұрды. Осыдан, халықпен 
жасалып шыққан, ортақ рухани құндылықтар әрбір қазақ үшін өшпес 
маңыздылыққа ие болғандығы шығады. Олар өзінше білім мен 
адамгершілікті, ақыл мен ерікті, әсемдік пен адамгершілікті 
синтездеді. 
Бүкіл 
бұл 
сапалар 
адамның 
ішкі 
дүниесін 
құрастырғандықтан, «адам болу» постулаты адамгершіліктің түйініне 
айналды. Абайдың адамгершілік ілімінің өзегі адамның өзі болып 
табылатындығы, кездейсоқ емес. Бұл жөнінде оның адамдарға «Адам 
бол!» деген айтқан сөзі куәландырады. Осыған байланысты М.Әуезов 
былай жазады: «Қашан біз Абайға бұрылғанда, онда адам 
философиясы мен адамдыққа тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде... 
көптүрлі, түрлі сапалы, терең ойлы пайымдардың кездесетіні 
талассыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, Абайдың философиялық 
көзқарастарының көпшілігі адамгершілік мәселесіне келіп тіреледі»
2

Бұл, сыртқы көзге, әбден анық сияқты «формулада» терең 
философиялық мағынаға жатыр. Абайдың ақиқат, растылық қырында 
адамдар, қашан бірдемені, бұл жағдайда адам болуды ортақ 
мойындағанда ғана мәмілеге келетінін тамаша түсінгенінде мәселе 
тұр, өйткені тек осында объективтілік, таным процесіне шынайы 
адамдық мағына бере келе, рухани жалпыламалық ретінде көрініс 
табады. 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет