Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастыру



бет1/3
Дата01.06.2016
өлшемі496.39 Kb.
#106362
түріДиссертация
  1   2   3


ӘОЖ 78.6:746.42/439(574 ) Қолжазба құқығында
Еспенбетов бекмҰрат ЖҰМАШҰЛЫ

Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастыру

(айшықты ши тоқу мысалында)

13.00.08 – Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі


Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты
Ғылыми жетекшілер:

педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

Әбдраман Ш.Ә.

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010

Жұмыс Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалды

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Абдраман Ш.А.

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кенжебеков Б.Т.
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Манабаева А.Ш.

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Диссертация 2010 ж. «___» сағат Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, №1 кеңейтілген дәрісхана) БД 14.50.05 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28).


Автореферат 2010 ж. «____» таратылды.


Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Н.Ә. Мыңжанов

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан − 2030» стратегиялық Жолдауында айтылған: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деген пікірінің мәніне дендей үңілер болсақ, елдің жарқын келешегінің келбетімен қатар, сол келешекке жету жолында шешілуге тиісті міндеттердің бірін айқын көре аламыз. Ол міндет − ұлттық құндылықтарымыз – бабалар дәстүрлерін сақтай әрі дамыта отырып, тәуелсіз Қазақстан экономикасын дамытатын білікті кәсіби маман даярлау. Бұл міндеттің мәні ұлттық дәстүрлер мен өркениет жетістіктерін сабақтастыра дарытатып кәсіби құзіреттілігімен арттыратын, әрі патриот, әрі ізгі ұрпақ тәрбиесімен айқындалмақ.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «…білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруы» атап көрсетілген. Ұрпақ тәрбиесін ұлттық мүддеден, ұлттық мұраттан бөле-жара жүзеге асыру мүлдем мүмкін емес. Ел келешегінің қандай болмағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты. Ал бұл орайда назарға алынуға тиісті факторлар аз емес. Солардың бірқатары ұлттық мәдениетпен өзектесе танылады.

Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері: Қ. Жарықбаевтың, С.К. Қалиевтың, К.Ж. Қожахметованың, Ж.Ж. Наурызбайдың, Ә. Табылдиевтың, С.А. Ұзақбаеваның, қолданбалы салалары бойынша Қ. Бөлеевтің, Р.Қ. Дүйсембінованың, сонымен қатар Р.М. Айтжанованың, С.Қ. Әбілдинаның, Ш.М. Мұхтарованың, Қ.А. Сарбасованың, Л.С. Сырымбетованың және т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.

Бұл қатарда кезек күттірмес мәселелердің бірі халық өнерін ғылыми тұрғыдан жан-жақты танып-білу, нәтижеде оның жетіле түсуіне, кең арнада дамуына жол табу болып табылады.

Халықтық өнер төңірегінде сөз қозғап, оның түрлері мен үлгілері, кәсіби-көркемдік дәстүрі, өкілдері жайында ой өрістетіп, ғылыми құнды пікірлер айтқан, дәлелді тұжырымдар тиянақтаған зерттеулердің төл топырағымызда да, іргелес елдерде де бар екендігін жоққа шығар алмаймыз. Әсіресе, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне байланысты арнайы зерттеулер жүргізіп, салиқалы ой-пікірлер түйіндеп, қоғамдық-әлеуметтік ортада халықтық өнерге деген жаңаша көзқарас туындатып, қалыптыстыруда К. Ақышевтың, Х. Арғынбаевтың, Ө. Жәнібековтың, С. Қасимановтың, Ә. Марғұланның т.б. еңбектерін ерекше атай отырып, аталған ғалымдардың ісін әрі қарай дамыта жалғастырған Ш. Әбдуалиеваның, М. Әлімбаевтың, Т. Бәсеновтың, М. Мұқановтың, К. Ыбраеваның т.б. зерттеулерінің мәні зор.

Бұл ретте халықтық өнер мәселелерін еңбек және эстетикалық тәрбиемен байланыстыратын А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, К.Д. Ушинский сияқты белгілі орыс педагогтарының еңбектерін де ескермеске болмайды. Сондай-ақ, М.С. Каган, Б.В. Нешумов, А.Б. Салтыкова, С.М. Темерина, А.К. Чекалов т.б. да авторлардың еңбектерінде халықтық сәндік-қолданбалы өнердің тарихи-теориялық мәселелері қарастырылса, кейінгі кезеңде эстетикалық тәрбие мен кәсіби-көркемдік білім берудің теориясы мен әдістеріне байланысты ой-пікірлер Т.В. Беданың, Т.С. Комаровтың, Л.Б. Медведевтың, Н.Н. Ростовцевтың, Н.П. Сакулинаның, А.С. Хворостовтың, Т.Я. Шпикалованың зерттеулерінде кеңінен көрініс тапты. Бұл қатарда Орта Азия мен Қазақстан мектептерінің тәжірибелері негізінде мектептен және сыныптан тыс сабақтарда сәндік-қолданбалы өнердің бастапқы орнын айқындауға бағдар ұстанған Е. Асылханов, К. Әмірғазин, Ж. Балкенов, И.С. Быковченко, К.Е. Ералин, А. Қисымова, А.О. Камаков, Э. Мұрадова, А. Сарбағышов зерттеулері де өзіндік орын алары сөзсіз.

Халықтық өнердің жалпы ғылыми-теориялық проблемалары, сондай-ақ оның жекелеген түрлері мен олардың мән-маңызы, мазмұны мен сипаты, ел өміріндегі орны сияқты мәселелер бүгінге дейінгі зерттеулерде қарастырылып келгенімен, халықтық өнерге қатысты әлі де болса зерделене қоймаған жәйттер аз емес. Солардың бірі − халықтың сәндік-қолданбалы өнеріне байланысты.

Әділін айту қажет, халық өнерін насихаттаумен қатар оларды білім беру жүйесінде қолдану мәселелері кеңестік кезеңде де біршама еңбектерге арқау болды. Г.Н. Волков, Е.И. Игнатьев, В.С. Кузин, Б.Ф. Ломов сияқты белгілі зерттеушілер халықтық өнер түрлерін көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мақсатында қарастырып, оларды оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың әдістемелік жолдары мен тәсілдерін ұсынды. Халық өнерінің педагогикалық мүмкіндіктері мәселесін талдап қарастырған зерттеулер ұлттық ғылымымызда да баршылық. Бұл тарапта М. Балтабаевтың, Ж. Наурызбайдың, Ә. Табылдиевтің, Б. Әлмұханбетовтің, Т. Самұратованың т.б. еңбектерін атау абзал.

Көркемдік тәрбие мәселесін болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында қарастырып отырғандықтан, біздің зертеуімізге әдіснамалық бағыт-бағдар беретін жоғары оқу орындары кәсіби білім беру салаларына арналған Қ.Ж. Аганинаның, Б.Р. Айтмамбетованың, Б. Әбдікәрімұлының, Ш.Ә. Әбдіраманның, С.Т. Каргинның, Б.Т. Кенжебековтың, Қ.М. Кертаеваның, С.З. Қоқанбаевтың, Р.М. Қоянбаевтың, К.Қ. Құнантаеваның, Н.Ә. Мыңжановтың, Ж.Ы. Намазбаеваның, Д.Қ. Нұрғалиеваның, И.Н. Нұғымановтың, Т.С. Сабыровтың, А.П. Сейтешевтың, Ш.Т. Таубаеваның, Е.К. Төлемісовтың, Г.А. Умановтың, Ә.Ә. Усмановтың, Э.И. Шыныбекованың, Н.Д. Хмельдің еңбектерінің маңызы өте зор.

Жоғары аталғандардан түйіндейтініміз халықтық өнердің әлеуметтік мән-маңызы, әсіресе оны оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың педагогикалық мәселелері толық шешілді деу қиын. Бұл ретте қазақтың қолданбалы қолөнеріндегі түрлі ұлттық дәстүрлер мен нақыштарының өзара үйлесімімен кәсіби-көркемдік ізденіске бауылып, шығармашылық туындатар айшықты ши тоқу өнері педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалып келеді.



Аталған мәселенің практикалық нақты жағдайын және ғылыми әдебиеттердегі көріну дәрежесін саралау нәтижесі бірқатар қайшылықтардың бетін ашты. Олар:

  • этнопедагогикалық және этномәденилік білім беру тұжырымдамаларының жасалынуы мен болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін айшықты ши тоқу өнерінің құралдары арқылы қалыптастырудың теориялық негіздерінің қажетті деңгейде зерттелмеуі арасында;

  • жоғары оқу орындарында бұл проблеманы шешуге байланысты педагогика ғылымы ұсынған талаптар мен олардың оңтайлы шешімін табуға мүмкіндік беретін әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі арасында.

Бұл қайшылықтардың шешімін табуға байланысты туындаған мәселе бізге «Ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру (айшықты ши тоқу мысалында)» деген тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізуге себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.

Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындарында кәсіби білім беру үдерісі.

Зерттеудің пәні: ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарында ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесі ғылыми тұрғыдан негізделіп ұсынылса, онда аталмыш құзіреттілікті қалыптастыру оңтайлы шешімін табады, өйткені ол білім беру үдерісінде кәсіби білімнің жүйелілігін дамытуға мүмкіндік тудырады.

Зерттеудің міндеттері:

  • ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;

  • ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық моделін құру;

  • қазақтың айшықты ши тоқу өнерін ұлттық қолданбалы қолөнерінің бір түрі ретінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесін ұсыну;

  • қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу өнерін болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің қалыптасуы жоғары оқу орынының білім беру процесінде ұлттық қолданбалы өнері жанрларының мүмкіндіктерін пайдаланудаға тәуелді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері ретінде таным теориясы; жеке тұлғаның іс-әрекет теориясы; тұтастық, жүйелілік және тұлғалық тұғырлардың жалпы әдіснамалық тұжырымдамалары; тұтас педагогикалық процесс теориясы; қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогиканың сабақтастығы туралы тұжырымдамалары; этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениеттану теориялары; кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесіне қатысты ілімдер; жаратылыс, қоғам және ой дамуының жалпы зандылықтары; халықтың материалдық және рухани мәдениетті жасау мен сақтаудағы рөлі, ежелгі мәдени мұраға қатынасы, ұлттық мәдениеттің тәрбие жұмысындағы орны туралы ілімдер; жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие тұжырымдамалары алынды.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Негізгі заңы (Конституциясы), «Білім туралы» Заң, Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, бағдарламалары, отандық және шетелдік жетекші психологтар мен педагогтардың ғылыми зерттеулері, өнертанушылардың еңбектері, қолөнер үлгілері, халық шеберлерінің туындылары, көркем шығармашылық өкілдерінің жұмыстары, жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие процесінің озық тәжірибелері.

Зерттеу әдістері: философтардың, психологтардың, педагогтардың, өнертанушылардың, әлеуметтанушылардың, тарихшылардың еңбектеріндегі ғылыми ой тұжырымдарын теория жүзінде талдау, салыстыру арқылы қоғамның әлеуметтік даму жағдайында көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндігін анықтау; оқушылармен тестік-сауалнамалық және тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмыстарын жүргізу; көркемдік-эстетикалық тәрбие беруге байланысты тәжірибелерді жинақтау, салыстыру, талдау, саралау, қорытындылау әдістері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

  • ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері, яғни қолданбалы қолөнерінің педагогикалық мәні мен маңыздылығы, «болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі» түсінігі айқындалды;

  • ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық моделі ұсынылды;

  • болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің критерийлері мен көрсеткіштер жиынтығы анықталды;

  • қазақтың айшықты ши тоқу өнерін ұлттық қолданбалы қолөнерінің бір түрі ретінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда пайдалану әдістемесі жасалынды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

    • оқытушыларға арналған «Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері» атты арнайы семинардың бағдарламасы жасалып оқу жүйесіне енгізілді;

    • кәсіби-көркемдік құзіреттілікті қалыптастыруға ықпалын тигізетін пәндер бағдарламаларына қосымшалар енгізілді;

    • студенттерге арналған «Айшықты ши тоқу өнері және оның педагогикалық маңызы» атты арнайы курс құрастырылып, оқу процесіне ендірілді;

    • қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу өнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық қағидалары практикалық сабақтар мен дипломдық жұмыстарда пайдаланды.

Сонымен қатар, зерттеудің нәтижелерін жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептердің тәрбие жұмыстарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі зерттеу міндеттеріне сәйкес, теориялық тиянақты талқылаулар мен материалдарды сандық-сапалық талдауларға ұштастырумен, қажет уақыт ауқымында зерттеу мәліметтерін мұқият және жан-жақты саралаумен, диссертацияның негізгі қағидаларын тәжірибелік жұмыспен, педагогикалық зерттеудің ғылыми негізділігімен және зерттеу пәнімен арадағы байланысымен, қажетті әдіс-тәсілдердің тиімділігімен; эксперименттік бағдарламалардың бастапқы және соңғы нәтижелерінің қорытылуымен, оларды бейнелеу және қолданбалы өнер факультеттерінде жан-жақты тексерумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты және халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды, басылым көрген мақалаларда, бағдарламаларда, әдістемелік нұсқауларда, оқу-әдістемелік құралдарда, электронды оқулықтарда көрініс тапты.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық қағидалары;

  • ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық моделі;

  • қазақтың айшықты ши тоқу өнерін ұлттық қолданбалы қолөнерінің бір түрі ретінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда пайдалану әдістемесі;

  • қазақтың ұлттық ши тоқу өнерін болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда пайдалану әдістемесінің пәрменділігін эксперимент арқылы тексерудің нәтижелері.

Зерттеудің негізгі базасы: Ө.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезең (1999-2001 жж.) зерттеу тақырыбы таңдалып алынып, осы проблема бойынша философиялық, ғылыми-педагогикалық еңбектерге, оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау жасалынды, зерттеудің теориялық негіздері анықталды. Студенттерге айшықты ши тоқу өнері арқылы кәсіби-көркемдік тәрбие берудің теориялық негіздері айқындалды.

Екінші кезеңде (2001-2007 жж.) жоғары оқу орындарында студенттерге айшықты ши тоқу өнері арқылы кәсіби-көркемдік тәрбие берудің әдістемесін құрастырылып, арнайы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Үшінші кезең (2007-2009 жж.) тәжірибелік жұмыстың нәтижелері математикалық және статистикалық тұрғыдан өңделіп, алынған педагогикалық диагностикалық мәліметтер талданды, әдістемелік ұсыныстар жасалынды. Бұл кезең зерттеудің қорытындылауға, диссертацияның тұжырымдық нәтижелерін нақтылауға, жалпы ізденіс бойынша ұсыныстарды әзірлеуге арналды.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы диссертацияның негізгі мазмұны халықаралық (Жезқазған, 2001; Қызылорда, 2001; Көкшетау, 2002) ғылыми-практикалық конференцияларда, мектептердің педагогикалық кеңестерінде баяндама жасасу, ылыми журналдарда (Білім және еңбек, 1988; Бастауыш мектеп, 1988; 1990; Қазақстан мектебі, 1991) мақалалар, әдістемелік нұсқаулар, оқу құрал, жұмыс бағдарламалар жариялау арқылы жүргізілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі және негізділігі, талқылануы мен жүзеге асырылуы баяндалады.

«Ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі туралы ұғымның және оны ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы қалыптастырудың мәні ашылып көрсетіледі. Ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың моделі ұсынылды. Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда жоғары оқу орындарында этномәдени білім беру процесінің мүмкіндіктері анықталды.

«Ұлттық қолөнері (айшықты ши тоқу қолөнері) негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруды іске асыру жолдары» атты екінші тарауда қазақтың айшықты ши тоқу өнерінің негізінде болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесі (қалыптастырушы эксперимент) ұсынылды және жүргізілген эксперимент нәтижелеріне талдау жасалынды.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу барысында жасалынған арнайы курстың жұмыстық оқу бағдарламасы, сол сияқты бір қатар эксперимент материалдары берілді.
Негізгі бөлім
Біздің зерттеуіміздің басты позициясы оның тиімділігін белгілейтін және проблемаларының аспектілерін кеңейтетін әрі нақтылайтын, кәсіби білім теориясы мен практикасының қажеттігін көрсететін өзекті мәселелерді шешуді қамтитын ғылыми-теориялық негіздерін айқындау болып табылады. Бұл тұрғыда біз ғылыми зерттеу бағытын белгілейтін негізгі әдіснамалық тәсілдерді басшылыққа ала отырып, проблеманың мәнін түсіну үшін, бірінші кезекте, педагогикалық білім жүйесіне бағытталған зерттеу барысы мен нәтижесі тәуелді педагогикалық құбылыстарды тану логикасын айқындайтын негізгі теориялық ұстанымдарды анықтау қажет деп білеміз.

Зерттеудің теориялық кезеңінде зерттелетін объект пен пәннің ерекшеліктерін көрсететін, жаңа деректер мен жинақтаулар беретін негізгі принциптер мен заңдылықтар тұжырымдалатыны белгілі. Бұл кезең қозғаушы күштер мен қайшылықтарды зерттеу, қарастырылатын құбылысқа қатысты объективті және субъективті факторларды сараптау, проблеманың әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық аспектілерін белгілейтін ұғымдық-терминологиялық аппаратты анықтау әрекеттерінен тұрады.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі және оны қалыптастырудың педагогикалық шарттары проблемаларының зерттелу жайын сараптау барысында негізгі ұстанымдарды жүйелік талдау пайдаланылды. Жүйелік талдауды пайдалану зерттелетін проблемаға төмендегідей үлгіде келуді қажет етеді:


  • зерттелетін объектің жүйеқұраушы белгілерін айқындау, яғни базалық категорияларды анықтау;

  • бастапқы категориялардың құрылымын сараптау;

  • зерттелетін педагогикалық құбылыстың теориялық моделін жасау;

  • жүйе дамуының жетекші тенденцияларын, заңдылықтарын анықтау;

  • жүйенің тиісті жағдайы мен шынайы жағдайының арақатысын айқындау;

  • жүйені шынайы деңгейден тиісті деңгейге жеткізу үшін қажетті практикалық ұсыныстар жасау.

Соңғы кезең теория тиянақтылығының негізгі өлшемі болып табылады.

Ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтауды екі бағытта жүргіздік, яғни қолданбалы қолөнерінің педагогикалық мәні мен маңыздылығын қарастыруды жөн көрдік, ол болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі туралы түсінікті айқындауды міндеттеді.

Бірінші бағытты анықтау үшін арнайы әдебиетті талдап, оның нәтижесінде келесі тұжырымға келдік:


  • ұлттық қолданбалы қолөнерінің педагогикалық мәні мен маңыздылығы этномәдени білім беру тұжырымдамасының мән-мәтінінде қарастырылғаны жөн, себебі ол халық педагогикасының бір құралы болып табылады, ал халық педагогикасы өз кезегінде этномәдени білім берудің негізгі мазмұнын жасайды;

  • олай болса, ұлттық қолданбалы қолөнерінің педагогикалық мәні мен маңыздылығы қазіргі заман адамының жалпыадамзаттық кеңістікке кіріктірілуінде өзінің төл мәдениетін бойына сіңіріп, этникалық құндылықтар жүйесіне баулынып, ұлттық сана-сезімі оянып, жеке даралық қасиеттері күшейіп, басқалардың тәжірибесіне сын көзбен қарап тек ұтымды жақтарын өз тәжірибесіне бейімдеуге лайықты, жан-жақты дамыған ұлттық тұлғаны қалыптастыруда көрініс табады.

Ал, екінші бағыт – болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі туралы түсінікті айқындау – бұл біріншіге қарағанда күрделіліеу деңгейдегі мәселе. Себебі, ғылыми әдебиеттерде және педагогикалық зерттеулерде жалпы құзіреттілік ұғымы жиі кездесуіне қарамастан «кәсіби-көркемдік құзіреттілік» түсінігі біздің қол жеткізген деректерде көрінбеді. Сондықтан, бұл түсініктін мән-мағынасын бір қатар ұғымдарды салыстырмалы талдау жасау арқылы ашуды жөн деп санадық.

Бұл қатарға бір жағынан, «құзіреттілік», «кәсіби құзіреттілік», «этнопедагогикалық құзіреттілік» және «даярлық», «кәсіби даярлық», «этнопедагогикалық даярлық» ұғымдары болса, тағы бір жағынан «эстетикалық» және «көркемдік» ұғымдары жатады. Соңғы екеуінің аражігін іс-әрекет ұғымының төңірегінде қарастыра келіп, көркемдік іс-әрекет кәсіби сипатқа ие болса, эстетикалық іс-әрекет тұлғалық қасеиетке тән. Сондықтан, эстетикалық іс-әрекет кәсіби іс-әрекет бола алмайды, керісінше кәсіби-көркемдік іс-әрекет деген түсініктің туындауы әбден мүмкін.



Сонымен, аталмыш ұғымдарды талдап аражігін анықтау барысында біз келесі қорытынды жасадық: болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі педагогтарды кәсіби даярлаудың нәтижесі және кіріктірілген кәсіби-тұлғалық сипаттамасы, яғни кәсіби-көркемдік білімділік және біліктілік, кәсіби-көркемдік іс-әрекетке лайық танымдық іскерлік пен дағдылар, кәсіби мәні бар тұлғалық қасиеттердің бірұтас жиынтығы болып табылады. Ол болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік әрекетінің сапасын анықтайды, үнемі өзгеріп тұратын кәсіби жағдайларда оңтайлы іс-әрекет жасау қабілетінде көрінеді және өзін-өзі дамытуға, өзіндік баға беруге дайындығын бейнелейді. Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің мағынасы оның көрсеткіштері мен критерийлер жүйесінде толық сипаттамасын табады (1- кесте).
1 кесте – Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің өлшемдері (айшықты ши тоқу өнері мысалында)


Компонент тер

Критерийлері

Деңгейлер көрсеткіштері

жоғары

орта

төмен

1

2

3

4

5

Білімділік компонент

Кәсіби-көркемдік білімдер

+

+

+

Кәсіби-көркемдік іс-әрекеті туралы білімдер

+

+

+

Ұлттық қолөнер іскерлердің және суретшілердің шығармашылығы жайлы білімдері

+

+




Ұлттық айшықты ши тоқу өнерінің дәстүрлік ерекшелігі туралы білім

+







      1. кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

Іс-әрекеттік компонент

Шығармашылық ізденіс

+

+

+

Кәсіби-көркем еңбек дағдылығы

+

+




Кәсіби-көркем ізденіс дағдылығы

+







Айшықты ши тоқу өнерінде көркем бейнелік нақыштарды қалыптастыру дағдылығы

+







Тұлғалық компонент

өз мамандығының әлеуметтік маңыздылығын сезіну

+

+

+

кәсіби-көркем еңбек пен кәсіби-көркем ізденіске қызығушылық

+

+




айшықты ши тоқу өнерінде көркем бейнелік нақыштарды қалыптастыруға мұқтаждығы

+







кәсіби-көркем еңбекте айшықты ши тоқу өнерінің қажеттілігіне сенушілігі

+








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет