1.8 Белоктардың сіңірілуі
Белоктар амин қышықылдары, төмен молекулалы пептидтер және простетикалық топтың құрамды бөлігі түрінде сіңіріледі. Олардың сіңірілетін жері – ішектің шырышты қабығындағы эпителий клеткаларының ішкі қуысына бағытталған жағындағы өте нәзік талшық іспеттес иректі өскіндер. Өнімнің негізгі массасы он екі өлі ішектің шетінде, ащы және мықынасты ішектерінің басында сіңіріледі.
Сіңірілу процесінде натрий сорушысы ерекше орын алады, себебі натрий хлориды амин қышқылдарының сіңірілуін шапшаңдатады. Митохондрия химиялық энергиямен қамтамасыз етеді.
Тоқ ішекте белоктар сіңірілмейді. Бұнда, олардың шіруінен пайда болған өнімдері (фенол, крезол, индол, скатол) сіңіріледі.
1.9 Белоктардың биологиялық түзілуі және оның сатылары
Клеткадағы белоктың түзілуі өте күрделі және көп сатылы процесс. Казіргі кезде оның өте нәзік механизмдері анықталды. Клеткадағы белоктардың түзілуі дәлме – дәл заңдылықпен генетикалық хабарға (информацияға) сәйкес жүреді.
Белок цитоплазманың құрамындағы рибосома деген органоидтерде түзіледі. Химиялық табиғаты жағынан рибосомалар 50 – 60 % - і РНК – дан және 35 – 50 % - і белоктардан тұратын нуклеопротеидтер болып келеді. Рибосомалар клеткада 3 тен 100 бірлікке дейін топтанған түрде болады (полисом). Олар бір – бірімен өзгеше өзіне тән жіпшелермен байланысқан. Әрбір рибосома өз бетімен бір полипептидтік тізбекті түзуге қабілетті.
Белоктардың биосинтезіне барлық 20 амин қышқылы, АТФ, ГТФ, магний ионы, әр түрлі ферменттер, РНК – ның барлық түрлері, рибосомалар, инициация, элонгация, терминация факторлары және т.б. керек.
Клеткадағы белоктың түзілуі бірнеше кезендер арқылы өтеді.
1.9.1 Амин қышқылдарының ыдырау жолдары (дезаминдену, трасаминдену, декарбоксильдену)
Жоғарыда айтылып кеткендей аминақышқылдарының үшінші белгілі организмде көптеген реакцияларға ұшырайды.
Амин қышқылдарының тканьдерде ыдырауы олардың дезаминденуінен басталады. Дезаминденудің төрт түрін айырады:
1 тотыға дезаминдену – сүт қоректілер мен көптеген аэробтық микроорганизмдердегі амин қышқылдарының дезаминденуінің ең басым түрі. Дезаминдену реакцияларына оксидаза немесе дегидрогеназа арнайы ферменттері қатысады.
Сутегінің аралық акцепторлары НАД және сирек түрде ФМН болады. Тотыға аминсіздену екі кезенде өтеді:
CH3 CH COOH CH3 C COOH
NH2 + НАД /ФМН/ NH + НАД · Н2
аланин имин қышқылы
CH3 C COOH
║
NH + HOH CH3 C COOH + NH3
║
O
имин қышқылы пирожүзім қышқылы
Екінші кезеңі қосымша ферменсіз өтеді. Сонан соң сутек тыныс алу тізбегі арқылы оттекке жетіп су түзеді, яғни сутегінің ең соңғы физиологиялық акцепторы оттек болады.
2 тотықсыздана аминсіздену:
R CH COOH R CH COOH + NH3
NH2 + 2H
3 Гидролиз жолымен аминсіздену:
R CH COOH R CH COOH + NH3
NH2 + H2O OH
4 молекула ішілік аминсіздену:
R CH2 CH COOH R CH=CH COOH + NH3
NH2
Тотықсыздана аминдену тотыға аминсізденуге қарама – қарсы процесс.
R C COOH R C COOH + H2O
║ ║
O + NH3 NH
кетоқышқылы имин қышқылы
R C COOH R CH COOH + НАД
║
NH + НАД · Н2 NH
имин қышқылы амин қышқылы
Декарбоксильдену реакциясында зат алмасуының үшінші актық өнімі СО пайда болады. Амин қышқылдарын декарбоксильдейтін ферментті амин қышқылының декарбоксилазасы деп атайды. Кофакторға В витамині жатады.
Трансаминдену (қайтадан аминдену) - ауысатын амин қышқылдарын түзу жолы, 1937 ж А.Е. Браунштейн және М.Г. Крицман ашқан. Тканьдерде глютаматдегидрогеназа ферменті ерекше активті жағдайда болады. Оның әсерінен тканьдерде α – кетоглутар қышқылы жиналып үш карбон айналымының қорын толықтырады және басқа амин қышқылдарымен реакцияға түсу үшін субстрат қызметін атқарады:
COOH COOH
CH2 CH3 CH CH3
CH2 + CH NH2 амино- CH + C = O
транс-
C = O COOH фераза CH NH COOH
COOH COOH
α –кетоглутар аланин глютамин пирожүзім
қышқылы қышқылы қышқылы
Глютамин қышқылы сонан соң глютаматдегидрогеназа ферментімен әрекеттесіп тотыға дезаминденуге келеді:
COOH COOH
CH2 CH
CH2 + НАД НАД·Н2 +CH + H2O
CH NH2 C NH
COOH COOH
глютамин қышқылы
COOH
CH
CH + NH3
C = O
COOH
α – кетоглутар қышқылы
Трансаминдену реакциясының биологиялық маңызы өте зор. Бұл реакция арқылы тканьдерде бір амин қышқылынан жаңа екінші бір амин қышқылы пайда болады. Бұл, организмнің белок түзуіне керекті ауыспалы амин қышқылдарының жиынтығын алуды жеңілдетеді.
Қорыта айтқанда, амин қышқылдарының дезаминдену және декарбоксильдену реакцияларының нәтижесінде тканьдерде су, көмір қышқыл газы және аммиак түзіледі.
1.9.2 Аммиакты зиянсыздандыру жолдары
Аммиак организм үшін өте улы зат. Организмде аммиак бос күйінде болмауы керек. Аммиак аса тым уытты, ал оның организмде жиналуы өлімге әкеліуі мүмкін. Бірақ, организмде аммиактың үздіксіз пайда болғанына қарамастан оның концентрациясы азғантай ғана. Бұны аммиактың сол пайда болған жерінде дереу зиянсыздандырылуымен түсіндіруге болады. Аммиакты органдармен тканьдерде усыздандыруда аспаргин және глютамин қышқылдары маңызды роль атқарады:
COOH CO NH2
CH2 CH2
+NH3 + H2O
CH NH2 аспарагин - CH NH2
синтетаза
COOH COOH
аспарагин аспарагин
қышқылы амиді
COOH CO NH2
CH2 CH2
+ NH3 + H2O
CH2 глутамин- CH2
синтетаза
CH NH2 CH NH2
COOH COOH
глютамин глютамин
қышқылы амиді
Аммиак аспарагин және глютамин құрамында бауырға жеткізіледі де несеп нәрінің түзілуіне қатысады. Несеп нәрінің түзілуі организмде аммиакты усыздандырудың ең негізгі жолы. Ол барлық сүт қоректілердегі қарапайым белоктар мен амин қышқылдарының ыдырауынан пайда болатын ең ақырғы өнім.
Несеп нәрі бауырдың митохондрияларында түзіледі бұл процестің казіргі теориясының негізіне Кребстың орнитин айналымы жатады. Несеп нәрінің пайда болуы бірнеше сатылардан тұрады:
1 аммиактан және көмір қышқылынан АТФ – мен карбомоилфосфатсинтетаза ферментінің әсерімен карбомоилфосфат түзіледі.
NH3 + CO2 + H2O + 2АТФ
карбомоилфосфат-
синтетаза
NH2
C = O + 2 АДФ + Н3РО4
O~ PO3 H2
2 карбомоилфосфат орнитинкарбомоилтрансфераза ферментінің қатысуымен цитруллинге айналады:
CH2 NH2
NH2
CH2 + C = O
O~PO3H2
CH2
CH NH2 орнитикарбомоил-
трансфераза
COOH
орнитин
NH2
C = O
NH
(CH2)3
CH NH2
COOH
цитруллин
3 цитруллинмен аспарагин қышқылының арасында АТФ – ның қатысуымен конденсация реакциясы жүріп аргининянтарь қышқылы пайда болады (фермент аргининсукцинатсинтетаза):
NH2
C = O COOH
NH + H2N C H
(CH2)3 CH2 + АТФ
CH NH2 COOH аргинин -
сукцинатсинтетаза
COOH
цитруллин аспарагин қышқылы
NH2 COOH
CN CH
NH CH2 + АМФ + H4P2O7
(CH2)3 COOH
CH NH2
COOH
аргининянтарь
қышқылы
4 аргининсукцинатсинтетаза ферментінің әсерімен аргининянятарь қышқылы аргинин және фумар қышқылына ыдырайды.
NH2 COOH NH2
C = N CH C = NH COOH
аргинисукци-
NH CH2 натсинтетаза NH + CH
(CH2)3 COOH (CH2)3 CH
CH NH2 CH NH2 COOH
COOH COOH фумар
аргинин қышқылы
аргининянтарь
қышқылы
5 аргинин аргиназа ферментінің ықпалымен сумен әрекеттесіп несеп нәрімен және орнитинге ыдырайды:
NH2
C = NH NH2 NH2
+ HOH
NH аргиназа (CH2)3 + C = O
(CH2)3 CH NH2
CH NH2 COOH несеп нәрі
COOH орнитин
аргинин
Босап шыққан орнитин қайтадан Кребс айналымына енеді, яғни катализаторлық қызмет атқарады, ал несеп нәрі несеппен сыртқа шығарылады.
2 Липидтердің биохимиясы
2.1 Липидтердің жалпы сипаттамасы
Липидтерге майлар және майға ұқсас заттар-липойдтар жатады.Олар барлық тірі клеткаларда болады және тіршілікке орайлас бірнеше маңызды қызметтер (энергия берушілік, қорғану, құрылымдылық, метаболизмдік) атқарады. Мысалы, олар клетка мембраналарының құрамына кіреді. Клетка қабырғаларының құрамына өнетін липидтер құрылымдық липидтер деп аталады.
Липидтер ыдыраған кезде көп мөлшерде химиялық энергия макроэнергиялық қосындылар түрінде бөлініп шығады. Липидтер суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде жақсы ериді.Көпшілік липидтер спирттердің, жоғары май қышқылдарының немесе альдегидтердің туындылары болып келеді.
Липидтер екі үлкен топқа бөлінеді. Қарапайым липидтің молекуласы спирт қалдықтарының және жоғары май қышқылдарынан тұрады. Бұған бейтарап майлар, стероидтар және балауыздар (воскілер) жатады.
Күрделі липид спирт қалдығынан, жоғары май қышқылдарынан және басқа бір заттардан (азоттық негіздер, фосфор қышқылы, көмірсулар және басқалары) тұрады. Оларға фосфатидтер, гликолипидтер, сульфатидтер жатады.
Липидтердің негізгі компоненті-май қышқылдары.
Бейтарап майлар.Бейтарап майлар деп үш атомды глицерин мен жоғары май қышқылдарының күрделі эфирін айтамыз.
O
║
СН2ОН R1─COOH CH2─O─C─R1
│ │ O
║
СНОН + R2─COOH → CH─O─C ─R2+3H2O
│ │ O
СН2ОН R3─COOH ║
CH2─O─C─R3
глицерин
триглицерид
Жоғары май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болады.
Қаныққан май қышқылдарында әдетте көміртек атомдарының жұп сандары болады, мысалы:
Май қышқылы - C3 H7 COOH
Капрон қышқылы – C5H11COOH
Стеарин қышқылы – C17H35COOH
Қанықпаған май қышқылдарында қос байланыстары бірнешеу болады:
Олеин қышқылдары - С17H33COOH
Линол қышқылдары - C17H31COOH
Линолеин қышқылдары - C17H29COOH
Арахидон қышқылдары - C19H31COOH
Егер майлардың құрамына қанықпаған қышқылдар басым болса,ондай майлар сұйық болады(мақта күнбағыс, зығыр майлары). Егер қаныққан қышқылдар басым болса, ондай майлар қатты болады (жануарлар майы-тоң май).
Майлар жануарлар мен өсімдіктер дүниесінде кең тараған.Майлар тірі организмде әр алуан міндеттер атқарады.Майлар энергетикалық материал ретінде жұмсалады, химиялық энергияның көзі. Майлардың 1 грамы организмде тотыққанда 3,3 ккал (жылу) пайда болады. Мұның өзі белоктар мен көмірсулар тотыққанда бөлініп шығатын жылудан 2 есе көп (1 г көмірсулар 4,3, ал белоктар 4,1 ккал жылу береді).
Майлар органикалық заттардың, әсіресе витаминдердің, жақсы еріткіштері.
Май дәнекер тканінің қабықшаларында қор ретінде жиналып, организм мүшелерінің орнынан ығысуына және сыртқы соққыдан зақымдануына кедергі жасайды.
Майдың жылу сыйымдылық төмен. Шөлден жылу нашар өтеді, бұл дене температурасының тұрақтылығы сақтауға жәрдемдеседі.
Майлардың бір бөлігі клеткаларда өтіп жататын күрделі процестерге тікелей қатысады. Оны протоплазмалық майлар деп атайды. Ал, екінші, көбірек бөлігі тері астындағы шелде, дәнекер тканінің май талшығында, құрсақ қуысының органдарын жауып тұратын шарбыда және басқа кейбір органдарда жиналады да, органикалық қосылыстардың қорын түзеді. Оны резервтегі, немесе қордағы майлар дейді.
Майлар онымен бірге терінің созылғыштығын, икемділігін және иілгіштігін қамтамасыз етеді.
Стероидтар. Бұлар көп сақиналы көмірсутек фенантреннің туындылары, негізінде циклопентанолергидрофенантрен жатады. Бұлардың маңызды өкілдері холестерин және эргостерин болып табылады. Табиғатта кең таралған.
Стероидтар – кристалды заттар, оптикалық активті. Суда ерімейді, органикалық еріткіштерде ериді, түссіз болады. Спирттерге ұқсас химиялық реакцияларға қатысады. Физиологиялық активті заттардың құрамына кіреді. Мысалы, витаминдердің Д тобы, жыныс гармондары, өт қышқылдары және т.б. құрамына кіреді.
Балауыздар (воскілер) – деп липидтердің үлкен бір топтарын айтады.Олардың молекулалары жоғары май қышқылдарымен біратомдық спирттердің қалдықтарынан тұрады. Жануарлар тектес балауыздарға ара балауызы, ланолин, спермацет жатады. Ара балауызын бетке, жарға жағатын майлар (мазь) және т.б. косметикалық заттар жасайды. Ланолинді қойдың жүнін жуғаннан кейін алады. Ланолин мен спермацеттен косметикалық заттар және емдік майлар жасайды.
Фосфатидтер (фосфолипидтер) – майларға жақын қосылыстар. Олар үш атомды спирт глицерин мен екі молекула май қышқылдарының, фосфор қышқылының және азотты негіздің күрделі эфирі. Егер фосфолипидтердің құрамына холин кірсе, оларды лецитиндер (холинфосфатидтер), коламин кірсе, кефалиндер (коламинфосфатидтер), ал егер серин кірсе серинфосфатидтер дейміз. Глицериннің орнына молекулада үшатомдық аминоспирт сфингозин болуы мүмкін. Осының нәтижесінде сфингомиэлин түзіледі.
Фосфатидтер жануарлар организмінде барлық клеткалардың құрамында, әсіресе, жүйке тканьдерінде, митохондрияларда көп кездеседі. Организм холинфосфатидті ацетилхолин түзуге пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |