Азимбаев Ж. А., Нуржан Н. Н. ТоғЫЗҚҰмалақ ойынын үйрену әдістемесі


Оқу жаттығу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру



бет7/15
Дата20.05.2022
өлшемі0.66 Mb.
#458152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Тогызкумалак уйрену адистемеси

Оқу жаттығу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру


Тоғызқұмалақ үйірмелері БЖСМ-де, ЖШСМ-де, спорттық клубтарда, негізгі орта және жоғарғы оқу орындарында құрылады. Жаттығушылар үйірмеге келгеннен кейін дәрігер қалауына өтеді және әрбір алты ай сайын дәрігер қарауында болып тұрады. Әсіресе, топтарда өткізілетін тәрбие жұмыстарына көп назар аудару керек. Бапкерлердің жұмысы әр түрлі санаттағы жарыстар мен оқу- жаттығу үрдістерімен, жаттығушылардың достығын, күш-жігері мен ұстамды мінезін қалыптастырумен тығыз байланысты.


Оқу-жаттығу үрдісі барсында әңгіме, лекция, мұражайға саяхат, театрға, киноға бару, «әйгілі спортшылармен кездесу ұйымдастыру қажет.
Спорт мектептерінде спортық-сауықтыру топтарын құруға болады. Жаттығушылардың сандық құрамын, оқу-жаттығу топтарының жұмыстары үшін бапкерлердің еңбек ақысын белгілеуді спорт мектебінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес спорт мектебінің әкімшілігі жүзеге асырады.
Спорттық-сауықтыру кезеңінің негізгі міндеттері- балалар ағзасын дұрыс дамыту және денсаулығын нығайту, есте сақтау, логикалық, ойлауын дамыта және тәрбиелей, келешекте тоғызқұмалақпен айналысатын дарынды балаларды іріктеу.
Бастапқы дайындық кехеңінің негізгі міндеттері ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, есте сақтау, логикалық ойлау, сараптаушылық пен интуициялық дайындық жүйесіне балалар мен жасөспірімдерді барынша көп тарту, өздігінше ойлау қабілетін тәрбиелеу, жалпы дене дайындығы және тоғызқұмалақ ойының негізгі техникасын меңгерту, және тұлғаның еріктік және адамгершілік- этикалық қасиеттрін арттыру, салауатты өмір салтына үгіттеу, денсаулығын нығайтужәне жасөспірімдердің денесінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.
Оқу-жаттығу топтарындағы дайындықтың міндеттері- тоғызқұмалақ ойынынң спорттық шеберлігін қалыптастырудың негізгі талаптарын орындау, бұған денсаулық жағдайы, жылдам ойлау әрі ұзақ уақыт есте сақтауды дамытуға бағытталған ақыл-ой қабілетін әрі қарай дамыту, есте сақтауды дамыту әдістері, тоғызқұмалақшының ойлау үрдісінде есте сақтаудың маңызы жатады.
Зейін, ерік және эмоция. Зейін-естің жағдайын анықтайтын психикалық белгі сияқты. Зейін тоғызқұмалақшының ойлауымен байланысты. Ерікті ынта- ықыласты реттеуші ретіндегі маңызы. Ұзақ уақыттық көғіл аудару қабілеті мензейін қою. Эмоциялық тұрақтылық және тоғызқұмалақшының оны сақтаудағы құралдары.
Тоғызқұмалақ ойының техникалық-тактикалық құралдарын жетілдіру, спорттық жетістіктерін арттыру мақсатында жарыстардан тәжірибе жинау, арнайы психикалық қабілеттерін тәрбиелеу.
Спорт мектептерінің алдына қойған мақсаты- спорттық жетілдіру және жоғарғы спорт шеберлігі топтарындағы жатықтырушылардың көрсеткіштерін жақсарту мен олардың Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамына енуі болып табылады.
Ұсынылып отырған бағдарлама спорт мектептерінде бар топтардың барлығын қамтиды.
Бастапқы дайындық тобына дәрігер-педиатордың рұқсаты бар тоғызқұмалақтпен ойнауға ықыласы бар жеі жасқа толған мектеп оқушысы қабылданады. Бұл кезеңде тоғызқұмалақ ойынынң дебюттерін, негізгі техникаларын меңгеруге бағытталған дене тәрбиесінің сауықтыру және тәрбие жұмыстары жүргізіледі және оқу-жаттығу кезеңіне өту үшін бақылау көрсеткіштерін орындайды.
Оқу-жаттығу кезеңінің топтары 1 жылдық қажетті дайындықтан өткен, жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша сынақ көрсеткіштерін орындаған дарынды балалардан құрылады. Оқу-жаттығу тобының келесі жылына көшірілуі әр топта өткізілетін арнайы дене дайындығы мен жалпы дайындық көрсеткіштерін тапсырғанда ғана жүзеге асырылады.
Спорт шеберліктерін жетілдіру топтары спорт шеберлігіне үміткер дәрежесі бар ойыншылардан құрылады. Бұл кезеңдегі оқушылардың келесі топқа көшірілуі арнайы берілген тапсырмалар мен әр түрлі санаттағы жарыстарда көрсеткен көрсеткіші бойынша анықталады.
Жоғары спорттық шеберлігі тобы спорт шеберлерінен, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінен елдің құрама команда мүшелерінен құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет