«Қазынашылық іс» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 баспа 11. 06. 2015 жыл «5В050900» «Қаржы» мамандығы студенттері үшін



жүктеу 1.18 Mb.
бет1/4
Дата17.07.2016
өлшемі1.18 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейдегі СМЖ құжаттары

ОӘК

ПОӘК 042-18-4.1.39/03-2015

«Қазынашылық іс» пәнінің оқу-әдістемелік кешені





№1 баспа 11.06.2015 жыл


«5В050900» «Қаржы» мамандығы студенттері үшін

«Қазынашылық іс»

ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2015



Мазмұны







Глоссарий






Дәрістер






Практикалық сабақ






Студенттердің өздік жұмысы














1. ГЛОССАРИЙ
Айлық есептік көрсеткіш - зейнетақы, жәрдемақы және өзгедей төлемақыларды есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық төлемдері мен басқа да төлемдерді қолдану үшін республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын белгіленетін көрсеткіш.

Аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекітетін, аймақтың (аумақтың) әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама.

Амортизация - негізгі құрал-жабдықтың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы жаңғырту үшін осы құрал-жабдық құнының бір бөлігін аудару.

Аннуитет - дүркін-дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсетеді.

Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) маслихатының шешімімен бекітіледі.

Әлеуметтік жеке код - азаматқа, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код.

Бағдарламалық қарыздар - халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөніндегі өздерімен келісілген іс-шараларын орындау шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе Қазақстан Республикасының ұлттық банкіне беретін қарыздары.

Басқа да міндетті төлемдер - бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер).

Бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.

Бересі- есептелген және мерзімде төленбеген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары.

Бірыңғай бюджеттік сыныптама - бюджет түсімдерімен шығыстарын сыныптама объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.

Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет тапшылығы (профициті) - таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең тапшылық (профицит).Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюд­жет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.

Бюджеттік бағдарлама — бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бағыттарын нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

Бюджетгік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі оған жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.

Бюджеттік процесс - бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемесін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюд­жет заңнамасымен реттелген қызмет.

Валюталық түсім-ақша — тауарлар мен қызметтер экспорты-нан, сондай-ақ халықаралық кредиттерден түскен шетел валютасы.

Диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетгі орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру.

Дивидендтер— акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; заңды тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар.

Дилер — бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.

Еркін экономикалық аймақ — шетелдік және ұлтгық кәсіпкерлер үшін ерекше жеңілдікті экономикалық жағдай қодданылатын ерікті экономикалық аймақ.

Ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.

Жалпы табыс — кәсіпорынның, фирманың өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы; тауарларды сатудан түскен түсім-ақша түсімі мен оларды өндіруге жүмсалған материалдық шығын арасыпдағы айырма ретінде айқындалады.

Жалпы ұлттық өнім — кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген құны болып табылады. ЖҰӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҰӨ қосылған құндарды жиынтықтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.

Жалпы ішкі өнім - аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (өнімнің тауарлардың, қыз-меттер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.

Инвестициялар — лизинг шартын жасаған кезден бастап ли­зинг заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді үлғайту.

Инвестициялык жоба — жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені.

Инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар.

Камералдық бақылау — салық төлеушілер берген салық есептемесін және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы жүзеге асыратын бақылау. Камерал­дық бақылау тікелей салық органының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

Кастодиан — бағалы қағаздар рыногының каржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құрал-дарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті зандарға және шартқа сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.

Кредитор— Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады. Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет етеді.

Кредиттік шарт — бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін, кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы келісім.

Кірістерді бөлу нормативі - кірістерді әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің арасында бөлудің пайыздық арақатынасы.

Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кұрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерді орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган.

Қазынашылық міндеттеме — ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі, ол иелерінің ақшалай қаражатты бюджетке аударғанын куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.

Қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатымен және коммерциялық емес ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатымен өтеусіз негізде берілетін мүлік.

Қаржы — ақша қаражатын, қаржы ресурстарын олардың жаса-луы мен қозғалысы, бөлінісі мен қайта бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай-ақ шарушылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды білдіретін қорытындылаушы экономикалық термин.

Қаржы есептемесі — егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.

Қаржы есептемесін бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемесін жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау.

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық форма­ция шеңберінде өмір сүретін қаржы қатынастары мен қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада — мемлекеттің қаржы мекемелерінің жүйесі.

Қаржы менеджменті - кәсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржы процестерін қалыптастыру және реттеу, жоспарлау, шешімдер қабылдау, өкімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды; демек, бұл ұғымның ауқымы тар мағынадағы қаржылық жоспарлау ұғымының ауқымынан кең. Стратегиялық қаржы менеджменті инвестицияларды және капитал құрылымын ұзақ мерзімді басқаруды қамтиды. Оралымды қаржы менеджменті өтімділікті қамтамасыз етуге жатады.

Қаржыландыру — ұлттық шарушылықты дамытуға, әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа және басқа қажеттерге жұмсалатын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; кәсіпорындардың, бірлестіктердің меншікті қаражаты, мемле­кеттік бюджеттен және басқа көздерден бөлінетін қаржы есебінен жүзеге асырылады.

Қарыз - жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттің қайтарма негізде және белгілі бір мерзімге ақшалай қаражат алуы. Қарыз пайызынсыз, жеңілдікті қарыз және коммерциялық шартқа негізделген қарыз, сондай-ақ ішкі және сыртқы қарыз түрлеріне бөлінеді. Қарыз мемлекеттің экономикалық саясатында кең пайдаланылады; мемлекеттің жеке және заңды тұлғалардан алған ішкі қарызы мемлекеттің ішкі борышын құрайды, мемлекет шетелден кредит алған жағдайда мемлекеттің сыртқы борышы құралады.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды тұлға; құрылтайшысы Үкімет болып табылатын акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Мемлекеттік кредит - кредит қатынастарының жүйесі, бұл қатынастарда мемлекет өз органдары арқылы қарызгер, ал жеке және заңды тұлғалар несиегерлер болып табылады. Мемлекеттік кредит арқылы қайтарымдылық негізінде мемлекеттің шығында-рын қаржыландыру үшін ақшалай қаражат шоғырландырылады.

Мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары.

Нақтыланған бюджет — атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.

Облигация - шығару кезінде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүліктік балама түріндегі нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.

Портфелдік инвестиция — қор рыногында конъюнктураның өзгеруіне қарай кейіннен сату үшін бағалы қағаздарды сатып алу; несиегерге тәуелсіз қарызгерге кредит беру. Портфелдік инвестицияның негізгі мақсаты – алып-сатарлықпен (қор рыногында ойнаудан) пайда алу немесе кредит бойынша пайыз алу.

Сақтандыру - сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Сақтық рыногы — сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы,бұл қызметтерді сақтық компаниялары көрсетеді.

Сақтық ұйымы (сактандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Салықтық бақылау - салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.

Салықтық тексеру - салық службасының органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңнамасының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетілген салық службасы органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші салықтық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.

Салықтық түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдер.

Секвестр- бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.

Сыртқы қарыз — қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.

Сыртқы сауда - Қазақстан Республикасынан тауарлар әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына тауарлар әкелумен байланысты сауда қызметі.

Тауар - айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі.

Трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер.

Ұлттық қор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері.

Хеджерлеу - коммерциялық және валюталық қатерден сақтандыру, оның мәні нақты тауарды ұқсас мерзімге сатумен бір мезгілде фьючерстік келісім шарттарды сатып алуда (сатуда) және тауарды нақты жеткізу мерзімі басталғаннан кейін кері операция жүргізуде. Хеджерлеуді пайдалана отырып, тауар иесі оның құнсыздануы салдарынан болатын шығасыдан сақтандырады, бірақ баға көтерілгенде ықтимал пайдадан бас тартпайды.

Эмиссиялық бағалы қағаздар — бір шығарылым шегінде осы шығарылым үшін бірдей жағдай негізінде орналастырылатын және айналымда болатын, біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаздар.

Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - заңнамалық актілерде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін бағалы қағаздар.

Эмитенттер — қодданылып жүрген заңдарға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

 

2. ДӘРІСТЕР: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің ториялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.


Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні. Мемлекеттің қолында бюджеттік ақшаларды орталықтандыру қажеттілігі. Ерекше бюджеттің арналымы.

Бюджеттің сипаттама белгілері қоғамдық тұрғыдағы ерекше категория ретінде.


  1. Мемлекеттік бюджет туралы ұғым, оның функциялары.


Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды
есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Бюджет қаражаттары есебінен өндірістің ұлғаюы, жалпы мемлекеттік көлемде резервті қорлардың пайда болуы, мемлекет шекарасы күзетіне шығатын шығындар, қарулы күштерді қамсыздандыру сияқты шығындар іске асырылады.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде екі функцияны атқарады: бөлу және бақылау.

Бюджеттік қатынастар аса көптүрлілігімен айқындалады және шаруашылықтың барлық деңгейлері республикалық және жергілікті бюджеттің, облыстық және қалалық бюджеттердің барлық деңгейлерін қамтиды.

Бақылау функциясы мемлекет қарамағына қаржы ресурстарының қаншалықты толық және қаншалықты тиімді қолданылатынын білуге мүмкіндік жасайды.


  1. Бюджеттің құрылымы.


Бюджеттің түсімдері - кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар болып табылады.

Бюджеттің шығыстары - шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Бюджет 7 бөлімнен тұрады:


  1. кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансферттер;

  2. шығындар;

  3. операциялық сальдо = 1-2;

  4. таза бюджеттік кредит беру = бюджеттік кредиттер -
    бюджеттік кредиттерді өтеу;

  5. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо =
    қаржы активтерін сатып алу – мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер (заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу);

  6. бюджет тапшылығы (профициті);

  7. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) =

(қарыздар түсімі + бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы) - қарыздарды өтеу.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет каражаты калдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет