Қазынашылықтың тарихы



Дата23.02.2016
өлшемі45.99 Kb.
Қазынашылықтың тарихы
Қазақстан нарықтық экономикада экономикалық қатынастарды дамытудың батыстық үлгісін таңдап алды. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы, инфляцияның көтерілуі, жұмыссыздық енді ғана аяғынан тұра бастаған жас мемлекетке үлкен сынақ болды.

Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын бақылау мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек еді. Осы кезде экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы басқармасын реформалау қажеттіліктері туды.

Осы міндетті мәселелерді шешу мақсатында 1994 жылы Қаржы министрлігі жанынан Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Бұл қаржылық жүйе мен бюджеттік мекемелердегі бухалтерлік есептің әдістемесі және сонымен бірге бюджеттік басқарылу функциясы берілген бюджеттің атқарудағы бірден-бір ұйым. Сонымен қатар, министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда мақсатты және мақсатсыз пайдаланылған  бюджеттік қаражаттарды тексеруге және сонда фактілерді айқындаған кезінде мақсатсыз пайдаланған қаражаттарды қайтарып алуға құзыретті болды.

Қазынашылық жүйесінің құрылуының алғашқы кезеңдерінде Ұлттық банктің есеп-айырысу кассаларының орнына аумақтық қазынашылық басқармалар құрылды. Олар бюджеттік қаражаттың түсуін және оны мемлекеттік мекемелердің  шотына аударылуын қадағалап отырды.   Аумақтық басқармалар ҚР Ұлттық банкінің мекемелерінің ағымдағы шоты мен шығындарын толық есептейтін заңды тұлға болып табылды.

1995 жылы Қазынашылық әлемдік тәжірибеге сәйкестендірілген Қазақстан Республикасы бюджетінің шығындары мен кірістерінің жаңа бюджеттік классификациясын жасап шығарды. Сонымен бірге, қазынашылық жүйенің функционалды бөлігі жасалды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлттық Банкінің есеп-айырысу кассаларының орталықтары Қазынашылықтың базасында құрылған Бюджеттік банктің қарауына берілді. Бұл банк -  бөлімдері мен облыстық қазынашылық басқармаларының бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді, бюджеттік ұйымдардың төлемдерінде жаңа технологияларды пайдалану бірнеше сатыға жоғары болды.

Қазынашылықтың қаржылық жүйесін дамытуда ерекше айтылатын жұмыстарының бірі – ол 1996 жылы маусым айындағы Ұлттық банкте Қазынашылық бірлестігі шотын ашу болып табылады. Оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттің ақша қаржылары шоғырландырылды.  Қазынашылық БҚШ (Біріккен қазынашылық шоты) арқылы төлеу механизімін, бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасады. Әр күн сайынғы БҚШ арқылы алынған ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметіне және басшылыққа жіберіледі.  Сондықтан да, күн сайын бюджеттің жағдайы: кірістер, шығындар, республикалық және облыстық қаржы құрылымындағы қалдықтар бақыланып отырады.

1998 жылдың қаңтар айынанда Бюджеттік банкінің жойылуына байланысты, оның бюджетті атқару қызметтері аумақтық қызынашылық органдарына берілді.

2003 жылы қазынашылық органдары ORACLE бағдарламасы негізінде әзірленген жаңа ақпарараттық жүйеге көшіру іске асырылды. Осы уақыттан бастап Қазынашылықтың барлық аумақтық органдары республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттерге касалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, бірыңғай ақпараттық ортада жұмыс істеуде. Жаңа жүйе мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейде орындалуын іс жүзінде бақылауға және негізделген қаржы-экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Жүйе бюджет қаражатының аударылуын нақты уақыт режимінде белгілеп, оның мақсатты жұмсалуына бақылау жасайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 29 қыркүйегіндегі №1449 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1129 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында бекітілген ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитет туралы  Ережесіне сәйкес Қазынашылық комитетіне ҚР Қаржы министрлігі орталық аппаратынан республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын енгізу; несие мен қаржылық мөлшердің бюджетке қайтарылымын беруде республикалық бюджетке назар аудару; үкіметтік және мемлекеттік кепілдік берген борыштық міндеттемелер мен талаптардың есебін және үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету; жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу және сақтау – мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын игеру және шығыс есебінің мониторингі; Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды басқаруда республикалық бюджетке борыштанушыларды талаптармен бақылау сияқты жаңа міндеттер берілді.

2008-2011 жылдары «Қазынашылық-Клиент» мемлекеттік мекемелермен электронды құжат айналым жүйесі дайындалып, іске қосылды. Бұл жүйе қаржы құжаттарын қабылдау және өңдеуге қатысты қазынашылық функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік тудырды.

2010 жылы Кеден одағына мүше мемлекеттер: Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы Келісім шегінде кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен бөлу тетіктері енгізілді.

2011 жылы Астанада PEMPAL халықаралық қазынашылық қауымдастығы бағдарламасының аясында «Қазынашылық операцияларында ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Аталған семинарға алыс-жақын 23 шет елден сарапшылар қатысты.

2012 жылдың бірінші тоқсанында бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін қазынашылық органдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына қызмет көрсетуді бастады.

2013 жылғы шілдеден бастап қазынашылық органдарында жергілікті өзін-өзі басқару шоттарын ашу және оған қызмет көрсету басталды.

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қазынашылық органдары белсенді қатысқан, республикада мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептерін Қоғамдық секторға арналған қаржылық есептердің халықарлық стандарттарына сәйкес есептеу әдісіне көшіру іске асырылды.

2013 жылғы сәуір айында Киев қаласында Қазынашылық комитеті және Федеральды Қазынашылық (Ресей Қазынашылығы) арасында Техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Нәтижеге бағытталған бюджетті енгізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, Қазақстанда мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін Қоғамдық секторға арналған қаржылық есептердің халықаралық стандарттарына (ҚСҚЕХС) сәйкес реформалау жөніндегі іс-шаралар жүргізілді және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметтері есепке алудың кассалық әдісінен есептеу әдісіне көшірілді.



2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазынашылық республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған алғашқы бухгалтерлік балансты қалыптастырды және 1 шілдеге алғашқы шоғырландырылған қаржылық есептілік алынды.

2013 жылғы желтоқсанда Қазынашылық комитеті және Украина мемлекеттік қазынашылығының арасында техникалық әріптестік туралы Келісімге қол қойылды.
Каталог: irj
irj -> 2011 жылғы 1 жартыжылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
irj -> 6. Талдамалы жазба ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы №452 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»
irj -> 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
irj -> Жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі
irj -> Құрметті Қабиболла Қабенұлы! Құрметті депутаттар!
irj -> Қаржы министрі Б. Т. Сұлтановтың 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бойынша Парламент Сенатында таныстырылымына баяндамасы
irj -> "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы n 357 Жарлығы
irj -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет