-de – егер сөз дауыссыз немесе ашық дауыстылардан кейін және де сөздің
соңғы дауыстысы e,i,ö, üәріптері болса жалғанады. Мысалы: evde-үйде т.б. -ta – ç,f,h,k,p,s,ş,t әріптерінен және сөздің соңғы дауыстысы a, ı, o, u әріптері болса жалғанады. -te – ç,f,h,k,p,s,ş,t әріптерінен және сөздің соңғы дауыстысы e,i,ö, ü әріпі
болған жағдайда жалғанады. [5; 68]
Жатыс септігінің тәуелді септелу үлгісінде –нда жалғауы жалғануымен
ерекшеленеді. Мысалы үй – үйімде, ел – елінде т.б.
Шығыс септік (Ayrılma hali).Ескерткіштердегі шығыс септігі
қимылдың шығу орнын, мекенін білдіріп, -тан, -тен, -дан, -ден, (-тын, - тін) қосымшалары арқылы жасалады. Ескерткіште шығыс септігі сирек
кездеседі. [2; 75] Мысалы: беріден – беріден, айырдан-алдынан т. б.
Бұл септік іс-амал, қимыл-әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілін,
мөлшерін басқа да әр қилы мағыналарды білдіріп, кімнен? неден? деген
сұрақтарға жауап береді. Мысалы: әкемнен әліп биді үйде оқыдым (С.Торайғыров); Кӛз кӛруден тыйылмас, кӛңіл сенуден тыйылмас (мақал); Шегірткеден қорыққан егін екпес (мақал). Қазіргі түркі тілінде де бұл септік шығу орнын білдіріп, Kimden? Nereden? Neden? сұрақтарына жауап береді. -dan, -tan, -den, -ten жалғаулары
арқылы жасалады.
WWW.ENU.KZ
-dan – егер сөз дауыссыз немесе ашық дауыстылардан кейін және де
сөздің соңғы дауыстысы a, ı, o, u әріптері болса жалғанады. Мысалы:okuldan – мектептен т.б. -den – – егер сөз дауыссыз немесе ашық дауыстылардан кейін және де
сөздің соңғы дауыстысы e,i,ö, üәріптері болса жалғанады. Мысалы:şehirden – қаладан т.б.