Қазіргі қазақ орфографиясындағы мәселелер



бет13/14
Дата12.11.2022
өлшемі101.5 Kb.
#464657
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
қиындықтар

ы, і қысаңдарын редукциялап жазғанда семантикалық қарсылыққа ұшырайтын мына сияқты сөздерге қатысты: ауыл – ауылы, көңіл – көңілі, бауыр – бауыры, жиын – жиыны, сайын – сайыны, жайын – жайыны, ақыл – ақылы. Сондықтан емле сөздігінің 2000ж. басылымы екі орфограмманы да норма ретінде ұсынды. Алайда ауылы, бауыры, көңілі, ақылы, жиынынұсқаларын заңдастырудың негізі бар деп білеміз.
ІII-сатыға біріккен сөз жігінде қатар келген екі дауыстының қысаң дауыстысын түсіріп жазу үрдісі алынады. Мысалы, 1988ж. емле сөздігінде саратан, сарауру, сарбалақ, сарбуын, сарбұға, саргідір, сарқұлақ, сарсолма, сарсу, сартабан, сартаңдақ, сартап, сартұқым, сарүйек, саршұнақ, өлара, алтатар, 2000ж. сөздікте ешкемер, алтаяқ, саптаяқ, сарағаш, сарөрік, келсап, кертартпа, жақсат (2000ж.) сөздері ы, і-сіз заңдастырыла бастады. Жалпы, бұрын қазақ емлесі морфологиялық принципке құрылған, ал морфологиялық принцип сөздің түбірін сақтап жазу деген ұғым біріккен сөздердің түбірін сақтап біріктіруді (кіріктіруді емес) заңдастырды. Алайда әсіресе екі түбір жігіндегі қос дауыстының (алааяқ)немесе қысаң мен ашық дауыстының (сарыала)біреуін, оның ішінде ашық дауыстыны ғана таңбалау (!) үрдісі көбейді. Осыны ескеріп, емле сөздіктері қысаң дауыстыны және екі ашық дауыстының біреуін түсіріп жазуды нормалай бастады. Бұл қазақ орфографиясының түбір, не түбір мен қосымша жігінде фонетикалық принципті ұстанатынынан шықты. Алайда біріккен сөздің жазба тұрпаты сөздің этимологиясынан ақпарат беріп тұруы шарт деп санаймыз. [сармай], [сарсазан], [сарсұу] деп айтылатын сөздердің сары түбіріне қатысын жазу ғана сақтап, тіл қойнауына апара алады. Сондықтан сарымай, сарысазан, жақсыат, келісапдеген орфограммалардың заңдастырылуы заңды болар еді дейміз.
ІV-саты. /ы/ - әрпінүнемдеп жазудың келесі сатысы бітеу буын аралығында келген қысаңдарға байланысты: Мысалы: қызмет, сахна, сіңлі, ресми, рақмет, құрмет, емле, мемлекет, ауру, бағлан, тарлан, жарлық, жирен, зәулім, қайрылу, құрлық, лоблу, мақлұқат, мақрұм, мәкрүк, мәслихат, саңдақ, тәурат, емеурін, саңлақ, медресе, бұйрық, құрлық, мағлұм, мағлұмат, айрық, айрықша, даурық, қайрақ, сәурік, самаурын, қайны, салбурын, наурыз, бурыл, тегеурін, мойнақ, мейлінше, арлан, ғибрат, ғұрлы. Сонда фонемалық (ақпараттық) мәні жоқ, таңбаланбауы мазмұнға нұқсан келтірмейтін әріптерді түсіріп жазу болашақ жазу бағыттары үшін негізгі үрдіс болу керек дейміз. Енді қысаңдар түсірілмей жазылатын жоғарыдағыдан айырмашылығы жоқ мына сөздерге назар аударайық:сүмірей, кекірік, құбыла, топырақ, айырыл, жымырай, әзірейіл, бекіре, қазымыр, аңызақ, еңіре, ақырет, қымыран, мағына, дәрігер, қорытынды, әділет, бекіре, ақырын, атырап, әбілет, емірен, жағылан, жамыра, жебірейіл, жұдырық, запыран, кекілік, көкірек, қойылым, қаңыра, қапырық, құмыра, тоқыра, мекіре, құбыла, мәжіліс, тоқырауын, құбылыс, шақырым, ықылым, ыңыран, ысырап, ібіліс, оқыра, омырау, саңылау, тәжірибе, текірек, шатыраш, шежіре, шүңірей, ықылас, ықылық, ғылыми, бүкірей, иірім, ерітінді, басылым, көрініс, жұмырық, сауырын, жайылым.
Қазақ тілінде тірек дауыссыз ретінде дауыссыздардың жуан езулік үндесім варианты алынатынын еске алсақ (б

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет