Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы ғылымы, зерттеу нысаны, салаларын сипаттаңыз


Қазақ тілі фонетикасының зерттелуіндегі қазақ ғалымдарының пікірлерін топтастырыңыз



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі122.08 Kb.
#486664
түріҚұрамы
1   2   3
fonetika emtihan suraktar (копия) (копия) (копия)

3.Қазақ тілі фонетикасының зерттелуіндегі қазақ ғалымдарының пікірлерін топтастырыңыз.
ХХ ғасыр басында қазақ тіл білімі қазақ топырағында каз-қаз басып,қанатын қомдап, бірте-бірте ғылым айдынына шыкты. Мұның көш басында қазақ халкының «рухани көсемі»,қазақ тіл білімінін атасы, қазақтың ұлы перзенттерінің бірегейі А. Байтұрсынұлы (1873-1937) тұрды.
А. Байтурсынұлы 1912 жылы «Айкапта» «Жазу тәртібі» дейтін мақала жазып, сол тұстағы оқудың жайына тоқталады; орысша, мұсылманша сауат ашуға көп уақыт кететінін, оның қиындыктарын айтады.«Оқу құралының ең ұлығы - бала оқытатұғын кітап»оқу құралының «балалардың жанын қинамайтын»болу керек дейді. Ондай оқулык жасау үшін алдымен жазу жөнделу керек, дыбыстар анықталып, «сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әрпін жазу керек», - дейді. Оның айтуынша, «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар», «оныц бесеуі дауысты, екеуі (й, у) жарты дауысты, 17 дауыссыз. Мақалада осы дыбыстарды жазу үшін өзі ойлап тапқан таңбаларды тәптіштеп түсіндіреді. Мәселен, жарты дауысты й, у тек «дауысты дыбыстардың соңында айтылады»,- дейді. Біз ғой оларды дауыссыздармен де тіркеседі, сөз басында тұрады деп жүрміз.
А. Байтұрсынұлының 1914 жылы «Тіл құралы» атты еңбегі жарық көрді. Мұнда ол тұңғыш рет қазақ тілініц фонетикасы мен морфологиясын оқулық түрінде жүйелеп, түсіндірді; тілдік ұғымдарға тыңнан атаулар (терминдер) ойлап тапты, сынау, дағдыландыру деген атпен жаттығулар ұсынды.
Ол бірнеше сөйлемнен тұратын мақал, жыр жолдарын алады да, оларды сөйлеу деп атайды. Әрі қарай сөйлеу сөйлемнен, сөйлем сөзден, сөз буыннан, буын дыбыстардан тұратынын нақты мысалдармен көрсетеді.«Дыбыс таңбасын харіп деп атаймыз... Дыбыс hәм харіп екеуі екі басқа», дейді.Дыбыстардың санын, мақаласында анықтағандай, 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты деп алады. Дауыстыларды іштей жіктемейді. Ал дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөледі.
Мамандығы дәрігер бола тұрып, ғылымның түрлі саласында татымды еңбек еткен Досмұхаметұлы Халелді (1883-1939) тіл зерттеушісі ретінде бөле-жара айту керек болады.Алғаш «Шолпан» журналында мақала түрінде жарияланып, 1924 жылы жеке кітап болып шыққан «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм» деп аталатын еңбегін қазақ, тіл біліміндегі тұңғыш кең ауқымды ғылыми зерттеу деуге әбден болады. Мұнда қазақ тілінің дыбыс жүйесі, сингармонизм, оның ішінде тіл үндестігі егжей-тегжейлі айтылған. Әсіресе кірме сөздерді игерудің жөн-жосығы жақсы баяндалған. Халел дауыстылардың саны – тоғыз. «Тоғыз жуанды, жіңішкелі дауысты дыбыстар сөздің жанды тамыры есебінде болып, сөздің әуеніне тірек болатын болғандыктан, бұлардың барлығына бірден тоғыз әріп белгіленді» дейді де, оларды жуан, жіцішке, еріндік, езулік деп қазіргіше бөледі.
Ерін үндестігін «еріндік үндестік заң» дейді. «Бұдан 70-80 жылдар бұрын сөзімізде еріндік дыбыстардың үндестіті күшті болған. Сөздін бас буынында бір еріндік дыбыс болса, аяғына шейін ерін үндестігін сақтап айтатын болған. Соңғы кезде бұл еріндік үндесті заң өзінің айтылысын өзгертін, айни бастайды» дейді, алайда айну себебін айтпайды.«Еріндік дыбыстардың үндестіті күшті болған» тұс, шамасы,Н. Ильминский, В. Радловтар еңбегіне негізделіп айтылса керек.
Дауыстыларды «еркін дауыстылар» (а, е, о, о,ә ), кысаң дауыстылар (ұ,ү,ы,і) деп екіге беледі. «Еркін» деп отырғаны - қазіргі ашық дауыстылар.
Үндестік заңын «елікті заң» деп, оның екіге бөлінетінін айтады: 1-итіншек еліктіру, 2-тартыншақ еліктіру (бұлар қазіргі ілгерінді және кейінді ықпал).

4. Қазақ тілінің фонетикасын зерттеуде қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз.


Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін (метод) қажет етеді. Олай болатыны, фонетика бір жағынан акустикалық (немесе физикалық) аспекті тұрғысынан акустикамен, екінші жағынан физиологиямен (сондай-ақ анатомиямен де) байланысты болып келеді де, бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер мұнда да қолданылуға тиіс. Әдетте мұны эксперименттік әдіс дейді де, сонымен байланысты қарайды. Бұдан апаратсыз эксперимент болмайды екен деген ұғым тумауға тиіс. Фонетика саласынан мынандай бір қарапайым мысал алып қарастырайық: қазақ тілінде дыбыстарды калыптасқан орны, үндесу заңдылықтары бар. Соның бірі қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді. Бұл заңдылықты елемей, қатаңан кейін ұяң дыбыстарды айтып, көрейік: ат-дың, ат-ға, ат-да. Әдейі бұзу үшін болмаса, бұлай айту қазіргі қазақ тілінде мүмкін емес. Фонетиқалық көптеген тұжырымдар айту мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген.Дегенмен, дыбыстардың акустикалық мінездемесін күшін, қарқынын, созыңқылығын, сондай-ақ оның артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті апараттардың көмегімен карастыру керек.
Экспериментті (грекше - байқау, тәжірибе) фонетика (дұрысы, экспериментті-фонетикалық әдіс) - сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды қолдану арқылы зерттеу.
Экспериментті-фонетикалық әдісті екі үлкен топқа бөліп қарастырған жөн:
1) акустикалық әдіс аркылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады; 2) физиологиялық әдіс нечесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны, оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады.
Бұл әдістердің әрқайсысы пайдаланылатын құралдың (аппараттың) түріне қарай іштей бірнеше әдіске ажырайды. Сонда:
Акустикалык әдіс: 1. Кимографтық әдіс; 2. Осциллографтық әдіс; 3. Спектрографтық әдіс.
Соматикалық әдіс: 1. Палатографтық әдіс; 2. Рентгенографиялық әдіс; 3. Кинофотоға түсіру әдісі.
Экспериментті фонетика қазақ тіл білімінде де кең қолданылуда.

5. Дыбыстың физикалық қасиеттері, дыбыс туралы ұғым.


Дыбыстың жасалуы. Дыбыс атаулынын кандайы болса да серпінді (соғылмалы) заттың вибрациялық кимылынан пайда болады. Тілдегі дыбыстар да — күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінен пайда болатын құбылыс. Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінен өзінің ырғағы, күші, әуеніне карай дыбыстар әр түрлі болады. Тілдегі дыбыстардың түрлерін, кейбір қасиеттерін: олардың ырғағы, күші, әуеніне карай білуге болады.
Дыбыс ырғағы. Ол бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Неғүрлым діріл мөлшері көбейсе, соғұрлым дыбыс ырғағы күшейеді де, керісінше, неғүрлым діріл мөлшері азайса, соғүрлым дыбыс ырғағы да әлсірейді. Бір секунд ішінде кемінде 16 рет, көп дегенде 20 000 рет дірілдің нәтижесінде болған дыбыс қана құлақка естіле алады. Тілдегі дыбыстардың ырғағына қарай сөздің, сөйлемнің интонациясы және мелодикасын білуге болады. Үнді (музыкалык) екпінді де осы ырғақ арқылы аңғаруға болады.
Дыбыс күші бір секунд ішіндегі дірілдің қарқынымен байланысты. Неғұрлым діріл қарқыны (амплитудасы) көбейген сайын, соғұрлым дыбыс күші үлғая түседі. Дыбыс күші, діріл амплитудасы көбейген сайын, дыбыс жіңішке (ащы) шығады да, керісінше, кеміген сайын дыбыс жуан (солғын) шығады. Дыбыс күшіне қарай тілдегі лепті (динамикалық) екпіннің сырын білуге болады.
Тілдегі дыбыстар негізгі тон және көмекші (обертон) немесе (парциальды) тоннан тұрады. Өзінің ырғағы мен күшіне қарай, көмекші тон (обертон) негізгі тонмен тығыз байланысты болады: арнаулы бір дыбыстың (көбіне дауыстының) өзге дыбыстан айырмасы көмекші тон арқылы байқалады; көмекші тонмен байланысты дыбыстың қасиеті дыбыстың әуені деп аталады.
Тілдегі дыбыстардың бір саласы тонмен байланысты : бұлар — дауыстылар. Енді бір саласы салдырмен байланысты: олар — дауыссыздар. Дыбыс тонымен байланысты дыбыстар (дауыстылар) музыкалы болып келеді де, салдырмен байланысты дыбыстарда (дауыссыздарда) бұл қасиет болмайды.
6. Дыбысты қарастырудың аспектілерін атаңыз.
Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде (лат. aspestus -- көзқарас, түр, сипат) қарастыру керек Олар: анатомия-физиологиялық (немесе биологиялық) аспект, акустикалық (немесе физикалық) аспект жане лингвистикалық (немесе функционалдық) аспект.
1. Анатомия - физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол - дыбыстау органдарынан шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады.Мәселен, а дегенде дауыс шымылығы дірілдейді, тіл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай керіліп, (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Маселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.
2. Акустикалық (немесе физикалық) аспект. Табиғаттағы кез-келген бір заттың қозғалуынан дыбыс пайда болатыны сияқты тіл дыбыстары да физикалық құбылысқа жатады. Дыбысталу ерекшеліктерін, оның жалпы заңдылықтарын физиканың акустика саласы қарастырады. Акустика дыбыстың ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы т.б. мәселелер туралы мәлімет береді. Ауа тербелісінен дыбыстың ырғағы пайда болады да, тербеліс жиі болса, солғұрлым дауыс ырғағы да жоғары болады. Тербеліс қарқыны көбейген сайын дыбыс күші де арта түседі. Ал дыбыс әуені негізгі тон мен көмекші тонға байланысты. Негізгі тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал тамақ, ауыз қуысының резонаторлық қызметінен көмекші тон (обертон) пайда болады. Бір дыбыстың екіншісінен өзгеше болуы да осы көмекші тонға, яғни дыбыс әуеніне байланысты болады. Дауысты дыбыстар тонмен байланысты болса, дауыссыз дыбыстар салдырға тәуелді. Дыбыс шығарудағы ауаның тербелісін кимограф, осциллограф, интонограф сияқты т.б. техникалық аспаптарға түсіріп, әр түрлі толқынды ирек сызықтар түріндегі суретін де көруге болады. Сонымен тіл дыбыстарының айтылуын, яғни физикалық қасиетін акустикалық аспект тұрғысынан қарастырамыз.
3. Лингвистикалық (немесе функционалдық) аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана өмір сүреді. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық, құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвитикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспектінің табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар түрінде қараса да болады.Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.

7. Қазақ тіліндегі фонема, дыбыс,сингармема туралы түсінік беріңіз.


Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазуынан гөрі айтуы, оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Тіпті үндемей ойлау, оқу, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы - дыбыс. Әріп - сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әртүрлі (маселен, д, d, > , т. б.) өрнектей беруге болады. Өзімізге мектептен таныс қағида: дыбысты айтамыз және есітеміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу, айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады. Тіл дыбыстары адамның дыбыстау мүшелерінің қызметініц жемісі. Дыбыс - тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал оларды белгілі бір тілде қалыптаскан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстар --тілдіғ мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалдар қызметін атқарады.
Фонема — (гр.Phonema-дыбыс) сөздер мен морфемалардың бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функционалды единицасы. Сөзді дыбыс емес фонемадан құралады деуге болады.Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған – орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. Осы уақытқа дейін түркология, соның ішінде қазақ тіл білімінде де фонема өз қолдауын тауып келеді. Тіліміздің дыбыстық жүйесін тыңғылықты зерттеп жүрген Ә.Жүнісбеков осы ұғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін түркологтардың ішінде алғаш аңғарды. Ол индоевропа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік шығыс тілдерінде фонема сәйкес келетінін, ал құрылым жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тілдерінде бұған сингармема (синема) деген атаудың лайықты болатынын дәлелдеді. Мұның өзі біздің тіліміздегі ең қиын заң сингармонизмнен туындайтынын аңғару қиын емес. Олай болса фонеманың баламасы- үндеспе(сингармема)болады.

8. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І. Кеңесбаев, С. Мырзабеков, Ә, Жүнісбек, т.б.ғалымдардың қазақ тілі фонетикасына қосқан еңбектерін атаңыз.


1)І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» 1975 ж.
2) С.Мырзабеков «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» 1999ж.
3) С.Мырзабеков «Қазақ тілінің фонетикасы» 1993 ж.
4) С.Мырзабеков «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» 2006 ж.
5) С.Мырзабеков «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» 2013ж.
6) Ә.Жүнісбек «Қазақ фонетикасы» 2009 ж.
7) Ә.Жүнісбек «Қазақ тіл білімінің мәселелері» 2018ж.
8) А.Байтұрсынұлы «Тіл құралы» 1912ж.
9) Қ.Жұбанов «К постановке исследования истории фонетики казахского языка»
10) Қ.Жұбанов «Қосар ма, дара ма?» 1935ж.
11) Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің грамматикасы» 1936ж оқулығының фонетика бөлімі

9. Қазақ тіліндегі тіл дыбыстары.


Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі - қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары алдымен даустылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым - белгі, ерекшеліктер мынадай болыш келеді.
1) Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауссыздар, керісінше, салырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
2) Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, каркынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерініц барлығы дерлік қатысады.Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай керіліп, (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Маселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.
3) Дауыстылар буын құрайды, дауссыздар құрамайды.Мұның өзі - дыбыстарды жіктеудегі басты айырым белгі.
4) Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.
5) Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокаль)дауыстылардың осы қасеиіне негізделеді.
6) Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады.
Жоғарыда ат, ет, от, от создерінін құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт турлі реңге ие болатыны айтылды. Сондай-ак дауыстылар қатаңды ұяңдатып тұрады. Мәселен: қабы (қап-ы), қарағой (қара қой), ағ ешкі (ақ ешкі)т. б.
Орыс тілінде керісінше, дауыстыларға дауссыздардың ықпалы күшті болады.

10. Дыбыс және әріп.


Сөздін айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл - жазылған (көзбен көріп отырған) тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу. Ал айту (сөйлеу) оның шылауында кете береді. Тілдің фонетикалық құрылысын дұрыс меңгеру үшін алдымен осындай қате түсініктен арылу керек.
Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазуынан гөрі айтуы, оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Тіпті үндемей ойлау, оқу, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы - дыбыс. Әріп - сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әртүрлі (маселен, д, d, > , т. б.) өрнектей беруге болады. Өзімізге мектептен таныс қағида: дыбысты айтамыз және есітеміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу, айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады. А. Байтұрсынов өзінің алғашқы «Тіл - кұрал» деп аталтын еңбегінде (1914 ж.) осыны айрықша қадағалап айтқан:«Дыбыс таңбасын қаріп деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қаріп бар дейміз. Дыбыс пен қаріп екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс.Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қаріп көрінетін, естілмейтін нәрсе»!Содан бері 80 жыл өтті. Алайда осы бір қарапайым қағиданы әлі күнге пайымдай алмай келеміз. Фонетика оқулығының өзінде әріп пен дыбыс бірінің орнына бірі талғаусыз қолданып жүр.
Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен, о,ө,ұ,ү), кейде бір әрін (маселен, ю, я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні жоқ.
Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен айтылуының арасында ала-құлалық тудырады. Мәселен, адам, ана, жер, кісі, ойла, ат, қара, қызыл, кел, ескер, мен т.б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы, көзсіз дегендер айтуда оқұ, ойламба, тоңға, башшы, көссүз түрінде болады. Әңгіме дыбыс туралы болған кезде әр кез сөздің айтылуы ескеріледі.

11. Қазақ тіліндегі дыбыстардың дауысты және дауыссыздарға жіктеудің ұстанымдары, ерекшеліктері.


Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі - қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары алдымен даустылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым - белгі, ерекшеліктер мынадай болыш келеді.
1) Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауссыздар, керісінше, салырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
2) Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, каркынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерініц барлығы дерлік қатысады.Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай керіліп, (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Маселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.
3) Дауыстылар буын құрайды, дауссыздар құрамайды.Мұның өзі - дыбыстарды жіктеудегі басты айырым белгі.
4) Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.
5) Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокаль)дауыстылардың осы қасеиіне негізделеді.
6) Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады.
Жоғарыда ат, ет, от, от создерінін құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт турлі реңге ие болатыны айтылды. Сондай-ак дауыстылар қатаңды ұяңдатып тұрады. Мәселен: қабы (қап-ы), қарағой (қара қой), ағ ешкі (ақ ешкі)т. б.
Орыс тілінде керісінше, дауыстыларға дауссыздардың ықпалы күшті болады.

12. Қазақ тіліндегі дауыстылардың( вокализмдердің) зерттелуі, ғалымдар пікірлері.


Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, оның ішінде дауысты дыбыстары жөнінде алғаш пікір айтқандар орыс ориенталистері болды. Атап айтқанда, Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов т.б. Олар қазақ тіліндегі дауыстыларды тап басып, дәл анықтай алған жоқ. Қайсыбірі а мен ә-ні, е мен і-ні ажырата алмай, енді біреулері й мен у-дауыссыздарын көрші дауыстылармен біріктіріп әуре болды.

Қазақ тілі фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н. И. Ильминский еңбегінде айтылады. 1860 жылы Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргизкого наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162 - беттік еңбектің 140 беті қазақша - орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор қазақ тілі, оның дыбыстық және граматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен қатар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғащқы пікір айтылған. Н. И. Ильминский қазақ тілдің дыбыстық құрамы 8 дауыстылардан және 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, ө, ү, ұ, д, п, б, м, у,т, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Н. И. Ильминский а және ә дыбыстарын бір фонема деп қарастырған. H. И. Ильминскийдің сөздігі - тұңғыш қазақша - орысша сөздік болуымен құнды және автор өзінің еңбегі арқылы осы күнгі орыс графикасыпа негізделген қазақ жазуының негізін салды. Оның еңбегінде қолданған кейбір қосымша таңбалар ғана өзгеріске ұшырады..


A. В. Страчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген. Алайда ә, е дауыстылары э, и түрінде таңбаланып, й, у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, ал в, и түрінде таңбаланып, й, у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, ал в, һ әріптері ол кездегі дыбыстық бейнесі болмағанмен еңбекке ендірілген. Бұлдұрұқ, бүлүндүр, күйкүлжұған, күлтөленгөн, дауұл сияқты кітаптың сөздігіне енген сөздерде ерін үндестігі жақсы сақталған.
Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В. В. Радлов еңбектерінен басталады. Түркі тілінің бір тармағы болып келетін қазақ тілін және оның салаларын зерттеуде В.В.Радловтың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарық көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұнда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түріктанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Сонымен қатар дауыссыздардың тіркесу заңдылықтарын анықтаған.
Қазақ даласындағы мәдени дамуға өз үлестерін қосуға атсалысқан кез келген Қазақстан азаматы қазақ тіліндегі оқулықтар мен қазақ тілінің жазуына,оның граматикалық құрылысына байланысты өз пікірлерін жиындарда, газет беттерінде жариялап отырды. Осындай тарихи кезеңде туып, қазақ мектебіне арналған алғашқы әліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес қосқан қоғам қайраткері, зерттеуші А. Байтұрсынұлы.
А.Байтұрсынұлы 1912 жылы «Айқапта» «Жазу тәртібі» атты мақала жазып, сол тұстағы оқудың жайына тоқтала келе: «Оқу кұралының ең ұлығы - бала оқытатұғын кітап» дейді. Бұл мақалада «бала жанын қинамайтындай» оқулық жасау үшін, ең алдымен дыбыстарды анықтап, жазуға мән беру керектігін, сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әріпін жазу керектігін айтады.
Ол «Айқап» журналында жариялаған «Жазу тәртібі» деп аталатын алғашқы мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е»,- деп анықтаса, осы пікірін кейінгі оқулықтарында, 1927 жылы жазған «Дыбыстарды жіктеу туралы» деген мақаласында қайталайды. Бұдан А.Байтұрсынов жіңішке дауыстыларды ескермеген деуге болмайды.
Ол: «Дауыста дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады»,- дейді де, сөздің алдында дәйекше(арнайы белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз»,- дейді. Яғни 4 жуан дауыстының 4 жіңішке сыңары болатынын әсте ұмытпаған. Ал бес дауысты, бес әріп сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген.
Қысқасы, А.Байтұрсынов өзі атап айтпаса да, оның жазғандарынан қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде сол кезде 9 дауысты дыбыс болғанына анық көзіміз жетеді. Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і.
1940 ж. криллицаға көшкеннен кейін орыс тілінен енген терминдердің қалпын сақтап жазуға көңіл бөлінді де, вокализмдердің санын жасанды түрде көбейтті. Осыған орай С.Аманжолов "Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек", "Жаңа алфавит принциптері" атты атты мақалаларында вокализмдердің санын 14-ке көбейтті. Алдыңғы 11 дауыстының үстіне э,ю,я дыбыстарын қосып, оларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң деп бөліп тастады.
Осы жылы М.Балақаевтың үлкендер мектебіне арналған "Қазақ тілінің грамматикасы" 3-рет өңделіп басылды. Мұнда дауыстылардың саны – 13 (а, о, ұ, ү, і, э(е), у, и және я, ю)
1944 ж. Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаевтардың педучилище оқушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған оқу құралы – "Қазақ тілінің грамматикасы" жарық көрді. Бұлар дауыстылардың санын 12-ге түсірді, бұрынғы 11-ге қосқаны тек – э.(а, ә, о, е, э, ұ, ү, ы, і, и, у)
Педагогикалық училищилерге арналған «Қазақ тілі» оқу құралында да (1953ж.) Н.Сауранбаев дауыстыларды осы қалпында қалдырды.
1954 ж. "Қазіргі қазақ тілі" деген атпен көлемді еңбек жарық дүниеге келді. Бұл қазақ тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы, жеткен биігі іспетті. Мұның 80 беттік фонетика тарауы академик І.Кеңесбаевтың қолынан шыққан. Мұнда дауыстылардың саны – 11. Тоғызы монофтонг, екеуі (и, у) дифтонг. Бұдан соң дауыстылар төңірегіндегі дау-дамай саябырлап, бір ізге түскендей болды.
Белгілі тіл маманы Кәкен Аханов та "Тіл біліміне кіріспе"(1973) оқулығында 11 дауысты дыбыс бар деп қолдады.
Осы кезге дейін айтылған пікірлер мен көзқарастарды пікірлеп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жаңа қырынан зерттеп жүрген фонетист Әлімхан Жүнісбеков "Строй казахского языка.Фонетика" атты еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты дыбыс бар деп көрсетті.
Тәуелсіздік алғаннан кейін ғылым, білімімізді сараптап, саралап, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ керек еді. Бұл тілге ауадай қажет. Амал не, баяғы 11 дауыстымен докторлық қорғатып, 12 дауыстымен оқулықтар шығарды (а, ә, е, о, ө, ы, і, и, ұ, ү, у, (э)).

13. Қазақ тіліндегі дауыстылардың ерекшеліктері, классификациясы,ғалымдар жіктелімін топтастырыңыз.


Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Тілде мынадай 12 вокализмдер бар: а, ,ә, и, о ө, е , э, у, ұ, ү, ы, і.
Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы. Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына қарай- жуан және жіңішке; 2- еріннің қалпына қарай-еріндік және езулік; 3- жақтың ашылу қалпына қарай-ашық және қысаң болып топтастырылады.

Вокализмдер акустика, артикуляциялық перцепциялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.


1)Тілдің актив қатысына қарай вокализмдер 2 ге бөлінеді:


І.Кеңесбаев пен С.Мырзабеков бойынша:
Жуан(гуттураль):а, о, ұ, ы, у
Жіңішке(палаталь):ә, ө, е, ү, і, и, у.

Ә.Жүнісбеков бойынша:


Тіл арты: а, о, ұ, ы
Тіл ортасы:ә, ө, ү, і,е.

2)Жақтың актив қатысына қарай вокализмдер:


І.Кеңесбаев бойынша2 ге бөлінеді :
Ашық:а, ә, е, о, ө
Қысаң:ы, і, ү, ұ, и, у.
С.Мырзабеков бойынша 3 ке бөлінеді:
Ашық:а, ә
Жартылай ашық:о, ө, е
Қысаң:ы, і, ү, ұ, и, у.

Ә.Жүнісбеков бойынша 2 ге бөлінеді:


Ашық:а, ә
Қысаң:ы, і, ү, ұ.
Ғалым о, ө, е вокализмдерін ашыққа да қысаңға да қоспай дифтонг дыбыстар деп қарастырады.

3)Еріннің актив қатысына қарай:


І.Кеңесбаев пиен С.Мырзабеков бойынша:
Еріндік(лабиаль): ү, ұ, о, ө, у
Езулік(лингваль):а, ә, е, ы, і, и.

Ә.Жүнісбеков бойынша:


Еріндік: ү, ұ, о, ө
Езулік:а, ә, е, ы, і.

Естілім процесіне қарай:


Ә.Жүнісбеков бойынша әуез қатысына қарай:
Жуан:а, о, ұ, ы
Жіңішке:ә, ө, ү, е, і.

Вокализмдер құрамына қарай 2-ге бөлінеді:


І.Кеңесбаев пен С.Мырзабеков бойынша:
Жалаң(монофтонг):а, ә, е, о, ө, ү, ұ, ы, і
Құранды(дифтонг):и, у.

Басқа тілден енген сөздерде и, у вокализмдері құрамына қарай монофтонг болып есептеледі.


Ә.Жүнісбеков бойынша:


Жалаң(монофтонг):а, ә ү, ұ, ы, і
Құранды(дифтонг):о, ө, е.
Дәстүрлі фонетикамызда 9 дауыстының 3 тірек дауыстыдан яғни сингемадан тұратынын, 6 дауысты солардың сингармониялық варианты аллосингемасы дейді-Ә.Жүнісбеков.
Сингема:а,о,ы
Алосингема:ә,е,ө,ұ,ү,і,и,у,э

Қолданылу аясына орай универсал, универсал емес деп бөлінеді.


Универсал(буын талғамайды):а, ы, і , е, у
Универсал емес(буын талғайды):ә, о, ө, ү, ұ.

14. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың( консонантизмдердің) зерттелуі, ғалымдар пікірлері.


15. Қазақ тіліндегі дауыссыздардың ерекшеліктері, классификациясы, ғалымдар жіктелімін топтастырыңыз.
16. Қазақ тіліндегі буын, оның түрлері, буынның жылысуы, ығысуы.
Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады. Көп тілдерде (соның ішінде қазақ тілінде) буын жасаушы — дауысты фонема болып есептеледі. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та буын құрай алады. Әр буында бірден артық дауысты фонема болмайтындықтан, сөз ішінде неше дауысты фонема болса, сонша буын болады. Қазақ тілі сөздерінде бір буынның ішінде әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстардың болуы мүмкін емес: буын ішіндегі дыбыстар не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болады.Сөздің жуан, жіңішке болуы буынмен байланысты, буынның жуан, жіңішкелігі дауысты дыбыспен байланысты. Дауысты дыбыс жуан болса, буын да жуан, ол жіңішке болса, буын да жіңішке болады.
Буын ішіндегі дауыстылар мен дауыссыздардың өзара алмасып келуіне қарай қазақ тілінің байырғы сөздерінде мынадай буындар болады:1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын;
1) ашық буын. Бір дауысты фонеманың өзінен болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға келіп біткен буынды ашық буын дейміз.Мысалы: а-(нық), ә-(кел), о-(ған), ө-(рік), ы-(дыс), у-(шеу),е-(тік), и-(мек) дегендердің бас буындары да, ат-қа, ат-ты, үй-ді деген сөздердің екінші буындары да — ашық буындар.
А-ға, а-на, і-ні, ә-ке деген сөздердің басқы буындары да, соңғылары да ашық буын.
Сөйтіп: а) дауысты дыбыстың жалғыз өзі түрып-ақ ашық буын бола алады; ә) қатарынан келген екі дыбыстың алдыңғысы дауыссыз, соңғысы дауысты болып та ашық буын бола алады.
Ашық буынның жалаң түрі өз алдына сөз де бола алады. Бұл буын қазақ сөзінің, көбінесе, басында келеді. Қос дыбысты ашық буын сөздің бас (анлаут) позициясында да, орта (инлаут) позициясында да, соңғы (постлаут) позициясында да келе береді; мысалы: (ба)-ла; (мал)-ға; (мал)-шы-ға.
2) Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға келіп біткен буынды тұйық буын дейміз.
Мысалы: ат, ән, ор, өт, ун, үн, ыс, іс, ау, ай деген сөздер де, ант, өрт, ұлт деген сөздер де — тұйық буындар. Бұл буындардың алғашқы дыбысы дауысты, одан соңғы бір не екі дыбысы дауыссыз болып түр. Қазақ сөздерінде үш дыбысты түйық буынның ең соңғы дыбысы қатаң болып, оның алдыңғысы үнді болып келуі шарт
Сөйтіп: а) екі дыбысты, ә) үш дыбысты тұйық буын болады.
Тұйық буын өз алдына сөз болып және бірнеше буынды сөздің, көбінесе, басында кездесіп отырады; мысалы: ой, ой-мақ, ал,ал-мақ, өрт, өрт-ке.
3) Бітеу буын. Ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссыз болған буынды бітеу буын дейміз.Мысалы: мал, сом, төс, құс, қыс, тіс, бұл, қант сықылды сөздер бітеу буын болады. Өйткені бұл буындардың басқы дыбысы да, соңғы дыбысы да — дауыссыз.Бітеу буын қазақ сөздерінде:
а) үш дыбысты да , ә) төрт дыбысты да болып келеді. Төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңғы дыбысы қатаң болып, қатаңның алдында үнді тұрады.
Бітеу буын өз алдына сөз болып та, бірнеше буынды сөздің басында да, ортасында да, соңында да кездесе береді. Мысалы: бір, тарт, бір-лік-тің, тарт-(па), (ақ)-тарт т. б.

17. Қазақ тіліндегі буын туралы көзқарастар.


Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздері де қос дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Бұған қозғау салған, бастап айтқан М Райымбекова қазақ тілінде қос дауыссыздан басталатын 20 шақты тұйық буын сөзді экспериментті-фонетикалық зерттеу арқылы анықтағанын хабарлағанда, орыс тілініңигі ықпалыболар деп, мән бере қоймағанбыз. Сөздердің қос дауыссыздан басталатынына күмәнданған А Айғабылов сөз емес, қос дауыссыздан сөз ішіндегі буын басталады дейтін жаңа пікірге жан берді. Бұл екі пікір де, айналып келгенде, бір жерге тоғысады, қазақ тілінде сөз де, буын да қос дауыссыздан басталмайды дейтін ғасыр бойы айтылып келген пікірлер сыңаржақ айтылған болып шығады. 
Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды

18. Буынның тасымалға қатысы.


Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқанда да А Байтұрсынов. Шақырғанға деген сөзді буынға бөліп, қалай тасымалдауға болатынын, болмайтынын тәмпіштеп түсіндіреді. Бірақ буынға бөлудің ішкі механизмін, ережесін ұсынбайды. Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауын тасымал дейміз.
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады.

19. Екпін, түрлері,екпіннің интонацияға қатысы.


Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.[1]
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

  1. Сөз iшіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.

  2. Ой екпіні — сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Ой екпіні тұрақты емес. Мысалы, Бүгін әкем ауылға кетті. Әкем ауылға бүгін кетті. Бүгін ауылға әкем кетті.

  3. Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.

  4. Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.б. кіреді.

20. Дыбыстар өзгерісінің түрлері.


Дыбыстардың өзгеруінің 2 түрі бар: 1) Комбинаторлық; 2) спотандық 
Комбинаторлық өзгеріс өз ішіндегі және сөз аралығындағы қатар тұрған дыбыстардың біріне-бірі тигізген ықпалымен байланысты болады. 1) Бір дыбыс екінші дыбыспен алмасу. Мысал: сөнген-сөнгөн. 2) Кейде дыбыстардың түсіп қалуы. Мысалы: торы ала-торала. 3) Кейбір дыбыстардың көмескіленуі: тәжірибе, дәрігер
Ал спотандық өзгеріс өзі көршілес дыбыстардың біріне-бірі тигізген ықпалы болмайды. Мысалы: Ғайша-Айша

21. Қысаң дыбыстардың дыбыстық құбылыстарға қатысы.


22. Үндестік заңы, оның түрлері туралы ғалымдар пікірлері

  1. . Үндестік заңы, оның түрлері туралы ғалымдар пікірлері

Сингормонизм(гр. sun- бірге және harmonia-байланыс, үндесу)-түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп,үйлесіп тұруы үндестік заңы дейміз. Қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады. Ә. Жүнісбеков өз зерттеулерінде түркологияда сингормонизм туралы ертелі-кеш айтылатын пікірлерді елеп-екшеп, соны бір қорытындыға келді, тілімізді басы артық қоспалардан аршалап, осы уақытқа дейін еленбей келген тың арнаның көзін ашты. Атап айтқанда: сингормонизмнің басты фонологиялық қызметі-қазақ сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.

23. Дыбыстардың үндесуі-лингвалды сингармонизм.


Адамның тілідыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Морфемалардың бірыңжуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика- артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымша аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән, өзімізге мектептен таныс негізгі үндестік заңдар мынадай болып келеді:
1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады: қала-лық-тар-ға
2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болып келеді: бөрене-лер-дің
Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, өз қалпын әрқашан сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі.
Олар: -бан, мейір+бан
-гер, қаламгер, саудагер


-дар, хабардар, қарыздар
-күнем, пайдакүнем

24. Дыбыстардың үндесуіндегі ерекшеліктер.



25. Қазақ тіліндегі ассимиляция түрлері.
Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буын құрылысы т.б. жақтарынан қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизмдауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі. Ассимиляция:
А) Толық түрде ұшырайды: басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді. Мысалы, жаз+са, сүз+се (жасса, сүссе). Сол сияқты, з+ш немесе с+ш түрінде екі дауыссыз қатар тұрса, ш+ш түріне айналады: қаш+са, шаш+са. З+ш түрі ж+ж айналады: боз+жігіт.
Ә) Жартылай түрде ұшырайды: басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты ұқсатады: қыз+ға, тас+қа. Жартылай түрдегі ассимиляция тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, басқа тілдерде де тым сирек кездеседі.

26. Орфографиядағы және орфоэпиядағы ассимиляция.


Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буын құрылысы т.б. жақтарынан қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизмдауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі. Ассимиляция:
А) Толық түрде ұшырайды: басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді. Мысалы, жаз+са, сүз+се (жасса, сүссе). Сол сияқты, з+ш немесе с+ш түрінде екі дауыссыз қатар тұрса, ш+ш түріне айналады: қаш+са, шаш+са. З+ш түрі ж+ж айналады: боз+жігіт.
Ә) Жартылай түрде ұшырайды: басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты ұқсатады: қыз+ға, тас+қа. Жартылай түрдегі ассимиляция тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, басқа тілдерде де тым сирек кездеседі.

27. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі,лабиалды аттракция.


Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі дейміз. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дыбысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге дейін шешімін таба алмай келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. «Қазіргі қазақ тілі оқулығында былай делінген: «Әдеби тілде ерін үндестігі тіпті еленбейді десе болады. Осыған қарағанда, ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды»» (283-бет). Ал келесі бетте былай делінген: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе, екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буыннан еріндік ықпалы сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Бұдан шығатын тұжырым: қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар келіп, екінші буында езулік әріптері жазылса, онда оларға еріндік дауыстылардың міндетті түрде әсері болады.
Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықова былай дейді: «Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ,ү,у,о,я дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бару) келесі буындағы н,і дыбыстарын өзгертіп, ұ,ү- лерге жуықтатып естіртеді: күліп, бүгіп, орын. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда әлсірей береді: күмістің.
Фонетика үшін сөздің жазылуы емес, айтылуы, естілуі маңызды екені даусыз. Еріндіктердің орнына езуліктерді жазуорфографиялық норма. Осыдан I ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі түрколог В.Радлов, П.Мелиоранский т.б. ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Академик В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречий» деп аталатын еңбегінде ерін үндестігін атап көрсеткен.
Тіліміздің табиғи жарасымдылығына ерін үндестігі де жатады. «Ерін үндестігі өткен ғасырлар ішінде күшті болған, енді әлсіреп құрып барады» (Н.Сауранбаев) десек, оған себеп, біріншіден, жазудың ықпалы, өзіміздің құнсыздығымыз болса, екіншіден, артикуляциялық базамыздың дамуы, ерін үндестігі жоқ көрші тілдердің әсері деп қарау керек.
Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін еріндік дауыстылар мен езулік дауыстылардың көрші буындарда қатар тұру мүмкіндіктерін ескеру керек. Сонда екі буынды сөздерде тек ашық а езулігінің о,ұ еріндіктерінен кейін тұру мүмкіндігінің барын көруге болады. Ора, орақ, бұта, қала. Қалған жағдайда еріндіктер мен езуліктер бір сөз ішінде қатар айтылмайды. Әсіресе, еріндіктерден кейін езуліктің айтылу мүмкіндігі жоқ деуге болады. Тек: мазмұн, мақұл, марқұм, күнә, дәстүр сияқты санаулы ғана кірме сөздерде бұл заңдылық сақталмауы мүмкін. Ашық а және ә езуліктердің сөздерінің ашықтығының арқасында еріндік дауыстыларымен еркін қатынасқа түсу мүмкіндіктері бар.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жүйелі түрде зерттеп жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков ерін үндестігін тіл үндестігімен қатар қояды. Олардың тілдегі қызметі мен маңызы, қолданылуы ұқсас екендігін, ерін үндестігінің күшін бірер буынмен шектеуге әсте болмайтынын айтып жүр.
Қазақ тілінің алғашқы орфоэпиялық сөздігінде І.Кеңесбаев пікірі басшылыққа алынған, яғни екінші буында еріндіктер жазылып, үшінші буынға арнайы белгі қойып жасалған. Одан кейін жасалған сөздің екінші буынмен біржола шектелген. Тек үшінші сөздікте ғана ерін үндестігі біршама шешім тапқан. Сөздіктің авторы белгілі ғалым М.Серғалиев ерін үндестігі «үшінші буында да айқын байқалады», - деген қорытындыға келді.
Сөздікте үшінші, төртінші, ара-тұра бесінші буында да, еріндіктер жазылған: өкүніүштү, өршөленгөн, т.б.
Бұдан айтылып шығатын қорытынды: қазақ тілінде ерін үндестігі болған және оның күші санаулы буынмен шектелмейді.

28. Ерін үндестігі туралы көзқарастар.


Ерін үндестігі, оның күшін аныктауга байланысты пікірлер алалыгы сөздің бірініші буынынан баска буында ерін дауыстыларының жазылмауынан болып отырған жок. Жазудың жетегінде кетіп, солардың айтылуын кадағаламаудан, ескермеуден пайда болып отыр. Қазіргі кезде, эсіресе жастардың тілінде тіпті екінші буында да (өлең, өнер, күлкі, түлкі сияқты создерде еріндіктерді айтпау заңдылыққа айналды деуге болады. Бұл үшін, әрине жастарды кінэлауга болмайды. Окулыктың өзі «еріндік дауысты дыбыставр үндестігі жок» десе, қарапайым тұтынушы оны кайдан ескере берсін.


Еріндіктерді «бас буыннан басқасында келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді» — деп жазуда шектеген А.Байтұрсынұлы екені белгілі. Бұған карағанда, олар бас буыннан баска буында айтылмайтын сияқты.


Ерін үндестігін аңгарып, айкындау үшін орыс тілді зерттеушілердің қазак тілі жөніндегі еңбектерін екшеп, зерделеу керек болды. Сол үшін де біз оларға біраз токталған едік.


Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі түркологтар В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. галымдардың еңбектерінен жаксы көруге болады.


Академик В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречи» деп аталатын данкты еңбегінде казак (кітапта кыргыз деп берілген) сөздерін мол қамтыған- Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылган. Ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін үндестігін айкындау мүлдем киын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В.В.Радлов қазақ сөздерін: бөлтүрүк, дүрүлдө, тоқшұлұқ түрінде жазған. «Түркологияның атасы» аталған акдемик В.В.Радловты сөздерімізді бұзып жазған деуге ешқандай хақымыз жоқ.


Қазақ тілінің грамматикасын жазған профессор П.М.Мелиоранский қазақ сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүц, төрөлөргө, төрөлөрдө, төрөлөрдөн, төрөлөрдө, төрөлөрдөй деп септеп, жүдөгөй .жүдөгүймүн, жүдөгүйсүң, жүдөгөйсүз деп жіктейді. Оның айтуынша, ерін үндестігі қазақ, қырғыз тілдерінде ұқсас, тек қазақ тілінде о дыбысы бірінші буында ғана айтылады.


В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранскийде де: «Сонда Таргын сөйлөйдү, сөйлөгөндө бүй дейді»леп келеді. Ал бұлардың түсінігінде, жазуында (дэл мэселеге байланысты) жаңсақтық, білместік бар деуге әсте аузымыз бармайды. Қайта жазуды күйттейміз деп жүріп, тіліміздегі осы бір жарасымдылықтың киюын кашырып, кұнсыз етіп алсак керек.


Тек еріндік дауыстылар ғана емес, қос ерін у дауыссызы да өз айналасындағы кысаң дауыстыларға (жазудаы,і, е) азды-көпті эсер етеді. Мұны кезінде В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранский де байкаған. Мәселен, В.В.Радлов сөздігінде: «дәурөн, дэулөт, даусұ, аузұ, ұқшұл, ал П.М.Мелиоранскийде: біредұ, таудұң, ауұздұқ т.б. түрде ұшырайды.

29. Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігінің даму дәрежесі, ғалымдар пікірлері.


Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр [1]. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды». Ал келесі бетте мынадай жолдар жазылған: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Осы қағида фонетика оқулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр.


Бұдан шығатын тұжырым: қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү,) келіп, екінші буында езулік е, ы, і әріптері жазылса, онда оларға (е, ы, і) еріндік (ө, ұ, ү,) дауыстылардың міндетті түрде әсері болады. Тіпті «Қазақ тілінде өзге түркі халықтарының тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ» - дейтін автор да: «құлұн, жұлұн, төсө сияқтанып естіліп тұрса да» - дейді.


Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықова да ерін үндестігі туралы өз зерттеуінде былай дейді: «Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ,ү,у,о,ө дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, ү-лерге жуықтатып естіртеді. Мысалы: кү-ліп, құ-лын, бү-гін, о-рын болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы: күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүсті». Еріндіктерді «бас буыннан басқасында келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді» - деп жазуда шектеген А.Байтұрсынұлы екені белгілі. Бұған қарағанда, олар бас буыннан басқа буында айтылмайтын сияқты. Ерін үндестігін аңғарып, айқындау үшін орыс тілді зерттеушілердің қазақ тілі жөніндегі еңбектерін екшеп, зерделеу керек болды. Сол үшін де біз оларға біраз тоқталған едік. Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі түркологтар В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. ғалымдардың еңбектерінен жақсы көруге болады.

30. Тіл мәдениетіне байланысты Р.Сыздықова пікірлері.


Тілқарым-қатынастың, тұлғалық коммуникацияның құралы, ұлттың байлығы, мұралық құндылық. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақылпарасатын, рухани байлығын көрсететін ажар да оның реңкінің қанық та көркем болуы тұлғаның лингвистикалық мәденинетіне байланысты. Тарихты парақтасақ, тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алдықызыл тіл» деп біздің дана халқымыз да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетін қалыптастыру мен оны дамыту көкейтестілігі арта түсті. Елбасы ұсынған Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында: «Тілді дамытуҚазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондайақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» деген тіркестер ұшырасады. тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегенімізсөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», — дейді.

31. А.Байтұрсынұлының графикаға қойған критерийлері.


А.Байтұрсынұлы болды. Ол араб графикасын қазақ дыбысына 
ыңғайлап, жазба әлiпби түзу керек деген идея көздедi. 
А.Байтұрсынұлы 1895-1909 жылдар аралығында Ақтөбе, Торғай 
өңірінде ел ішінде әрсатылы мектептерде бала оқытумен қатар, 
ағартушылық қызметпен де айналысады. Қазақ алфавитінің 
реформаторы атанған А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап 
қазақ жазуын жетілдірумен айналысты. Сол күндері қазақ халқы 
өзге түркі халықтары сияқты пайдаланып келген араб 
таңбаларының дәл сол күйінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 
дәл бере алмайтындығын түсініп, былай деп жазды: «Хәріп - тіл 
үшін шығарылған нәрсе. Олай болса хәріп жоқ деп тілдегі 
дыбысты жоғалту керек емес, ол дыбысқа жоқ әріпті іздеп 
табуға керек. Ол жалғыз бізде ғана болған емec, өзге жұртта да 
болған, хәріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хәріпті бұзып 
өзгертеді». Осындай білгірлік танытқан А. Байтұрсынұлы араб 
таңбаларын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, түзетуді 
қолға алады да, «ХХ ғaсыpғa дейін түріктің тілін асыл қалпында 
алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиіс», 
«асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті» деп емленің ең 
жақсысы - дыбыс жүйесінде екеніне көзі жетіп, қазақ тілінің 
дыбыстық жүйесін зерттей бастады. Араб графикасына 
негізделген жаңа емлесі 1912 жылдан бастап ұсынылды. «Төте 
жазу» деген атпен танымал болған бұл графиканы сол кездегі 
қазақ интеллигенциясы қабылдады және мұсылман медреселері, 
қазақ-орыс мектептері де қолдана бастады. 1915 жылы жаңа 
графикамен көптеген қазақ кітаптары басылып шықты.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен 
оның фонетикалық жүйесін талдап береді. Тарихи-
лингвистикалық зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, оның 
бұл жұмысынағыз ғылыми, ғылыми аргументтері күшті, тіпті 
бүгінгі күннің талабын да өтейтін еңбек болып табылады. 
А.Байтұрсынов бұл ізденістерінде қазақ тілінің фонологиялық 
табиғи белгісісингармония заңдылықтарына сүйенеді. Бүгінгі 
фонетист ғалымдар А.Байтұрсынұлы дыбыстар жүйесін 
сингармофонемалар ретінде дұрыс таныды дейді.
1915 жылы жаңа графикамен көптеген қазақ кітаптары басылып шықты.


А.Байтұрсынұлы қазақ тілін таңбалайтын графикаға мынандай басты-басты критерийлерді қояды:


«1. Тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі канша?
Қайсымен басылган я жазылған сөз оңай окылады?


Қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл?


Қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың


өнімді болуы о да сонда) ?


Үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?


Көркемдік пен көзге жайлылық жағынан кайсысы артық?».


Жазуға осындай талаптар коя отырып, латын жэне араб графикаларын салыстырады.

32. Кірме сөздердің игерілуі туралы Х.Досмұханбетұлының пікірі.


Кірме сөздердің игерілуі турасында зерттеуші Х.Досмұханбетұлы: «Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады. Жат сөздерді өзгертпестен алып, бастапкы калыбымен тілге сіңіреміз дегеншатасқандық. Бұл жолда жүрген адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді деп өзінің көзкарасын білдіріп, тілдің калыптаскан даму заңдылыктарын бұзатынын дөп басып айтқан [11,26]. Сол кездің өзінде-ақ аса көрегенділікпен айтылған осы пікірдің шыншылдыгына бүгінгі ұрпақтың колданып жүрген шүбарланган тілі дэлел бола алады. Латын графикасының қазақ халкының мәдени дамуына көп үлес қосқанымен, орыс тілінен енген кірме сөздерді дұрыс таңбалай алмайды деген сын тагылды. Сонымен латын графикасы да казак тілінің жазбаша формасын таңбалауга ұзак кызмет ете алмады.

33. Қазіргі кезеңдегі латын графикасына негізделген әліпбиге көшу-ұлттық мақсат.


Латын графикасына негізделген қазақ жазуы қазіргі тіл білімінде өзекті мәселелерге ие болып отыр. Өйткені қазіргі кезде сауатын ашқан әрбір адам үшін латын әліпбиімен жазу қажеттіліктен туындайды. Жалпы жазуды біз тек таңбалау ретінде қарамағанымыз жөн. Яғни жазу сол тілдің тарихын, мәдениетін тіпті дәстүрін танытады. Осы орайда қазіргі акутқа негізделген латын әліпбі бекітілгеннен бері халық оқып та, жазып та үйреніп жатыр.


Жалпы әрбір диакритикалық белгінің дүниежүзінде өзіндік қалыптасқан қызметі бар. Қазіргі әріпүсті акут таңбасының да өзіндік қызметі бар. Акуттың негізгі қызметі екпін қою. Роман тілдерінде, оның ішінде француз, испан, итальян тілдерінде ашық және қысаң дыбыстарды ажырату үшін, ал кейбір тілдерде дыбыстардың созылыңқылығын анықтауда, ал орыс және швед тілдерінде сөздің мағынасын ажырату үшін қолданылады. Ал латынға негізделген қазақ тілі әліпбиінде ә(á), ғ(ǵ), ң(ń), ө(ó), ү(ú), у(ý) әріптеріне акут таңбасы қойылып отыр.


Қазіргі таңда бекітілген әліпби бойынша емле-ереже жасалып, мақұлданды. Тоғыз тараудан тұратын ережеде әрбір әріптің (9 дауысты мен 23 дауыссыз) емлесі, түбір сөздер мен оған жалғанатын жалғаулардың емлесі, бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесі, бас әріп пен қысқарған сөздердің емлесі, шеттілдік сөздердің емлесі және cөздердің тасымалдану жолдары берілген. Ережеде и мен у-ды бір таңбамен, яғни қазіргі кирилл әліпбиіндегі емле жүйесі бойынша ықшамдап беру негізге алынған.


Осы орайда и мен у-ды жазуда ғалымдар арасында екі түрлі пікір бар. Профессор Н.Уәли и мен у-ды бір таңбамен беру жазылым мен оқылымды оңайлатады дейтін болса, ал профессор Ә.Жүнісбек и мен у-ды қазақ тілінің төл табиғатын сақтай отырып, айтылым бойынша қос таңбамен беру керектігін айтады

34. Орфографиялық принциптер.


Қазақ орфографиясында фонетикалық принцип те кеңінен қолданылады. Ол мынадай тұстарда көрінеді:


1) Қазақ тіліндегі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынының жуан-жіңішке әуеніне қарай және ең соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады: қала +лар, көше +лер, ат + тар, ит + тер, қаз + дар, із + дер; қала+ ның, көше + нің, ат + тың, ит + тің, қаз + дың, із + дің; қалам+ ым, дәптер + ім, әнші + мін, оқушы + мын. Бұларда жалғаулар естілуінше жазылып тұр.


2) Қатаң п, қ, к дыбыстарына аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, қатаң дыбыстар ұяң естіледі (айтылады): кітап + ымкітабым, тарақ + ытарағы, күрек + іңкүрегің. Мұндай жағдайда да сөздің түбірі сақталмай, естілуінше ұяң дыбыс әрпі жазылады: кітабым, тарағы, күрегің. Бұл дафонетикалық принцип бойынша жазу.


3) Қазақ тілінде п дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшеніңып, – іп жұрнақтары жалғанғанда, қос п дыбысы қатар айтылмай немесе алдыңғысы ұяңдамай, түбірдегі п дыбысы үнді у дыбысына айналып кетеді және сол өзгеруінше жазылады: кеп + іпкеуіп (кепіп, кебіп емес), тап + ыптауып (тапып, табып емес). Ал пы, пі дыбыстарына аяқталатын етістіктерге п жұрнағы жалғанғанда, алдыңғы ережеге бағынбай, екі п дыбысы араларына ы, і дауыстыларын салып, қатар естіледі және естілуінше жазылады: күпі + пкүпіп, лепі + плепіп (отыр).


4) Бірқатар біріккен сөздер әр компонентінің түбір тұлғасын сақтамай, естілуінше жазылады: белбеу (бел+бау), қолғабыс (қол+қабыс), қолғап (қол+қап), бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), екіншігәрі (екіншіден әрі). Бұл тәрізді фонетикалық принциппен жазылатын біріккен сөздердің саны, морфологиялық принциппен жазылатындарына қарағанда, әлдеқайда аз. Олар орфографиялық сөздіктерде беріледі. Сондықтан кез келген біріккен сөзді естілуінше жазудан сақ болу керек.


5) Орыс тілінен ертеректе еніп, дыбысталуы жағынан өзгеріп кеткен бірқатар сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады: самаурын (самовар емес), пәуеске (повозка емес), шайнек (чайник емес), божы (вожжи емес), болыс (волость, волостной управитель емес), шөген (ыдыс, чугун емес).


6) Араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына қарай өзгерген күйінде, айтылуынша жазылады: әділ (‘адл), пайда (файда), ақпар (әхбар), ақыр (ахир), қайран (хэйран), қате (хәта), дүние (дүнийа), нәпсі (нәфс), өсиет (уасийәт), ауа (һауа), әлек (һәлак), мазақ (мәзх). Мұндағы жақша ішінде көрсетілгендербұл сөздердің арабша-парсыша транскрипциясы (яғни сөздердің өз жазуымызбен сол тілдегі айтылуының көрсетілуі).

35,Орфоэпиялық принциптер.


Қазақ тілінде сөздер қалай жазылса, солай оқыла бермейді. Көп ретте оларды қалыптасқап орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Бүгінгі әдеби тілдің айтылу нормасы сахна өнерінде, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күнделікті радио мен хабарларында, сонымен қатар көпшілікке оқылатын лекцияларда айқын байқалады. Сөздің қалай жазылуы мен қалай айтылуы бір-біріне ықпал етіп отырады. Сөйлеу тілінін өзіндік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегенде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, тыңдаушыға онша әсер етпейді. Мәселен, "өлім аузынан қалды" дегенді - "өлүм аузынан ғалды" деп, "өгіз аяң" дегенді - "өгүз аяң", "өзен бойы" дегенді - "өзен бойу", "өкіл күйеу" дегенді - "өкүл гүйөу", "өкпесі өшу" дегенді "өкпөсі өшүу", "өкінбеу" дегенді - "өкүмбеу" деп айтпаса, сәйлеу тілінің қалыпты нормасы бұзылар еді. Сол сияқты, "көз жұму", "көз көрген", "көз сүйек", "көз тию", "көз тою", "көз шүқу", "ак жүрек", "ак изен", "ала көңіл" тәрізді тұрақты тіркестерді "көж жүму", "көз гөргөн", "көс сүйек", "көз тійу", "көз тойұу", "көш шүқұу", "ағ жүрөк", "ағ ійзен", "ала гөңүл" дегенде ғана құлаққа жағымды тиеді.

36.Фонетикалық процестер.


Фонетикалық құбылыстарсөздің құрамында болатын әртүрлі дыбыстық өзгерістер. Олар: протеза, эпентеза, редукция, эпитеза, метатеза, элизия, гаплология, апокопа, аферезис, диэреза,
Протеза – (грек.prothesis – алдында тұру)
Ұйықтап отырған қарулы Рысбекпен аралық тым жақын қалған еді.(Ақ боз үй)С. Елубай, 137 б.
Сөйткенше болған жоқ, үй ішінде тулақ сабағандай әлдене "таңқ" етті де, іле леген даңғырлап есіктен Ждақай атқып шықты.(Ақ боз үй, 9 б)
Ортада тұрған жатаған дөңгелек стол үстіне бірнеше керсен толы қымыз келді.(Ақ боз үй, 68 б)
Эпентеза (грек.epentesis – қыстырылу)
Әзберген құс көпшікті шынтақтап жатқан орнынан конаққа сұсын тікті.(Ақ боз үй, 26 б)
Басында түлкі тымақ, қара пүліш тысты тиін ішіктің белін жалпақ күміс белдікпен шарт буған.(Ақ боз үй, 43 б)
Докторға көмектесіп жүрген жас жігіт брезент қалтадан Асанның аузына су тамызды.(Ақ боз үй, 144 б)
Редукция – (лат.peduktion – қайырылу)
Кекірейген тікбақай қыз, сол тіп-тік қалпы есікті сарт жауып, шығып жүре берді.(Ақ боз үй, 36 б)
Алпауыт нардың үйдей көкірек түкпірінде шым-шымдап бір зор гүркіл бас көтерді.(Ақ боз үй ,41 б)
Содан, Шәкең бақырауық жарбайдың беліне отырып ауылға қайта шапты.(Ақ боз үй, 220 б)
Диэрезаайтуға ыңғайлы болу үшін сөйлеу кезіндегі дыбыстардың бір-біріне әсері, ассимиляция кезінде пайда болады.
Қарындаш тұрақсыз әйел сияқты, жазғаның қазір бадырайып тұрғанымен, біраздан соң із-түзсіз боп өшіп қалады.(Махаббат қызық мол жылдар, 45 б)
Бір көрген қыз бір ауыз жылы сөз айтты деп, желпеңдей кеп жөнеліп едім, өзіме де обал жоқ.(Махаббат қызық мол жылдар, 48 б)
Жолдастар, бұл снаряд емес, болванка1 болды, мен шығып ары апарып тастайын, – дедім қасымдағыларға.(Махаббат қызық мол жылдар, 51 б)
Эпитезапротезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы.
Жарты денесі жарылыстан жұлынып кеткен солдаттың қаны атқылап жүріп, соңғы күшін жинап, бір бума гранатты қолына ұстаған күйі неміс танкінің астына түскенін көрдім.(Б. Әлімжанов «Жүз жылдық толғау» 147 б)
Бір халықтың қасіреті басқа халықтар үшін әрі кеткенде жай ғана тарихи факт екен!(Жүз жылдық толғау, 285 б)
Біресе үстіне төнін келген аюдың тісіндей сақылдаған жау танкі ыстық ұяң окопты таптап, сол өміріне күніне қырық рет қауіп төндірген қырық төртінші соғыс жылының сұрапыл қысы да өтіп бара жатты.(Махаббат қызық мол жылдар ,101 б)
Элизия – (лат.elision – жаншу, итеріп шығару)
Мені құтқарса, тек кездейсоқ жағдай ғана құтқара алады.(Жүз жылдық толғау, 130 б)
Дәрігерлер бір апта әуреленсе де суырып ала алмай, ақыры сол күйі қалдыруға ұйғарды.(Жүз жылдық толғау, 141 б)
Саумалдың иісі мұрнымды қытықтап, қанымды қыздырады.(Жүз жылдық толғау, 9 б)
Метатеза – (грек.metathesis – ауыстырып қою)
Жастары үлкен, өздері ірі, әлдері жетеді, жығып салып тепкілей жөнелді.(Жүз жылдық толғау, 291 б)
Ия-ия, Сәлім екеуміз Мәриям әпкемізге қыдырып барып, Алтын апаның ертегілерін тыңдаған жер!(Жүз жылдық толғау, 151 б)
Адамдардың жүрегіне, жадына фашистік Германияға деген өкпе-реніш пен жек көрушілік терең сіңіп қалған, жылқышы жігіттің таңдауын ешкім қостамайды.(Жүз жылдық толғау, 219 б)
Аферезисэлизияға қарама-қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсірілуі.
Бұйрық берсе не істейсің! – деді Николай дауысы қырылдап.(Жүз жылдық толғау, 290 б)
Аяулы ағамыз аман болса екен!(Жүз жылдық толғау, 36 б)
Қазақтың басынан өткен қиындықтар туралы орыс пен неміске әңгімелеп отырып, олар үшін соның маңызы онша емес екенін түсіндім.(Жүз жылдық толғау, 285 б)
Гаплологиясөз ішіндегі біркелкі буындардың бірінің түсіп қалуы
Иттің балдары! Бұ қайсың! Доғар! — деп қатты жекіп ұмтылды Асан бәлшебек.(Ақ боз үй, 110 б)
Бәрін араластырып, біртұтас советтік социалистік қоспаға айналдырып жіберді.(Жүз жылдық толғау, 222 б)
Балалар сондай маңызды шаруа туралы үлкен бастықтың, өзі орыс, сұрағанына мәз болыпты.(Жүз жылдық толғау, 224 б)
Апокопа – (гр. Қысқарту)
Сол күндердің, сол айлардың, жылдардың бәрінде де мен сендерді бір минут та есімнен шығарған емеспін.(Махаббат қызық мол жылдар ,16 б)
Төкеш пен Тұрсын екеуі пар ат жегіп мені «Ақботадан» жиырма бес километр жердегі Біртөбе станциясына алып жүрді.(Махаббат қызық мол жылдар, 213 б)
Кабинет иесі үстеліне еңкейе түсіп, газет қарап отыр екен.(Махаббат қызық мол жылдар, 289 б)

37.Айтылудағы және жазылудағы фонетикалық құбылыстар.


Эпентеза (грек.epentesis – қыстырылу)
Әзберген құс көпшікті шынтақтап жатқан орнынан конаққа сұсын тікті.(Ақ боз үй, 26 б)
Басында түлкі тымақ, қара пүліш тысты тиін ішіктің белін жалпақ күміс белдікпен шарт буған.(Ақ боз үй, 43 б)
Докторға көмектесіп жүрген жас жігіт брезент қалтадан Асанның аузына су тамызды.(Ақ боз үй, 144 б)
Редукция – (лат.peduktion – қайырылу)
Кекірейген тікбақай қыз, сол тіп-тік қалпы есікті сарт жауып, шығып жүре берді.(Ақ боз үй, 36 б)
Алпауыт нардың үйдей көкірек түкпірінде шым-шымдап бір зор гүркіл бас көтерді.(Ақ боз үй ,41 б)
Содан, Шәкең бақырауық жарбайдың беліне отырып ауылға қайта шапты.(Ақ боз үй, 220 б)
Диэрезаайтуға ыңғайлы болу үшін сөйлеу кезіндегі дыбыстардың бір-біріне әсері, ассимиляция кезінде пайда болады.
Қарындаш тұрақсыз әйел сияқты, жазғаның қазір бадырайып тұрғанымен, біраздан соң із-түзсіз боп өшіп қалады.(Махаббат қызық мол жылдар, 45 б)
Бір көрген қыз бір ауыз жылы сөз айтты деп, желпеңдей кеп жөнеліп едім, өзіме де обал жоқ.(Махаббат қызық мол жылдар, 48 б)
Жолдастар, бұл снаряд емес, болванка1 болды, мен шығып ары апарып тастайын, – дедім қасымдағыларға.(Махаббат қызық мол жылдар, 51 б)
Эпитезапротезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы.
Жарты денесі жарылыстан жұлынып кеткен солдаттың қаны атқылап жүріп, соңғы күшін жинап, бір бума гранатты қолына ұстаған күйі неміс танкінің астына түскенін көрдім.(Б. Әлімжанов «Жүз жылдық толғау» 147 б)
Бір халықтың қасіреті басқа халықтар үшін әрі кеткенде жай ғана тарихи факт екен!(Жүз жылдық толғау, 285 б)
Біресе үстіне төнін келген аюдың тісіндей сақылдаған жау танкі ыстық ұяң окопты таптап, сол өміріне күніне қырық рет қауіп төндірген қырық төртінші соғыс жылының сұрапыл қысы да өтіп бара жатты.(Махаббат қызық мол жылдар ,101 б)
Элизия – (лат.elision – жаншу, итеріп шығару)
Мені құтқарса, тек кездейсоқ жағдай ғана құтқара алады.(Жүз жылдық толғау, 130 б)
Дәрігерлер бір апта әуреленсе де суырып ала алмай, ақыры сол күйі қалдыруға ұйғарды.(Жүз жылдық толғау, 141 б)
Саумалдың иісі мұрнымды қытықтап, қанымды қыздырады.(Жүз жылдық толғау, 9 б)
Метатеза – (грек.metathesis – ауыстырып қою)
Жастары үлкен, өздері ірі, әлдері жетеді, жығып салып тепкілей жөнелді.(Жүз жылдық толғау, 291 б)
Ия-ия, Сәлім екеуміз Мәриям әпкемізге қыдырып барып, Алтын апаның ертегілерін тыңдаған жер!(Жүз жылдық толғау, 151 б)
Адамдардың жүрегіне, жадына фашистік Германияға деген өкпе-реніш пен жек көрушілік терең сіңіп қалған, жылқышы жігіттің таңдауын ешкім қостамайды.(Жүз жылдық толғау, 219 б)
Аферезисэлизияға қарама-қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсірілуі.
Бұйрық берсе не істейсің! – деді Николай дауысы қырылдап.(Жүз жылдық толғау, 290 б)
Аяулы ағамыз аман болса екен!(Жүз жылдық толғау, 36 б)
Қазақтың басынан өткен қиындықтар туралы орыс пен неміске әңгімелеп отырып, олар үшін соның маңызы онша емес екенін түсіндім.(Жүз жылдық толғау, 285 б)
Гаплологиясөз ішіндегі біркелкі буындардың бірінің түсіп қалуы
Иттің балдары! Бұ қайсың! Доғар! — деп қатты жекіп ұмтылды Асан бәлшебек.(Ақ боз үй, 110 б)
Бәрін араластырып, біртұтас советтік социалистік қоспаға айналдырып жіберді.(Жүз жылдық толғау, 222 б)
Балалар сондай маңызды шаруа туралы үлкен бастықтың, өзі орыс, сұрағанына мәз болыпты.(Жүз жылдық толғау, 224 б)
Апокопа – (гр. Қысқарту)
Сол күндердің, сол айлардың, жылдардың бәрінде де мен сендерді бір минут та есімнен шығарған емеспін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет