Қазір прагматизм туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Сәнге айналды десекте болады. Әуелі прагматизм ұғымына үңілейік. Прагматизм – іс-әрекет деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді мәдени айналымға ХІХ ғасырдың 70-жылдары американдық философ Чарльс Пирс енгізді. Басты қағидалары шындықты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе барлығынан да маңызды, бірдеңеге қол жеткізу үшін білім қажет дегенге саяды. Шынымен де, қазір барлық салаға білім керек. - Қазір прагматизм туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Сәнге айналды десекте болады. Әуелі прагматизм ұғымына үңілейік. Прагматизм – іс-әрекет деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді мәдени айналымға ХІХ ғасырдың 70-жылдары американдық философ Чарльс Пирс енгізді. Басты қағидалары шындықты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе барлығынан да маңызды, бірдеңеге қол жеткізу үшін білім қажет дегенге саяды. Шынымен де, қазір барлық салаға білім керек.
- Прагматизм ұғымын ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан асырып айта алмаспыз. «Бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды», - деген еді Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында.
Демек, қазіргідей құбылмалы кезеңде жоспардан тыс қауіп төнуі кәдік. Сол себепті, елімізге нақты жоспарлар мен бәсекеге қабілеттілік қажет. Тұңғыш Елбасымыздың еңбегінде елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндейді. Кестелі сөз, кесек ой айтқан Тұңғыш Президент ұлттық болмыстың өзегін сақтап, өткеннің кейбір кертартпа тұстарын тастауды меңзейді. Білімге айтарлықтай басымдық береді. «Алдағы онжылдықтың ұраны – прагматизм», – дейді. Яғни, уақытты үнемді пайдалану, болашақты жоспарлай білу, ұстамдылық, қарапайымдылық сияқты қанға сіңген қасиеттерді қайта түлету. - Демек, қазіргідей құбылмалы кезеңде жоспардан тыс қауіп төнуі кәдік. Сол себепті, елімізге нақты жоспарлар мен бәсекеге қабілеттілік қажет. Тұңғыш Елбасымыздың еңбегінде елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндейді. Кестелі сөз, кесек ой айтқан Тұңғыш Президент ұлттық болмыстың өзегін сақтап, өткеннің кейбір кертартпа тұстарын тастауды меңзейді. Білімге айтарлықтай басымдық береді. «Алдағы онжылдықтың ұраны – прагматизм», – дейді. Яғни, уақытты үнемді пайдалану, болашақты жоспарлай білу, ұстамдылық, қарапайымдылық сияқты қанға сіңген қасиеттерді қайта түлету.
Назарынызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |