Қазіргі әлеуметтік-экологиялық мәселелер және Тұрақты даму. Жоспар



бет4/6
Дата12.09.2023
өлшемі202.91 Kb.
#477366
1   2   3   4   5   6
Лекция 1

Экологиялық орнықтылық:
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру. Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қысым салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
· қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
· табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
· мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;
· қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
· жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
· атмосфералық озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
· биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану;
· ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының ең кемінде 10%-ына дейін кеңейту;
· табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
· антропогендік іс-әрекет кесірінен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
· өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
· экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
· Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;
· өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
· халықаралық ынтымақтастықты кеңейту секілді жолдармен іске асырылады.
Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:
· экологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау;
· елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін мүлтіксіз қамтамасыз ету;
· өнеркәсіп объектілерін тұрғын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;
· су құбырына және шөлмектерге келетін ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту;
· тұрғын үй орналасқан ортаның жағдайын, әсіресе радиактивті параметрлер бойынша қатаң бақылау;
· экологиялық ауытқу салдарынан пайда болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру;
· қоршаған ортаның жағымсыз факторларының кесірінен халықтың денсаулығына әсер еткен дәлелді зардапты өтеу тәртібін енгізу секілді шаралар есебінен қол жеткізіледі.
Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою жөніндегі қызмет:
· қоршаған орта үшін жағымсыз салдарға әкеліп соғатын төтенше жағдайларды алдын ала болжау;
· жағымсыз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа жүріп-тұру ережелерін, қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін үйретіп оқыту;
· төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына міндетті экологиялық бөлімдерді қосу;
· шаруашылық қызметінің ерекше режимі бар аймақтарды, экологиялық апат және дағдарыс аймақтарын белгілеуді заңнамалық тұрғыда реттеу;
· қоршаған ортаға жағымсыз салдары бар арандатушылық пен техногенді авариялардың алдын алу;
· табиғи ортаның тозуына әкелетін химиялық заттарды әдейі қолданудың алдын алу;
· табиғи және аграрлық экожүйелерді құртатын қасақана өрттердің, өнеркәсіптік қаскүнемдіктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың алдын алу, сондай-ақ табиғи нысандар мен жүйелерді бұзуға әкеліп соқтыратын тірі организмдер түрін лаңкестік мақсатта әкелу мен таратудың алдын алу тәрізді жолдармен жүзеге асырылады.
Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау, оған бақылау жасау жөніндегі шаралардың қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:
· өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
· карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру;
· ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау;
· генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді бақылаусыз әкелудің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:
· қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды республикалық және жергілікті бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың қаражаты есебінен, халықаралық несиелер, гранттар және өзге де қаржылық көздерден мамандандырылған қорлар құру мүмкіндігімен қаржыландыру;
· қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың конкурсын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра отырып ұйымдастыру;
· табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға және ықтимал экологиялық залалға өтемақы төлеуге жауапты болатындығын, немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға тиіс екендігін білдіретін «ластаушы төлейді» қағидасын енгізіп іске асыру;
· келешекте экологиялық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті бір мезгілде күшейте отырып, қоршаған ортаға берілетін эмиссия үшін ақы төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға шығатын эмиссия үшін және Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеудің ынталандырушы сипатын арттыру;
· қоршаған ортаға келетін залалды экологиялық сақтандыру, сондай-ақ таратылу сатысында өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру;
· экономикалық көрсеткіштерге табиғи нысандардың орта құру функциясын ескере отырып олардың толық құнын, сондай-ақ табиғатты экологиялық тұрғыда қорғау қызметтерінің құнын қосу;
· қоршаған орта эмиссияларына квоталармен сауда жасау жүйесін енгізу;
· табиғатты қорғаудың нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп тауарларын қайта пайдалану және қайталама өңдеуді ынталандыратын тетіктерін енгізу;
· халықаралық конвенциялар және келісімдерде көзделген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қаржы-экономикалық тетіктерді қолдану сияқты жолдармен жүзеге асатын болады.
Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын белгілеу жөніндегі мемлекет қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеу мынадай негізгі бағыттарда дамуға тиіс:
· орнықты даму теориясын жасау және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу;
· қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу;
· қоршаған ортаның жай-күйін көрсететін индикаторлар жүйесін қалыптастыру;
· экологиялық аудандастыру;
· жергілікті жерлердегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу;
· ресурс үнемдеуші, қалдығы аз, экологиялық тиімді жаңа технологияларды жасау;
· жаңартыла алатын биологиялық ресурстардың (орман, су, аңшылық-кәсіпшілік, дәрілік және басқалары) орнықты өсіп-өнуін қамтамасыз етіп пайдаланудың ғылыми қағидаларын және технологияларын әзірлеу;
· биологиялық әртүрлілікті сақтаудың тиімді әдістерін әзірлеу;
· тірі организмдердің бөтен текті және генетикалық өзгерген түрлерінің таралуын талдау және осы процестерді бақылау мен келеңсіз салдарын азайтудың тиісті әдістерін әзірлеу;
· экологиялық-экономикалық бағалаудың тәсілдері мен әдістерін әзірлеу, оның ішінде табиғи объектілердің орта құру функциясын ескере отырып құнын анықтау;
· ластанудың алдын алу және жою, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату құралдары мен әдістерін әзірлеу;
· адам аурулары мен қоршаған орта сапасының өзгерістері арасындағы байланысты зерделеу;
· экологиялық мониторингтің қазіргі заманғы әдістерін, сондай-ақ табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқару мақсатында ақпараттық технологияларды әзірлеу және дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет