- Бүгінгі таңда аса керекті нәрсе – табиғаттың,яғни болашақ ұрпақтардың құқын заң жүзінде қорғау болмақ. Өйкені адамның өзі – табиғаттың ең әсем гүлі, ол адам арқылы ғана зө-өзін сезініп, түсіне алады. Табиғатты бүлдіретін де, оны аялайтын да – адам. Олай болса, сапалы жасалған қатаң экология заңдары қажет. Әсіресе шикізат өндірісіне қойылатаын экологиялық талаптар өте қатал болуы керек, өйткені олар – қоршаған ортаны ластауға негізгі «үлес» қосады. Өндіріске енгізілетін бірден-бір кешен экологиялық талаптарды орындамай, іске қосылмауы керек.
- Соңғы – халықтың экологиялық санасынбиік деңгейге көтеру. Ол жұмыс мектеп табалдырығынан басталып, барлық ұжымдарда жүйелі түрде жүруі қажет. Күнбе-күнгі ақпарат құралдарында бұл мәселе өз орнын тауып, қоғамдық сананың өткір сұрағына айналуы қажет.
- Жас дос, қорыта келе, сіз де өз Отанын, оның сұлу да қатал табиғатын жан аямай қорғайсыз ғой деп сенеиміз.
Достарыңызбен бөлісу: |