Қазіргі кездегі Қазақстан Республикаcында қалыптасқан аймақаралық экономикалық байланыстар



Дата30.06.2016
өлшемі192.19 Kb.
#167716
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикаcында қалыптасқан аймақаралық экономикалық байланыстар
Қазақстан – Орталық Евразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар байырғы өркениетті өңір. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен қанағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған.

Қазіргі кезеңдегі аймақтық басқарудың тиімділігін арттырудың мемлекеттік стратегиясы, ең алдымен, халықтың өмір сүруінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге, елдің экономикалық кеңістігінің тұтастығы мен білігін сақтауға, экономиканың нақты секторының тұрақты дамуы үшін жағдайлар қалыптастыруға бағытталуға тиіс. Аймақтық экономиканың қызмет етуінің айқын белгіленген шекарасының болуы, аумақтардағы шаруашылық жүргізу мен әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы дербестіктің барған сайын арта түсуі аумақтың тұрақты, тиімді дамуын қамтамасыз ететін экономикалық саясатты жасақтаудағы аймақтық басқарудың жауапкершілігін күшейте түседі. Нақ осы аймақтық басқару халықтың өмір сүру жағдайы мен деңгейіне, қоршаған ортаның қорғалуына, аймақ экономикасының инвестициялық тартымдылығына, оның бәсекеге қабілеттілігіне жауапты болады.

Қазақ елінің жалпы сауда-саттық байланыстары, аймақтар арасындағы әр түрлі мақсатқа орай қалыптасқан байланыс сонау ерте ғасырлардан, Ұлы Жібек жолы кезінен бастау алған.

ХХ ғасырдың сүргінінен бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттағалы отырған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адасзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.

Дербес Қазақстан көпұлтты республика, халқының құрамында жүзден астам ұлттың өкілі бар., согымен бірге ұлттық приоритетті мемлекет. Қазақтардың этномәдени анықтамасы республикадағы басқа ұлт өкілдерінің қадыр қасиетіне еш көлеңкесін түсірмейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық ұлттар мен азаматтардың жан-жақты дамуына, өмір сүруге лайықты жағдай жасауларына кепілдік береді.

Қазақстан Батысымен Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, Оңтүстігінде Түркістан, Өзбекстанмен және Қырғыстанмен, ал Шығысында Қытаймен шекараласады.

Қазақстан Республикасының жалпы жер көлемі 2717,3 мың шаршы шақырым. Қазақстан жеріне Франция, Португалия, Норвегия және Финляндия сияқты елдердің жерін қосып есептегенде пара-пар келер еді.

Территорияны аймақтарға бөлу аудандастыру деп аталады. Ол қойылған мақсаттарға сәйкес жүргізіледі, яғни әрқашан мақсатты немесе белгілі бір мәселеге бағытталған болып табылады. Бір территория үшін аудандастырудың көптеген түрлері жүргізілуі мүмкін. Әкімшілік-территоиялық жағдайына, ресурстарына және халық шауашылығының мамандандырылған салаларына байланысты Қазақстан Республикасы аясында 5 экономикалық ауданға – Батыс, Солтүстік, Орталық, Оңтүстік және Шығыс – бөлінеді.

Экономикалық аудандастыру белгілі өндірісте аймақтардың мамандандырылуымен тығыз байланысқан, қоғамдық еңбек өнімділігінің жоғарылауына қабілеттендіреді, өндіргіш күштердің рационалды орналасуының маңызды факторы болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуы екі ерекшелігімен сипатталады: біріншісі – тозығы жеткен құрылымы мен технологиясы бар жоспарлы шаруашылықтан көшу, екіншісі – күні кешеге дейін бұрынғы КСРО-ның мұқтажын өтеу үшін жасалған инфрақұрылымның енді республиканың өз ішіндегі нарыққа бейімделуі.

Қазақстанның жер қойнауындағы жойдасыз байлық, ол байлықты пайдаланатын және өңдейтін өнеркәсіп, сондай-ақ ауыл шаруашылығына жарамды жерлер мен егістіктердің ұлан-ғайыр көлемі – көпсалалы экономиканы дамытудың алғышарттарына мүмкіндік береді.

Бұрынғы Кеңес Одағында ауыл шаруашылығына жарамды жердің 20 пайызы Қазақстанның еншісінде болатын. Астық өндіруден Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында болды. Қазақстан жыл сайын 16-17 млн.тонна астық тұтынады., астық мол шыққан жылдары елеулі бөлігін экспортқа шығарудың да мүмкіндігі бар. Үкімет әзірлеген экономикалық дамудың ұлттық бағдарламасында агро-өнеркәсіпті комплексті бірте-бірте және табандылықпен қайта құру, тұтынушыларды кәсіптік тауарлармен қамтамасыз ету көзделген. Бұл программа ауылдық жерлерді индустрияландыруға ықпал ететін болады. Республикада ауылшаруашылық өндірісін жекешелендіру жүріп жатыр, жерді ұзақ мерзімге арендалаудың құқықтық негізі жасалып, қазіргі таңда экономикалық даму науқаны қарқынды жоғарылауда.

Мемлекеттің экономикалық дамуы қазіргі кезеңде аймақтық мәселелердің кең кешеңіне назар аударумен сипатталады. Әрбір аймақ сол территорияда тұратын тұрғындардың экономикалық қызығушылық жүйесі ретінде түсіндірілетін өзіндік спецификалық табиғи күш, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктеріне ие. Аймақ басқарудың субъектісі бола отырып, бірнеше өзара байланысқан бөлімдерден құралатын күрделі шаруашылық механизмі болып табылады.

Аймақтық қарым-қатынастар жүйесінде аймақтың қалыптасқан мамандандырылу бағыты мен оны пайдалы жүзеге асыруды анықтау маңызды орын алады. Аймақтық мамандандырылу – бұл аймақтың ерекшеліктерін сипаттайтын белгілерінің бірі.

Аймақтардың мамандандырылуының теориялық негізі аймақаралық еңбек бөлінісі мен аймақаралық сауда үрдістерімен түсіндіріледі. Аймақаралық еңбек бөлінісі мен аймақаралық сауда – бұл бірыңғай еңбек нарығы, капитал, ортақ валюталық жүйе және бір кедендік аумақпен сипатталатын бір экономикалық кеңістіктің әртүрлі бөлімдерінде жүзеге асырылып жатырған процес. Аймақаралық сауда-саттықта, бәріміз білетініміздей, халықаралық экономикалық қатынастарында сақталатын либерализациялану мен жаһандану деңгейінің ауытқу тенденцияларына қарамастан әкімшілік, кедендік, саяси, тілге байланысты немесе басқа да тосқауылдар болмайды. А.Смит пен Д.Рикардоның абсолютті және салыстырмалы артықшылықтарының түбірі. Саяси үнемділік классиктер экономикалық меркантилизм жақтастарына қарсы тұратын еркін сауда-саттықтың идеологтары болды. Халықаралық (аймақаралық) сауда олар үшін әр қатысушыға пайда әкелетін тәсіл ретінде қаралды. А.Смит еңбектің халықаралық бөлінісі елге (аймаққа) лайық белгілі бір абсолютті артықшылықтардың мақсаттарына сай жүзеге асырулуы керек деп есептеді. Әрбір мемлекет (аймақ) өзінің абсолютті артықшылығы бар тауардың өндірісі мен сатылуына мамандануы керек. Егер бір мемлекет (аймақ) өзінің қорларын тек қана осындай тауарларға шоғырландырып және абсолютті артықшылығы жоқ басқа өндірістен бас тартса, онда бұл өндіріс және ынтымақтасатын басқа да мемлекетермен (аймақтармен) тауар алмасу көлемінің артуына әкеледі.

Кесте 1. Қазақстан Республикасындағы аймақтардың жалпы халық саны



жыл басына, адам

Облыстар атауы

2011 ж

2012 ж

2013 ж

Қазақстан Республикасы

16 440 124

16 673 077

16 909 776

Акмола

16 440 124

16 673 077

16 909 776

Ақтөбе

733 244

731 337

732 719

Алматы

1 872 814

1 908 717

1 946 718

Атырау

532 042

542 966

555 217

Батыс Қазақстан облысы

608 280

612 498

617 640

Жамбыл

1 046 253

1 055 813

1 069 874

Қараганды

1 352 178

1 357 878

1 362 743

Қостанай

881 544

879 454

879 941

Қызылорда

700 502

712 878

726 711

Маңғыстау

524 176

545 751

567 754

Оңтүстік Қазақтан облысы

2 567 637

2 621 488

2 678 889

Павлодар

746 122

747 004

749 019

Солтүстік Қазақтан Облысы

589 301

583 582

579 488

Шығыс Қазақстан облысы

1 397 889

1 394 710

1 393 619

Астана қ

697 156

742 884

778 198

Алматы қ

1 413 526

1 449 801

1 475 429

Енді аймақаралық еңбек бөлінісі мен аймақаралық сауда-саттық үдерісі мемлекетіміздің шекара шектес аумақтар шарттарында қалай іске асырылатынын қарастырайық. Қазақстанның территориялық дамуы тәуелсіздік алғанға дейін бұрынғы бірыңғай халықшаруашылық кешені КСРО шегінде және орталықтандырылған нұсқаулы жоспарлау негізінде жүзеге асырылып отырды.

Берілген кестеде Қазақстан Республикасы бойынша әр облыста орналасқан жергілікті халық тығыздығының көлемін байқауға болады. Республика ішінде халық саны ең көп орналасқан аймақ деп Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарын атауға болады және Республикалық маңызы бар қалалардан Алматы қаласын айтуға болады. Сонымен қатар, Астана қаласы мен Қостанай облыстары да жылдан жылға адам саны өсуде. Халық саны ең аз орналасқан аймақ Маңғыстау облысы, онда 2013 жылы 2011 жылға қарағанда халық саны небәрі 8 %-ға артқан. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысының халық саны 2013 жылы 2011 жылға қарағанда 4 %-ға өскен. Ал, Қазақстан Республикасының жалпы халық саны 2013 жылы 2011 жылға қарағанда 2 %-ға өскендігін байқауға болады.

Нарықтық экономиканы функциялау шарттарында аймақтарды дамыту мен экономикалық потенциалды орналастыру және халықты қоныстандыру сұрақтары нарықтық механизмдер негізінде анықталады. Нарықтық механизмдер мемлекеттің жеке территориалды-шаруашылық жүйесімен қатар, олардың нарыққа бейімделе алмауының әртүрлі мүмкіншіліктерімен байланысты кемшіліктерін де көрсетеді. Осы туралы Қазақстанның жалпы аймақтық өнім динамикасы көрсеткіштерінен байқауға болады.
Кесте 2. Жалпы өңірлік өнім 2010-2012 ж.ж.

млн. теңге



Облыс атауы

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2012ж 2010ж

-ға %бен


Жалпы өңірлік өнім, барлығы

21815517

27571889

30218544,3

138,5

Акмола

585965,4

809400,6

815177,4

139,1

Ақтөбе

1173592,9

1477682

1534424,8

130,7

Алматы

997712

1246208,6

1459471,2

146,3

Атырау

2843649,2

3447336,7

3105359

109,2

Батыс Қазақстан облысы

1048779,5

1323537,6

1728736,7

164,8

Жамбыл

446399,3

634251,9

778240,3

174,3

Қараганды

1872842,3

2397919,6

2576849,4

137,6

Қостанай

856 747,4

135 574,0

1 110 497,9

129,6

Қызылорда

859 148,2

1 034 819,0

1 180 334,1

137,4

Маңғыстау

1 484 848,4

1 751 142,2 1

1 982 137,1

133,5

Солтүстік Қазақтан облысы

1 205 298,2

1 507 227,9

1 684 069,9

139,7

Павлодар

1 031 878,6

1 527 256,2

1 466 131,9

142,1

Оңтүстік Қазақтан Облысы

466 955,2

667 893,3

677 541,1

145,1

Шығыс Қазақстан облысы

1244 102,6

1624 341,0

1 761 063,9

141,5

Астана қ

1 774 185,2

2 090 987,4

2 717 262,4

153,1

Алматы қ

3 923 412,6

4896 311,0

5641 247,2

143,7

Кестеден көрініп тұрғандай, жалпы аймақтық өнім барлық Қазақстан аймақтарында үш жылдың ішінде өсіп отыр. Егер облыс бойынша талдау жасайтын болсақ, онда ең жақсы көрсеткіш Батыс Қазақстандық облысында байқалады. 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда Белоруссия және Ресей Федерациясы арасындағы Кеден Одағы келісімінің орындалуына байланысты ЖӨӨ 64,8%-ға өскен. Өсу деңгейімен байланысты төмен көрсеткіш Атырау облысында байқалады – 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ барлығы тек 9,2%-ға өсті, бірақ облыстың ЖӨӨ дамуы көрсеткіштері бірқалыпты. Батыс елдерінде дағдарысқа қарсы шаралар жүргізіліп жатырғанда, дағдарыстық алдындағы уақыттағы жасалған бұл анализ бойынша берілген көрсеткіштер өте жақсы деп есептеледі. Жалпы алғанда Қазақстан ЖӨӨ өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енді.

2012 жылы Әлемдік экономикалық форумның берген бағасы бойынша мемлекетіміздің экономикасы нығайя түсіп, бірінші рет соңғы 5 жыл ішінде әлемнің 144 бәсекеге қабілетті мемлекеттері ішінде 51-ші орынды иеленді.
Кесте 3. Қазақстан Республикасының жалпы өңірлік өнімдегі аймақтардың үлесі

(пайыз бойынша)



Облыс атауы

2010ж.

2011ж.

2012ж.

Жалпы өңірлік өнім, барлығы

100

100

100

Ақмола

2,7

2,9

2,7

Ақтөбе

5,4

5,4

5,1

Алматы

4,6

4,5

4,8

Атырау

13,0

12,5

10,3

Батыс Қазақстан облысы

4,8

4,8

5,7

Жамбыл

2,1

2,3

2,6

Қараганды

8,6

8,7

8,5

Қостанай

3,9

4,1

3,7

Қызылорда

3,9

3,8

3,9

Маңғыстау

6,8

6,3

6,5

Солтүстік Қазақтан облысы

5,5

5,5

5,6

Павлодар

4,7

5,5

4,9

Оңтүстік Қазақтан Облысы

2,2

2,4

2,2

Шығыс Қазақстан облысы

5,7

5,9

5,8

Астана қ

8,1

7,6

9,0

Алматы қ

18,0

17,8

18,7

Кестеден көрініп тұрғандай жалпы өңірлік өнімдегі аймақтардың үлесі бойынша Алматы қаласы көшбасшы, 2012 жылы оның үлесі 18,7%-ды құрады. Алматы қаласынан кейінгі орынды Атырау облысы алып отыр, жоғарыда берілген кесте бойынша көргеніміздей Атырау облысы ЖӨӨ бойынша төмен көрсеткіштер көрсеткенін Атырау облысының аймақтың жалпы өнімін қалыпты сақтауды және облыс ерекше артықшылығы бар аймаққа жататындығымен түсіндіруге болады. Жалпы өңірлік өнімдегі аймақтардың үлесінде ең төмен үлесті Солтүстік Қазақстан облысы алып отыр, оның үлесі 2012 жылғы жалпы өңілік өнімі республиканың аймақтық азық-түлігінде тек 2,2% ғана құрады. Бұл облыстың қызмет аясы ауылшаруашылық бағыты, бәріміз білетіндей ауылшаруашылық әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді. Аймақтардың арасында өздерінің позицияларын өзгертпеген немесе аз ғана көлемде өзгерткен облыстар да бар, олар Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы. Негізінен дағдарыстық уақыты аралығында қалыпты деңгейді сақтап отырудың өзі үлкен экономикалық көрсеткіш. Сондықтан әр уақытта экономиканы қалыпты ұстап отыруға әр аймақ жекелеген үлесімен болса да, маңызы орасан зор орнын бөліп көрсетіп отырады.

Кесте 4. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім

мың. теңге



Облыс атауы

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2012ж 2010ж

-ға %бен


Қазақстан Республикасы

1336,5

1665,1

1787,0

134

Ақмола

798,1

1105,3

1112,5

139

Ақтөбе

1523,1

1889,8

1928,1

126

Алматы

537,9

658,9

749,7

139

Атырау

5401,0

6413,6

5593,0

103

Батыс Қазақстан облысы

1730,4

2168,2

2798,9

162

Жамбыл

429,0

603,3

727,4

169

Қараганды

1387,7

1769,4

1890,9

136

Қостанай

970,8

1289,6

1262,0

130

Қызылорда

1236,5

1464,1

1624,2

131

Маңғыстау

2890,4

3273,5

3491,2

121

Солтүстік Қазақтан облысы

474,6

580,9

628,6

132

Павлодар

1384,6

2045,6

1957,4

141

Оңтүстік Қазақтан Облысы

790,1

1138,9

1169,2

148

Шығыс Қазақстан облысы

889,8

1163,1

1263,6

142

Астана қ

2635,7

2904,1

3491,7

132

Алматы қ

2797,3

3418,8

3823,4

137

Кестеден көріп отырғанымыздай, халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі барлық аймақтарда өскенін байғауға болады. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің өсу бағыты бойынша талдау жасайтын болсақ, онда Жамбыл облысы алға шығып отыр, 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 69%-ға өсті. Ал, ең төмен көрсеткіш ретінде Атырау облысын атауға болады. 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі тек 3%-ға ғана өскен, бірақ басқа аймақтармен салыстырғанда жан басына 5593,0 мың теңгеден келеді, бұл аймақтар арасыгдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Аймақтар арасында есептелген уақыт ішінде жан басына шаққандағы өңірлік өімнің төмен көрсеткіші Оңтүстік Қазақстанда байқалады, бұл өңірде жан басына шаққандағы өнім Атырау облысының ЖӨӨ-нің 11%-ын құрайды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі 1 млн. теңгеге жетпейді, бұл халықтың тығыздығымен түсіндіріледі, яғни, Алматы облысында – 8,7, Жамбыл облысында – 7,4 және оңтүстістік Қазақстан облысында – 22,8 (2013 жылдың 1 қаңтарына)

Экономикалық дамудың қазіргі таңдағы нарықтық белсенді қатынастарымен, күрделендірілген шаруашылық байланыстармен сипатталады. Сондықтан, аймақаралық экономикалық байланыстардың негізгі факторларын анықтамас бұрын, Қазақстан Республикасының облыстары бойынша өзара сауда көрсеткіштеріне назар аударып көрейік (Қосымша 1).

Кестеден көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасының тауар айналымының ең үлкен ара салмағын Алматы қаласы алып отыр. 2012 жылы бұл көрсеткіш тауар айналымындағы барлық 16 облыстың ішінде 37,7 %-ға жетті. Тауар айналымында ең төмен көрсеткішті Қызылорда облысынан байқауға болады – 2012 жылы облыстың жалпы қатынастағы ара салмағы 0,4 %-ды көрсетті.

Аймақтар арасында тауарларды ішкі нарыққа шығыру бойынша 2012 жылы үлкен ара салмақты 17,1%-бен Қарағанды облысы алып отыр. Қостанай облысы – 16,2 % және Алматы қаласы – 13,4 %, ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 0,1 %, Атырау облысы – 0,5 %-ды көрсетіп отырса, Солтүстік Қазақстан – 0,8 %-ды құрап отыр. Берілген мәліметтер бойынша Маңғыстау облысында басқа облыстармен салыстырғанда ішкі нарыққа тауарлар көлемі аз мөлшерде шығарылады.

Алматы облысы ішкі нарықта Республика аймақтарымен жалпы өндірілген өнімдерінің 37,6 %-ын қолданып отыр. Ішкі нарықта басқа облыстардан тауарларды әкелу бойынша ең төмен көрсеткішті Жамбыл облысы – 0,5 % көрсетеді, ал Қызылорда облысы – 0,6 %. Бұл аймақтарда 1 кв.метрге халық тығыздығы жоғары. Сондықтан тауарлар мен қызметтерді мемлекет аумағында өндірушілерден тұтынушыларға жылжытуда және мемлекет ішіндегі аймақаралық экономикалық байланыстардың құрылуында бөлшек сауда ең негізгі факторларды бірі болып табылады.



Аймақтық экономиканың негізгі мақсаты аймақаралық деңгейде елдің шаруашылық механизмінің қызмет етуінің экономикалық механизмін қалыптастырудың мүмкін жолдарын кешенді зерттеу. Бұл мақсат келесі міндеттерді шешуде жүзеге асады:

  • мемлекеттің экономикалық саясатында аймақтар дамуының нақты ерекше шарттарын ескеру маңыздылығын терең түсіндіруді қалыптастыу;

  • ұлттық экономика дамуын мақсат ретінде және оның аймақтарын құрамдас бөліктері ретінде шынайы өзара тәуелділік туралы көзқарас қалыптастыру;

  • ұлттық экономика дамуын мақсат ретінде және оның аймақтарын құрамдас бөліктері ретінде шынайы өзара байланыс пен өзара тәуелділік туралы көзқарас қалыптастыру;

  • әкімшілік-аумақтық құрылымдардың әлеуметтік саласын және экономикасын реттеу мен басқарудың жалпы жүйесін қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері мен әдістемелік негіздері туралы түсінік беру;

  • әкімшілік-аумақтық құрылымдардың әлеуметтік саласын және экономикасын реттеу мен басқарудың жалпы жүйесін қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері мен әдістемелік негіздері туралы түсінік беру;

  • аймақтық деңгейдегі экономика мен әлеуметтік саланың даму келешегі, қиындықтары және жай-күйі туралы жалпы түсінік алу;

  • мемлекеттің экономикалық саясатында нақты аумақтардың аймақтық мүдделерін жүзеге асырудың ұтымды жолдары мен механизмдерін іздеуге назарды бағыттау.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет