«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер


Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады



бет4/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

3.Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.
Морфологиялық ұстаным – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, бастапқы құрамын сақтап жазу. Фонетикалық ұстаным бойынша сөз айтылуындай жазылады. Дәстүрлік ұстаным - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні жоқ. Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мәнге ие бола алады. Бір фонема жазуда әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді. Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады.Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады. 5. Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі проф – М.Балақаев. Ол өзінің “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: “Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынас теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді – бәрібір – әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек ”.-дейді. 7. Қордабаев Т. «Қазақ тіл білімінің мәселелері» А-«Рауан» 1991ж..
Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
2. Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер- дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. +++Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
3.Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып қарастырылады.Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны құрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.
2. Тілдің даму заңдылықтары жөніндегі мәселе – жалпы тілтану ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Заманға, уақытқа қатысты болып отыратын тілдік құбылыстардың сырын білмейінше, тілдің өзіндік сипатын, мән мағынасын түсіну мүмкін емес. Тілдің дамуы қоғам дамуымен тығыз байланыста болады, бірақ бұл екеуінің дамуы бір е мес, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Тілде қоғам өмірінде болатындай революциялық секіріс, дүмпу ескіні жаңаның күшпен бірден жоюы сияқтылар болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет