Қазіргі таңда Қазақстан мектептері бірнеше технологиялармен жұмыс істеп келеді Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді


Оқу процесін жобалау технологиясы бойынша мұғалім жұмысының кезеңдері



бет2/3
Дата25.03.2023
өлшемі62 Kb.
#471096
1   2   3
Жобалап о ыту технологиясы

Оқу процесін жобалау технологиясы бойынша мұғалім жұмысының кезеңдері:

  1. Оқу процесін технологиялық карта атласы түрінде жобалау;

  2. Жобаны шынай оқу процесінде жүзеге асыру, оқу процесінің сапасы жөнінде ақпарат жинау;

  3. Жинақталған ақпаратқа талдау жасау;

  4. Жүргізілген талдау негізінде жобаға өзгерістер енгізу.

Жобалап оқыту технологиясы жобалау кезінде де және оны жүзеге асыру кезеңінде де қолданылатын мынадай бес түрлі сатылардан тұрады:
— мақсат қою ( кіші мақсаттар жүйесі)
диагностика
— оқушының өзіндік жұмысының мөлшері
жобаның логикалық құрылымы;
— түзету
( оқу тақырыптарының шегі 6-8 сабақтан 22-24 сабаққа дейін).
Жобалаудың «паспорты» бес құрамы бір-бірімен тығыз байланысты:
— кіші мақсатардың мазмұны диагностиканың мазмұнын анықтайды;
— диагностиканың мазмұнынан үй жұмысының мазмұны, көлемі және ауырлық деңгейі анықталады;
— үй жұмысы көлемінің жеткілікті не жеткіліксіз екені диагностика жүргізілген кезде анықталады;
— логикалық құрылым – бұл оқу үдерісінің мазмұн мен жүйе жағынан бірлігі

  1. — түзету – мұғалімнің диагностикадан өтпеген оқушымен тікелей жұмысының бағдарламасы.

1. Мақсат қою.
Мақсат қою – бұл мұғалімнің өзі анықтайтын кіші мақсаттар жүйесі. Атап айтқанда, бағдарламаның мазмұнына талдау жасай отырып, білім беру стандарты талаптарына, өзінің жеке әдістемелік іс-тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім тақырыптың негізгі мазмұнын мақсат қою тіліне айналдырады. Кіші мақсаттар белгілі бір жүйемен жүргізілуі керек.
Оқу тақырыбының кіші мақсаттары тақырыптың көлеміне қарай 2-5 аралығында болады.
Кіші мақсаттар қою мұғалімнен міндетті түрде оқушыларға түсінікті арнайы әдістемелік тілмен жазылуын және нақты жеткізе білу дағдысын талап етеді. Сондықтар мақсаттар «білу», «түсіну», «жасай білу», «елестете алу», «сипаттама бере білу» және т.б. сөздермен беріледі.
Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі кіші мақсаттарды нақты және дәл қоя білуінен, яғни тақырыптың басты сұрағын анықтай білуінен көрінеді
2. Диагностика.
Диагностика – бұл кіші мақсаттардың орындалуын ( әрбір кіші мақсаттың орындалғанын не орындалмағанын) анықтау үшін мұғалім құрастырған өзіндік тексеру жұмыстарының жүйесі.
Әрбір кіші мақсатқа өз өзіндік жұмыс (ӨЖ) үлгісі құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет