Қазіргі заман жастары, атап айтсақ Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан жас буын XX ғасыр жастарынан айтарлықтай айырмашылық жасайды



Дата26.12.2023
өлшемі20.2 Kb.
#488065
фил 9


  1. Қазіргі заман жастары, атап айтсақ Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан жас буын XX ғасыр жастарынан айтарлықтай айырмашылық жасайды. Бірақ, бұл жастардың жалпыадамзаттық құндылықтардан түбегейлі арылды дегенді білдірмейді. Әрине ,бәрі бірдей саналы емес,есесіне білім деңгейі тұрғасынан қазіргі жастардың мүддесі аса жоғары. Өз кезегінде білімге құштар жас буынның негізгі тобы ілесіп келеді. Заман жастарының бойында - байсалдылық , рахым,қанағат,ұждан этикалды қасиеттері толық қалыптаспағанымен, алға ұмтылу,қайсар мінездері әлі де болса көрініс табады. Жалпы этика дегеніміз не?

Этика- қарапайым ғана адамзаттық құндылық, мінез-құлық ұғымдарымен тұспа-тұс келеді. Діни ,ұлттық , жалпыадамзаттық , нормативтік,теориялық тұрғыда қарастырылатын этиканың да сан түрлі бағыттары белең алады. Қазіргі заман жастарының этикалық құндылықтарын "қазақ жастары" емес "Қазақстандақ жастар" етіп ажыратамыз. Қазақстандық жастардың құндылықтарын,оның ішінде ақыл-ой,білімін дамыған мемлекет жастарымен салыстыру ақымактық. Дамыған ел жастарының дамушы мемлекет жастарынан тек бір айырмасы- жаңа технологиялық жүйеде жатыр,ал жаңа заман талабына сай кез-келген құралдарға машықтану көп уақытты қажет етпейді. Сондықтан да жастарды білім деңгейі бойынша бір саты төмен қою қателік .Атап өткендей жас буынның білім алуға құштарлығы жоғары,дегенмен , статистикалық мәліметтер 300 мыңдай тұлғаның құндылықтарға аса ден қоймайтындығын дәлелденген. Негізгі себептері: орта мектепті тәмамдаған соң әскерге кету және оралғаннан кейінгі жалғасы таппаған білім, ерте жастан отау құру, отбасылық жағдайлар мен білім ордаларының жоқтығы, тілдің шұбарлануы,нақтырақ айтқанда патриоттық сезімнің өлуі не болмаса қазақ этнонимінің орыстану процесі.

Этиканы басқалай тұрғыда іс-әрекет пен сөйлеу мәнері бойынша бөліп қарастыруға болады. Мысалы,жас буынның қазіргі сөйлеу тілі кітап тілінде сайрайды. Оған дәлел, қазақ сөздіктерін жазғанда негізгі диалект сөздердің үлкендер арасында ғана кең қанат жаюы. Жағымсыз тұсы:тілдың шұбарлануы. Іс-әрекеттік типтері бойынша волонтерлік қызметтерді аркау етуге болады, жағымсыз тұсы-көше тәрбиесінің қисынсыз әрекеттері (бұл құрамға қоғамдық орындағы оқушы мен қарт арасында жиі туындайтын кикілжің).
Қазіргы заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтарын көркейтуде - патриот ұғымдары жиі қолданылады. Жастарды мейлінше сауатты, білімді,рухани және ішкі құндылықтарға бай ету Елбасы жолдауларында да көрініс табуда. Қоғамда жастың ғана емес,адам мен адамның бір-біріне деген шын ілтипат,істері ерекше орын алады. Бұны қарапайым ғана дәрігер мен кішкентай бала деп те қарастырсақ болады.


  1. Этикалық жағдаят:

Этикалық дилемма – адамның әртүрлі құндылықтары мен қолжетімді іс-әрекет нұсқалары арасында қайшылық туындайтын жағдай


Мұғалімнің сабағында бір оқушы сабақты қайта-қайта бөліп, мұғалімді елемей, басқа оқушылармен сөйлесіп, шулап отырады. Мұғалім сол оқушыға ескерту жасап, шуламауын айтады. Бірақ оқушы шулауын тоқтатпайды. Мұғалім оқушыға үш рет ескерту айтады. Оқушы сабақты бөлуін тоқтатпаған соң мұғалім оқушыны тұрғызып, басқа оқушылардың көзінше ұрыса бастайды. Сол уақытта жаңағы оқушы телефонымен байқатпай мұғалімді видеоға түсіріп тұрады. Мұғалім қатты ашуланып оқушының намысына тиетін, тәрбиесіне қатысты сөздер айтады. Оқушы сабақ аяқталған соң мектеп директорына барып, мұғалімнің үстінен шағым айтады. Келесі күні директор оқушының ата-анасымен жаңағы мұғаліммен және сол сыныптың оқушыларымен жиналыс өткізеді. Жиналыста директор мұғалімнен оқушының намысына тиетін сөздер айтылдыма деп сұрайды. Мұғалім ондай ситуацияның болғандығын растаса сөгіс алады. Себебі бұл оқушының психикасына әсер етуі мүмкін. Алайда мұғалім оқушыға сабақ барысында шуламау керектігін бірнеше мәрте ескертеді. Оқушы оны елемегендіктен осындай ұрыс естіген болатын. Ал мұғалім оқушыға ұрыспағанын айтып ақталатын болса, оқушы өзіндегі видеоны көрсетеді. Бұл жағдайда қай нұсқаны таңдаса да мұғалімге қолайсыз болады. Бірінші вариантта мұғалім оқушыға қатты ұрысқанын мойындап, кешірім сұраса, бұл жағдай басқа оқушымен қайталануы мүмкін. Ал екінші вариантта мұғалімнің ұрысқандығы факт, оқушы оны видеоға түсіріп алған. Бұл этикалық дилемма болып табылады. Әдетте этикалық дилемманы шешудің жолы үшінші вариантты қарастыру. Немесе екі қарама-қарсы көріністерді қоспағанда, басқа параметрлерді іздестіру. Болған ситуацияның басқа тұстарын қарастыру. Мысалы, адамгершілік, қызметтік, заңдылық немесе моральдық жағынан талдау жасау; шешімдердің арасынан мүлде ситуация көмегі тимейтін бөлікті алып тастау; қалған шешімдерді ойша елестету арқылы іріктеу; өзіңіз нақты қабылдайтын шешімді талдау, яғни, сіз таңдаған шешім сізді тығырықтан шығара ма? Сізге қандай пайдасын әкеледі? Бұл шешімнің зардаптары бар ма? Осы сілтеме арқылы сізде тығырықтан шығу мүмкіндігі туындайды. Ал біздің ситуацияда осы сілтемені қолдансақ, мұғалім адамгершілік жағынан қарастырса болады. Өз ісін мойындап, ата-аналар мен оқушылардан кешірім сұрап, ары қарай тәрбие ісі жөнінде сөз қозғаса мұғалім тығырықтан шыға алады. Ата-аналар бұл жағдайдан кейін өз балаларының тәрбиесіне қаталырақ болады. Осы тәрбие жұмыстарына байланысты философтар өз ойларын білдірген болатын. «Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады» - (Константин У; «Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болуға тиіс» (Карл Маркс); «Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.» (Саиф Сараи)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет