«Қазпочта» АҚ 2014 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есеп Мазмұны


ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАР, ҚАУІПТІ БАСҚАРУ БОЙЫНША САЯСАТ ПЕН МАҚСАТТАРЫ, ЖАЛҒАСЫ



бет20/21
Дата23.02.2016
өлшемі1.22 Mb.
#5919
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

26 ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАР, ҚАУІПТІ БАСҚАРУ БОЙЫНША САЯСАТ ПЕН МАҚСАТТАРЫ, ЖАЛҒАСЫ


Өтімділік қаупі және қаржылау көздерін басқару, жалғасы

Өтелуге дейін қалған мерзімдері бойынша қаржылық міндеттемелерді талдау, жалғасы

Өтеу мерзіміндегі айырмашылықты талдау ағымдағы шоттардың жойылуы әдеттегідей жоғарыдағы таблицада көрсетілгеннен гөрі ұзақ кезең бойы болады, ол тарихи тұрақтылыққа әсер етпейді.

Нарықтық қауіп

Нарықтық қауіп – бұл келешектегі қаржылық құралдар бойынша ақшалай ағымның әділ құны пайыздық мөлшерлеме, валюта курстары және үлестік құралдар бағасы сияқты нарықтық параметрлердің өзгерістері салдарынан тұрақсыздану. Топ өзінің нарықтық қаупін саудалық емес қоржын бойынша қауіптер санатына жатқызады. Саудалық емес позициялар бойынша қауіптер әсерді талдауды қолдану арқылы бақыланады және басқарылады. Топта маңызды шоғырландырылған нарықтық қауіп жоқ.

Нарықтық қауіп – саудалық емес жиынтық

Пайыздық қауіп

Пайыздық қауіп қаржылық құралдардың әділ құны немесе келешектегі ақша ағымына пайыздық мөлшерлемелердегі өзгерістердің ықпалы салдарынан туындайды.



Әділ құнның әсершілдігін талдау

Пайыздық мөлшерлеме өзгерісінің қаупін басқару пайыздық мөлшерлеме мерзімдерін қайта қарауға негізделеді, қаржылық активтер мен міндеттемелердің әсершілдігін бақылаумен толықтырылады. 2014 және 2013 жылдардың 31 желтоқсанына қолданылған пайыздық активтер мен міндеттемелер бойынша қаралған позициялар мен пайыздық мөлшерлеменің қисық сызығын 100 базалық пункт параллелді жылжуы мөлшерлеменің көбею не азаю жағына қарай жеңілдетілген сценарий негізінде құрастырылған таза табыс немесе шығын мен капиталдың (салығы шегерілген) пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне әсершілдігін талдау төмендегідей көрсетіледі.






2014 жыл 
мың теңге





2013 жыл 
мың теңге


Мөлшердің азаю жағына 100 базалық пункт параллелді жылжуы

29,190




27,648

Мөлшердің көбею жағына100 базалық пункт параллелді жылжуы

(29,190)




(27,648)

2014 және 2013 жылдардың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойғы табыс немесе шығын мен капиталдың сатуға арналған құнды қағаздар сыйақы мөлшерінің өзгеруі салдарынан болған кезеңдегі өзгерістері капитал құрамына саналған, (2014 және 2013 жылдардың 31 желтоқсанына пайыздық активтер мен міндеттемелер бойынша қаралған позициялар мен пайыздық мөлшерлеменің қисық сызығын 100 базалық пункт параллелді жылжуы мөлшерлеменің көбею не азаю жағына қарай сыйақы мөлшерлемесін жеңілдетілген сценарий негізінде құралған) әділ құнының өзгерістері төмендегідей көрсетіледі:

мың теңге

2014 ж.

2013 ж.




Табыс не шығын

Капитал 

Табыс не шығын

Капитал 

Мөлшердің көбею жағына100 базалық пункт параллелді жылжуы

-

(450,108)

-

(511,291)

Мөлшердің азаю жағына100 базалық пункт параллелді жылжуы

-

491,509

-

560,939

    26 ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАР, ҚАУІПТІ БАСҚАРУ БОЙЫНША САЯСАТ ПЕН МАҚСАТТАРЫ, ЖАЛҒАСЫ


Нарықтық қауіп – саудалық емес жиынтық, жалғасы
Валюталық қауіп

Валюталық қауіп – бұл қаржылық құрал құны валюталар курстарындағы өзгерістер салдарынан тұрақсыздануы. Басқарма шетел валюталарының позициялары бойынша лимитті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтері негізінде бекітті. Позициялар күнделікті зерделенеді.

Төмендегі таблицада Топтың 2014 және 2013 жылдардың 31 желтоқсанына саудалық емес активтер мен міндеттемелер мен болжамды ақшалай ағымдар бойынша маңызды позициялары бар екені көрсетілген. Жасалған талдау валюта курсында теңгеге қарай болатын өзгерістер әсерін есептеуден құралған, бұнда басқа (валюта курсына әсершіл саудалық емес активтер мен міндеттемелердің әділ құнындағы өзгерістер мүмкіндігі) параметрлер тұрақты қабылданған. Капиталға әсер табыс және шығын туралы шоғырландырылған есепке әсерден айырмашылығы жоқ. Жағымсыз сомалар таблицада табыс не шығындағы таза потенциалды азаюы мүмкіндігін, ал жағымды сомалар таза потенциалды көбеюін көрсетеді.



Валюта

Ауыстыру курсының жоғарылауы/төмендеуі 2014 ж.

Салық салғанға дейінгі табысқа ықпалы

2014 ж.

мың теңге

Ауыстыру курсының жоғарылауы/төмендеуі 2013 г.

Салық салғанға дейінгі табысқа ықпалы

2013 ж.

мың теңге

АҚШ доллары

30.00%

332,800

30.00%

400,086

Евро

30.00%

7,964

30.00%

5,362

Ресей рублдері

20.00%

9,686

20.00%

19,702

СДР

30.00%

68,090

30.00%

17,716
















АҚШ доллары

10.00%

110,933

10.00%

133,362

Евро

10.00%

2,655

10.00%

1,787

Ресей рублдері

(20.00%)

(9,686)

(20.00%)

(19,702)

СДР

10.00%

22,697

10.00%

5,905

Операциялық қауіп

Операциялық қауіп ішкі үрдіс пен жүйе бұзылысынан, құрам қателігінен, адами факторлардың ісіне ықылассыз әрекеттерінен немесе ішкі фактор салдарынан туындаған шығынғы ұшырау ретінде анықтамаланады. Бақылау жүйесінің қызметі тоқтатылған кезде операциялық қауіп беделге зиян келтіреді, құқықтық зардаптарға және қаржылық шығындарға соқтырады (9 Ескерту). Топтың барлық операциялық қауіп жойылды деген болжам жасауы мүмкін, бірақ жүйені бақылау және тексеру көмегімен Топтың потенциалды қауіптерін басқара алады. Бақылау жүйесі ішкі аудитпен қоса, бағалау процедуралары, құрамды оқыту, процедураларды тексеру және бекіту, рұқсаттық құқық, міндеттерді сапалы бөлуді қарастырады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет