«Қазпочта» АҚ 2014 жылғы корпоративтік оқиғалардың жылдық күнтізбесі



Дата25.02.2016
өлшемі162.39 Kb.
#25858
«Қазпочта» АҚ 2014 жылғы корпоративтік оқиғалардың жылдық күнтізбесі


2014 жылғы 1-тоқсан

1

2014 жылға арналған Жалғыз акционердің күтілімдерін орындау мақсатында, «Қазпочта» АҚ Басқармасының 2014 жылдарға арналған Басқарманың филиалдарға күтілімдерін бекітуі

қаңтар

2

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) Басқармасының 2014 жылғы 27 қаңтардағы №03/14 сырттай отырысының хаттамасынан үзінді көшірмеге сәйкес, «Қазпочта» АҚ ДК мүшесі- тәуелсіз директоры (бұдан әрі – Қоғам) Найджел Стейплтонның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары ретінде: Гинт Шкодов, Калле Тариен; Жалғыз акционердің мүддесін білдіруші ретінде – Адамас Илькявичюс сайланды.



қаңтар

3

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2014 жылғы 30 қаңтардағы №12-1-36-02/389 хатымен 2014 жылға арналған Жалғыз акционердің күтілімдеріне V бөлім күтілімдері туралы хатқа енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар ұсынылды. Қор топтары ұйымдарының тиімділігін арттыру үшін өзгерту, жетілдіру, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді және басқару технологияларын енгізу мақсатында бизнесті трансформациялау.

«Қазпочта» АҚ Трансформация бағдарламасының бірінші кезеңіне (Қордың 2014 жылғы 22 қаңтардағы №02/14 шешімі) енгізілді.



қаңтар

4

«Қазпочта» АҚ Басқармасының күндізгі отырысының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 02 хаттамасынан үзінді көшірмеге сәйкес, корпоративтік басқаруды жақсарту, жауапкершілік пен есеп беру деңгейін арттыру, сондай-ақ Қоғам Басқармасы мен филиалдары арасында коммуникацияны жетілдіру мақсатында Қоғамның 2022 жылға дейінгі даму стратегиясына, 2014 жылға арналған Жалғыз акционердің күтілімдер хатына, «Қазпочта» АҚ 2014-2018 жж. даму жоспарына, сондай-ақ Қор бекіткен Қоғамның ҚНК сәйкес 2014 жылдарға арналған «Қазпочта» АҚ Басқармасының филиалдарға күтілімдері бекітілді.

қаңтар

5

Үстеме төлемді EMS жөнелтілімдерді қабылдау қызметтерін (№04 хаттама) енгізді.

10 ақпан

6

«Қазпочта» АҚ Ресей Федерациясының Ұлттық қашықтықтан сату қауымдастығымен және Украина директ-маркетинг қауымдастығымен бірлесіп (Алматы қ.) ұйымдастырған «Қазақстандағы сауда миссиясы» халықаралық конференциясының Қазақстан Республикасы (ҚР) Ұлттық банкі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі, «Қазконтент» АҚ, Инфокоммуникациялық технологиялар қоры өкілдерінің, почта әкімшіліктерінің және қашықтықтан сауда жасайтын 90-нан астам халықаралық компания басшыларының қатысуымен өтуі.

«Қазпочта» АҚ Сауда миссиясы шеңберінде: ОТТО Группа, Quelle, LaModa,  Next Digital, «Бертельсман» дистрибуциялық орталығы, ROSAN Joint Venture, Post Трейдинг интенет-дүкендер компанияларымен ынтымақтастық туралы Шарттарға қол қойылды. Қашықтықтан сауда жасайтын компаниялардың талаптарын қанағаттандыратын почта жөнелтілімдерін жіберу бойынша қызметтерді құру туралы ынтымақтастыққа «Ресей почтасымен» қол жеткізілді.

Сауда миссиясы барысында кездесулер, келіссөздер, роулд-шоу болды, сондай-ақ құқықтық және логистикалық мәселелер, тиімді маркетинг, ақпараттық технологиялар, қаржы логистикасы, е-соmmerce жаңа сервистер бойынша консультациялар өткізілді.


12-13 ақпан

7

«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының Қоғамның Қарағанды облыстық филиалына сапары, оның шеңберінде 2013 жылғы қызмет қорытындылары туралы филиал есебін тыңдау, сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарлар мен міндеттерді талқылау.

Сапар барысында қазіргі заманғы почтамен, банктік жабдықпен, кезектің электронды жүйесімен жабдықталған «Post-24» тәулік бойы қызмет көрсету аймағы бар №17 ПББ базасында үлгілі почта байланысы бөлімшесін салтанаты түрде ашу болды.

Сондай-ақ, Қарағанды қ. почтаны сұрыптау және тасымалдау учаскесінде бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы басқарылатын индикация жүйесін құруды болжайтын және республикалық, шетел және жергілікті баспа басылымдарын қабылдау және өңдеу бойынша қол еңбегін, сондай-ақ жұмыс барысындағы қателер санын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін «Мерзімді баспа басылымдарын сұрыптау желісі» пилоттық жобасы іске қосылды.


14 ақпан

8

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы әлеуметтік әріптестік орталығы, салалық кәсіподақ бірлестіктері өкілдерінің, Қоғамның облыстық және мамандандырылған филиалдары, өкілдіктері мен еншілес ұйымдары басшыларының қатысуымен, алдағы кезеңге арналған жұмыс қорытындылары мен міндеттері туралы басшылық құрамның жылдық есептік мәжілісін өткізу.

Мәжілісте «Қазпочта» АҚ 2013 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары өткізілді, алдағы кезеңге міндеттер белгіленді, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелері талқыланды. Есептік мәжіліс шеңберінде почта технологиялары, логистика қызметтерін сату тиімділігі, төлем жүйелері мен карточка өнімдерін жетілдіру, ұжымды басқарудағы филиалдар директорларының ролі мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді. «Қазпочта» АҚ филиалдарының директорлары үшін персонал мен қаржы менеджментін тиімді басқару бойынша оқытатын семинарлар өткізілді.



20-21 ақпан

9

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиевтың «Қазпочта» АҚ қызметі мәселесі бойынша тыңдауы

24 ақпан

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Қазпочта» АҚ акцияларын шығару жобаларына Қоғамның Директорлар кеңесі құрамына өзгеріс бөлігіндегі өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуі.

24 ақпан

11

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде «Қазпочта» АҚ қызметі мәселесі бойынша депутаттардың тыңдауы.

25 ақпан

12

«Самұрық-Қазына» АҚ топтары ұйымдарында жаңғырту кеңесі белгілеген, «Қазпочта» АҚ трансформациялау жөніндегі бағдарламаны іске асырудың мерзімі шеңберінде мына іс-шаралар орындалды:

- ақпанның 24-і мен 26-ы аралығында Қоғам орталық аппараты құрылымдық бөлімшелері басшыларымен трансформациялануы тиіс бизнес-процестерді анықтау және Қоғамның трансформациялау бағдарламасына қатысу үшін мамандарды бөлу жөніндегі жұмыстық кездесу өткізілді;

- 2014 жылғы 27 ақпанда «Қазпочта» АҚ Трансформациялау жарғысының жобасы құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары ескеріліп жасалды;

- 2014 жылғы 28 ақпанда «Қазпочта» АҚ Басқармасының шешімімен Қоғамның Жаңғырту жөніндегі кеңесінің құрамы бекітілді.



ақпан

13

«Қазпочта» АҚ АТ қызметі шеңберінде қажетті ақпаратты ұсыну бөлігінде «Самұрық-Қазына» АҚ АТ-стратегияларын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ Қор ұйымдастыратын сессияларға АТ басшысының қатысуы. Осының негізінде, АҚ-бағытты стратегиялық жоспарлаудан тиісті корпоративтік мақсаттарды іске асыруға дейін енгізуді болжайтын және нақтылаудың жоғары деңгейінің тұжырымдамалық ақпаратын қамтитын Қоғамның 2014-2017 жылдарға арналған АТ-стратегиясының жобасы әзірленді.

АТ-стратегиясы жобасы «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті мүшелерінің ұсыныстары ескеріліп пысықталды (04.02.2014 ж. №01/14 хаттама) және Қоғам Басқармасының шешімімен (10.02.2014 ж. № 4 хаттама) мақұлданды.



ақпан

14

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрімен бірлесіп 2014-2015 жж. арналған Ұлттық оператор жергілікті жерде көрсететін қызметтерді қолдау және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

27 ақпан

15

«Қазпочта» АҚ Басқармасының шешімімен мына ІНҚ бекітілді, соған сәйкес 2014 ж. 1 сәуірден бастап еңбекақы және сыйлықақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі:

- «Қазпочта» АҚ филиалдары, өкілдіктері жұмыскерлерінің еңбекақысын төлеу ережесі;

- «Қазпочта» АҚ филиалдары, өкілдіктері, оның ішінде мамандандырылған филиалдар жұмыскерлеріне сыйақы беру ережесі.

Қазіргі уақытта филиалдармен жаңа жүйеге өту бойынша жұмыстар жүргізілуде.



19 наурыз

16

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы мына шешімдерді қабылдады:

1. Мыналардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын:

1) Калле Тариена – «Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры;

2) Серік Саудабаев – «Самұрық-Қазына» АҚ коммуникациялық активтерді басқару жөніндегі директоры, Жалғыз акционердің өкілі.

2. «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы тоғыз адам болып белгіленсін.

3. «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесіне «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі мерзімі өткенге дейінгі өкілеттік мерзіміне тұтастай:

1) Нұржан Байдәулетов – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Жалғыз акционердің мүдделерін білдіруші ретінде – Директор кеңесінің мүшесі;

2) Жанат Бердалин – тәуелсіз директор;

3) Дмитрий Жуков – тәуелсіз директор;

4) Ораз Жандосов – тәуелсіз директор болып сайлансын.


28 наурыз

17

«Қазпочта» АҚ – әлеуметтік жағынан бағытталған компания, ол үшін басым нысаналы аудитория – жергілікті жердің тұрғындары. Азаматтардың осы санаты почта қызметтеріне мұқтаж екендігін ескере отырып, ұлттық почта операторы ауылдық почта жөнелтілімдерін күшейту бойынша жұмысты бастады.

«Самұрық-Қазына» АҚ – «Қазпочта» АҚ Жалғыз акционері ауылдық почта байланысы бөлімшелерін дамыту бағдарламасын іске асыруда салмақты қолдау көрсетеді. 2013 жылы Қор 64 брондалған автоны, 114 жылжымалы почта байланысы бөлімшесін, 723 сейф сатып алуға бағытталған ауылдық почта бөлімшелерін техникалық жағынан нығайту жөніндегі жобаны іске асыруға 1,6 миллиард теңге мөлшерінде ақша қаражатын бөлді.

Ауылдық почта бөлімшелерін нығайту мақсатында Қазақстанның барлық өңірі үшін жақсартылған техникалық сипаттамалары бар мамандандырылған көлік іске қосылды. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстық филиалдарында АПБТ бастықтарына жылжымалы почта байланысы бөлімшелерін және брондалған автомобильдерді салтанатты түрде тапсыру.


наурыз

2014 жылғы 2-тоқсан

18

«Қазпочта» АҚ-дағы «2014 – Оператор жылы» жобасы және Облыстық филиалдардың қызметкерлерін оқыту жөніндегі іс-шаралар жоспары Қоғам Басқармасында 01.04.2014 ж. бекітілді.

«2014 жыл – Жыл операторы» жобасы бойынша облыстық филиалдардың барлық бөлімшесінің операторларын оқыту бойынша жұмыс 2014 жылғы мамырдың соңына дейін жүргізілді. 2014 ж. сәуірге комиссиялық сыйақы 2 203 455 теңге сомасында, 2014 ж. мамырға 2 321 105 теңге сомасында, 2014 ж. маусымға 2 370 829 теңге сомасында төленді. Әрбір облыстық филиалдың ең үздік 5 операторы бойынша тұсаукесер Қоғамның барлық жұмыскерлері компьютерлерінің басты бетіне 11.07.2014 ж. бастап орналастырылды.



2014 ж.

01 сәуір


19

Дүниежүзілік почта одағының Почталық эксплуатация кеңесінің пленарлық сессияларына қатысу, оның шеңберінде Дүниежүзілік почта одағының Бас директорымен, PostEurop еуропа почта операторлары қауымдастығының бас хатшысымен, Австралия почтасының бас делегациясымен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында:

- Халықаралық бюроның почтаны реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеуге консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету дайындығы расталды;

- Қазақстан, Астана қаласында, 2014 ж. 11-12 шілдеде ДПО-БӨД конференциясын өткізу мәселелері талқыланды;

- PostEurop қызметінің негізгі бағыттары, ағымдағы бірлескен жобалар мен жаңа жобаларды іске асыруға дайындық талқыланды (тағайындалған оператор мәртебесін алған кезде);

- трансформация процесі мәселесі бойынша Австралия почтасының Стратегиялық департаментімен өзара іс-қимыл мүмкіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді және жұмыс сапарымен Австралия почтасына шақыру алынды.


2014 ж.

9-11 сәуір



20

Астана қаласында «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдары директорларының орынбасарлары үшін тиімді сату дағдыларын игеру жөніндегі тренинг, сондай-ақ Қоғамның қаржы қызметтері бойынша семинар өткізу, оның барысында қатысушылар өнімдер мен қызметтерді алға жылжыту үшін сатудың, әрбір қызметкердің және тұтастай команданың жеке тиімділігін арттырудың қосымша дағдыларын, жетістікті келіссөздер жүргізу, аудиториямен өзара іс-қимыл жасау жолымен тұсаукесерлер өткізу тәжірибесін оқыды.

2014 ж.

24-25 сәуір



21

«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы А. Бейсенбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингіне қатысуы және ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдауын іске асыру бойынша мәселелерді талқылау.

2014 ж.

29 сәуір


22

«Қазпочта» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қоғам Басқармасының шешімімен «Қазпочта» АҚ Трансформация бағдарламасының жарғысы бекітілді.

2014 ж.

30 сәуір


23

«Қазпочта» АҚ басшылығы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі өкілдерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі ұйымдар алдында 2013 жыл қорытындысы бойынша почта байланысының баршаға қолжетімді қызметтерін ұсыну бойынша Қоғамның қызметі туралы жыл сайынғы есеп жөніндегі қоғамдық тыңдауларға қатысуы.

2014 ж.

30 сәуір


24

7 және 9 мамыр мереке күндері барлық облыстық филиалдарда құттықтау және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және зейнеткерлерге ұсынылатын жеңілдіктер туралы мәліметті қамтитын «Қазпочта» АҚ қызметтері туралы ақпарат бар 30 000 астам қағазды тарата отырып іс-шаралар ұйымдастыру:

- 80 жастан үлкен зейнеткерлер үшін зейнетақы мен жәрдемақыларды үйге тегін жеткізу;

- жеңілдік тарифтері бойынша төлемдерді қабылдау.


2014 ж.

7 -8 мамыр




25

2013 жылғы қорытындысы бойынша «Қазпочта» АҚ акционерлік қоғамы «Үлестік құралдардың биржа нарығындағы лидер» номинациясында «күміс» алды. Марапаттау рәсіміне «Қазпочта» АҚ «Алматы почтамты» Алматы филиалының директоры Бекжігіт Бекбердиев қатысты.

2014 ж.

19 мамыр


26

Қазақстан Интернет бизнесі және Мобильдік коммерция қауымдастығы Қазақстан Республикасының электрондық және мобильді коммерциясы дамуына іске қосылған салмақты ұйымдардың бірі ретінде «Қазпочта» АҚ мүшелігі туралы сертификат табыстады.

2014 ж.

20 мамыр


27

«Қазпочта» АҚ басшылығының ASTEX-2014 ақылды технологиялар көрме-конференциясы шеңберінде «ҚР е-коммерцияны қалай дамыту керек» дөңгелек үстеліне қатысу.

2014 ж.

29 мамыр


28

Тағайындалған оператор бойынша: 2014 жылғы 23 сәуірдегі ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында заң жобасы жұмысқа қабылданды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік почта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын («Почта туралы» ҚР Заңына 04.02.2014 ж. ҚР тағайындалған операторы тәртібін анықтау және оған қойылатын талаптар бөлігінде өзгерістер енгізу болжанады) ҚР Парламенті Мәжілісі қолдап, 2014 жылғы 9 маусымда ҚР Парламенті Сенатына жіберді.



2014 ж.

маусым


29

18 бірлік мөлшеріндегі постамат ҚР жеткізілді: 8 постамат – Астана қ.; 10 постамат – Алматы қ.

Қазіргі уақытта постаматтар қалалар бойынша сәйкесінше уақытша сақтау қоймаларында тұр. Кедендік тазалау рәсімінен өтуде. Ендігі кезекте бекітілген тізімге сәйкес ПББ-де орнату жоспарланып отыр. Одан әрі Колвирмен постаматтарды бағдарламалық қамтамасыз етуді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізу жоспарланған.



2014 ж.

маусым


30

2011 ж. мен 2013 ж. арасындағы кезеңде «Қазпочта» АҚ-да іске асыру үшін PostEurop қауымдастығының сарапшылары ұсыныс жасаған, таңдалған жобалар бойынша Алматы қ., Астана қ. өндірістік объектілердің технологиялық процестерін талдау бойынша іс-шаралар өткізу.

2014 ж.

маусым


31

Астана қ. №21 жаңа почта байланысы бөлімшесін (ПББ) ашу

2014 ж.

2 маусым


32

«ХҚО» РМК мен «Қазпочта» АҚ арасында жұмыс орындарын ұйымдастырумен байланысты шығыстарды өтей отырып АПББ-да мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы шартқа қол қою

2014 ж.

2 маусым


33

Visa International халықаралық төлем жүйесімен Barclays Bank сақтандыру депозитін орналастыру туралы шартқа қол қою

2014 ж.

9 маусым


34

Дүниежүзілік почта одағының (ДПО), Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың (БӨД), «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-аухат қорының, түрлі елдердің почта қызметтері өкілдерінің қатысуымен почта-қаржы қызметтері және электронды ақша аударымдары бойынша конференция (Астана қ.) өткізу, оның шеңберінде ДПО Халықаралық бюросының стратегиясы мен тұсаукесері ұсынылды, сапа стандарттарын қолдану мәселелері, почта төлем қызметтері, IFS/STEFI төлемдері жөніндегі басшылық қаралды. Сондай-ақ, қатысушылар тәжірибемен бірегей бөлісу және Қазақстан, Әзірбайжан, Франция және Италияның тағайындалған операторларының алдыңғы қатарлы тәжірибелері туралы білу мүмкіндігін алды.

2014 ж.

11-12 маусым



35

«Қазпочта» АҚ сұрыптау орталықтарының, почта бөлімшелерінің өндірістік процестерін қайтадан талдау үшін PostEurop қауымдастығы сарапшыларының (Соренсон мырза мен Лоди ханым) келуі

2014 жылғы 23-28 маусым

36

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің, басшылығының, сондай-ақ шақырылған қонақтардың («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазМұрайГаз» ҰК» АҚ) қатысуымен «Қазпочта» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске қосуға арналған салтанатты іс-шараны өткізу.

2014 жылғы 27 маусым

37

АПББ бастықтарына ХКК агенттік қызметтерін сату және Қоғамның қаржы қызметтері, сондай-ақ әдістемелік және практикалық көмек көрсету саласында оқу өткізу үшін ҚҚД және «Хоум Кредит Банк» АҚ өкілдерінің өңірлерге баруы

2014 жылғы 18 маусым - 4 шілде

2014 жылғы 3-тоқсан

38

«Қазпочта» АҚ ОА ұйымдық құрылымын бекіту

2014 жылғы

шілде


39

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және мобильді топ міндеттерін іске асыру үшін Павлодар ОФ-қа мобильді топтың баруы, филиал ұжымымен кездесу өткізу.

2014 жылғы

шілде


40

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Ниязбекұлы Бейсенбаев өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтауы

2014 жылғы

4 шілде


41

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мұрат Өтепбергенұлы Жарылқағановтың «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалуы

2014 жылғы

4 шілде


42

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары-Басқарма мүшесі (жетекшілік етуі – трансформация блогы) болып Серик Николаевич Адирискалиевтің сайлануы

2014 жылғы

4 шілде


43

Байланыс саласындағы Өңірлік достастықтың байланыс әкімшіліктері басшылары кеңесінің 49- бірлескен отырысы және Астана қ. ақпараттандыру бойынша ТМД қатысушы-мемлекеттердің 20-шы үйлестіру кеңесі.

Осы іс-шара шеңберінде, байланыс саласындағы қызметкерлер арасында Өңірлік достастықты нығайтқаны және дамытқаны үшін ТМД барлық елдерінің қызметкерлері, оның ішінде «Қазпочта» АҚ қызметкерлері Азизат Оспанәлиева және Қуаныш Кенжебекова құрмет грамоталарымен марапатталды.



2014 жылғы 15-16 шілде

44

Visa International халықаралық төлем жүйесімен ынталандыру маркетингтік кампаниясын өткізу туралы шартқа қосымша келісімге қол қою

2014 жылғы 25 шілде

45

«Қазпочта» АҚ филиалдарының почта байланысын ұйымдастыру және пайдалану басқармасының, почтаны пайдалану бөлімдерінің, почтаны сұрыптау және тасымалдау учаскелерінің бастықтарымен «Почта байланысы қызметтерін ұсыну сапасын жақсарту» тақырыбында семинар өткізу, оның барысында қатысушылар «Қазпочта» АҚ Трансформация бағдарламасымен танысты. Семинар уақытында қатысушылар филиалдардағы почта қызметтері сапасын арттыру проблемаларымен танысты. Көшпелі мәжілістің негізгі бөлігі «Қазпочта» АҚ стратегиясы шеңберінде инновациялық жобаларды жасау және енгізуге, өндірістік объектілерді аутсорингке беру принциптері мен әдістері мәселелеріне, халықаралық почтаның даму перспективаларына, сондай-ақ реттелмеген почта қызметтерінің баға түзіліміне және почта жөнелтілімдерінің қауіпсіздігіне арналған.

2014 жылғы 28-30 шілде

46

Visa International халықаралық төлем жүйесімен жарнамалық қолдауды ұсыну туралы шартқа қосымша келісімге қол қою

2014 жылғы 29 шілде

47

2013 жылғы қарашада өткізілген бағалау қорытындысы бойынша ДПО Қызмет сапасын жақсарту қорынан ДПО ҚСЖҚ есебінен іске асырылған: QSFKAZ0604 «Клиент кезегінің ағындарын автоматтандыру», QSFKAZ0705 «Жазбаша хат-хабарды жіберу үшін электронды бақылау жүйесін енгізу» жобаларын жабуға қатысты хат келіп түсті. ҚСЖҚ қамқоршылары кеңесі жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша ең үздік бағалау нәтижелері үшін «Қазпочта» АҚ-ға награда тапсыруды жоспарлап отыр. Марапаттау рәсімі ПЭК/ӘК келесі сессиясы кезінде 2014 жылғы қазан/қарашада болады.

2014 жылғы 31 шілде


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет