ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды



бет3/5
Дата11.06.2016
өлшемі422 Kb.
#128297
1   2   3   4   5

Күтілетін нәтижелер:

- Көлік және көләк жүйесіндегі негізгі түсініктерді білу ;Б) Көліктік жүйенің дамуы мен жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді;

- Көлік түрлерінің негізгі сипаттамаларын білу; Г) Көлік түрлерін таңдау критериилерін білу;

- Көлік жүесінің құрылу қағидаларын білу.



Кәсіпорынды көлікпен қамтамасыз ету
Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері»

Постреквизиттер: «Көлік жүйелерін басқару», «Бірыңғай көлік жүйесі», «Көліктік логистика»

Мақсаты: Көліктік қамтамасыз ету кәсіпкерлік саланың құрылымдық құраушысы болып табылады. Тасымалдау технологиялары мен схемаларын таңдау кәсіпкерлік қызметте көптеген салаларға маңызды әсерін тигізеді: бәсекеқабілеттілік, тауардың бағасы мен сапасына, оның қолжетімділігі мен тартымдылығына, коммерциялық ұйымдардың пайдасына. Сондықтан «Кәсіпорынды көлікпен қамтамасыз ету» пәні студентке өзінің болашақ жұмысын тиімді және сапалы ұйымдастыруға көмек беретін білім жүйесін қалыптастыруда қажет.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорынды көлікпен қамтамасыз ету міндеттері. Коммерциялық кәсіпорынның тарату саясатындағы көліктің орны. Тауармен жабдықтау шарты тасымалдау схемасын таңдау негізі ретінде. Көлікпен қамтамасыз етудің заңдық аспектілері. Коммерциялық келісім шарттарда қарастырылатын тауармен жабдықтау мерзімі. Көліктік сақтандыру. Жүк түсінігі. Жүктердің жіктелуі және негізгі сипаттамалары. Жүкағыны сипаттамасы. Теміржол көлігінің материалдық- техникалық базасы. Автомобиль тасымалдарын жіктеу. Автомобиль көлігінің техникалық құралдарының сипаттамасы. Көліктің бірнеше түрін қолдану арқылы жүктерді тасымалдау.
Күтілетін нәтижелер:

- кәсіпорынды көлікпен қамтамасыз етудегі негізгі түсініктерді білу;

- негізгі тасымалдау схемаларын білу;

- көлікпен қамтамасыз етудің заңдық аспектілерін білу;

- жүктердің жіктелуін және көлік түрін таңдаудағы олардың негізгі сипаттамаларын білу;

- аралас тасымалдауларды құру қағидаларын білу.



Таңдау бойынша курс 4

Сақтандыру

Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Қаржы».

Постреквизиттер:

Мақсаты: студенттермен сақтандыру аумағында терең теориялық білім алу, негізгі тәжірбиелік әдістерді, сақтандыру ісінің жүргізу тәсілдерін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: сақтандыру саласындағы жоғары денгеәйлі мамандарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін ділімді беру. Студент сақтандырудың теориялық негіздерін білу қажет, қоғамдық процесстердегі сақтандырудың ролі және орны, оның қызмет ету ерекшеліктерінде терен түсініп, ұлттық сақтандыру нарығында қалыптасқан жағдайды терен менгеріп, оның даму ерекшеліктерін қарастыру қажет, сонымен қатар сақтандыру жұмысында тәжірибемен, теорияны үйлестіре білу керек.

Күтілетін нәтижелер: Студент келесілерді білу керек:

А. «Сақтандырудың экономикалық мәнін білу, сақтандыру теориясының негізгі концептуалды жағдайлары туралы білімді меңгеру .

Б. Сақтандыру компаниясының аналитикалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және қаржылық жағдайының сандық бағалауын тәжірбиеде пайдалануға теориялық білімді пайдалану.

С. Сақтандыру нарығының қатысушыларының қаржылық жағдайы туралы аналитикалы-синтетикалық қызметің анығырақ қарастыру.

Д. Сақтандыру компанияларының іс әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты олардың рейтингісін жасау үшін әртүрлі хабарламалар түрінде ақпарат ұсыну.

Е. Сақтандыру компанияларында қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өзіндік жұмыстын қабілетін жоғарлату кезінде алынған білімдер жүйесін және ақпаратты талдау әдістерін қолдану.


Салықтар және салық салу

Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика».

Постреквизиттер: Логистика жүйесіндегі тауар қозғалысы, Правила перевозки грузов и международные транспортные операции, кедендік безендіру.

Мақсаты: Салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт – бағдарын ашып қарастырып оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтың мәні мен табиғаты. Қазақстан Республикасының салық жүйесі: қалыптасу сатылары, қазіргі жағдайының сипаттамасы. Салық механизмі. Көлік құралдарына салық. Жер салығы. Қосылған құн салығы. Акциздер. Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық. Жинақтар, салымдар мен төлемдер.

Күтілетін нәтижелер:

А. Студент салықтардың экономикалық мәні, міндеттері мен қызметтері, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылуы мен дамуы, салық саясатының құрылуы, оның мақсаттары мен міндеттері, жүзеге асыру құралдары, жекелеген салық топтары мен алымдардың қызмет етуі, оларды есептеу және төлеу механизмі, арнаулы салық режимін қолдану тәжірибесі, салықтық әкімшілдікті қолдану тәжірибесі, салықтық бақылаудың экономикалық мазмұны туралы түсінік болуы керек.

В. Салық және салық салу туралы мәліметті, олардың түрлерін, іске асырылу принциптерін және заңнамлық аспектілері жағынан есептеп төлеуін, студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.

С. Салықтардың әрбір түріне жекелей тоқталып олардың объектілерін, субъектілерін, төлеушілерін есептеу жолдарын қарастырып меңгеруі қажет.

D. Студент салық төлеушілерге, кәсіпорынның қаржылық қызметкерлеріне, жеке және заңды тұлғаларға, салықтар жайлы мәлімет бере алуы керек.

E. Студент Қазақстанда резидент және бейрезидент жеке және заңды тұлғалардың салықтары, оларды есептеу төлеу тәртіптері мен мерзімдерін әрбір салық бойынша есеп берулерін, салық комитеттерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеріп, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.



Таңдау бойынша курс 5

Оңтайлы шешім қабылдау әдістері

Пререквизиттер: экономикадағы математика, Информатика, Макроэкономика, Микроэкономика, Экономиккалық теория, Менеджмент

Постреквизиттер: Өнеркәсіп экономикасы, фирманы басқару, бизнес-жобалау

Мақсаты: студенттердің жүйелік ойлау қабілетін детальды анализды математикалық тәсілді салыстырмалы анализды қолдана отырып дамыту. Оңтайландырудың математикалық құрылымының модельдері мен әдістерумен таныстыру, олар экономикалық мәселерді анализдеу және шешім қабылдауда қолданылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Математикалық модельдер және экономикадығы оңтайландыру. Сызықтық бағдарламалаудың міндеті. Сызықтық бағдарламалаудың тапсырмаларын шешудің сызбалық әдісі. Сызықтық бағдарламалаудың тапсырмаларын шешудің симплексті әдісі. Өнерлік базис әдісі. Сызықтық бағдарламалаудың көліктік тапсырмасы. Өндірісті ұтымдылау тапсырмалары. Көп критериялы ұтымдыландырудың тасырмалары.

Күтілетін нәтижелер:

- оңтайландыру мәселелерінің негізгі принциптері мен математикалқ анализдеу әдісін білу.

- экономико-математическалық модельдерді қолдана отырып практикада тиімді іс әрекет ете білу;

- қабылданған шешімді түсіндіре білу;

- түсінікті формада тиімді шешім және дәлелді тұжырым жасау.

- жаңа ақпараттық технологияларды құру мен еңгізуде проблемалар мен даму теориясынаң тиәмдилігі ең басты бағыт екенін білу.



Басқарушылық шешімдер зерттемесі

Пререквизиттер: «Менеджмент», «Ұтымды шешімдерді қабылдау әдістері».

Постреквизиттер: «Өндірістік менеджмент», «Персоналды басқару», «Стратегиялық менеджмент».

Мақсаты: «Басқарушылық шешімдер зерттемесі» әр түрлі жағдайларда басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру мен дайындау облысында практикалық машықтарға ие болу мен студенттердің теориялық білім алуы болып келеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы. Тәуекел мен анықсыздық жағдайында басқарушылық ьшешімдерді жүзеге асыру мен оның тәсілдері Сыртқы ортаны талдау және оның басқарушылық шешімдердің дайындығы мен жүзеге асырылуына әсер етуі Басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру процессі Шешімді құру жүйесі ретінде басқаруды ұйымдастыру Басқару шешімдерінің типологиясы мен оларға қойылататын талаптар

Күтілетін нәтижелер:

А. Өндірісті ұйымдастыру әдістемесі және мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу.

В. Өндірісті ұйымдастыруның қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

С. Өндірісті ұйымдастыру кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.

D. Өндірісті ұйымдастыруның зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.

Е. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруның даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.

Таңдау бойынша курс 6



Бизнес этикасы

Пререквизиттер: Менеджмент, менеджмент теориясы мен практикасы

Постреквизиттер: басқару шешімдерін әзірлеу

Мақсаты: Өмір сүруде өздерінің қаблеттері мен дарындарына жету үшін студенттердің терең біліміне жету. Адамдармен сөйлесуге үйрету, конфликті жағдайларды дұрыс шеше біру, болмауына әрекет ету, кездейсоқ жағдайларды тез шешім қабылдай білу, тұлғалардың рекциясына байланысты іс әрекет жасай білуді үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: этиканың түп негізі мен шығу тегі. Қызметтік қарым қатынаста психологиялық әсер. Нарықтық экономикадыға этика. Басқару этикасы. Сөйлеу этикасы. Қашықтықтағы қарым қатынас этикасы.іскердің сөйлеу этикасы. Қызметтік келіссөздер.дипломаттық этикет. Зайырлы этикет.жазба жанрының негізі. Қызмет қарым қатынасының тиімділігін бағалау. Әр түрлі мәдениеттермен қарым қатынас этикасы.

Күтілетін нәтижелер:

- өзін өзі тану, дамыту әдісін игеру



- бизнес аумағында кәсіби мәселелерді шешуде теориялық білімдерін практикада қолдануға үйрету.

  • Іскерлер мен кәсіпкерлер қызметтік өмңрңнде этикалық нормада шешім қабылдау

  • Ақпаратты әр түрлі формада жеткізу, топпен жұмыс жасау, пікірлесу, өз позциясында тұру, шешім қабылдау;

  • Іскерлік қарым қатынас психологиясы жүйесіне енетін этикет ережелері мен корпоративті имидж қабілеттеріне ие болу



Қызметтік қатынастар этикасы

Пререквизиттер: Менеджмент, бизнес этикасы, Психология.

Постреквизиттер: Басқару шешімдерін әзірлеу

Мақсаты: студенттерге мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының принциптері мен негізгі этикалық нормаларды көрсету, қарым қатынас негізі мен заңдылықтары туралы ілім беру. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін жоғарылататын басты фактор болып саналатын кәсіби этиканы, адамгершілік және моралдық нормаларды оқу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: қызметтік қарым қатынастың табиғиты мен мәні. Басқару этикасының түсінігі, қызмет этикетиниің негізгі принциптері мен қызметі. Ұйымдастыру этикасы. Басқарушы ісінің этикасы. Қызметтік қарым қатынас және оны басқару. Вербалды қарым қатынас. Вербалсыз қарым қатынас. Қашықтықтағы қарым қатынас. Қарым қатынастағы айла. Қызметтік қарым қатынас ережесі. Іскер адам этикеті. Қызметтік қарым қатынас этикеті. Мемлекеттік қызметтегі іс жүргізу этикеті. Мемлекеттік қызмет этикасының құрылуы. Мемлекеттік қызметке өту негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

  • Тұлғааралық қарым қатынас білімінің негіздерін, принциптерін, қызметтік этикет функциясы туралы білімін меңгеру.

  • Конфликті жағдайда тиімді әрі тез шешім қабылдау;

  • Тұлға реакциясы мен әрекеттерге байланысты өз іс әрекетән жобалау;

  • Ақпаратты әр түрлі формада жеткізу, топпен жұмыс жасау, пікірлесу, өз позциясында тұру, шешім қабылдау;

  • Өздік жұмыс жасау қабілетін, өзін өзі дамытуды, кәсіби білімін жоғарылатып тұру керектігін түсіну.



Таңдау бойынша курс 7

Интернет-маркетинг

Пререквизиттер: «Ақпараттық технологиялар», «Маркетинг»

Постреквизиттер: «Маркетинг зерттеулер»

Мақсаты: өнер-бiлiмдердi қалыптастыру және дағдыларды жүзеге асырудың төңiрегiндегi, тыңдаушыларында маркетинг және алға басудың әдiстерiн ғаламторда желi ғаламтор, жарнамалық игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ғаламтордағы маркетинг - бұл маркетинг стратегиясының ажырамас бөлiгi. Маркетингтiң құрал сайт. Құрылыстың қағидаттары және мүмкiндiк E-mail маркетинг. Ғаламторға жарнаманың орналастыруын бағалы үлгiлер. Жарнамалау науқанының тиiмдiлiгiн бағалау. Ғаламторға маркетинг зерттеулерiнiң жүргiзуi. Желi ғаламтор жарнама. Маркетингте әлеуметтiгi медиа. Ғаламторға алға басудың әдiстерi.

Күтілетін нәтижелер:

- Нәтижелі жарнама әрекеттері;

- өнiмнiң тұтынушысының портретін құрастыру және жарнама берушiнiң мақсаттық дәрiсханасының құрамын анықтау.

- сайт өндеу икемінің болуы

- ресурстарды мүмкiндiк ғаламтор пайдалануға икемi болу

- ғаламторда маркетинг зерттеулерiн ұйымдастыру.

Ақпараттық логистика

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: Логистика негіздері

Мақсаты: студенттерді бизнес-қызметтің заманауи бағыты ретіндегі ақпараттық логистиканың теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру; әр түрлі деңгейдегі бизнес-жүйелердегі ақпарат ағындарының қозғалысын басқару облысындағы білімдерді қалыптастыру; тауарларды жеткізу тізбектерінде өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолда ақпараттық қарым-қатынас принциптерін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ақпараттық логистиканың негізгі түсініктері. Ақпарат пен ақпараттық қамтамасыздандырудың логистикалық технологияларды жүзеге асырудағы ролі. Ақпараттық жүйелер және олардың жіктелуі. Логистикалық ақпараттық жүйелер. Ақпараттық ағындар. Кәсіпорындағы электронды құжат алмасу. Эдифакт жүйесі. Ақпараттық логистикадағы келіссөздердің маңызы. «1С:Предприятие» бағдарламасы. Кәсіпорын клиенттерінің деректер базасы. Сатып алу логистикасындағы ақпараттық ағындар. Қойма логистикасын автоматтандыру. Көліктік логистикадағы ақпараттық технологиялар. Құқықтық және кедендік ақпараттық жүйелер. Логистикадағы геоақпараттық жүйелер. Логистикадағы интернет-технологиялар және жеткізу тізбектерін басқару.

Күтілетін нәтижелер:

A. ақпараттық логистиканың объектісін, пәні мен негізгі түсініктерін білу;

B. ақпараттық ағындар қозғалысын басқару мәселелерінің логистикалық қойылымын білу;

C. кәсіпорындағы тауарларды жеткізудің тізбектерін ақпараттық жабдықтауды дамыту бағыттарын білу;

D. кәсіпорынның логистикалық қызметін дамыту үшін компьютерлік технологияларды қолдану;

E. кәсіпорынның ішкі бизнес-процесстерін ақпараттық қамтамасыздандыру дағдыларын меңгеру.

Таңдау бойынша курс 8

Маркетингтегі логистика

Пререквизиттер: Логистика, Маркетинг

Постреквизиттер: Көлік логистикасы, Өткізу логистикасы

Мақсаты: Тарату аясында пайда болатын ағындық үдерістердің теориясы мен тәжрибесін зерттеу болып табылады. Тарату стратегиясын таңдауға тауардың өмірлік циклінің әсер етуі, тасымалдаушы көлік кәсіпорындарының таңдау критерилерін анықтау, тауарды тарату жүйесінде бағалардың қойылуы, маркетингтік логистикадағы интеграция және стратегиялық жоспарлау мәселелері қарастырылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Маркетингтік логистиканың ғылыми негізі және әдіснамасы. Жаңа нарықтың айырықша ерекшеліктері Маркетингтік логистиканың негізгі көрсеткіштері мен стратегиялары. Өткізуді логистикалық үлгілеу. Сауда логистикасының әдіснамалық негізі. Өнімнің қоймалық өңделуі және қоймалау жүйесі. Тарату логистикасы тұжырымдамаларындағы өнімнің рөлі. Маркетингтік логистикадағы көліктік құраушы. Маркетингтік логистикадағы ақпараттық жүйелер. Логистика жүйесіндегі баға саясаты.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу процесінде студент білуі керек:

- маркетингтік логистиканың негізі білімдерін игеру;

-.теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану;

- маркетингтік логистикадағы құралдарды оқып білу;

- логистика стратегияларын әзірлеу дағдылары мен білімдерін қалыптастыруда ақпарттарды білу;

- студентте нарық жағдайларын кешенді оқу негізінде маркетингтік логистика аясындағы тәжірибелік дағдылар мен білімдерін, экономикалық ойлаудың толық жүйесін қалыптастыру.



Жеткізу тізбектерін басқару

Мақсаты: жеткізу тізбегіндегі қорларды басқару қағидалары мен әдістері туралы білімдерін, тиімді қор деңгейін анықтау және қорларды құру процесін басқара білу мен дағдыларын жетілдіру

Постреквизиттер: Логистика, Маркетинг

Пререквизиттер: Қөліктік логистика, Өткізу логистикасы

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қорлар - жеткізу тізбегіндегі экономикалық категория және басқару объектісі ретінде. Қазақстандағы және шет елдегі қорларды басқару тәжрибесі мен теорияларын дамыту. Жеткізу тізбегіндегі қорлардың қозғалысы мен негізгі көрсеткіштері. Жеткізу тізбегіндегі қорлармен байланысты шығындар. Қорларды толтырудағы тапсырыс көлемін оңтайландыру, қорларды басқару модельдері мен тұжырымдамалары. Белгісіздік жағдайында қорларды басқару. Тұтынушылық сұраныстың өзгермелі және маңыздылық деңгейі бойынша қорларды басқару. RP класс аты жүйелеріндегі қорларды басқару модельдері, JIT жүйелеріндегі қорларды басқару.

Күтілетін нәтижелер:

- қорларды басқару теорияларын, қорларды құру процестерінің мазмұны мен заманауй мүмкіндіктерін білу ;

- қорларды басқару теорияларын және қорларды басқарудың түрлі стратегияларын қолдану тәжірибелерін практикада қолдана білу;

- логистиялық жүйеде жұмыс жасауда сенімділікті сақтаумен қорларды төмендету есебінен кәсіпорынның стратегиялық мақсаттындағы жалпы шығындарды төмендетуге қол жеткізу мен жалпы логистикалық шығындарды төмендету мүмкіндігі дағдыларына ие болу.





Пән циклы

Пән коды

Пәндер атауы

Несие саны

Сем.

3 курс

БД




Таңдау бойынша курс 1










BP3220

Бизнес жоспарлау

3

5




SP3220

Стратегиялық жоспарлау

3

5

ПД




Таңдау бойынша курс 2










OM 3221

Мерчендайзинг негіздері

3

6




PK 3221

Коммуникация психологиясы

3

6

БД




Таңдау бойынша курс 3










ОВ 3222

Бизнесті бағалау

3

6




Kon 3222

Бәсеке

3

6

ПД




Таңдау бойынша курс 4










UTS 3308

Көлік жүйесін басқару

3

6




SL 3308

Сервистік логистика

3

6

ПД




Таңдау бойынша курс 5










PPGMTO 3309

Жүктерді тасымалдау ережелері мен халықаралық көлік операциялары

3

6




TO 3309

Кедендік рәсімдеу

3

6

ДМ




Таңдау бойынша курс 6













Кәсіби мансапты жоспарлау

2

6



Таңдау бойынша курс 1.

Бизнес жоспарлау

Пререквизиттер: «Маркетинг»

Постреквизиттер: «Бизнесті ұйымдастыру»

Мақсаты: «Бизнес жоспарлау» пәнін оқытудың басты мақсаты болып студенттер арасында бизнес-жобаларды табысты жүзеге асыру үшін бизнес-жоспарлардың жобаларын құрау мен жүзеге асыру әдістерін қалыптастыру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бизнесті жоспарлау, оның мәні және процесінің ерекшеліктері. Бизнес-жоспарлардың әр түрлерінің жіктелуі және ерекшеліктері. Бизнес-жоспарды дайындау әдістемесі: бизнес-жоспардың мақсаттары мен міндеттері, құрылымы. Бизнес-жоспарды ақпараттық қамтамасыз ету: бизнес-жобаның сипаттамасы. Бизнес-жобаның нарықтық бағытталуы. Бизнес-жоспарды жүзеге асырудың бәсекелік ортасы. Бизнес жоспарлауды маркетингтік қамту. Бизнес-жоспар құрылымындағы инвестицияларды талдау. Бизнес жоспарлаудағы тәуекелділік және оны бағалау жолдары

Күтілетін нәтижелер:

A. Бизнес-жоспарлаудың мәнімен, кәсіпорын мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлі, шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде танысу;

B. Кәсіпорынның жоспарлауға қажетті ресурстық базасы мен әртүрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;

C. Экономиканың өндірістік сферасы мен қызмет көрсету сферасы ерекшеліктерін ескере отырып бизнес-жоспарды жасаудың әдістерін қарастыру;

D. Бизнес-жоспарлау әдістерінің көмегімен өндірістік ресурстарды рационалды жіктеу жолымен кәсіпорындағы өндірістік процестерді жетілдіру жолдарын зерттеу;

E. Кәсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нәтижелерін зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет