ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды



бет4/5
Дата11.06.2016
өлшемі422 Kb.
#128297
1   2   3   4   5

Стратегиялық жоспарлау

Пререквизиттер: Экономикалық теория, Менеджмент

Постреквизиттер: «Бизнесті ұйымдастыру»

Мақсаты: стратегиялық жоспарлау объектінің шаруашылық қызметінің әр түрлі деңгейлерінде басқару құралы ретінде білімдерді кеңейту және тереңдетіп оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Стратегиялық жоспарлау» мазмұны оның ерекшеліктерімен және зерттеу мақсатымен анықталады. Осыған байланысты оқу процессінде экономикалық эссе, кейс-әдіс, іскерлік ойындар, тестілерге жататын арнайы тәжірибе, білім қалыптастыруға бағытталған оқу әдісін пайдалану қажет.

Күтілетін нәтижелер:

А. Стратегиялық жоспарлау әдістемесі және мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу.

В. Стратегиялық жоспарлауды қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

С. Стратегиялық жоспарлау кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.

D. Стратегиялық зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.

Е. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы стратегиялық даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу, ұлттық экономиканың кез келген деңгейінде тиімді стратегиялық шешімдерді таңдау және стратегиялық талдау жүргізе білуі қажет.



Таңдау бойынша курс 2

Мерчендайзинг негіздері

Пререквизиттер: Экономикалық теория, маркетинг, көтерме-бөлшек сауда, тауарлар мен қызметтер жарнамасы, тұтынушылар тәртібі.

Постреквизиттер: маркетингтік коммуникациялар, халықаралық маркетинг.

Мақсаты: Компанияда мерчендайзердің ұйымдастыру қызметін зерттеу, мерчендайзинг құралдарын зерттеу, ауызша емес маркетингтік байланыс ретінде, мерчендайзинг тиімділігін бағалау.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Маркетинг жүйесіндегі мерчендайзер. Мерчендайзингтің тұжырымдамасы. Мерчендайзинг және тұтынушы психологиясы. Тұтынушылардың жүрiс-тұрыс ерекшелiктері. Сауда залын орналастыру және өткізудің шағын аланың құру. Дүкенде тауарларды орналастыру және тесептеу. Бөлшек сауда кәсiпорындарының әр түрлi түрлерiнде сауда қызмет көрсетуiнiң әдiстерi.

Күтілетін нәтижелер: Сауда залы мен дүкенді оңтайлы орналастыру өнер-біліміне ие болу, жеке алғанда;

  • Сауда жабдығы ерекшелігінің ролі мен тағайындалуын және оның сауда залында орналасу қағидасын түсіну;

  • Тауар сату орнының сыртқы қалпын қалыптастыру тәжірибесінде теориялық білімді қолдану;

  • Өткізілетін тауарға баға белгілеуде тиімді тәсілге өзiндiк жұмыстың дағдыларын жоғарылату;

  • Нақты сауда белгiсiлердiң тауарларының ынталандыру әдiстерiн әзiрлеуге ие болу.



Коммуникация психологиясы

Пререквизиттер: «Педагогика», «Психология»

Постреквизиттер: Тұтынушылар тәртібі

Мақсаты: психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Психология пәні. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Мінез. Кабілет. Зейін. Түйсік. Қабылдау. Ес. Ойлау. Сөйлеу. Қиял. Сезім. Ерік. Қарым-қатынас және коммуникация. Коммуникация теориясының пәні. Коммуникацияны үрдіс және құрылым ретінде түсіну. Мамандандырылған коммуникация. Жазбаша тіл. Коммуникацияның вербальді емес құралдары.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясын игеру тиіс.

Таңдау бойынша курс 3.

Бизнесті бағалау

Пререквизиттер: Баға және баға белгілеу, менеджмент, маркетинг.

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты – Студенттерге бизнесті ашумен таныстыру, оқушыларға талдаудың әдiстемелiгiнiң негiзiн беру, белгiнi зерттеуге және күрделi системдердi бағалаудың әдiстерiн анықтауға үйрету. Бизнесті бағалаудың негізін және теориясын ұқтырту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік фирманың құрылымымен құрылуы(регистрация)

Метедалогиялық бағалау, кәсіпорынға баға беру, кәсіпорыннның қаржылық құрамын бағалау және бизнесті бағалау.



Күтілетін нәтижелер:

– Университетте үйреткенді теориялық тұрғыда қолдадана алу, әрбір заттң қолданысын дұрыс жұмсау, және бағалуа әдістерінің сипатын экономикалық, бизнестік бағалаудың әдістерін мысалға ала отыра өзінің кәсіпорнында дұрыс қолданыс жасай алу.

– Командада жұмыс істей алу қабілетін білу, бағалау әдістерін дұрыс әрі нақты қолдану.

– Өз бетімен бағалау әдістерін әрі қарай зерттей алу және соны дұрыс қолданып болашақта өзі бағалағаны нақты әрі дәлелді боларлықтай қылдыру.



Бәсеке

Пререквизиттер: Экономикалық теория

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: Экономикалық талдаудың негізгі әдістерін меңгеру және оларды практикалық өндіріс ұсынымында қолдану

Курстың қысқаша сипаттамасы: Нарықтық экономикадағы бәсекенің ролі, Бәсекеқабілеттілік және оған жетудегі жолдары. Бәсекеқабілеттілік анықтамасының әдіснамалық түсініктері, Ірі кәсіпорындардағы бәсекеқабілеттілік ерекшеліктері, Кішігірім мамандандырудың бәсекелік артықшылықтары, Радикалды жаңартпашылық аясындағы бәсекелік стратегия, Шағын бизнес жоғары бәсекеқабілеттілік бастау ретінде, Қазақстан экономикасының бәсекеқабілеттілік жоғарлауының негізгі бағыттары

Күтілетін нәтижелер:

A. бәсекелестік туралы білімдер кешенін құруы керек;

B. бәсекелестік жағдайларды жүзеге асыруды таңдау мен даярлаудағы нақты дағдыларға ие болу;

C. жобаларды сәтті әрі минималды мүмкін боларлық шығындармен іске асыру (әсіресе жаңа өнімдерді дайындау облысында, бұл компания үшін өз бәсекелестігін едәуір көтеруге мүмкіндік береді)

D. жобаларды тиімді басқара білу.

E. өз бетінше жұмыс істей білу және кәсіби мамандану деңгейін үнемі жаңартып отыру.



Таңдау бойынша курс 4

Көлік жүйесін басқару

Пререквизиттер: Көліктің жалпы курсы, Логистика, Бірыңғай транспорттық жүйе

Постреквизиттер: Жабдықтау логистикасы, Үлестіру логистикасы, Қоймалау логистикасы

Мақсаты: Қазақстанның қазіргі жағдайдағы транспорттық жүйесін оқу, жүк тасуды ұйымдастыру және шарттары, сыртқы экономикалық іс әрекетте транспорттық жүйені басқару.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстанның транспортық жүйесі. Негізгі транспорт түрлерінің сипаттамасы. Жүк тасымалдау классификациясы мен тасымал жүктер түрлері. Мәні мен орны. Жүк тасымалының мәні мен орны. Көліктің әртүрлі түрлерімен тасымалдауды ұйымдастырудың жіктелуі мен принциптері. Жүкті ішкі және сыртқы тасымалдаудың нормативті құжаттары. Жүкті тасымалдаудың негізгі технологиялары. Тасымалдауды маршруттау. Көліктік тарифтер. Жүкті тасымалдаудың базистік шарттарының көліктік ерекшеліктері. Сыртқы саудалық тасымалдауды құқықтық реттеу. Кедендік реттеу және халықаралық тасымалдау тарифтері. Халықаралық көліктік дәліздер бойынша транзиттік жүктерді тасымалдау.

Күтілетін нәтижелер: студент келесілерді білуі тиіс:

- тәжірибеде көлік ағындарын ұйымдастыру мен басқару облысында теориялық білімдерді қолдану;

- халықаралық сауда-саттық келісім-шарттар бойынша көліктік шығындарды анықтау;

- жүкті тасымалдау келісім-шарттарын рәсімдеу;

- жүктерді сыртқы саудалық тасымалдауда қызмет көрсетуді жүзеге асыруда талқылау жасау.
Сервистік логистика

Пререквизиттер: Көліктің жалпы курсы, Логистика, Саланы логистикалық басқару, Өндірістік логистика.

Постреквизиттер: Коммерциялық логистика, ғаламдық логистикалық жүйелер

Мақсаты: логистикалық жүйеде сервистік ағындарды басқару.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сервистік логистиканың анықтамасы. Қызметтердің түсінігі мен сипаттамасы. Фирманың логистикалық сервисінің жүйесінің қалыптасу сатылары. Логистикалық сервис деңгейі. Қызметтер сапасы мен оның көресткіштері. Логистиканың жоғары сапасын қамтамасыз етудің негізгі мәселелері. Логистика концепциясы базасы негізінде тауар өткізу жүйелерінің жүзеге асуы.

Күтілетін нәтижелер: Студент келесілерді білуі тиіс:


  • Қызметтер тізімін анықтауды.

  • Сервистік жұмыстар сапасын қамтамасыз ету.

  • Сервистік қызметті жобалау, қалыптастыру, қолдану.



Таңдау бойынша курс 5

Жүктерді тасымалдау ережелері мен халықаралық көлік операциялары



Пререквизиттер: Кедендік құқық

Постреквизиттер: тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауды ұйымдастыру

Мақсаты: Кеден органдарының болашақ қызметкерлері ретінде студенттердің жүктерді тасымалдау ережелері мен халықаралық көлік операциялары жөніндегі білімін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жүктерді халықаралық тасымалдау әлемдік сауданы дамытудағы негізгі фактор ретінде. Халықаралық көлік операцияларын жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Халықаралық тасымалдау шарты. Тасымалдауларға көліктік-экспедициялық қызмет көрсету. Халықаралық тасымалдауда жүктерді сақтандыру. Көліктегі жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру. Жүктердің көліктік сипаттамалары, оларды тасымалдауға дайындау. Тауарларды жеткізудің базистік шарттары (ИНКОТЕРМС). Халықаралық теңізбен тасымалдау. Жүктерді теміржолмен тасымалдау. Көліктік инфраструктураны дамытудағы Қазақстанның стратегиясы. Транзиттік саясат және ҚР ішкі қажеттігін қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер Пәнді игеру нәтижесінде студент міндетті:

- болашақ мамандардың ел ішінде болсын, шет елдерге болсын апарылатын жүктерді тасымалдау ережелері жөнінде түбегейлі білім алуға мүмкіндік туғызатын зерделенетін пәннің методологиясы мен әдістемелерін меңгеруге;

- тасымалданатын жүктердің сипаттамасы туралы негізгі ұғымдарды қолдана білуге, студенттердің сыртқы сауда операцияларын көліктік қамтамасыз ету туралы білімін қалыптастыруға және оларды практикада қолдануға және кәсіби мәселелерді шешуде олардың маңызы мен ролін түсінуге;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдысының болуын, өзінің әрман қарай жетілу қажеттігін, кәсіби білімдерін үнемі жаңарту керектігін түсіне білуге.



Кедендік ресімдеу

Пререквизиттер: Кеден құқығы, Кеден ісін ұйымдастыру, ІЭҚ тауар номенклатурасы.

Постреквизиттер: Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауды ұйымдастыру, Жабдықтау логистикасы, Тарату логистикасы, Қоймалау логистикасы

Мақсаты: Кедендік ресімдеу – Қазақстан Республикасында кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауға байланысты, Қазақстан Республикасының кеден органдары және тұлғалар арасында жасалатын әрекеттер мен процедуралар (рәсімдер) жиынтығы.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тауарлардың кедендік ресімделуі: технологиясы мен процедурасы. Тауарлардың шығу елін анықтау. Кедендік делдалдар, олардың кедендік ресімдеудегі рөлі мен орны. Кедендік тасымалдаушының қызметі. Тауарларды уақытша сақтау. Жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары. ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауымен байланысты алдын – ала операциялар. Кедендік режимдердің түрлері мен белгіленуі: тауарларды еркін айналымға шығару.

Күтілетін нәтижелер:

- «кедендік ресімдеу» түсінігін студенттердің жетік меңгеруі;

- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды іске асыру кезеңдерін білуі;

- тауарлар мен көлік құралдарын деклаарциялау түрлері мен ретін оқып білу;



- кедендік ресімдеу барысындағы кедендік деулаарциясы мен басқа да құжаттарды толтыруды үйрену;

Таңдау бойынша курс 6

Кәсіби мансапты жоспарлау

Пререквизиттер: «Менеджмент», «Персоналды басқару», «Социология», «Педагогика, психология және өзін-өзі тану негіздері»

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: тиімді және сәтті мамандарды дайындау есебінен жұмысты ұйымдастыру тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Кәсіби мансапты жоспарлау» пәніне кіріспе. Қазіргі әлемдегі іскерік мансап. Мансапты жоспарлау сатылары. Өзін және өзінің мүмкіндіктерін тану. Мақсаттарды бекіту. Мансапты қалыптастырудағы жеке қалыптастырудағы жеке қасиеттер. Жұмыстарды іздеу: сатылары, әдістері, тәсілдері. Өзін-өзі таныстыру өнері. Мансап басталуда.

Күтілетін нәтижелер: студент өз бетінше жұмыс іздеу ілімдері, интервью өту.



Пән циклы

Пән коды

Пәндер атауы

Несие саны

Сем.

4 курс

БД




Таңдау бойынша курс 1










MK 4223

Маркетингтегі коммуникация

3

7




MM 4223

Халықаралық маркетинг

3

7

ПД




Таңдау бойынша курс 2










EKTU 4224

Тауарлар мен қызметтер экспертизасы

3

7




Sta 4224

Статистика

3

7

БД




Таңдау бойынша курс 3










OTKTTS 4310

Тауарлар мен көліктік құралдарды кедендік бақылауды ұйымдастыру

3

7




EA 4310

Экономикалық талдау

3

7

ПД




Таңдау бойынша курс 4










LS 4311

Жабдықтау логистикасы

3

7




LR 4311

Тарату логистикасы

3

7

ПД




Таңдау бойынша курс 5










LS 4312

Қоймалау логистикасы

3

7




PKL 4312

Логистикадағы жоспарлау және контроллинг

3

7


Таңдау бойынша курс 1

Маркетингтегі коммуникация

Пререквизиттер: Маркетинг.

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: ғылыми-теориялық коммуникация негіздерін оқу, сондай-ақ тауар мен қызметті жылжытудың практикалық дағдыларын меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Пайда болудың әңгiмесi және жарнаманың дамуы. Жарнамалық құрал-жабдықтарды жiктеу. Қызмет көрсету жарнама. Жарнамалық зерттеулер және жарнаманың мақсаттарын анықтама. Жарнаманың таралуының құрал-жабдықтарын таңдау. Ұйым және қызмет саласында жарнамалау науқанының жоспарлауы. Көрме және қызмет саласында жәрмеңке. Жарнамалық үндеу негiздері. Қызмет саласында Паблик рилейшнз ұйымы. Жарнамалық бюджеттi әзiрлеу. Жарнамалық қызметтiң тиiмдiлiгiн бағалау. Жарнамалық қызметтiң тиiмдiлiгiн бағалау. Негiзгi заң және қызмет саласында жарнамалық қызмет реттейтiн заңнамалық актiлері. Халықаралық жарнама.

Күтілетін нәтижелер:

- Өзiндiк жұмыс дағдыларын жоғарылату және қажеттiлiктiң дамуы жеке және өмiр бойы үйретудi мақсатындалардың кәсiби әбден жетiлдiру;

- Бағалы, сауда, коммуникациялық саясаттың талдауының дағдыларымен ие болу

- фирманың маркетингтік қызметi процесiнде маркетингтік коммуникациялардың теориялық бiлiмдерін қолдану.



Халықаралық маркетинг

Пререквизиттер: Маркетинг

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты Халықаралық маркетингтің теориялық принциптерін, элементтерін және тәсілдерін жүзеге асыруын студенттердің оқуы және әйгілі шетелдік және отандық фирмалардың қызметі мысалында оларды қолданылуының тәжірибелік ілімдерін игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық маркетингтің мәні. Халықаралық маркетинг субъектілері. Халықаралық маркетинг ортасы. Халықаралық маркетингті зерттеу. Халықаралық маркетингтегі нарықты сегменттеу. Халықаралық тауар саясаты. Халықаралық маркетингте тауарларды орау және таңбалау. Фирманың бәсекеге қабілеттілігі және шетел нарығындағы оның өнімдері. Халықаралық баға саясаты. Халықаралық маркетингтегі тауар қозғалысы. Өткізу нарықтарындағы делдалдардың жұмыс жағдайы. Фирманың халықаралық коммуникациялық саясаты. Халықаралық жәрмеңкелер,салондар, көрмелер ұйымдастыру. Сыртқы нарыққа шығу стратегиясы. Импорттық маркетинг. Сыртқы экономикалық қызмет. Сыртқы сауда операцияларының жіктелуі. Сыртқы нарықтарда маркетингті ұйымдастыру және бақылау.

Күтілетін нәтижелер:

- халықаралық маркетингтік орта негіздерінің бiлiмдеріне ие болу;

- халықаралық маркетингте маркетинг-микс кешенін зерттеу бойынша iс жүзiнде теориялық бiлiмдерді қолдану;

- сыртқы нарықта маркетинг әрекеттерді талдау білу;

- практикалық маркетингте маркетинг-микс кешенін зерттеу бойынша iс жүзiнде теориялық бiлiмдерді қолдану.
Таңдау бойынша курс 2

Тауарлар мен қызметтер экспертизасы

Пререквизиттер: мектептің физика курсы

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: негiзгi ұғымдарды және сараптаманың төңiрегiңдегi әдiстердi зерттеу, объект және тауарлық қызметтiң субъектiлерi.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тауарларын сапасын сараптамасын ұғым және жiктеу оны. Сараптаманың ортақ ережесi. Объект және тауарлық сараптаманың субъектiлерi. Тауарлық сараптаманың әдiстерi. Сертификациялық және тауарлық сараптама. Экономикалық және коммерциялық сараптама. Технологиялық және экологиялық сараптама. Услуг сараптама. Тауарларды сапа зерномучных сараптамасы. Кондитер бұйымдарының сапасын сараптама. Жемiстердi сапаның сараптамасы және көкөнiстер. Ағарғанның сараптамасы. Еттiң сапасын сараптама және құстың биттерiн. Азық-түлiк тауарларының бiрдейлендiруi. ВЭДтың тауарларын тауар - кеден сараптамасы. Азық-түлiк тауарларының бұрмалауы.

Күтілетін нәтижелер:

- талдасын және нормативтiк құжаттармен жұмыс iстесiн және заңнамалық актiлермен; бағалауды жүзеге асырсын және тауарларды сапаның сараптамасын; бiрдейлендiру өткiзсiн және товароводвиженияның барлық кезеңдерiне жалған тауарлар жасауды кездестiру.

- дәлелдеменi салсын және талдаудың негiзiнде дәләлдеу және объектiлердi есептеумен ақпараттың синтезi және теориялық основтардың әдiстерiн сараптамада.

- эксперименталдi мәлiметтерлердi өңдеудi тұтыну тауарылар, статистикалық әдiстердi сараптаманың ерекшелiктерiн зерттеудiң есептеуiмен хабарламалардың әр түрлi пiшiндерiнде ақпаратқа тауарларды сапаның талдауында таныстыру.

- ақауларды ескерту бойымен өзiндiк жұмыс, iс-шаралар әзiрлеудiң дағдылары және ысыраптар.

Статистика

Пререквизиттер Микро/макроэкономика

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: Экономикалық білімнің ажырамас бөлігі болып әртүрлі статистикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін статистикилық сауаттылық, статистикалық зерттеу әдістерін қолдана білу табылады. Сондықтан да экономикалық білімді жақсарту дегеніміз білімнің әртүрлі салаларындағы мамандардың статистикалық сауаттылығын міндетті түрде жоғарлатуды көздейді. Осыған орай, «Статистика» курсын оқып үйрену жоғары мәнге ие. Статистика студенттерді жиынтық (масса) мәліметтердің қалай жинақтала тынын таныстырады, өйткені бағалардың, өмір сүру деңгейінің және т.б. Өзгерулерін жекелеген құбылыстар (бір тауардың бағасы немесе бір отбасының табысы және т.б.) негізінде қорытындылауға болмайды, сондай – ақ мәліметтердің қалай қорытындыланатынын және талданатынын үйретеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдітері. Статистика агенттігнің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері және статистикалық бақылау. Статистикалық мәліметтерді жинақтау , топтау және кесте құру. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері. Ішінара бақылау. Өсіңкілік(динамика) қатарлары. Индекстер. Қоғамдық құбылыстарың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу.статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы. Шығын және аралық тұтыну статистикасы. Өндіріс нәтижесінің статистикасы. Ұлттық есеп жүйесі. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.

Білім алу әдісі: жағдайлық тапсырмалар, қателерді анықтау әдісі, жобалар әдісі, кейс әдісі және жабық тестілер.



Күтілетін нәтижелер:

- білікрілік мінездемесі мен берілген силлабустың талаптарына сәйкес студент статистикалық әдістемелерді экономикалық – статистикалық талдаулар жүргізуде қолдана білуі керек;

- әдебиеттерді іздеу мен талдау;

- теориялық және практикалық тәжірибелер зертеу;

- алынған ақпараттарды өз бетінше талдау.
Таңдау бойынша курс 3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет