ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды


Тауарлар мен көліктік құралдарды кедендік бақылауды ұйымдастыру



бет5/5
Дата11.06.2016
өлшемі422 Kb.
#128297
1   2   3   4   5

Тауарлар мен көліктік құралдарды кедендік бақылауды ұйымдастыру

Пререквизиттері: Кеден ісін ұйымдастыру, Кеден құқығы

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу туралы студенттердің арнайы білімдерін, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, кедендік бақылау саласындағы нормативтік базаны оқып білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудың мәні мен мазмұны. Кедендік бақылауды сыныптау және оның негізгі формалары. Кедендік бақылауды жүргізудің негізгі принциптері. Тәуекелді басқару жүйесі. Кедендік тексерулер және оларды жүргізу тәртібі. Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылау. Кедендік рәсімдеу операциясын жүзеге асыруға байланысты тауарларға кедендік бақылау. Халықаралық почта жөнелтімдеріне кедендік бақылау. Шетел тұлғаларының жеке категорияларының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарларын кедендік бақылау ерекшеліктері. Интеллектуалдық меншік объектілерін қорғау бойынша кеден органдарының қабылдайтын шаралары. Құбырлармен және электр желілерімен тасымалданатын тауарларға кедендік бақылау. Жолаушылардың, тауарлардың және багаждың халықаралық тасымалдануын жүзеге асыратын көлік құралдарын кедендік бақылау. Жеке қолдану үшін тасымалданатын тауарларды кедендік бақылау ерекшеліктері. Валюталық және экспорттық бақылау саласындағы кеден органдарының функциялары. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік бақылау саласындағы ынтымақтастығы.
Күтілетін нәтижелер:

Пәнді игеру нәтижесінде студент міндетті:

- болашақ мамандардың тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу туралы ғылыми мағлұматтар алуға мүмкіндік туғызатын, зерделенетін пәннің методологиясы мен әдістемелерін, оның негізгі нысандары мен әдістерін меңгеруге;

- кедендік бақылау туралы негізгі ұғымдарды қолдана білуге, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын практикада пайдалану және олардың кәсіби мәселелерді шешудегі арналымы мен ролін түсінуге;

- ақпаратты іздеу, жинау, талдау, жүйеге келтіру және түсіндірмелер беру арқылы тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып кедендік бақылау туралы дәлелдеме құруға;

- пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған ақпаратты әртүрлі хабарламалар түрінде беруге, топта бірлесіп жұмыс істеуге, пікірлесуге және өзінің позициялық ұстанымын сақтауға, тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу саласында шешімдер қабылдауға;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдысының болуын, өзін-өзі әрман қарай жетілдіру қажеттігін, кәсіби білімдерін үнемі жаңарту керектігін түсіне білуге.

Экономикалық талдау

Пререквизиттері: «Статистика», «Экономикалық талдаудың теориясы».

Постреквизиттері: «Каржылық есеп», «Қаржылық менеджмент»

Мақсаты: Экономикалық талдау студенттердің ғылыми ойлау ой өрісін кеңейтіп және дамытуға, сондай-ақ алған білімді тәжірибелік қызметте қолдануға мүмкіндік береді, оны оқып-үйрену кәсіпорындардың, есептің басқарушылық және қаржылық бөлінуімен, бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменттің әртүрлі толықтырулары, қаулыларымен бухгалтерлік есептің жаңа стандарттарына көшуін ескере отырып жүргізіледі.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық талдаудың мазмұны, объектісі, пәні және міндеттері. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. Факторлық талдау. Қаржы коэффициенттері әдістері. Басқарушылық талдаудың әдістері. Компанияның маретингтік әрекетін талдау. Өнім өндіру және жүзеге асыру көлемін талдау. Өндірістік ресурстарын пайдалануын талдау. Өнімнің өзіндік құнын талдау. Қаржылық талдау негіздері. Компанияның қаржы жағдайын жалпы баға беру. Баланс өтімділігі талдау. Қаржы тұрақтылығын талдау. Ақша ағысын талдау. Ұйымның пайдалылығын талдау.



Күтілетін нәтижелер:

А. «Экономикалық талдау» пәнінің әдісін және әдістемесін, негізгі экономикалық көрсеткіштерді менгеру, аталған жүені түсіну және білімін көрсете білу.

В. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық әрекетін талдау жасай білу, талдаудың жеке нәтижелерін жалпылау және тиісті қорытынды жасау тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін.

С. Қаржы шаруашылық әрекеті бойынша ақпараттарды жинау, жіктеу, талдау жасау арқылы экономикалық проблемаларды шеше білу.

Д. Ұйымдардың қаржы тұрақтылығына, төлемқабілеттілігіне, өтімділігіне баға беру.

Е. Ұйымдардың қаржы шаруашылығын студенттер өз бетімен талдау жасауды үйрену


Таңдау бойынша курс 4

Жабдықтау логистикасы

Пререквизиттер: «Логистика», «Маркетингтік логистика»

Постреквизиттер: «Коммерциялық логистика», «Қоймалау логистикасы»

Мақсаты: Логистикалық жабдықтаудың мазмұны мен ерекшелігін оқып үйрену

Курстың қысқаша сипаттамасы: Логистика: мәні мен мазмұны. Шаруашылық байланыс құрылымындағы жабдықтау логистикасы. Жабдықтаудағы логистикалық менеджмент. «Жабдықтау-өндіріс» функционалдық цикліндегі материалдық ресурстарға қажеттілікті жоспарлау мен болжау. Жабдықтаудың функционалдық цикілі толық логистикалық циклдің құрама бөлігі ретінде. Материалдық ресурстармен жабдықтаушыларды таңдау логистикалық функция ретінде. Жабдықтау логистикасында қорларды басқару. Жабдықтау логистикасындағы трансакциялық операциялар. Жабдықтау логистикасындағы тәуекелдер. Жабдықтау логистикасындағы инновациялар мен басқару стратегиялары. Жабдықтарды сатып алу мен қызмет көрсету ерекшеліктері. Мемлекеттік сатып алулар. Жабдықтау логистикасының тиімділігін талдау.

Күтілетін нәтижелер: студенттер пәнді оқу барысында игеру қажет:

- Шаруашылық байланыстар құрылымында жабдықтау логистикасының негіздерін игеру;

- жабдықтаудың функционалдық цикілі толық логистикалық циклдің құрама бөлігі кешенін білу;

- «жабдықтау-өндіріс» функционалдық цикліндегі материалдық ресурстарға қажеттілікті жоспарлау мен болжауды білу;

- Жабдықтау логистикасындағы инновациялар мен басқару стратегияларын игеру;

- Жабдықтау логистикасының тиімділігін талдауға үйрену.



Тарату логистикасы

Пререквизиттер:логистика, маркетинг

Постреквизиттер: қоймалау логистикасы, коммерциялық логистика

Мақсаты: студенттерде тарату желілерін қатаң бәсеке жағдайында оңтайландыруға, клиенттердің тасырыстарын басқарумен және клиент үшін құндылықты жасайтын иілімді логистикалық сервисті қамтамасыз етумен байланысты тарату логистикасының негізгі аспектілері бойынша білімдерін дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Дайын өнімді таратудың негізгі түрлері. Логистикалық делдалдардың типтері. Таратуды басқару жүйесі. Орналастыру стратегиясының әдістері. Қоймалық қызметтің негізгі түсініктері. Қоймаларды жіктеу. Қоймалық шаруашылықты ұйымдастыру формалары. Қоймалық ғимараттарды жоспарлау. Қоймадағы өнімдердің қорларын есептеу мен бақылау әдістері. Қоймалау қызметінің негізгі көрсеткіштері. Қоймадағы технологиялық үдерісті ұйыидастыру. Қоймаға өнімнің түсуі және оны қабылдау. Өнімді сақтауға орналастыру. Өнімді іріктеу, жинау және жіберу. Қайта қайтарылатын өнімді өңдеу. Тара және буып-түю.



Күтілетін нәтижелер:

- тарату арналарының ұйымдық құрылымын жасау білімін;

- тұтыну сұранысын анықту және оның қанағаттандырылуын анықтай білу;

- сауданы ұйымдастыру мен тауар жылжытудың ұтымды формаларын таңдау ілімдерін игеру;

- қорларды басқару ілімдерін игеру;

- дайын өнімнің қорларын сұрыптау мен орналастыру, жинау туралы түсінік қалыптастыру

Таңдау бойынша курс 5

Қоймалау логистикасы

Пререквизиттер: «Жүйелік талдау», «Логистика», «Көліктің жалпы курсы», «Маркетингтік логистика», «Логистика жүйесіндегі тауар қозғалысы»

Постреквизиттер: қоймалау логистикасы, коммерциялық логистика

Мақсаты: студенттерге қоймалаудың оңтайлы жүйесін моделдеуге қажет білімді беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қойма – логистикалық жүйенің элементі. Логистиканың функционалдық салаларын интеграциялау. Қоймалау логистикасының мәселелері және оларды шешудегі функцияаралық үйлестірудің рөлі. Қоймалау логистикасының мәселелерін шешудегі жүйелік келістің методологиясы. Қойма жүйесін қалыптастыру. Қойма шаруашылығын жасау. Қойманы және жүк өңдеу қойма аймақтарын жобалау. Қоймалау жүйесін жасау.Қоймадағы логистикалық процесс. Қойма шаруашылығын басқарудың ұйымдық құрылымы. Жүк өңдеу процесі және қоймада оны ұйымдастыру. Қойманың тиімді қызмет етуі.

Күтілетін нәтижелер:

- қоймалардың логистикалық жүйедегі орны мен маңызын білу және түсіну;

- қоймалау логистикасының мәселелерін шешу үшін жүйелік келісінің тұжырымдамасы мен қағидаларын колдануды білу;

- қойма аудандарының негізгі параметрлерін анықтаудың практикалық дағдыларын игеру;

- қоймалық жүк өңдеуді ұйымдастырудың практикалық дағдыларын игеру;

- қойма жүйесін оңтайландыру критерийлерін білу және олардың тиімділігін ашатын көрсеткіштерді талду дағдысын игеру.



Логистикадағы жоспарлау және контроллинг

Пререквизитері: «Жүйелік талдау», «Логистика», «Тасымалдаудың жалпы курсы», «Нарықтық логистика», «Логистика жүйесіндегі тауар қозғалысы»

Постреквизиттері: коммерциялық логистика

Мақсаты: білім алу және жоспарлау қабілетін және логистикалық жобаларды өңдеу, логистикалық көрсеткіштердің жоспарлы және нақты мағыналарындағы ауытқу және айырмашылықтарын анықтау үшін логистикалық үдерісте басқарушылық шешім қалыптастыру

Курстың қысқаша мазмұны:

Логистикадағы стратегия және жоспарлау. Стратегиялық логистикалық жоспарлау. Логистиканы жоспарлау. Логистикалық стратегияның типтері. Логистикалық стратегияны дайындау. Логистикалық стратегияны жүзеге асыру. Логистикалық жоспарлаудың жіктелуі. Логистикалық бақылау. Логистикадағы бақылау. Логистикалық жүйе мен технологиядағы жұмысты жоспарлау.



Күтілетін нәтижелер:

- әрекет ету мүмкіндіктерін іздеу үдерісін білу, осы әрекеттердің салдарын болжау, логистикалық жоба даярлау;

- қызмет көрсету деңгейін жоғарлату, капитал жұмсалымы мен шығындарды қысқарту үшін логистикалық стратегия даярлай білу;

- логистикалық есептерді құру және шешу қабілетін игеру;

- логистикалық бақылау туралы білу.

«Маркетинг және логистика»



кафедрасының э.ғ.к., доцент Даулетова А.М.
№ _6_ хаттама «17»__01__2014 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет