Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


ғылымдарының жетістіктерін жинақтаумен



Pdf көрінісі
бет125/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   217
философия хасанов

ғылымдарының жетістіктерін жинақтаумен айналысуы керек. Ол «әрбір 
ғылым – ӛзіне-ӛзі философия» болып табылады. Позитивистердің 
«Метафизика жойылсын, физика жасасын!», деген ұраны мен адамзаттың 
діни, метафизикалық және ғылыми ойлауының дамуындағы «үш кезең 
заңының» шығу тӛркіні де осында жатыр.
О. Конт дүниеден озған соң, позитивистік ойлардың орталығы 
Англияға ауысты. Ең алдымен ол логик Джон Стюарт Милльдің (1806-1873 
жж.) есімімен тығыз байланысты болды. «Силлогистік және индуктивтік 
логикалық жүйелер» атты еңбегінде ол ағылшын эмпирикасының негізін 
салушы Ф. Бэконның индуктивтік логикалық әдістерін әрі қарай дамытты.
Біздің біліміміз сезім арқылы келетін тәжірибелеріміз деген ұстанымды 
– біздің бақылауымыздағы құбылыстар ғылыми заңға қалай айналады деген 
сұрақты алға тартты. Оның ойынша, эмпирикалық пен теориялық 
пайымдаулардың арасында айтарлықтай принциптік айырмашылық жоқ.
Милль адамның жүріс-тұрысын механистік, физикалық тұрғыдан 
түсіндірушілерді сынады. Себебі ол кезде адамның еркіндігі, сондай-ақ 
адамгершілік таңдау мүмкіндіктері ескерілмейді. Утилитарист ретінде Милль 
мынадай пікірлер айтады: адамдар барлық нәрседен пайда кӛруге тырысады, 
себебі адамдар адамгершілік әрекеттерді орындауы керек, сондықтан 
«адамгершілікке жат әрекет еткенше, пайда кӛрген тиімдірек».
Ағылшын философы әрі әлеуметтанушы Герберт Спенсер (1820-1903 
жж.) «Негізгі бастаулар», «Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде», 
«Әлеуметтанудың негіздемесі», «Этиканың негіздемесі» атты бірқатар 
еңбектердің авторы. Ол биологиялық эволюция туралы идеяны Дарвиннен 
бұрын айтқан болатын. Табиғат әлеміндегі тіршілік үшін күрес және табиғи 
сұрыпталу ұстанымдарын қалыптастырды. Ол эволюция туралы 
идеясының табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстар мен 
процестерге – ғарышқа, органикалық және бейорганикалық табиғатқа, тіпті 
социумға да тән деп есептеді. Оны әлеуметтанудағы екі бағыттың – 
«органицизм» мен «эволюционизмнің» негізін қалаушы ретінде атап 
кӛрсетуге болады Бұл екі бағыт әлеуметтік прогресті қоғамдық 
құбылыстардың интеграциялануы және интеграциялану процесі ретінде 
қарастыруға мүмкіндік берді.
Осы екі бағыттың негіздеріне сүйене отырып, Спенсер алғашқылардың 
бірі болып жүйелердің жалпы теориясын жасауға тырысты. Құрылымдық-
функционалдық және эволюциялық талдау нәтижелері оған әлеуметтік 
жүйелердің құрылымы мен қызметіне тән бірқатар маңызды ерекшеліктерді 
анықтауға мүмкіндік берді. Нақтылап айтқанда, қоғамның әлдеқайда күрделі 


түрлерінің пайда болуына әкелетін даму және құлдырау циклдері мен 
интеграциялану және дифференциациялану процесін тануға әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет