ХІ Бӛлім
XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Батыс
философиясы
11.1. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен
инновациялары (Л. Витгенштейн, К. Поппер, И. Лакатос, П.
Фейерабенд, Т. Кун, М. Полани).
Позитивизмнің үшінші тарихи формасы – неопозитивизм. Ол
логикалық позитивизм және аналитикалық философия деген екі бағытқа
бӛлінеді. Логикалық позитивизм ХХ ғасырдың 20-жылдары пайда болды.
Оның идеялық ұйытқысы, «ғылыми» философияның
даму бағдарламасын
ұсынған, Вен философиялық үйірмесі болды. Оған М.Шлик, Р.Карнап,
Г.Рейхенбах, Г.Фейгель, О.Нейрат, Э.Нагельдер кірді. Бұл үйірме Англияда
ӛзінің белсенді жақтастары мен насихатшыларын, А.Айер, Г.Райлдарда
тапты. Польшада оның жақтастары басшылары А.Тарский мен К.Айдукевич
тер болған логистердің Львов-варшава мектебін құрды. Махистердің
психологизмі мен биологизмдерін
жоққа шығара отырып, үйірме мүшелері
мен оның жақтастары логиктер мен математиктердің тәжірибеден тыс-
аналитикалық сипаттағы жағдайлары туралы ұстанымдарын ұстанды. Олар
философия түсінігін таным теориясы сияқты жоққа шығарып,
оны табиғи
және жасанды тілдер қорытындысына бағытталған әрекет ретінде
қарастырады. Шынайы құралдар модельдері есебінде талдауды құруда олар
математикалық логика аппаратын пайдаланады.
Логикалық позитивизм бағдарламасы бірнеше жағдайларды қамтиды:
верификациалау
ұстанымы; тәжірибелі «деректерге» шынайы теориялық
қорытынды
мазмұнын
енгізу,
барлық
ғылыми
қорытындыларды
аналитикалық және синтетикалық түрлерге бӛлу. Верификациялау
ұстанымын ақиқатты жариялауды тексеру үшін Вена үйірмесінің мүшелері
жасаған.
Басқаша айтқанда, тек сол айтылғандар, егер ол жеке тұлғаның
сезіміне, «атомдық деректерге» немесе «хаттамалық жағдайларға» келтірілсе,
ғылыми мәнге ие болады. Верификациялық
ұстаным мәні бақылау мен
нақтылықтың теңдестірілуінде жатыр (не бақылана алады, сол нақты), ал
шындық айтылғандардың адамның тікелей тәжірибесімен сәйкес келуі
ретінде ұғынылады.
Кез келген танымның бастапқы
алғы шарты деп логикалық
позитивистер «оқиғалар» мен «деректерді» есептеген, сӛйтіп «субъектінің
сана аясында тұрған» сезімдік мәліметтерін жобалап түсінген. Осы ағымның
бір ерекшелігі, ол нысанды (объектіні) нысан
теориясымен теңдестіре
қарайды. Бұл объективті әлемнің ӛмір сүруі туралы мәселені қүн тәртібінен
бірден түсірді және тек логикалық тілді талдау жолымен философиялық
таным аясының шектелуіне алып келді.
Логикалық позитивистер ғылым логикасын жасау мәселесін оның тілін
талдау ретінде қарастырған. Олардың ойынша, бұл тек дәстүрлі
Достарыңызбен бөлісу: