шындық, ол адамның сезім органдарына әсер етеді. Гольбахтың
зерттеулерінің үлкен жетістігі
қозғалысты материяның ажырамас
атрибуты деп түсіндіруінде.
Сонымен, ғылымның дамуы адамдарды білімсіздік пен тәрбиесіздіктен
құтқарудың кепілі бола алмайтынын ағартушылардың пайымдаулары
кӛрсетті. Адамдардың барлығын, тіпті монархты да, патшаны да білім мен
ағарту ғана адамдардың әлеуметтік теңдігі мен еркіндігіне және
бауырластығына құрылған әлеуметтік прогреске жол ашады.
Бақылау сұрақтары:
1.Ф. Бэконның эмпиризмі және индуктивті әдіс.
2.Р.Декарттың метафизикасы және дедуктивті әдіс.
3.Спинозаның субстанция туралы ілімі.
4.Т.Гоббстың мемлекет жайлы ілімі.
5.Лейбництің «Монадологиясының» ерекшелігі неде?
VIII Бӛлім
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың соңындағы Батыс Еуропа
философиясы
8.1. Метафизика және натурфилософия; неміс классикасындағы
диалектика; тарих философиясы; құқық философиясы; адам
философиясы әрекет пен еркіндік философиясы ретінде: И. Кант, И.Г.
Фихте, Ф.В. Шеллинг, Г.В.Ф. Гегель, Л. Фейербахтың кӛзқарастары
ХІХ ғ. философиясында бір-біріне қарама-қарсы кӛзқарастардың
ӛрістеп, теориялық пікірталастардың қарқынды түрде дамығанын, кӛптеген
түрлі ағымдар мен жеке адамдардың арасында
пікір қайшылықтары орын
алғанын кӛруге болады. Мәселен, Германиядағы классикалық идеалистік
философия белгілі бір деңгейде рационализм ұстанымдарын ӛмірге әкелді
және ағартушылық дәстүрлер туралы түсініктер тереңірек қаралды. Бір
жағынан, бұл кезеңдегі философия француз
материализмінен мұраға
прогреске және ақыл-ойға деген сенімді алып қала алды және ол кейін Маркс
пен Энгельстің арқасында әлеуметтік ғылым деңгейінде қарастырылды.
Екінші жағынан, ХІХ ғасырдың екінші жартысында кӛптеген философтар
иррационализм мен субъективизмге бас ұрған болатын,
ойшылдар
классикалық философияны субъективтік талқыға салып, «нео» сӛзі тіркескен
жаңа идеалистік және материалистік ілімдерді дүниеге әкеле бастады.
Неміс классикалық идеализмінің бастауында XVIII ғасырдың соңы мен
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ӛмір сүрген тӛрт ұлы ойшыл тұр. Олар –
Кант, Фихте, Шеллинг және Гегель.
Достарыңызбен бөлісу: