«Таза ақыл-ойға сын» еңбегі біздің танымдық мүмкіншіліктерімізге
сыни тұрғыдан баға беруге құрылған. Канттың ойынша, таным екі деңгейлі
болады: эмпирикалық білімдер (тәжірибе арқылы алынған білімдер) және
тәжірибеден тыс алынған білімдер. Априорлық білімдер – категориялар мен
ұғымдар, жалпы түсініктер – сезім арқылы келетін тәжірибеге негіз болады,
тәжірибе арқылы келген
мәліметтерді реттеуге қатысып, эмпирикалық
білімдерді уақыт пен кеңістік шеңберіне біріктіру арқылы оларға белгілі бір
мағына «береді».
«Мен не біле аламын?» деген сұраққа жауап бере отырып,
сезіммен
келген
білімдер
уақыт
пен
кеңістік
ішіндегі
пайымдаулармен
түсіндірілмейінше тәжірибе де, ғылым да мүмкін емес деген пікір айтады.
Себебі «тәжірибе арқылы келген білім жеке әрі кездейсоқ, ал априорлық
білім жалпы әрі қажетті».
Теориялық танымға
сыни тұрғыдан баға бере отырып, Кант оның
шектеулі әрі қайшылықты екенін алға тартады. Әлем біз үшін теориялық
біліммен танылатын «құбылыстарға» (феномендерге)
және танылмайтын
«тұйық құбылыстарға» (ноумендерге) бӛлінеді, танымның қайшылығы
осымен түсіндіріледі. Танымның бұл деңгейінің қайшылықты болуы
ойлаудың табиғатынан кӛрінеді, себебі ойлау «сезім түйсіктеріне сүйенбей
әлемді түгел қамтып» түсіндіре алмайды.
«Жаңа»
философия Канттың ойынша, «таза» ақылды (теориялық
танымды) ғана емес, «практикалық» ақыл-ойды да (мораль, адамгершілік,
жүріп-тұру) сынға алуы керек. Бұл философия
әлем картинасын жасамауы
керек, дәлелденген білімнің экстенсивтілігі мен шегарасын анықтау үшін
сынмен ғана айналысуы тиіс.
Кант адамның ішкі әлемін сана арқылы тануға тырысады. Әлемдегі
заттар мен әлем санадан тыс және оған тәуелсіз, сондықтан ӛзімен-ӛзі ӛмір
сүре береді. Ал олар біздің ӛмірімізге «араласқан»
кезде оны санамен
түсінуде алынған нәтижелер адамнан ажырағысыз болады.
Достарыңызбен бөлісу: