Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Практикалық ақыл-ойға сын»



Pdf көрінісі
бет112/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   217
философия хасанов

«Практикалық ақыл-ойға сын» еңбегінде Кант «адамды ӛмірде 
ӛзінің лайықты орнын табуға үйретіп, адам болу үшін қандай болу 
керектігіне жӛн сілтейтін ғылым ғана ең керекті ғылым» екенін ерекше 
кӛрсетеді.
Кант адамшылыққа тірек болатын мынадай үш норманы кӛрсетеді:
-барлығына ортақ заңдылыққа айналатын тәртіп бойынша жүру;
-адам – ең жоғары құндылық, оны кӛздеген мақсатқа жетудің құралы 
ретінде пайдалануға болмайды деген қағиданы басшылыққа алу;
-кӛпшілікке қуаныш әкелетін игілікті іс істеуге тырысу.
Бұл нормаларды Кант әр адам ӛзінің ӛміріне тірек ететін моральдық 
заң, категориялық императив деп атайды.
Категориялық императивте Кант адам мәселелерін діннен тыс қарайды, 
себебі ол мәселелерді шешуде практикалық ақыл-ойдың ӛзі жеткілікті. 
«Құқық ғылымының метафизикалық негіздері» атты еңбегінде ол 
сезімдік стимулдар мен мінез-құлықтың арасында тікелей байланыс жоқ 
болғанымен, адамның еркіндігімен шартты деп кӛрсетті. Дербес тіршілік иесі 


ретінде адамның ең «басты мақсаты – оның ӛзі», ал басқа жануарлар ол 
үшін құрал болып саналады.
И.Фихте 
(1762-1814 
жж.) 
Канттың 
трансценденталды 
философиясының негіздерін әрі қарай жалғастырды және оған тән 
қайшылықтардан арылтуға тырысты. Ӛзінің философиялық жүйесін құрып, 
оны Жаңа дәуірдегі механистік детерменизммен салыстырды. Механистік 
детерменизм болмыстың табиғи және қоғамдық салаларын ажыратпады, 
«Мен»-нің «дербестігін» ескермеді.
Фихте идеалдық бастаудың болмысын анықтауға тырысты, ол үшін 
«Менді» «үздіксіз рухани әрекет» ретінде cипаттай келіп, «Мен» және «Мен-
еместі» (сыртқы ӛмір, табиғат) салыстырады. «Меннің» қызметінің мәні, 
оның ойынша, ӛзін-ӛзі санамен түсінуге тырысуында және сол себепті ол 
сырттай ықпал ететін «Мен-еместен» «қашықтайды». «Мен» және «Мен-
емес», бұлардың бірі – субъекті болса, екіншісі – объекті. Олар бірін-бірі 
толықтырып, анықтайды, сондай-ақ біріне бірі қарама-қайшы болады.
Фихте үшін «объектінің субъектіге қалай айналатынын, болмысты 
қалайша анықтауға болатынын» білу маңызды», оны білу кез келген 
философияның басты мәселесі деп біледі. Субъективтік идеализм 
тұрғысынан ол мынадай тұжырымдар жасайды: «затты тану, білу туралы 
айтқанда да біз ӛзімізді-ӛзіміз танып, біліп жатқанымыз; біз санамызбен тек 
ӛзімізді және ӛзіміздің берген анықтамаларымызды ғана ұға аламыз». Оның 
философиялық жүйесінде «Мен» «Мен-емес» арқылы, ал «Мен-емес» «Мен» 
арқылы түсіндіріледі. Түптеп келгенде, Фихте бұл жерде «Мен»-сіз «Мен-
емес» те болмайды деген ой айтады. Басқалай айтқанда, «мен жоқ жерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет