Бойьяның (1802-1860 жж.),
Риман
ның (1826-1866 жж.) геометриялары
жасалады. Бұлар бір-біріне қарама-қайшы емес, құрылымды математикалық
теориялар болды. Олар уақытпен және оның кеңістікпен байланысына
қатысты жаңа түсініктерді туғызды. Солардың бірі – Эйнштейннің
қатыстылық теориясы уақыт пен кеңістіктің арасындағы іргелі
байланыстарды кӛрсетті, түрлі жүйелердегі олардың физикалық қатынасқа
тәуелділігі анықталды.
Бұл ғылыми жаңа теориялар кӛптеген тұжырымдарға негіз болды:
біріншіден, тәжірибе (эмпирия) ғылыми шығармашылықтың міндетті
құрамды бӛлігі
болатындығы;
екіншіден,
ғылымдағы
теориялық
ұғымдардың инструменталды-техникалық мәнге ие болып, объективті
жолмен алынған тәжірибенің деректерін тиімді сипаттау және түсіндіру
міндетін атқаратындығы. Мәселен, Макиавеллидің электромагниттік
теориясы физиканы дамытуда, сондай-ақ эксперименталдық қызметті
ұйымдастыруда ұғымдық-математикалық аппарат ретінде маңызды рӛл
атқаратынын кӛрсетті.
Жаңа жаратылыстанудың дамуы бұрынғы таным теориясы қайта
қараудың қажеттілігін де кӛрсетті. Бұрынғы таным теориясында субъект
(адам) объектіні (қоршаған әлемді) баяу, пассивті бейнелейді делінген
болатын. Адамның сезу органдары шындықтың шынайы бейнесін кӛруге
кӛмектеседі, ал ғылым арқылы адам «табиғат туралы объективті кітапты»,
табиғаттың сезіммен қабылдауға келмейтін ішкі қасиеттері мен
заңдылықтары жӛнінде оқып білу қабілетіне ие болады деді. ХІХ ғасырдың
соңында сезім мен ақылдың сыртқы әлеммен байланысы туралы кӛзқарастан
бас тарту керектігі айқын білінді. Сонымен бірге, атақты физик, офтальмолог
Гельмгольцтың
кӛздің қабылдауы турасында жүргізген тәжірибелерінің
арқасында адамның сезім органдары сыртқы заттардың ықпалына
механикалық жолмен жауап бермейтіндігі анықталды. Керісінеше, олар
заттардың
кӛзбен
қабылдануын
белсенді
әрі
мақсатты
түрде
қалыптастырады. Жүргізген тәжірибелерінің нәтижелері бойынша, заттар
адамның санасында бейнеленбейді (кӛшірмесі), таңбаланады деген тұжырым
жасады. Басқаша айтқанда, әлемді сезім арқылы тану процесінде адамға тән
субъективтілік бәрібір орын алады. Біздің танымымыз таңбалардан
|