ӘДЕБИЕТТЕР
1
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайының мониторингі.
Алматы,2019 http://tikazakhstan.org/aza-standa-y-sybajlas-zhem-orly-zha-dajyny-
monitoringi/
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері: оқу құралы /Жалпы
редакциясын басқарған б.ғ.д., профессор Б. С. Абдрасилов. – Астана: Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2016.
98
ӘОЖ 323/324(075)
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ
ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІЛІГІ
Хабай Т.А., студент
Ғылыми жетекшісі: Өтебалиева Қ.Е.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университеті, Ақтау қ.
Аңдатпа. Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын
салада жеке және заңды тұғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру
қарастырылады.
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметші, стандарт,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, жауаптылық, әділдік, ар-ождан.
Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып,
адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың
қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді
білдіреді.
Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес
жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде әңгіме қозғағанда
Цицеронның: “егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды.
Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса
қорқыныш жоқ” деген белгілі сөзін еске алуға болады.
Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен
қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, әлі де орын алып келеді. Солай бола
тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп
кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай
моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі [1].
Көптеген елдердің тәжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың
пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты әрекеттермен
жиі ұшырасатындығын байқатып отыр. Бюрократиялық мінез-құлықты уақытша
сауықтыру моральдық шығындардың орнын толтыра алмасы анық. Ал сыбайлас
жемқорлықтың пайда болу себептері қоғамдағы бюрократиялық қасиеттер екені
белгілі. Қанша дегенмен адамзаттың ақыл-ойы әлі сан алуан әлеуметтік қатынастарды
болжап-бағдарлап, қарастырып, ретке кетіре қоятындай жағдайға жете қойған жоқ.
Кейбір жағдайда сан-алуан тыйым салу мен жарлықтардың пайда болуы сөз жоқ ынта
жігерді басып тастап және экономикалық дамуға да бөгет жасайтындығы жасырын
емес. Солай бола тұрса да, осы бөгеттерді бұзыпжаруға деген ұмтылыс байқалады.
Сауал салған кәсіпқойлардың жартысы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты
нарықтық реформаның ең басты тежегіші деп санайды.
Ол біздің елімізде ғана емес, Латын Америкасы, Қытай мен Жер Орта теңізі,
Таяу және Орта Шығыс, Орталық Еуропа, тропикалық Африка елдерсі. Бұл, сонымен
бірге күні кеше ғана оны онша сезе қоймаған дамыған елдердің де (Германия,
Бенилюкс, Канада) мәселесіне айналып барады. Сондай-ақ бұл дерт ұлттық болмысы
мен сана-сезімі, ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті мызғымастай қалыптасқан елдерге де
(Италия, Ресей, Мексика, Түркия, Жапония) сыналып кірісе бастады. Сөйтіп, қазіргі
кезеңде сыбайлас жемқорлық көптеген мемлекеттерде етек жая бастады деп сеніммен
айтуға болады. Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі
99
әдеттегідей
әлеуметтік
шиеленістермен,
экономикалық
тұрақсыздықпен,
қайыршылықпен сабақтасып жататын реформаларды жүзеге асыру кезеңдерінде
айрықша байқалады. Дәл осы сыбайлас жемқорлық Тайландты СПИД-пен ауратын
адамдардың отанына айналдырып отыр. Бұл елде жезөкшелікке тыйым салынған.
Солай бола тұрса да, бір Бангкоктің өзінде ғана мыңнан аса зинақорлық үйлер заңсыз
қызмет жасайды екен. Мұндай үйлерді ұстаушылар жергілікті астаналық полицияға
жылына 600 мың доллар төлеп тұратын көрінеді.
Сыбайлас жемқорлық деңгейі экономикалық дағдарыс құбылысына бейім тұрған
елдерде тым жоғары. Ол дәл қазіргі Қазақстан мен бұрынғы Одақтың басқа да елдеріне
тән .[2]
Сыбайлас жемқорлық пен қылмыстылық 1994-1996 жылдары Біріккен ұлттар
ұйымының
(БҰҰ)
ұлттық,
аймақтық
және
ауқымды
кездесулері
мен
конференцияларының, съездерінің басты арқауы болып, сайлау мен басқа да саяси
науқандардың негізгі мәселелеріне (көптеген ұлттық, сондай-ақ аймақтық
қауымдастықтардың тағдырына байланысты) айналған екен. Жемқорлық үшін, тіпті,
қазіргі және бұрынғы президенттерді де, вице-президенттер мен экс-президенттерді де,
премьерминистрлерді де, әскери-саяси блоктар мен алып экономикалық топтардың
лидерлерін де қызметінен алып, жауапқа тартып жатады.
XX ғасырдың аяғы сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаға ерекше мән
берумен бірге, осы тұрғыдағы кұбылыспен күрес жүргізуге арналған сан қырлы
ғылыми ізденістердің өсуімен де ерекшеленеді. Бұл мәселеге байланысты алғашқы
ғылыми зерттеулерді америка криминологі Э. Сатерланд және оның көмекшісі Кресси
жолға қойды.Тұңғыш рет Э.Сатерланд “ақ жағалылардың” қылмыстылығы деген
ұғымды енгізді, ал бұл ұғымнан Батыс елдерінің ғалымдары сыбайлас жемқорлықты
қылмыстылықтың ереже тобына жатқызып, жеке бөліп алды [25, 320-330 б.]. Бүгінгі
күні сыбайлас жемқорлық ұғымы азаматық қоғамда үйреншікті құбылысқа айналса, ал
екінші жағынан, Қазақсатанның қауіпсіздігіне, елдің экономикасының дамуына
кереғар әсер ететін факторға айналуда. Статискалық мәліметтерге көз салсақ
Республикада сыбайлас жемқорлықтың нәтижесінде көлеңкелі бизнес дамып, жылына
мемлекеттік қазынаға түсетін 540 миллион доллар кіріске кірмейді, яғни ішкі табыс
көзінің 27%-ы желге ұшқандай болады екен.
Қазақстан Республикасы Бас прокаратурасының құқықтық статистика
деректеріне көз салсақ 2003 жылы Республика бойынша 807 сыбайлас жемқорлық
қылмысы тіркелген, бұл жемқорлық қылмысының қоғам үшін қауіптілігі 2002 жылмен
салыстырғанда 60%
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлық
стандарты - мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлқын
қалыптастыру және оны сақтау, заңнамамен бекітілген шектеулер, тыйым салулар мен
талаптар түріндегі ережелердің жиынтығы. .[3]
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлық
стандарты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оны болдырмауға және қандайда бір
әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасаудан бас тартуға бағытталған іс - әрекеттер. Бұл
ретте мемлекеттік қызметшілердің мінез – құлқы қоғамда қалпытасқан талаптарға,
Әдеп кодексіне сәйкес болуы тиіс. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс
істейтін адамдардың іс - әрекет қағидалары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және
заңды тұғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды
мүдделерінің сақталуын; өтініштерді қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре -
100
сарсаңға салуға жол бермеу; жеке және заңды тұғалардың теңдігі; заңнама
талаптарында белгіленген мерзімде өтініштерді қарауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде регламенттер мен стандарттарда
көзделмеген артық құжаттарды сұратпау; көрсетілетін мемлекеттік қызметті уақытылы
орындау;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар
қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен
халықтың сұранысына бағдар ұстануға;
- заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, маслихатттардың,
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілерін мемлекеттік
тіркеуді жүзеге асыру барысында қолданыстағы заң талаптарын қатаң ұстану;
- атқарушылық құжаттардың заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету
(атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау,
борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыстарды сапалы жүргізу ).
- нотариустар мен адвокаттарды, жеке сот орындаушылардың жұмысын тексеру
барысында берілген құжаттарды объективті, мұқият қарауға (тексеру актісінде
нормативтік құқықтық актілердің нақты баптарына сілтемелерді көрсете отырып)
қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешімдерді қабылдау;
Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және
қабылдау кезінде:
- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін
арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен
тыйымдарды сақтауға;
- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу
тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы
тұруға;
- меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін
шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша
артықшылық көрсетпеуге;
- мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру барысында, лауазымдық
нұсқаулықтар мен міндеттерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік
қызметшінің Әдеп кодексі мен ҚР заңнамасының өзге де нормаларының негізгі
қағидаларын сақтау.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
-нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде Қазақстан Республикасының
2016 жылдың 6 сәуіріндегі №480 - V «Құқықтық актілер туралы» Заңының негізгі
талаптарын ұстану.
Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым -
қатынастар кезінде:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды
қоспағанда, мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата - аналары (ата - анасы),
балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата - анасы бір және ата - анасы
бөлек аға - інілері мен апа - сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері)
немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағыныстағы мемлекеттік
лауазымды атқара алмайды.
Егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны
ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға
тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі
лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға
тиіс. Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттік қызметшінің
101
лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады. Мемлекеттік қызметші
мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сондай - ақ, басқа мемлекеттік
қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
фактілерінің жолын кесуге тиіс.
Егерде мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы
ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі
қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс
істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға
жазбаша нысанда хабарлауы тиіс. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын
адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген ададамдар
қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғу мүмкін әрекеттерді жасауына жол
бермеу мақсатында, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті
жүзеге асыруға, мүлікті және мүлікті емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе
табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты
пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін
орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы
шектеулерді қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға
қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады,
оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс - әрекет және әкімшілік құқық
бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де
тиісті қызметті тоқтауы үшін негіз болып табылады.
Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық
заңңамасына сәйкес жасалады және салық заңымен айқындалған нысан бойынша,
тәртіппен және мерзімдерде лауазымды адамдар мен олардың жұбайлар (зайыптары)
ұсынады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк мiндеттерiн
орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдау: жауапты мемлекеттік қызмет
атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар,
оларға теңестірілген адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің
лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған
сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік
міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе
ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар уәкілетті органға немесе
жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде
сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып,
тізімдеме актісі бойынша тапсырылады. Сыйлықты тапсырған адам оны жоғары тұрған
лауазымды адамның келісімімен арнаулы мемлекеттік қордан сатып алуға құқылы.
Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен
бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам
арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.
Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:
- өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында материалдық немесе
материалдық емес құндылықтарды қабылдамауға;
- өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға
себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды
кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
102
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету
үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал,
бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
- іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
Мемлекеттік қызметшімен жоғарыда аталған шектеулердің біреуі бұзылған
жағдайда тәртіптік жазалар қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл
параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз. Қоғамдық
сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған
табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық,
эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық
нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым
саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы
білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де
нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық
қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас
жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар,
теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын
адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың,
оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен
олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы
аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін
тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады . Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер
қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік
болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық
нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік
және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және
заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-
құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық
шараларды талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік
тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау
талабы тән. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші,
бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде
сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара
қарым- қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші
функциясы. .
Қоғамдық қатынстар саласында қызмет атқаратын тұлғалардың мінез-
құлықтарының (іс әрекеттерінің) ережелері
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салаларда жеке және
заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда
103
- Қазақстан халқының біртұтастығы мен елдегі ұлтаралық ынтымақтың
нығайтуына мүмкіндік туғызу, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан
халқының салттары мен дәстүрлерін құрметтеу;
- қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділеттігін қамтамасыз ету;
- жеке және заңды тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін қозғайтын
шешеімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
- өзінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынауға себеп
бермеу, сынау үшін қудалауды болдырмау, кемшіліктерді жою және өзінің қызметін
жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалану;
- қызмет бабын мемлекеттік органдардың, мекмелердің, мемелкеттік
қызметшілердің және басқа тұлғалардың іс әрекетіне жеке сипатты мәселелерді
шешкенде әсер ету мақсатта пайдаланбау;
- шындыққа жатпайтын мәліметтерді жарияламау;
- тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған теріс
қылықтар мен басқа құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу.
- асқа мемлекеттік огандардың, мекемелердің және кәсіпкерлік объектілерінің
қызметтеріне заңсыз араласуға жол бермеу.[4]
Қортындылай келе Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнама жұмыс істеуде, оның негізі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" және
"Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық
құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті
орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық
ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген
жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір
қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі
екенін түсіну керек.
Қазақстан
Республикасының 2015-2015 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы
26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: |